I тарау. Арнайы педагогиканың жалпы теориялық негіздері дәріс №1-4 Арнайы педягогиканың жалпы негіздері Жоспары


Өз бетімен жұмыс жасауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар



бет38/98
Дата30.09.2023
өлшемі1,43 Mb.
#112043
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   98
Байланысты:
Арнайы педагогика оқулық Байтұрсынова 1

Өз бетімен жұмыс жасауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Оқыту әдісінің анықтамасын беріңіз

  2. Оқыту әдістерін топтаудың түрлілігі

  3. Білім беру технологиясы дегеніміз не?

  4. Белгілі педагогикалық технологияны айтып беріңіз.

  5. Арнайы мектептегі сөздік оқыту әдістерін пайдалану ерекшілігі қандай?

Әдебиеттер:



  1. Специальная педагогика / Под ред Н.М.Назаровой-М.-2001

  2. Обучение детей с нарушениями интеллектуалыюго развития (Олигофренопедагогика) /под ред. Б.П. Пузанова. Учебное пособие -М.- 2001

  3. Артпедагогика и арттерапия в специальном образовании. /ЕА. Медведева. -М. 2001.



Дәріс № 17-19
Арнайы оқытуды ұйымдастыру формалары


Жоспары:

  1. Арнайы білім беруді ұйымдастыру формалары.

  2. Арнайы мектептегі сабақ.

  3. Арнайы педагог тұлғасы.

Түсініктер: сабақ, топтық сабақ, сабақ түрі, пропедевтика, сабақты талдау


1. Арнайы білім беруді ұйымдастыру формалары
Оқушылардың білім мазмұның меңгеру процесі ұйымдастыру формасына байланысты. Дидактикалық категория ретінде оқу процесін ұйымдастыру оқытудың мақсаттары, мазмұны, әдістері мен құрал-жабдықтарына, оқушылардың даму ерекшеліктеріне, олардың санына тәуелді.
Оқушылар санына, оқу уақыты мен орынына, іске асыру тәртібіне орай оқу формасы әртүрлі формада ұйымдасады.
Кемтар балалар мен жасөспірімдерді оқыту тәжірибесі тарихи жеке оқутыдан басталған. Қазір уақытта әрбір нақтылы жағдай үшін арнайы оқыту әдістемелік тәсілін табу жеке түрде оқытуды анықтайды. Әдетте арнайы педагогикада жеке оқыту келесі жағдайларда жүзеге асады:
- оқушылар дамуындағы ауыр және көөтеген кемістіктерге себепті және оқытумен тәрбиелеу үшін тек жеке ықпал етуді қажетсінетін кезде. Сонымен қатар, танымдық процестердің ерекшеліктері үздіксіз жеке дара психологиялық-педагогикалық қолдауды, қадағалау мен бақылауды талап ететін кезде;
- оқыту процесінде бала дамуындағы өзгешілік жеке дара арнайы психологиялық, педагогикалық, логопедиялық және түзетушілік көмекті қажетті болған жағдайда;
- денсаулығына байланысты бала үйде білім алуға мәжбүр болған кезде. Жалпы, жеке дара оқыту түрі мұғалімнің бір оқушымен педагогикалық қатынасы арқылы жүреді, бұл жерде жеке оқыту сабақтар 20-30 минут уақытында өткізілуі тиіс.
Арнайы білім беруде жеке дара оқытудың жалғасы ретінде жеке дара-топтық оқыту формасы жүргізіледі. Бұл оқыту түрі жеке дара сабақтарында біршама түзетушілік әсер пайда болып, оны арықарай топта бекіту мақсатымен ұймдастырылады. Мысалы, түзету сабақтарында (тілді дамыту, кеңістікті бағдарлау т.б.) балалармен шағын топтарда жұмыс істеу қажет. Оқытудың соңғы кезеңдеріне таман, бір нәтижелерге қол жеткізген кезде жеке-дара топтық оқыту күрделі кемістігі немесе ауыр кемістігі бар балалармен нәтижелі өтеді.
Ал оқытудың топтық формасы мақсатқа сәйкес орайласқан топтарда оқыту арқылы ұйымдасады. Топтық жұмыс істеу арнайы сабақтарға жиі қолданылады. Мұнда балалар танымдық мүмкіндіктеріне , оқу темпіне түзеут-оқыту міндеттеріне байланысты топтарға бірігеді. Сондай-ақ қандай тапсырманы орындау үшін балалар уақытша топқа біріккен кезде топтық оқутуды пайдалануға болады.
Топтық оқыту балалардың түрлі әрекеттерін, оқуға деген қызығушылығын, ұжымдық әрекет іскерлігі мен тәртіп сақтау дағдысын практикалық түрде меңгеруге, сөйлеу, ойлау және карым-қатынас әрекеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Жұппен, топпен жұмыс істеу балаларды бірлесе оқытуды жүзеге асырады, өз бетімен жұмыс істеуін, жауапкершілігін, жолдастық сезімін, өзара көмек көрсету дайындығын дамытады.
Оқу процесін ұйымдастырудың ең негізгі, тиімді формасы ол - сабақ. Жалпы мектептегідей арнайы мектептегі сабақ таным әрекетімен бірге басқада дамытушы міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Сабақта мұғалім дәл белгіленген уақыт аралығында окушылардың тұрақты тобымен меңгеруліге тиіс пән негіздерін қабылдауға тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен тәсілдерін қолданым, танымдық және басқа әрекеттерді ұйымдастырады. Бұл оқыту түрі оқушыларды тәрбиелеп, шығармашылық қабілеттерін ашуға және дамуындағы ауытқушылыктарды түзетуге мол мүмкіндік береді. Мұғалім сабақ барысында міндеттерге сәйкес жеке дара, топтық және толық сыныпппен жұмыс жүргізеді. Сабақтың ерекшелігі, біріншіден, сынып тобының құрамы тұрақтылығында, екіншіден, барлық оқушылардың оқуға деген мүмкіндіктері мен дамуындағы кемістіктер салдарынан пайда ерекшеліктерін ескере отырып оқу әрекеттін барлық кезендерін мұғалім басшылық етеді; үшіншіден, окушылар білімді сабақ үстінде меңгеруінде.
Арнайы окытуды ұйымдастырудың косалкы формалары да арнайы мектептерге кең пайдаланылады, олар: факультатив сабақтары, оқу саяхаттар, семинар, зертханалык-практикалық сабақтар, үйдегі өзіндік жұмыстар.
Факультатив сабақтары – оқу пәндерін оқушылар өз таңдауы және қызығуларына орай тереңдете оқуына арналады және білімдерің тереңдету міндетін көздейді.
Оқу саяхаттар- әрқилы нысандар қоршаған дүние құбылыстарын оқушылардың тікелей бақылап зерттеу мақсатымен өндіріс, мұражай, көрме, табиғат аясына бару арқылы оқуды ұйымдастыру. Бұл сабақтар кемтар арнайы мектеп оқушылары үшін өте қажетті, өйткені балалардың қоршаған орта туралы білімдерің кеңейтуге және болашақта әлеуметтік бейімделуіне мол мүмкіндік береді.
Семинар оқу сабақтар- меңгеріліп жатқан мәселелер, баяндамаларды ұжымдық талқылау түрінде өтеді. Бұл сабақтар оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне көбіне өзіндік жұмыстары негізінде арнайы мектептерде жоғары сыныптарында ұйымдастырылады. Арнайы мектеп үшін бұл сабақтар жаңа түр. Семинар оқу сабақтары сыныпта және сыныптан жұмыс аралығындағы бірлестікті сақтауға жол ашады. Семинар сабақтары оқу пәндерге деген қызығушылық пен шығармышылық қабілеттерін дамытады.
Үйдегі өзіндік жұмыс - сабақтан тыс уақытта білімді игеру процесінің құрамдас бөлігі. Бұл оқу түрі арнайы мектеп оқушылары үшін өте қажет, өз бетімен білім алуға дағдыландыру жалпы қиын мәселе. Бұл жерде үздіксіз үй тапсырмасын толық түсіндіру, талқылау кейін міндетті түрде қадағалау мен бақылау қажет екенің ұмытпау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет