И. П. Павлов жасаған созылмалы зерттеу әдісінің мәні, оның артықшылықтары



бет22/42
Дата22.03.2023
өлшемі1,28 Mb.
#75677
түріҚұрамы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42
Керу рецепторлары тыныс алу кезінде козып, IB типті нейрондардың козуына мүмкіндік туғызады. Осының аркасында тыныс алу кезінде дем алуды тежейтін және дем шығаруды тудыратын үдеріс пайда болады.Бұл туралы неміс ғалымдары Геринг пен Бейерг тәжрибе жүргізген болатын. 1868 жылы неміс ғалымдары Геринг пен Брейер иттің өкпесін ауаға толтырып керсе немесе оның бүйіріне пневмоторакс жасап өкпенің көлемін кішірейтсе демалу және демшығару кезеңдері өзгеретінін байқаған. Өкпені ауамен кергенде үш түрлі рефлекс пайда болады.
1. Инспирациялық тежеу рефлексі - өкпені ауамен керген сәтте
организм кенеттен дем ала алмай қалады.
2. Өкпені демшығару кезінде керсе, келесі жолғы демалу сатысы кешеуілдейді де, демшығару сатысы созыла түседі. Мұны экспира- циялық жеңілдеу рефлексі деп атайды.
3. Дем алған сәтте өкпені қаттырақ керсе, инспирациялық еттер шектен тыс қатты қозады да ит дірілдеп демін қатты ішіне тартып жан үшырады (Хэд парадоксы). Ал өкпенің көлемін пневмоторакс арқылы кішірейтсе, демшығару қысқарады, бірақ демалу ұзарады, яғни келесі жолғы демалу сатысы тездейді. Бұл өкпе кішіреюіне берілген рефлекстік жауап.
Өкпе көлемі өзгерген сәтте оның ішіндегі керутрецепторлары (ме- ханорецепторлар) қозып тітіркенеді, бүдан пайда болған сигнал тыныс орталығына кезеген жүйке арқылы жетеді. Кезеген жүйке серпіністері дем алған, дем шығарған сәттерде тіркелетін болса, олар дем алган кезден бастап жиілейді, дем ішке қатты тартылған сәтте шектен тыс жиілейді де дем шығарысымен біртіндеп сирей бастайды.
Сонымен, Геринг пен Брейер рефлекстері өкпенің керу қабылда- ғыштарынан кезеген жүйке арқылы тынысалу орталығына жететін сигналдардың тынысалу жиілігін реттейтіні және демалу мен демшы- ғару сатылары нақты бір кезекпен алмасып отыратыны, өкпеден орталыққа баратын серпіністер санына байланысты екенін көрсетеді. Сондықтан Геринг пен Брейер рефлекстері өкпенің өзін-өзі реттеу рефлекстері деп те аталады.
Геринг-Брейер рефлексі тыныс алу процесінің өзін-өзі реттеу механизмдерінің бірі болып табылады, дем алу және дем шығару актілерінің өзгеруін қамтамасыз етеді. Тыныс алу кезінде альвеолалар созылған кезде, вагус нервіндегі созылу рецепторларынан жүйке импульстары экспираторлық нейрондарға өтеді, олар қозған кезде инспираторлық нейрондардың белсенділігін тежейді, бұл пассивті дем шығаруға әкеледі. Өкпе альвеолалары төмендейді және созылу рецепторларынан жүйке импульстары енді экспираторлық нейрондарға енбейді. Олардың белсенділігі төмендейді, бұл тыныс алу орталығының инспираторлы бөлігінің қозғыштығын арттыруға және белсенді тыныс алуды жүзеге асыруға жағдай жасайды. Сонымен қатар, инспираторлы нейрондарының белсенділігі қандағы көмірқышқыл газының концентрациясының жоғарылауымен жоғарылайды, бұл да дем алуға ықпал етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет