I. ӨЗіндік жұмыстар химияны оқытудың негізгі формасы өзіндік жұмыс туралы жалпы түсінік


Өтілген сабақты бекіту мен қайталау кезінде өздік жұмысты қолдану



бет7/11
Дата16.09.2022
өлшемі88,05 Kb.
#39250
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Курстық жұмыс.ХБ-31.Табылдиева Амина химия жартысы 1 (копия)

2.2. Өтілген сабақты бекіту мен қайталау кезінде өздік жұмысты қолдану.

Жүйелі түрде қайталау мен бекiтусiз оқушылардың тиянақты әрі тұрақты білімін қалыптастыру мүмкін емес. М.Б.Усманова мен Қ.Н.Сақариянованың 8 - 11 сыныптарға арналған дидактикалык тапсырмалар жинағында өздік жұмыстар жана материалды оқу мен өткен материалды бекіту үшін қолайлы [12] .


Сол сияқты Н.П.Гаврусейконың дидактикалық материалдарын да қолдануға болады. Соңғы әдістемелік нұсқауда тапсырмалар сараланып берілген. Алдыңғы үш нұсқа дәстүрлі тапсырмалардан тұрады. Оларды орындау реакция теңдеуін жазуға, қысқаша жауап беруге, тотығу тотықсыздану реакцияларының электрондық балансын құруға, есептеу есептерін шығаруға араналады. Келесі үш нұсқада тапсырмалар дайын жауаптар жиынтығымен берiледi. Құрушыларға оны тест тапсырмасы ретінде ұсынуға болады. Әр нұсқада келтірілген тапсырмалар әр түрлі қиындық деңгейінде беріледі. Өздік жұмысқа арналған тапсырманың санын оқытушы жұмыс жоспары мен сабақ формасына байланысты белгілейді. Өздік жұмыс тапсырмасын тексеру оқытушының қалауы бойынша фронтальды немесе таңдамалы түрде жүргiзiледi. Химиядан қорытынды сабақтар химиялық бiлiмдер жүйесін қалыптастыруда аса маңызды рөл атқарады. Авторлар дидактикалық мақсатқа байланысты сабақтық әртүрлі варианттарын ұсынады.
Оқытушы кабинеттiң жабдықталу деңгейіне байланысты, оқушылардың дайындық деңгейiне орай ұтымды вариантты тандап алады. Қорытынды сабақты таңдауға шығармашылықпен келу оқушыларға артық ауырлықтың туспеуiн мумкiн етедi. Қорытынды сабақтардың өзiне тән сипаты оны жүргiзудiң педагогикалық негiзiн құруды оқытушы алдына мiндет етiп қояды. Олар темендегідей болуы мумкiн:
1. Әрбір сабақтың өзіне тән мақсаты мен мiндетiн айқындау. Барлық қорытынды сабақтарды тұтастай алып қарағандағы міндет пен мақсатты анықтай білу.
2. Аталған материалға байланысты сабақ типі мен құрылымын анықтау.
3. Сабақ мазмұнын айқындап, қайталауды жүргiзу әдіс тәсiлдерiн белгілеу.
4. Оқушылармен жұмыс формасын (ұжымдық,топтық,жекеше) анықтау.
5. Химиялық эксперимент пен техникалық кұралдарды, компьютердi қолдану.
6. Үйге берiлетiн тапсырманың түрi мен көлемiн анықтау.
7. Оқушылардың бiлiмiн бaқылaу мен тексеру формасын белгілеу. Кейбір оқу құралдарында мысалы, оқушылардың өздік жұмыстарының әр түрлілігі сипатталып жазылған. Оқушылардың зерттеушiлiк қабiлетiнiң дамуына көп сенiл аударылған. Тапсырмалар окушыға саралы жолмен келу үшiн әр түрлі нұсқамен берілген.
Оқушының өздiк жұмыс құрылымында үш түрлi негiзгi буын болып көрсетіледі.
1. Окушылардың танымдық мiндеттi анықтауы (оку жағдаятынын кұрылымында максатты тандап, мiндеттi кере білу):
2. Мiндеттi шешуге әкелетiн әрекеттің айкын әдiстерiн тандап анықтау (оны шешуге керекті әдіс, тәсiлдердi таңдай білу икемдiлiгi);
3. Алға қойылған мiндеттi табылган әдiстермен шешуге болатын болмайтынын бакылау операциясын орындау. Окушылардың бiлiмiн қысқа уақытта тексеру жолдары жоғарыда айтылған әдістемелік құралда берiлген. Дәстүрлі әдістерден басқа графикалык, сандық диктанттар, тест тапсырмалары қолданылады.
Бiлiмдi бекiтуде және бiлiмдi жетiлдiруде өздiк жұмысты қолдану киындығы оқушылар үшiн жаңашылдық элементiнiң төмендеуiмен түсiндiрiледi. Сондықтан оқушылардың белсенді ойлау қабілетін дамытатын әдіс, тәсiлдердi тиянақты түрде ойластырған жөн. Осыған орай оқушылармен сараланған тапсырмалармен өздiк жұмысты өткiзу әдiстемесiне сүйену керек. Өздiк жумысты сараланған түрде өткiзу дегенiмiз оқытушы əрбiр оқушыға белгiлi тапсырмалар жиынын орындауды ұсынады. Ол тапсырмаларды оқушы мiндеттi түрде орындауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет