И. П. Павлов жасаған созылмалы зерттеу әдісінің мәні, оның артықшылықтары



бет21/42
Дата22.03.2023
өлшемі1,28 Mb.
#75677
түріҚұрамы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42
Байланысты:
È. Ï. Ïàâëîâ æàñà?àí ñîçûëìàëû çåðòòåó ?ä³ñ³í³? ì?í³, îíû? àðòû?

Ирритантты рецепторлар өкпе ұлпаларының қасиетінің өзгерісіне сезімтал. Мысалы, өкпе кабынуында өкпе ұлпаларының ісінуі пайда болғанда бұл рецепторлар козып беткейлік және жиіленген тынысты - тахипноэны тудырады. Сондықтан да беткейлік және жиі тыныс пневмонияның (өкпенің ісінуі) даму мүмкіндігін туғызады деген ойға әкелуі мүмкін. Осы рецепторлар қатты тыныс алу нәтижесінде «күрсіну» туғызады - оған барлық өкпе аймақтары қатысады. Осының аркасында ателектаздар жойылады. Ирритантты рецепторлардың бір бөлігі жоғарғы тыныс жолдарында орналаскан. Бұл рецепторлар бір уақытта хеморецепторлардың рөлін аткарғандықтан иісті заттармен тітіркенуі кезінде олар апноэны (тыныс кідірісі), жөтелді, түшкіруді тудырады. Жоғарғы тыныс жолдарында орналасқан ирритантты рецепторлар тыныс реттелісінде маңызды рөл атқарады. Мысалы, мұрын рецепторларының сумен тітіркенуі кезінде апноэны тудырады. Сондықтан да судағы жүзгіш адамдар сумен жанаскан кезде еріксіз түрде тынысты кідіртеді. Осы рецепторлардың тітіркендірілуімен байланысты кылмысты жағдай белгілі. Англияда кылмыскер адам өзінің кезекті құрбанын (әйелін) ваннадан аяғын кенет тартып калу арқылы тұншықтырған: рецепторларға судың қатты соғылуы тыныстың лезде токтауына әкелген.
Юкста-альвеолярлы рецепторлардың маңызы әлі белгісіз. Олар ирритант- ты рецепторлар сиякты өкпенің ісінуі кезінде (осы рецепторлар орналаскан интерстициалды ұлпалардың жағдайының өзгеруі) қозады. Олардың қозуы беткейлік және жиі тынысты және бронх тарылуын тудырады.
Баска да рецепторлар. Каңка бұлшық етінің проприорецепторлары (тыныстық емес) бұлшық еттік жұмыс кезінде үлкен жартышарлар кыртысына және бульбо-понтийлік бөліктің орталык тыныс механизміне тікелей импульстер ағымын таратады. Бұл ағым канда көмірқышыкыл газының жинакталуынан және гипоксемияның тууынан біраз бұрын гипервентиляцияны тудырады. Тері рецепторлары: ноцицепторлар, температуалық, тактильдік - тыныс нейрондарының кызметінің өзгеруіне әкеледі. Барлык рецепторлар қанша дегенімен тыныс алу орталығының механизм жағдайының өзгерісін тудырады, себебі тыныс алу механизмінің нейрондары торлы құрылым нейрондары- на жатады. Барлық афференттік импульстер ағымы «аландаушылықта» болады, яғни бейарнамалы жолдар арқылы торлы кұрылымға бағытталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет