16. Гуморальдық реттеу. Фредерик тәжірибесі. Тыныс алу орталығының қызметіне бірқатар гуморальды заттар әсер етеді. Мысалы, рецепторлар көптеген тамырлардың қабырғаларында орналасқан, олар қандағы көмірқышқыл газының мөлшері жоғарылаған кезде қозады. Олардан импульстар тыныс алу орталығына беріледі, бұл тыныс алуды күшейтеді. Қандағы көмірқышқыл газының концентрациясының жоғарылауы тыныс алу орталығын ынталандырады және тыныс алу жиілігі мен тереңдеуін арттырады. Тыныс алу орталығының қызметіне қан қысымы, температура, ауырсыну және басқа тітіркендіргіштер әсер етеді.
Денеге физикалық және психикалық стресс неғұрлым көп болса, соғұрлым оған энергия қажет, демек энергияны алу үшін оттегі де қажет болады. Сондықтан, қарқынды белсенділікпен тыныс алу жиілігі мен тереңдігі, сонымен қатар жүрек соғу ырғағы мен жүректен қан айналымына шығарылатын көлем жоғарылайды.
Тынысалу орталығының қызметі қандағы газдар мөлшеріне байланысты екені көптен белгілі. Қандағы оттегінің мөлшері азайса (гипоксия) немесе көмір қышқыл газ деңгейі артса (гиперкапния) тынысалу жиілейді. Мұны гиперпноэ дейді. Әдетте ересек адам минутына 16-20 рет дем алады (эйпноэ).
Егер қанда көмір қышқылды газ азайса (гипокапния) тынысалу сирейді, тіпті тоқтап та қалады (апноэ). Кеңірдекті қысып, біраз уақыт дем алмай қойса (асфиксия) гиперкапния мен гипоксемия үрдістері үдейді де адам жиі-жиі әрі терең дем алады, яғни диспноэ пайда болады.
Қандағы газдардың (СО2, О2,) тынысалу орталығына әсері Л. Фредерик тәжірибесінде дәлелденген. Тәжірибе жасау үшін екі иттің ұйқы артериясы мен мойындырық венасын кесіп жібереді де, оларды айқастырып, біреуінің бас бөлігін, екінші иттің сол тамырының шеткі бөлігімен жалғастырады, сөйтіп иттің басын екінші иттің қанымен, екінші иттің басын бірінші иттің канымен қоректендіреді . Содан кейін кеңірдегін біраз уақыт қысып бірінші итті түншықтырады, сол сәтте кеңірдегі қысылмаған екінші иттің тынысы жиілеп, тереңдей түседі (диспноэ), соңғысының басына келген қанда оттегі аз, ал көмір кышқылы көп болады. Кеңірдегі қысылған иттің тынысы барған сайын бәсеңдеп тіпті тоқтап та қалады (апноэ). Мұның себебі ол, тынысы жиілеп, тереңдеген иттің қанымен қоректенеді, бүл қанда көмір қышқыл газ аз (гипокапния), огтегі көп (гипероксия) болады.
Көпке дейін қандағы СО, мен О, тынысалу орталығына қалайша әсер ететіні белгісіз болып келді. Соңғы кезде қандағы газдардың хеморецепторларды тітіркендіретіні, сөйтіп тынысалу орталығына рефлекстік жолмен әсер ететіні анықталды. Организмде хеморецепторлардың екі түрі бар: біреуі артерия қабырғасында орналасқан шеткі хеморецепторлар (артериялық), екіншісі - сопақша мида орналасқан орталық хеморецепторлар (медуллярлык).
Шеткі хеморецепторлардың бір тобы жалпы ұйқы артериясының екіге бөлінген жерінде - каротидтік рефлексогендік алаң мен қолқа доғасында қолқаның рефлексогендік алаңында орналасқан. Олар әсіресе С0, мен Н' иондарының көбеюіне, қанда оттегі деңгейінің төмендеуіне (гипоксе- мияға) өте сезімтал келеді. Бұлардан шығып тыныс орталығына жететін серпіністердің саны қандағы газдардың мөлшеріне байланысты. Орталық хеморецепторлар сопақша мида 0,2 мм тереңдікте М және L деп белгіленетін екі аймақта орналасқан. Бұлар қандағы СО2, мен О2, және жұлын сүйықтығындағы Н мөлшеріне өте сезімтал. Қандағы көмір қышқыл газ алдымен жүлын сүйық- тығындағы сутегін көбейтеді де, орталық хеморецепторлар аркылы тынысалу орталығына әсер етеді. Осыған байланысты сигналдар орталыққа шеткі хеморецепторлар арқылы тезірек жетеді. Орталықтағы хеморецепторлардың тыныс орталығына әсері шеткі хеморецепторға қарағанда күштірек болады.