2022 – 2023 оқу жылы Сынып сағатының тақырыбы: «Бала құқығы – асыл қазына»
Мақсаты:
Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу;
Құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу;
Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шындау.
Өтілу түрі: зерттеу шеберханасы.
Көрнекілігі:интерактивті тақта, ҚР Конституциясы кітапшасы, Бала құқықтары туралы Конвенция, Бала құқығын қорғау туралы тұжырымдама, халыққа құқықтық көмек «Бала құқығы» жадынамасы.
Өту барысы: Мұғалім:
Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан Ш.Монтескье, И.Кант, Т.Джефферсон сияқты ойшылдар адам құқықтарының негізгі ережелерін алғаш рет анықтап, белгілеген. Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Абай Құнанбаевта адам құқықтарымен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы – Конституция қорғайды. Ал Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын Заң бар ма?
1989 жылдың 20 қарашасында Бала құқықтары туралы Конвенция БҰҰ ұйымында қабылданып, 1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бала құқығы туралы Конвенцияға» қол қойды. Конвенция мазмұны: БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясы – әрқайсысы белгілі бір құқықты сипаттайтын 54 баптан тұратын бала құқықтары туралы құжат. Конвенция бала ретінде 18 жасқа толмаған тұлғаны санайды, егер ел заңдары бойынша кәмелетке толу жасы осыдан кіші бекітілмесе.
Конвенцияға кіретін құқықтардың бәрі барлық балаға бірдей тарайды. Конвенцияға қол қойғаннан кейін балаларды кемсітуден қорғауға және олардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін белсенді шаралар қолдану міндетін мемлекет өзіне алады.
Конвенцияға қатысушы мемлекеттер «ересектерді де, балаларды да Конвенцияның ұстанымдары мен ережелері туралы кең ақпарат беруге» міндетті. Конвенцияның ережелерін бақылаудың халықаралық механизмі бар, ол Бала құқықтары жөніндегі Комитет.
Қазіргі уақытта елдердің көпшілігі Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті (АҚШ пен Сомалиден басқасы). Қазақстан Республикасы осы Конвенцияны 1994 жылдың 8-ші маусымында бекіткен. Конвенцияның 44 бабына сәйкес, оған қол қойған елдер заңдары мен мемлекеттік саясаттарын Конвенцияға сәйкес келтіруге бағытталған шараларды қолдану туралы БҰҰ-на есеп беру тиіс.