МІНЕЗДЕМЕ
«Orda» атындағы жоғарғы колледжі «Құқық қорғау қызметі» факультеті білім беру бағдарламасы бойынша 3-курс студенті Алмабекұлы Асет Қызылорда қаласының Полиция басқармасында кәсіптік іс-тәжірбиеден өтті.
Кәсіптік іс-тәжірбиеден өту барысында, А.Алмабекұлы колледж қабырғасында алған білім тәжірбиесін жүзеге асырып, өзін жақсы жағынан көрсете білді.
Сондай-ақ, А.Алмабекұлы кәсіптік іс-тәжірбиеден өту барысында үнемі уақытылы келіп, берілген тапсырмаға ұқыптылықпен, тиянақтылықпен, жауапкершілікпен қарап, дер кезінде орындап отырды.
Сонымен қатар, іс-тәжірбиесінде белсенділік көрсетіп, болашақта үлкен үміт күттіретін жақсы заңгер бола алатындығын көрсете білді. Осы кәсіптік іс-тәжірбиені өту барысында ұжым мүшелерімен тығыз байланыста болып, өзінің білімін жетілдірумен шұғылданып, қоғамдық жұмыстарға араласып, белсенділік танытты.
Кәсіптік іс-тәжірбиенің қорытындысымен А.Алмабекұлы «жақсы» деп бағаланады.
Жеке басы тәртіпті. Ұжым мүшелерімен қарым-қатынасы сыпайы, кішпейіл, әдепті.
Қорыта келе, А.Алмабекұлы іс-тәжірбие барысында көрсеткен білімділігіне байланысты, алдағы уақытта жақсы заңгер маманы болатындығына сенім білдіремін.
Қызылорда ҚПБ
ТБ-нің аға тергеушісі полиция капитаны: С.Ибайдаев
Достарыңызбен бөлісу: |