Әлеуметттік-қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну.
Мәтінде көтерілген мәселені ғаламдық мәселелермен байланыстыра отырып сыни тұрғыда баға беру.
Жазба жұмыстарында (қарсылықты бағыныңқы) сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастыру.
1.”Болашақ энергиясы” деген не?
2. Қалай ойлайсың, неге “болашақ энергиясы” деген атау берілген?
3. “Болашақ энергиясының” басты мақсаты қандай?
2-тапсырма. Аудиомәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап бер.
1. Мәтін не туралы ?
2. Энергия көздерін өндіретін мемлекеттер қалай өмір сүреді ?
3. Адам өмірінде энергияның рөлі қандай ?
4. 2017 жылы астанада өткен « ЭКСПО»-ның тақырыбы қандай болды ?
5. Неліктен ол тақырып алынды?
Дескриптор: -Мәтін мазмұнын түсінеді.
-Әлеуметттік-қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздер мен термин сөздерді анықтайды.
- Термин сөздердің мағынасын түсіндіреді.
Болашақ энергиясы – бұл қазіргі заманның келелі мәселелеріне және болашақтағы шешімдерді болжауға қатысты міндеттерді шешуге бағытталған, ойлануға нәр беретін ауқымы кең тақырып.

EXPO-2017 тақырыбы – «Болашақ энергиясы» әлемде қуатты үнемдеудегі ең үздік технологияларды, күн, жел, теңіз, мұхит және жылы су энергиялары секілді баламалы қуат көздерін пайдаланудың жаңа жасақтамалары мен технологияларын тартуға мүмкіндік береді. Астана аталмыш саладағы үздік әлемдік жасақтамалар мен үрдістердің көрінісі үшін тиімді алаңға айналмақ. Сонымен қатар, көрме мемлекеттің ғылыми базасы мен өндірістік қуатының технологиялық жаһандануы және экономиканың жүйелік әртараптандыруы үшін қуатты түрткі болмақ.

3-тапсырма. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерді тауып, жасалу жолдарын түсіндір.
Дескриптор:
-Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерді табу.
Жасалу жолдарын түсіндіру.
Сергіту сәті
Дескриптор:
Дескриптор:
- Болашақ энергиясының мақсаты.
- Іске асыру кезеңдері.
- Қорытынды.
“Балық қаңқасы” диаграммасы
«Менің сабақтан кейінгі әсерім» -Қандай жаңа ой пайда болды?
-Не сезіндім?
-Не ұнады, ұнамады?
Үй тапсырмасы 6-тапсырма. Мәтінді оқып, кестені толтыр.
Энергия – бұл адамзат тіршілігінің дамуына жағдай жасаушы және ынталандырушы бірден-бір табиғи қайнар көз. Энергия социумдар үлгісінің сақталуын қамтамасыз етеді, ол көптеген аспектілерді біріктіретін ұғым ретінде бүкіл әлем мен адамзатқа тікелей қатысты қызықты сауалдарды туындатады. Қоғамның энергия көздеріне қол жеткізуі олардың әлеуметтiк, экономикалық және экологиялық тұрақты дамуының нақты жағдайларын тiкелей түрде анықтайды. Технология саласындағы әр түрлi қуат көздерін оңтайландырумен байланысты ғылыми зерттеулер мен жетiстiктер қоғамдастықтардың функционалды тәсiлдерiн анықтап, энергетиканың тұрақты даму болашағын қалыптастырады.