И. П. Павловтың жж қызметіне байланысты жүргізген зерттеулерінің мәні. Шартты және шартсыз рефлекстер


Шартты рефлекстерді классификациялау (жіктеу)



бет4/6
Дата18.10.2023
өлшемі34,1 Kb.
#118312
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
И. П. Павловтың жж қызметіне байланысты жүргізген зерттеулерінің-emirsaba.org

Шартты рефлекстерді классификациялау (жіктеу). Қандай методика бойынша қалыптастырылатынына қарай шартты рефлекстер секреторлық, қимыл қан-тамыр рефлекстері, ішкі мүшелердегі өзгеріс рефлекстері және т.с.с. болып бөлінеді.
Шартты тітіркендіргішті шартсыз тітіркендіргішпен бекіту арқылы қалыптастырылған рефлексті бірінші қатардың шартты рефлексі деп атайды. Оның негізінде жаңа рефлекс қалыптастыруға болады. Мысалы, жарық сигналын азықтандырумен үштастыру арқылы итте берік сілекей бөліну шартты рефлексі қалыптастырылған. Егер жарық жарық сигналынан бұрын қонырау соғылса, мұндай ұштастыруды бірнеше рет қайталаудан кейін итте дыбыс сигналына сілекей бөліне бастайды.
Бұл шартсыз тітіркендіргішпен емес, бірінші қатардың шартты рефлексімен бекітілетін екінші қатардың рефлексі немесе екінші рефлекс болып табылады.
Екінші қатардың шартты тағам рефлексінің негізінде итте басқа қатардың шартты рефлекстерін қалыптастыруға болмайтынын практика көрсетті. Бірінші қатардың шартты рефлексі қорғану рефлексінің негізінде түзілген жағдайда ғана үшінші қатардың рефлексі түзілуі мүмкін, мысалы, терінің немесе кілегейлі қабықшаның тітіркенуі. Бірақ бұл жағдайда да үшінші қатардың рефлексін ғана қалыптастыруға болады, ал төртінші қатардың рефлексін әзірге қалыптастыру мүмкіндігі жоқ. Балаларда алтыншы қатардың шартты рефлексін қалыптастыру сәті түсті.
Жоғары қатардың шартты рефлекстерін қалыптастыру үшін жаңа индифферентті тітіркендіргіш бұған дейін қалыптастырылған рефлекстің шартты тітіркендіргіші әсер ете бастаудан 10-15 с. бұрын әсер етуі қажет. Егер тітіркендіргіш едәуір жақын аралықта немесе бірге әсер етсе, жаңа рефлекс пайда болмайды, ал бұрын қалыптасқан рефлекс сөнеді, өйткені ми қыртысында тежелу болады.
Бірге әсер ететін тітіркендіргіштерді әлденше рет қайталап қолдану немесе бір тітіркнедіргіштерді әлденеше рет қайталап қолдану немесе бір тітіркендіргіштің екіншісіне әсер ету уақытын едәуір ұзарту комплекстік тітіркендіргішке рефлекс пайда болуына мүмкіндік береді.

Уақытқа байланысты шартты рефлекстердің түзілуі. Белгілі уақыт аралығы рефлекс қалыптастыру үшін шартты тітіркендіргіш бола алады. Егер жануарды үнемі әрбір 10 минут сайын азықтандыратын болса, бірнеше рет азықтандырудан кейін уақытқа байланысты шартты рефлекс түзіледі, яғни 10 минут өткен соң жануарда сілекей бөлініп, азыққа байланысты оны жалау, сілекейін жұту және т.с.с. қимыл актілері орындала бастайды.
Уақытқа байланысты рефлекс қалыптасқан адамдарда олар әдеттегі тамақ ішетін уақытта аштық сезімі байқалады. Уақыт аралығы мүлде аз болуы мүмкін.
Мектеп жасындағы балалардағы уақытқа байланысты рефлекстің белгісі – сабақ аяқталар алдында (қонырау соғылудан 1 - 1,5 минут бұрын) зейінінің әлсіреуі. Бұл қажудың ғана емес, сондай-ақ оқу сабақтары кезінде мидың ырғақты жұмыс істеуінің нәтижесі болып табылады.
Организмде уақытқа байланысты туатын әсер – тыныс алу, жүрек қызметі, ұйқыдан ояну, жануарлардың түлеуі және т.с.с. оқтын-оқтын өзгеріп тұратын көптеген процестердің ырғағы. Тиісті мүшелерден миға және одан керісінше эффекторлық аппараттарға ырғақты түрде импульстер жіберіп отыру организмде уақытқа байланысты туатын әсердің негізі болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет