3 ДЕРБЕС ТАПСЫРМА «ТЕМІР БӨЛШЕКТЕР ҚҰЯТЫН ЦЕХ» Темір бөлшектер құятын цех ғимараты қаңқасыз конструкциялық үлгіде жобаланған. Оның өлшемдері 108 х 132 м.
Ғимараттың жауапкершілігі бойынша класы ІІ, өртке төзімділігі ІІ топқа (түрге) жатады. Ұзақ мерзімділігі - ІІ
Топырақ қабаттың тоңазу тереңдігі – 1,2 см
Құрылыс салынатын жердің бедері салыстырмалы түрде тегіс, аздап еңістігі бар. Жалпы алғанда құрылыс салынатын жердің инженерлік –геологиялық мәліметтері санитарлық-техникалық және тағы басқа талаптарға сәйкес келеді.
Ауа райы бойынша ауданы – IIIБ
Қар күшсалмағының (жабынының) мөлшерлік мәні – 0,42 кПа (IIIБ аудан үшін)
Желдің екпінінің мөлшерлік жылдамдық қысымы – 0,68 кПа.
Ғимарат орнығатын негіз көрсеткіштері:
жоғарғы қабат: құмдақ және саздақтан үйілген топырақтардан тұрады.
төменгі қабаты: қатты құмдақ топырақтан тұрады.
Ғимараттың конструктивті схемасы: темірбетон қаңқалармен қамтамасыз етілген кірпіштен қаланған ғимарат.
Су-құбыр, канализация жүйелері – қаладағы қолданылудағы сумен қамтамасыз ету жүйесі мен қалалық канализация жүйесі. Электрмен қамтамасыз ету қалалық жүйеден.
«Cырым батыр көшесіндегі Темір бөлшектер құятын цех құрылысы Шымкент қаласы» бас жоспары ғимарат жобасы негізінде жасалынды.
Жоба құрылысы қаладан тыс аймағында орналасқан.
Құрылыс жүретін аймақ жасыл желеңтерден және ғимараттардан бос жатыр.
Цех ғимаратының территориясы көгалдандырылып, жел бағыты бойынша талдар, ағаштар отырғызылған, әдемілік түр болуы үшін талдары егілген, басқа объектілермен қатынас жолдар асфальтталған. Сонымен қатар орталықтың территориясында автокөлік тұрақтары қарастырылған.
Құрылыс аймақтан автокөлік шығу жолдары жоспарланған.
Жоспарланатын Cырым батыр көшесіндегі Темір бөлшектер құятын цех. Шымкент қаласы аймағында автокөлік тұрақтары қарастырылды. Оның ауданы – 1545,36м2.
Аймақтағы жолдар асфальт-бетоннан, ал тротуарлар плиталардан жасалған.
Ғимараттың жан-жағында ені 1,5 метрлі асфальт бетонды отмосткалар жасалынған. Бас жоспарды жобалауда санитарлық және өртке қарсы шаралары қарастырылған.
Аймақты беткей судан қорғау үшін суды шығарып тастау шаралары қарастырылған, ол қапталған темірбетон тартпалардан жасалған, олар арқылы төменде жатқан рельефке шығарылады.
Құрылыс жүретін аймақ құрылыстан, жасыл егіннен және инженерлік коммуникациядан бос жатқан жер.
Жобаланып жатқан ғимаратта зиянды технологиялық процесстер жоқ.
Шу деңгейі санитарлық нормалар рұқсат берілген деңгейден аспауы тиіс.
Жобада аймақты көгалдандыру жұмыстары қарастырылған.Өндіріс қоқыстары, тұрмыстық қоқыстар арнайы қоқыс-контейнерлерде жиналып, көліктер алып кетуіне ыңғайлы етіп арнайы орындарда орналастырылады.
Жобаланып жатқан аймақтың санитарлық-гигиеналық жағдайын жасау үшін асфальт бетонды және тротуар плиталы жолдар, кіші сәулеттік бейнелер (қоқыс тастау жәшігі, орындықтар) қарастырылған. Құрылыстан бос жатқан аймақта ағаштарды отырғазу, гүлдендіру сияқты жұмыстар жасалынған.