Спирографияны жүргізу кезіндегі дайындық Спирографияны таңертең немесе таңғы астан кейін 1—1,5 сағатта жүргізіледі. Зерттеу жүргізер алдында темекі шегу,қою кофе мен шай ішуге тыйым салынады.
Егер науқасқа спирография жасар алдында дәрiгердiң белгiлеуімен тыныс жүйесіне әсер ететін препараттарды тағайындаған болса оларды 6—24 сағатқа дейін,яғни спирография жасағанға дейін шектейді. Науқастың тісінде протездер болса, шешіледі.
Спирографияны жүргізу Зерттеу науқас тыныш отырып дем алғанда 3-5 мин аралығында жазылады. Бұл уақытта құрал жұмыс істеу көрсеткіштерін тiркейді: тыныс алу жиілігі мен тыныс алу көлемі жазылады.1-2 минут үзіліс жасап, құралды өшіреді. Үзілістен кейін әрбір 1 минут сайын қысқа үзіліспен, форсирленген тыныс алумен байланысты параметрлерді жазады.
Сонымен қатар, спирографиялық зерттеулер қарсы көрсетімдермен шектелген.
1. Емдеуші дәрігермен алдын ала кеңесі, пациентке зерттеуді жүргізудің қажеттілігін анықтау.
2. Зерттеу аш қарынға немесе жеңіл тамақтанған кейінгі 1 сағаттан кейін не жеткілікті тамақтанғаннан кейінгі 2 сағаттан кейін.
3. Пациенттің киімі көкірек қуысын қыспауы тиіс.
4. Спирометриялық зерттеу көкірек қуысының тік күйінде жүргізіледі, осыған сәйкес отыруға не тұруға болады. Пациенттің тұрысы (отыру немесе тұру) көңіл-күйге, жасына, салмағына байланысты. Бірақ, тыныс алу тәсілдерін орындау кезінде кеудені еңкейтуге болмайды.
5. Зерттеуді күннің бірінші жартысында жүргізген дұрыс.
6. Өкпенің вентиляция қызметінің шынайы мәнін алу мақсатымен зерттеуді жүргізудің алдында кейбір аппараттарды қоспау қажет (дәрігермен кеңесу қажет). Дәрілік заттарды қабылдаудан бас тарта алмаған жағдайда жолдамаға және спирограмманың сипаттамасы кезінде препараттың атауын, қабылдау тәсілін, мөлшерін, соңғы рет қабылдаған уақытын көрсеткен жөн.
7. Зерттеуді бастар алдында 1,5-2 сағат бұрын темекі шегуден бас тарту.
8. Зерттеуді бастар алдында шамамен 4 сағат бұрын ішімдікті тоқтату.
9. Зерттеуді бастар алдында физикалық жүктемені 20 минут бұрын тоқтату.
10. Амбулаториялық науқастарға алдын ала 20 минуттай тыныққаны жөн. Қысқы уақытта тыныс алу жолдарының суық жоғары реактивтілігімен ауыратын
науқастарға спирографиялық зерттеу таза ауада жүргеннен кейінгі 1 сағаттан кейін жүргізіледі.
11. Жоспарлы зерттеуді бронхоскопиядан кейін немесе кейінгі 3 күн ішінде жүргізілмеуі тиіс (тек науқастың жағдайы нашарлаған жағдайда).
Спирограф тiркейтін көрсеткіштер: 1. Тыныс алу жиілігі (ТАЖ) — 1 минуттағы тыныс алудың саны. Сау адамдарда бұл көрсеткіш 16-17 тең;
2. Тыныс алу көлемі (ТАК) —бір рет тыныс алғанда өкпедегі ауаның көлемі. Ер адамдарда 300 ден 1200 мл дейін, әйелдерде — 250 ден 800 мл дейін;
3. Тыныс алудың минуттық көлемі (ТМК) - өкпе арқылы 1 минутта өткен ауаның көлемі. Орташа 4 тен 10 л дейін;