Байланысты: Арнайы педагогика оқулық Байтұрсынова 1
2. Арнайы оқыту процесінің ерекшіліктері Дамуында кемістігі бар балаларды оқыту мәселесі көптеген ғалымдар зерттеген (А.Г. Басова, Т.А. Власова, В.В. Воронкова, А.П. Гозова, И.С. Грошенков, А.И. Дьячков, И.Г. Еременко, А.П. Ермаков, С.А. Зыков, Т.С. Зыкова, В.Г. Петрова, Т.В. Розанова, И.М. Соловьев, Ж.И. Шиф и др.).
Қазіргі арнайы педагогика оқытуды адамның танымдык іс-әрекетінің түрі ретінде сипаттайды. Арнайы мектеп оқушысы әрбір сабақта, адамзаттың қоғамдық - тарихи тәжірбиесімен танысады, зерттейді, қоршаған әлем құбылыстарымен танысады. Оқу іс-әрекетіне байланысты оның бойында білік пен дағдылар қалыптасады. Оның миі шындықтың зерттейтін обьектілерін бейнелейді. Сондықтан оқыту процесі оқушының қоршаған әлемді тану процесі болып табылады. Бірақ адам қоршаған әлемді «іс-әрекеттің басқа түрлерінде да, мысалы, еңбек, ойын, көркем бейнелеу, ән-күй - эстетикалық, тағыда басқа іс-әрекет арқылы таниды.
Арнайы оқытудың екі ерекшелігі бар. Бірінші, құрылымы адамның психикалық және қоғамдық даму заңдылықтарының нәтижесінде пайда болған танымдық іс-әрекеттердің түрлері мен формаларында. Екіншісі, адамның қалыптасқан іс-әркеттердің түрін, құрылымын, механизмін өзгертуінде. Арнайы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің өзіндік мақсаты, міндеті, мазмұны, принципі, әдістері мен ұйымдастыру формалары болады.
Оқыту арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеті ретінде биологиялық, психологиялық, әлеуметтік және баска да заңдылықтардың негізінде қалыптасқан және дамудың қарқынын үдетеді.
Оқыту процесінің құрылымы таным процесінің негізгі кезендеріне сәйкес келеді:
сезіммен қабылдау,
абстрактілі ойлау,
тәжірибе.
Оқытуда келесі құрылым бөлімдерді ажыратуға болады: оқу материалын қабылдау, саналы меңгеру, бекіту, тәжірибеде қолдану, менгерілген білімді тексеру бағалау, әр қайсысы бір бірімен тығыз байланыста келеді.
Арнайы мектеп оқушыларына жаңа материалын баяндау процесінде оқу материал қабылдау мен саналы меңгеру ерекшеліктерін ескеру қажет. Қабылдау біріншіден, танымдық әрекеттің бастапқы сәті болып табылады, екіншіден қабылдау алдынғы меңгерілген білімге негізделеді. Сонымен, қабылдау бір мезетте нақтылы танымдық процестің бастамасы және таным арқылы меңгергенің қорытындысы.
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға тән қабылдаудың ерекшеліктері: баялулығы, аз көлемі, шартыкештігі, шынайлықтан шеттеу немесе бұрмалап қабылдауы. Мұндай ерекшеліктері шынайы қабылдаудың толықтығын, нақтылығын және барабарлығын қамтамасыздандыруға бағытталган, арнайы құралдар мен тәсілдерді пайдаланудың қажеттілігін аңықтайды, нақты:
күрделі оқу материалы болемдерге жіктеледі;
оқыту үрдісі баяу өтеді;
оқушының әрбір әрекетіне басшылық жасалады;
оқушыны өзінің қабылдау нәтижесін талдауға, үлгімен салыстыру арқылы үйретеді;
Оқу материалын саналы меңгеру - бұл күрделі процес, заттар, құбылыстармен олардың бейнесінің маңызына немесе сөзбен бейнелеуіне ойы мен санасын енгізуді білдіреді. Мысалы, зиятында ауытқушылығы бар балалардың танымдық әрекеті анық айқылданған репродуктивті, яғни қайта жаңғырту сипатына ие. Саналы түсінуге (талдау, жинақтау, қорытындылау) қажетті ойлау операциялары толық жетілмеген. Сонымен қатар, заттар туралы ұғым түсініктері,сол заттарды тікелей қабылдау барысында немесе олармен әрекет жасауда туындайды. Сондықтан да, аталмыш балаларды оқытуда білім, икемділік және дағдының жинақталуы маңызды орын алады.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқу материалын саналы менгеруі арнайы ұйымдастырылған түрінде өтеді. Оның негізгі түрі – балалар өзінің танымдық жинақтауын жүзеге асыра алатын жағдайда ойлау процесін түзету. Түзету жұмысының маңызды кезеңі – нақтылыдан абстрактіліге, жекеден жалпыға, көрнекілікті әрекеттен ойлау әрекетіне көшуді, балаға жеңілдететің арнайы құралдар пайдалану болып табылады.
Арнайы оқытуда көрнекі құралдар мен практикалық икемділіктерді кешенді пайдалану тиімді жолдың бірі.
Бекіту – меңгерілген білім мен икемді мақсатты түрде пайдалану. Білм мен икемді біртіндеп және тиянақты бекіту мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуда ерекше орынға ие, аса маңызды әрекет. Икем дегеніміз -адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеті. Икемділік түрлі дәрежеде көрінеді. Икемділік білім мен тәжірибеге негізделеді. Кімнін білімі мен тәжірибесі көбірек болса, сол адамның икемділігі де артық болады. Икемділік белгілі бір дағдылар мен білім жүйесін практикада пайдалана алудың көрінісі болып табылады. Икемділік білімнің амалға айналуы, сол саналы әрекетті қажет етеді, икемділік амалды жүзеге асырудың да тәсілі. Жас баланың дағдылары мен әдеттері үлкендердің қылығына еліктеу негізінде қалыптасады. Еліктеу арқылы бала түрлі тұрмыстық дағдыларға (бетті, қолды жуу, мезгілімен ұйықтау, ояну, тамағын ішу, ойнау т.б.) машықтанады.
Бекіту есте сақтау негізінде жүреді. Бала меңгергенің есте сақтай алмаса, қабылдағаның сезіне алмайды. Дамуында кемістігі бар балалардың қайта жаңғыртуында бұрын меңгерген білімі сақталмауы мүмкін. Бұл жартыкеш, жүйесіз, жеткіліксіз түйсіну, механикалық меңгеруге экеліп согады. Бала бойындағы психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып бекітуге берілген материал дұрыс толық талқыланып, құрам бөліктерге жіктеленген болуы тиіс.
Арнайы мектептегі мұғалім жүйедегі бірде бір білім бөлігінің түсініксіз қалуын және барлық жүйеден бөлінбеуін мұқият қадағалауы тиіс.
Қайталау процесінде түзету, бекіту және толықтыру қате менгерілген білімді және әрекет тәсілдерін қайта құру жүзеге асырылады.
Білім, икемділікті қолданудағы ерекшелік олар арасындағы бірлестіктің қалыптаспауы. Дағды, білім және икемділік бір-бірімен тығыз байланысты. Алғашқы саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде машықтануын дағды деп атайды. Дағдылануда іс-әрекеттің тұтас өзі емес, жеке компоненттері (құрамдары) ғана машықтанады. Ал арнайы мектепте білім, икемділік меңгерумен дағдыларды қалыптастырудағы қиындық көптеген жағдайда балалар дамуындағы кемістіктерге тәуелді. Бұл жерде арнайы шараларды қолдану қажет, білімді меңгеру мен тәжірибеде қолданудың бірлігін сақтау (негізінде практикалық тапсырмалар арқылы жүзеге асады), оқытудың өмірмен, тәжірибелік іс әрекетпен байланысын қамтамасыз ету, меңгерген білімді іс тәжірибеде пайдалану үшін әрекет маңызды. Осыған байланысты, арнайы мектептерде білімді қайта жаңғыртуға және білім мен практикалық әрекет арасындағы байланысты анықтауға бағытталған түзету құралдары мен тәсілдерін пайдаланылады.
Сонымен арнайы мектептегі оқыту процесі жалпы мектептегі сияқты заңдалықтар негізінде өтеді. Бірақ та, оқушылардың дамуындағы кемістіктер оқытудың ерекше сипатын білдіреді.
Біріншіден оқытудың барлық кезендерінде затты-көрнекі бағытында әрекет жасау.
Екіншіден танымдық әрекетке арнайы педагог тарапынан басшылық ету талабы маңызды, өйткені балалар мұғалімнің көмегін үнемі қажет етеді. Бірақ балалар өз танымдық әрекетін ұйымдастырып үйренген соң, мұғалімнің тікелей көмегін біртіндеп көлемін азайтып қажетсінеді. Мұғалім көмегі жалпылама түрде ғана көрсетіліп тұрады. Оқушылар берілген нұсқаулар бойынша тапсырмаларды өз бетінше мұғалімнің басшылығымен орындауға үйренеді.
Үшіншіден, оқытудың репродуктивті, қайта жаңғырту түрі басым болған жағдайда арнайы мектеп оқушылары оқу материалын жақсы меңгере алады. Арнайы мектепте оқу материалын дұрыс, саналы қабылдап, меңгеру үшін оқытылған материалды бірнеше рет қайталау тәсілі жиі пайдаланылады.
Төртіншіден, оқу үрдісіне оқушыларды белсенді қатысуға ынталандыру қажет. Бұл үшін оқу процесін белсендіретін түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану қажет, көрнекі құралдар, арнайы техникалық оқыту құралдар т.б.
Бесіншіден, оқытудың терең жеке дараланған сипаты. Бұл ерекшелік оқушыдардың таным ерекшеліктерінен туындаған. Ал ол болса, арнайы мектептің негізгі бағытын жүзеге асыруды талап етеді - ол оқушыларды түзете-дамыту.
Оқыту оқушының өзін қоршаған әлемнің танылған заңдылықтарды тануының бір тәсілі - оларды адамның қоғамды - тарихи дамуында, оның еңбектік іс-әрекеті барысында тануға жол. Басқа тәсілі - заңдылықтарды адамның жеке дамуында тануы. Мұнда кешенді әрекет тек оқыту жағдайда ғана болуы мүмкін. Себебі адам қоршаған затгар, құбылыстар мен оқиғалармен тек өз қатынасы арқылы алатын заңдылықтарды ғана емес, ол адамзаттың тәжірибесінде жинақталған зандылықтарды игеру қажет. Баланы оқытпаса, ол өз бетімен ғылыми білім жүйесін игере алмайды.
Сонымен оқыту - бұл жеке психикалық дамуды үдету және қоршаған дүниенің танылған заңдылықтарын меңгеру мақсатында арнайы ұйымдастырылған танымдық іс-әрекет. Осы сипаттау барысында оқыту процесі тарихи дамуда өзіндік логикалық құрылымға ие болады.
Сондықтан, оқыту екі нақты сипатта жүретін мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеті ретінде көрінеді. Арнайы мектептегі мұғалім іс-әрекетіне сәйкес алға қойылған мақсаты, мазмұны мен бағдарлама негізінде жүзеге асырылады, оқу белгіленген нәтижеге айналады.
Егер оқушылар жоқ болса, мұғалімнің білм беру іс-әрекеті қажетсіз. Арнайы мектепте оқытуда оқушылардың іс-әрекетіне мұғалім белсенді қатыспаса, балалар өз бетімен білім алу мақсатын орындай алмайды. Тек мұғалімнің іс-әрекеті арқасында ғана оқушы адамзаттың қоғамдық - тарихи тәжірибесін танысуға мүмкіндік алады.