I. ӨЗіндік жұмыстар химияны оқытудың негізгі формасы өзіндік жұмыс туралы жалпы түсінік



бет3/11
Дата16.09.2022
өлшемі88,05 Kb.
#39250
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Курстық жұмыс.ХБ-31.Табылдиева Амина химия жартысы 1 (копия)

1.3 Өзіндік жұмыстың маңызы

Мектепте мұғалімнің қатысуымен өткізілетін сабақ алғашқы орында тұрғанмен, оқушылардың қызығушылықтарына, бейiмдiлiктерi мен қабiлеттерiне қарай олардың шығармашылық дамуына қосымша қажеттi жағдайлар жасалады. Білім алу – адам өмірінің ең басты қажеттілік. Білім арқылы оқушының дүниетанымы дамиды, ой - өрісі кеңейеді, белгісізді таниды, өзін толғандыратын сауалдарға жауап табады. Оқушы бойында қалыптасатын осы қажеттіліктердің барлығы сабақ үдерісінде орындалатын түрлі тапсырмалар мен жаттығуларға байланысты болады. Жүйелі түрде тиянақты тапсырмалар беру арқылы оқушы зейінін шоғырландырып, назарын нақтылы тақырыпқа аудару оларды ғылыми негізде ойлауға, өмірді танып-білуге, өзін - өзі дамытуға үйретеді. Мұғалім тарапынан берілген мазмұнды тапсырмаларды орындап, тиянақты білім алуға ұмтылады.


Соңғы кезде оқушыларды өмірге, еңбекке бейімдеуге, олардың бойында өздік ойлау, белсенді өмір позициясын қалыптастыруға көп көңіл бөлінуде [7] .
Білім мен білігін, икемділік дағдысын үнемі жетілдіру, өз бетімен білім алуға ұмтылу әрдір маманның өмірінің негізгі бөлігі екені даусыз. Сол себепті мектеп табалдырығынан бастап жас жеткіншектерді осындай икемділіктер мен біліктілікті игеруге тиімді. Ол үшін пәннің барлық мүмкіндіктерін, мазмұнын, оқу жұмысының әдістері мен формасын қоданған тиімді.
Педагогикалық ғылымда «оқушының өздік жұмысы» деген түсінікке бірыңғай анықтама берілмеген. Бұл сұрақ әлі даму үстінде.
Оқушы білімді өз бетімен жинақтау қажеттігін дамытуы керек. Ал осы педагогикалық міндетті шешу мұғалімнен оқытудың ғылыми - әдістемелік деңгейін көтеруді, пән ішілік және пән аралық байланыстарды дамытуды талап етеді.
Химияны оқытуда өз бетімен жұмысты ұйымдастыру үшін оқушы негізгі заңдылықтарды меңгеріп, химиялық білімді тұжырымдап, ғылыми мәселелерді шешу мәселесін көрсетіп, оларды шешудің тиімді жолдарын анықтай білуі тиіс. Оқушыларды химиялық мәселелерді өз бетіме шешуге үйрете отырып, оқытушы алдымен бірқатар мысалдар негізінде болжам құруға, мәселе қоюға, оның дұрыс шешімін табуға жол көрсетеді.
Оқушының өз бетімен жұмысқа икемділігінің дамуы әсіресе үйірме жұмысында айқын көрінеді. Олар мектептің химия кабинетінде өз бетімен жұмыс жасауға, заттар қасиетін, олардың өзгерісін сол заттарды зерттеу арқылы анықтап, эксперименттік есептерді шығаруға жаттығады [9] .
Өздік жұмыстың білімділік функциясы химия ғылымының негізгі әдістерін игеруде көрінеді. Оған жататындар: сараптау іскерлігі, есептеу есептерін шығару дағдысы, химиялық тілді дұрыс меңгеруі және т.б.
Тәрбиелік функциясы дара тұлғаның кейбір ерекше қасиеттерін қалыптастыруға байланысты. Олар еңбек сүйгіштік, қиыншылық жеңе білу, табандылық, өз - өзіне сенімділік.
Дамытушы функциясы – дербестік пен тәуелсіздікті, зияттылық шеберлігін дамыту (өздік бақылау, негізгіні бөліп көрсету, тұжырымдау, ой қорыту, байқағыштық, сезімтадық және т.б.)
Өздік жұмыс ол алдымен оқушы әрекетінің бір түрі. Ол оқытушы бақылауымен жүргізілетін әрекеттер мен операциялардан тұрады. Өздік жұмыс әр түрлі ұйымдасу формасында өтуі мүмкін: Ұжымдық, топтық, жекеше. Мысалы әр оқушы жеке тапсырма алады немесе оқушылра тобына беріледі. Сол сияқты өздік жұмыс оқыиудың кез келген кезеңінде жүруі мүмкін немесе арнайы сабақтың үстінде өтіледі
Оқушылардың өздік жұмысының маңызы мынада:
Оқушылардың саналылық деңгейін арттырып, білімді меңгеру беріктігін көтереді;
Оқушылар бойында белігіл бір икемділік пен дағдыны қалыптастырады;
Алған білімін өмірде қолдана білуге үйретеді;
Оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, ойлау әрекетін жоғарылатады.
Өзіндік жұмыс дегеніміз - сабақ үстінде алған білімді мұғалімнің көмегімен және бақылауымен, бірақ оның қатысынсыз орындайтын жоспарлы жұмыс.
Өзіндік жұмыстың тиімділігі:

  1. Зерттелетін тақырыптың, қарастырылатын мәселенің төңірегінде білімді тереңдетуге;

  2. Өз пікірін айтып, оны дәлелдей алуға; ізденушілік қабілеті ұшталады

  3. Теория мен практиканы ұштастыра қолдануға мүмкіндік жасайды.

Өзіндік жұмыстың орындалуы мұғалім мен оқушы қарым - қатынасына негізделгенімен, мұғалімнің қатысынсыз орындалатынын айттық. Алайда, мұғалімнің басшылығымен жүзеге асатыны ақиқат. Кез келген өзіндік жұмысты орындаудың негізгі алғышарттары мынандай:
1. мұғалім тарапынан тапсырманың мәні, мақсат-міндеті түсіндіріледі;
2. оқушыға қалай орындауы керектігі туралы бағыт-бағдар беріледі;
3. нақты нұсқаулар беріледі;
4. күрделі мәселелер туралы қосымша ақпарат беріледі;
5. қажет болғанда дайын үлгілермен таныстырады;
6. талапқа сай орындалған жұмыстар үшін ынталандыру шаралары ұйымдастырылады.
Өзіндік жұмысы оқушының өз бетімен жұмыс істей алу мүмкіндігін байқатады. Өзіндік жұмыстарды өз бетінше орындау үшін тек теориялық білімнің болуы ғана жеткілікті емес, оқушыда қалыптасқан әрекеттік дағдылар мен ой әрекеті тәсілдерін жақсы меңгеруі тиіс.
Жеке тұлғаның танымдық құзыреттілігін арттырудағы өзіндік жұмыстың алатын орны
Өзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман мұғалімге XXI ғасыр бәсекесіне сай, жан-жақты білімді, дарынды, әлемдік білім кеңістігіне ұмтылатын жеке тұлғаны дайындауды міндеттейді.Мемлекеттің күшейіп гүлденуі, әрине, жеке тұлғаға, яғни болашақ дарындыларға тәуелді екені сөзсіз. Ұстазға, алдында отырған бірі шапшаң, бірі баяу, енді біреулері төмен қабылдайтын зейіні, қабілеті, қабылдауы, есте cақтауы әрқилы жеке тұлғаның жүрегіне жол тауып, олардың танымдық құзіреттіліктерін дамыту күрделі құрылым екені даусыз. Сондықтан ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім тұлғаны тек жаңа тұрпатты тың көзқарасы бар педагог қана қалыптастыра алады.
Оқу - тәрбие үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық құзіреттіліктерін қалыптастыруға бағыттау білім беруде жеке оқытуды дамытуға көзделуі қажет. Мұғалім үнемі жеке тұлғаға танымдық қабілеттерін дамыту жолдарын нұсқап отырса, онда балалардың өздері де ізденіске түседі. Қазіргі өзекті мәселелердің бірі - осы. Ал жеке тұлға - қоғам мүшесі ретінде, өзіндік өмір сүру бейнесіне сай, жеке құқыққа, танымдық қаиетке ие, саналы әрекет, қарым-қатынас жасай алатын, рухани құндылықтарды бойына жинаған, дүниетанымдық, интеллектуалдық мінез - құлық ерекшеліктерімен дараланған, өздігінен іздену арқылы білім мен іскерлігін жетілдіріп ұдайы даму үстінде болатын жан.
Өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:
-Мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;
-Жұмысты өз еркімен және мұғалімнің қолдауымен жасауы;
Өзіндік жұмыстардың маңызын түсіну үшін өзіндік жұмыстардың негізгі
міндеттерін атауға болады:
- Жеке тұлғаның дербестік қасиетін мейлінше арттыру;
- Оқушылардың таным, ақыл-ой қабілетін дамыту;
- Жеке тұлғаның дербестік қасиетін мейлінше арттыру;
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру мәселесіне көптеген зерттеулер арналған. Өзіндік жұмысқа берілетін анықтамалардың әртүрлілігіне қарамастан, оларды бірнеше шағын топқа бөлуімізге болады.
Г.Н. Дари өзіндік жұмыстың мәнін былайша ашады: «Бұл жұмыстарды жеке тұлға өз бетімен орындайды, ол өзінің біліміне, сеніміне, дүниетанымына сүйене отырып атқарады». Г.Н. Кулагина өзіндік жұмысты жеке тұлғаның іс-әрекет құралы, белсенділігі мен өз бетімен білім алуға дайындығы деп түсіндіреді. И.Т. Протасовтың ойынша, өзіндік жұмыс - біліктілік пен құзіреттіліктер жиынтығы. Профессор Т.С. Сабыров өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі жолдары мен шарттарын анықтай отырып былай деп көрсеткен: «Оқушылардың өздігінен білім алуға деген қажеттері мен дағдылары өзінен-өзі пайда болмайды, мұндай қасиеттер мектепте мұғалім мен оқушылардың сабақ пен сабақтан тыс жұмыстарда бірлесе отырып,оқу-таным әрекетін ұйымдастыру үрдісінде қалыптасады». Оқушылардың әр түрлі деңгейдегі өзіндік жұмыстарды орындауы олардың өзіндік танымдық қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді: танып білу қабілеттерінің дамуына, өзіндік ойлауға талпынуға, жаңа жағдайда дұрыс бағыт - бағдар жасай алуға, өз ойын еркін, дәлелді жеткізуге, ақпаратты сыни бағалауға, жаңа дерек көздерін дәйектілікпен талдауға, танымдық құзіреттіліктерде басшылыққа ала білуін қамтамасыз етуге көмектеседі. Өзіндік жұмыстар әртүрлі әдістер арқылы іске асырылады, мысалы, жаттығу, кітаппен жұмыс істеу, бақылау, есеп шығару, эксперимент жүргізу. Өзіндік жұмыстарды сыныпта орындалатын өзіндік жұмыстар және үйде орындалатын өзіндік жұмыстар деп қарастыруға болады. Сыныпта орындалатын өзіндік жұмыстардың негізгі қызметін бақылау, тексеру болса, үйге берілетін өзіндік жұмыстар қызметі бекіту, жалпылай қорыту, нақтылап дәлелдеу болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыстар жеке тұлғаның еркін дамуын, ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар танымдық құзіреттіліктерін қалыптастырады, мінез - құлқындағы өзіндік менін қарастырады. Педагог Р.Сүлейменовтың пікірінше, өздігінен істейтін жұмыстарда жеке тұлғаның іскерлік қабілеті, білім көлемі, білім молдылығынан туатын толық дербестігі айқын көрінеді. Өздік жұмыстар оқушының дүниетанымына, ізденімдік қабілетінің дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Сонымен қатар, өздігінен ой қорытып, шешім шығаруға, дұрыс сөйлеп, сауатты жазуға, тіл байлығын арттыруға жәрдемдеседі.
Мұғалім сабақта әртүрлі әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Танымдық құзіреттілікті тежейтін үш нәрсе бар: біреуі - «сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе келмейді» деген қорқыныш сезімі, екіншісі – өзіне - өзі тым риза болмаушылық сезімі, үшіншісі - жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын табу көздері, мысалы: оқушылардың танымдылық құзіреттіліктерін қалыптастыруына мектепте, сабақ үстінде қолайлы жағдай жасау; танымдылық бағытта баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру керек. Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу жеке тұлғаны шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілдерін байытуға, қиялын ұштауға,өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізетіні сөзсіз. [10].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет