Байланысты: Арнайы педагогика оқулық Байтұрсынова 1
2. Арнайы мектептегі сабақ Арнайы мектептегі сабақта оқу процесінің барлық компонентері (мақсат-міндеттері, білімнің мазмұны, принциптері, оқыту әдістері) толығымен жүзеге асырылады.
Сабақ мұғалімнің шығармашылық өңері емес, ол нақты талапқа және білім беру мақсат- міндеттерге сәйкес ұйымдастырылатын жұмыс. Сабақты дұрыс өткізу үшін жалпы дидактикалық, әлеуметтік- педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, ұйымдастырушы, санитариялық-гигиеналық жағдайларды қамтамасыз ету керек.
Жалпы дидактикалық жағдайлар нақты оқыту процесін қалай өткізу шарттарын белгілейді, сабақта өтетін білім мазмұнын, оған сәйкес сабаққа қойылатын міндеттерді анықтайды.
Білім беру міндеттері ғылыми негізделген, білім беретін оқу бағдарлама көлеміндегі білімді меңгерту, өмір сүру үшін қажетті икемділік пен дағдыларды қалыптастыруды қолдайды. Сабақтағы білім беру міндеттері үнемі оқушыларға арналған, өйткені мұғалім оқушылар нені меңгеріп, үйренуі тиіс екенін өзі анық білуі тиіс. Мысалы, сабақ тақырыбы: екі таңбалы саңды бір таңбалы санға бөлу, сол сабақта мұғалім келесі міндетті орындайды, жүз көлеміндегі сандарды бөлуге үйрету (қалыптастыру, қайталау, бекіту, кеңейту), бір амалды есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың тәрбиелік міндеттері өмірге деген дұрыс көз-қарасын қалыптастыру, жеке тұлғаның адамгершілік, эстегикалық қасиеттерін тәрбиелеу, танымдық қызығушылын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашады.
Түзету-дамыту міндеттері бала бойындағы алғашқы (біріншілік реттегі) кемістіктің салдарын жоюға, түзетуге және екіншілік кемістіктердің авдын алуға бағытгалған, яғни ең жиі кездесетіндер, таным процестерін жэне сөйлеу тіліндегі кемістіктерді түзету. Бұл міндеттерді орындау ережесі нақты әрекеттерді анықтау мен орындауын кадағалауды талап етеді. Мысалы, зейн ауыткушылықтарын түзету үшін, "Кім байқағыш", "Не артық" т.с.с атты ойын арқылы зейіннің тұрақтылығын дамыту міндеті сабақтағы түзету-дамыту міндеттерін бірі болуы мүмкін.
Сабаққа қойылған міндеттердің нактылығы, түрлі әрекеттердің алмасуы, мұғалімнің окушылар әрекетін бағалауның тәртіптілік пен мәдениетін қалыптастырады.
Арнайы мектепте міндеттерті орындау үшін мұғалім оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып белсенді таным әрекетін дамытуга бағытталған оқыту әдістер мен тэсілдерін үйлесімді пайдалану мен қатар оқу тапсырмаларынын көлемі мен күрделігін анықтай білуі тиіс.
Сабақ барысында барлық міндеттер өзара байланыста жүзеге асырылады.
Әлеуметтік-педагогикалық жағдайлар арнайы мектептегі мұғалімнің жоғары кәсіби біліктілік деңгейін талап етеді. Бұл жерде жалпы білімділік, дидактикалық, әдістемелік дайындық пен қоса сынып ұжымыда білім алуға деген қызығушылығы қажет. Әлеуметтік-педагогикалық жағдайлар арнайы мектепте окыту процесін арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуін талап етеді.
Психологиялық-педагогикалык жағдайлар оқытудың жогары нэтижесіне жету үшін оқушылар бойында білім алуға қызығушылын оятуды білдіреді. Бұл үшін арнайы педагогтар балалардың психикалық даму, жас, тұлғалық ерекшеліктерін жақсы білуі қажет және өздері кемтар балалармен жұмыс жасауға психологиялық-педагогикалық тұрғыдан дайын болуы қажет. Сабақ түрлері, құрамы
Әр бір сабақ негізгі бірліктерден құралады, олар: үй тапсырмасын тексеру, жана материалды түсіндіру, бекіту, кайталау, білімді тексеру, бағалау, сабақты қорытындылау. Сабақ құрылымы - бір белгілі бірізділікті және өзара қарым-қатынасқа келген дәріс бірліктерінің байланыс тұтастығы. Ал сабақтың түрі -белгілі бір сабақтар тобына тән бірліктердің тұрақты үйлесімділігін білдіреді.
Жалпы білім беретін және арнайы сабақтар, сабақ түріне сәйкес құрылады. Бүгінгі дидактика сабақ түрлерін олардың басты сипатына орай топтастырады. Дидактикалық мақсаттарға сәйкес сабақ түрлері:
Арнайы білім беруде пропедевтикалық сабақтардың екі түрін ажыратуыға болады. Бірінші түрі бастауыш сыныпта өткізілетін сабақтар, олардың мақсаты - оқу материалын толық жүйеде меңгеруге даярлау. Екінші түрдегі пропедевтикалық сабақтар жалпы оқыту процесінде күрделі оқу материалын меңгеру үшін арнайы дайындық ретінде өткізіледі. Жалпы пропедевтикалық сабақтардың негізгі мақсаты оқушыларды оқу материалын жақсы меңгеруге даярлау.
Жаңа білім, икем, дағдыларды қалыптастыру сабақтары тек жаңа мәліметтер мен жаңа икемділік пен дағдыларды үйретуді мақсат етеді. Бұл сабақтын кұрылымы келесі бірліктерден тұрады:
Психологиялық-педагогикалык даярлық
Бұл сабақтарда оқушылар өздерінің білім, икемдерін жаңа жағдаятта, тәжірибе жүзінде пайдалана білуге үйренеді. Жаңа оқу материалын мұғалім бағдарлама негізінде жан-жақты талдап, іріктеу тиіс.
Әрине білім, икем, дағдыларды бір сабақта толық, тұрақты қалыптастыру мүмкін емес, сондықтан келесі сабақ түрі арнайы мектептерде өткізіледі - білім, икем, дағдыларды бекіту сабағы, оның құрылымы:
Психологиялық-педагогикалық даярлық
Оқу материалын қайталау
Меңгерілген білімдерін жетілдіру
Үй тапсырмасын беру
Білімді бағалау
Сабақты қорытындылау.
Бұл түрдегі сабақтарда көп жаттығулар пайдаланылады, арнайы әрекеттер ұйымдастырылады.
Арнайы мектепте білімді жалпылау және бір жүйеге келтіру бұрын меңгерілген білімді белсендіруге бір берікті жүйеге келтіруге бағытталған. Ал білім жүйесін кұруға арнайы мектептегі окытудың баяулығы жэне оқушылардың даму ерекшеліктері (әсіресе, есте сақтау ерекшеліктері) кедергі жасайды. Сондықтан бұл сабақтардын түзетушілік маңызы зор. Құрылымы:
Психологиялық-педагогикалық даярлық
Оқу материалын қайталау
Үй тапсырмасын беру
Білімді бағалау
Сабақты қорытындылау.
Бақылау сабақтары оқушылардың меңгерген білім деңгейін анықтау мен шектелмейді. Бұл сабақтар мұғалімнің пайдаланған оқыту әдістердің тиімділігін керуге және кейіннен оқыту процесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Бақылау сабақтарында келесі әдістер жиі пайдаланылады: әңгімелесу тақырып бойынша, жазбаша практикалық тапсырмалар беру бақылау жұмыстарын өткізу.
Арнайы мектептегі неғұрлым көп тараған сабақ түрі - аралас. Бұл сабақ жаңа оқу материалын шағын бөліктермен беріледі (басқа міндеттерді шешуге уақыт қалады), материалды есте сақтаудың ерекшелігі тиянақты бекітуді талап етеді; оқуға қызығушылыкты тудыру үшін түрлі әрекеттерді пайдалану қажет және сабақта таным белсенділік деңгейін дамытады. Аралас сабақтын құрылымы:
Психологиялық-педагогикалық даярлық
Үй тапсырмасын тексеру
Оқу материалын қайталау
Жаңа оқу материалын баяндау
Меңгерген білімді бекіту
Үй тапсырмасын беру
Білімді бағалау
Сабақты қорытындылау.
Аралас сабақ құрылымы үнемі бірдей бола бермейді, сабак міндеттеріне, оқу материалынын күрделігіне тәуелді кезендер орындары ауысуы мүмкін. Дидактикалык міндетке байланысты кейбір жағдайларда жаңа материалды баяндау негізгі орынға ие болса, бірде кайталау мен жүйелеу маңызды орын алады.
Арнайы мектептердің өзгешелігі ол түзету сабақтары. Түзету міндетгері әр сабақта, сабактан тыс уакытта жүзеге асканына карамастан арнайы түзету сабақгар енгізілген. Бұл сабақтардын түрлері арнайы мектеп оқушыларынын дамуындағы кемістікке тэуелді. Мысалы, естімейтін, нашар естийтін балалар оқитын мектептерде заттык-тәжірибелік окыту, дактильді сөйлеуге үйрету, дыбысты қабылдауын дамыту, дыбыс айтуды қалыптастыру сиякты арнайы сабақтар өтеді, олардың кұрылымында ерекшеліктер бар. Барлық сабақтарда тілді жаттықтыру, сезді естіп қабылдауға арналған жаттығулар өз кезендерінде жүргізіледі.
Көруінде ауытқуы бар балалар үшін арнайы мектепке кеңістікті бағдарлау, зиятында ауытқуы бар балалар үшін таным әрекетін түзету сабақтары ұйымдастырылады.
Ал оқу материалын өткізу тәсілі бойынша сабақтар келесі түрде өтеді:
оқу саяхаттар;
ақпарат құралдар арқылы өткізілетін сабақтар (теле-бейне-компьютерлік құралдар).