Байланысты: Арнайы педагогика оқулық Байтұрсынова 1
2. Арнайы білім беру мазмұны Арнайы мектептегі білімнің мазмұнына келесі талаптар қойлады:
оқытудың түзету-дамыту бағыты;
оқытудың нәтижелігі, яғни мазмұны білім жүйесі қалыптастыруы тиіс,оқытудың қол жетерлігі,
оқушылардың жас және танымдық ерекшеліктерін ескеру;
оқытудың ғылымилығы;
оқу материалының білім беретің оқу бағдарламаларында шоғырланып орналасуы;
білім мазмұны өмір, тәжірибемен тығыз байланыста болуы,
оқытудың тиімділігін арттыру үшін пәнаралық байланысты қамтамасыз ету;
білім беру оқу бағдарламаларын қазіргі талаптарға сәйкес әзірлеу, көптүрлі нұсқаларың ұсыну ( мысалы: зиятында ауытқушылықтары бар балалар үшін шамалы ауытқуы бар балаларға бөлек, жеңіл ауытқуы бар балаларға бөлек).
Жоғарыда аталған талаптар нақты белгіленген құжаттарда бекітіледі олар: білім беру стандарты, оқу жоспары, білім беру оқу бағдарламалары мен оқулықтар.
Оқушылардың дене және психикалық ерекшеліктері мен дамуындағы кемістіктерді ескере отыратын бекітілген білім беру ережелері бар. Ол денсаулығында кемістігі бар балаларға жалпы білім берудің мемлекеттік стандарты немесе арнайы білім беру стандарты деп аталады. Стандартта білімділіктің мемлекеттік деңгейінің негізгі көрсеткіштер жүйесі бекітілген. Ол көрсеткіштер келесідей, қоғамның аталмыш тұлғаларға қажетті білім деңгейі туралы көз қарасы және екіншіден жеке тұлғаның шынай сол білім деңгейін меңгеру мүмкіндіктерін ескереді.
Арнайы білім беру стандарты білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың барлық топтарына ортақ жалпы білім беру деңгейіне, түзету-дамыту жұмысына, сауықтыру және кәсіби еңбекке даярлауға деген талаптарын белгілейді. Стандарт талаптарын әзірлеуде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың барлығына тән даму кемістіктер есепке алынады. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың барлығына ортақ кемістіктер:
қабылдаудың баяу және шектеулі сипаты;
тірек-кимыл-қозғалысындағы кемістіктер;
сөйлеу тіліндегі ауытқушылықтар;
ойлау процесіндегі кемістіктер;
таным әрекетінің жетілмеуі;
қоршаған орта мен тұлғаралық карым-қатынастар туралы түсініктердің толық жетілмеуі;
жеке дара тұлғалық дамуындағы кемістіктер ( сенімсіздік, қоршаған адамдарға себепсіз тәуелдену, өзімшіл болу, өз әрекетіне барабар баға бере алмауы, тәртіп сақтай алмауы т.б).
Аталмыш кемістіктерді жою, түзету үшін білім мазмұнына өзгерістер енгізіледі. Сонымен бірге оқу пәндердің құрамы да өзгертілуі мүмкін, мысалы оқушылардың қоршаған орта туралы білімдерін толықтыру үшін арнайы пропедевтикалық оқу кезені енгізіледі. Ал зиятында ауытқушылықтары бар балалар үшін білім беру мазмұны жалпы жеңілдетіледі.
Ең негізгі ерекшелік арнайы білім мазмұнына өзгеше оқу пәндердің еңгізілуі. Бұл жағдай арнайы мектептін жалпы мектептен айырмашылығын нақты көрсетеді. Көрмейтін оқушылар оқитын мектепте кеңістікті бағдарлау сабақтары, естімейтін оқушылар үшін қалдық естуін дамыту мен ауызша сөйлеуін қалыптастыру және заттық-тәжірибелік оқыту сияқты сабақтарды арнайы педагогтар өткізеді.
Арнайы білімді стандарттау біздің еліміз үшін жаңа мәселе. Қазіргі уақытта арнайы білім мазмұнына қатысты мәселелерімен Түзеу педагогикасы Ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығанда "Арнайы мектептегі білім беру" зертханасы айналысады. Нақты мүмкіндіктері шектелулі балаларды оқытуда білім беру стандартын жүзеге асыру жағдайлары анықталып, дәлелденген. Бұл кұжат мүмкіндіктері шектелулі балалардың барлық топтары үшін қажетті арнайы білім беру жағдайларын қамтамасыз етуді бекітеді, нұсқау ретінде жүзеге асады.
Арнайы білім беру мазмұны математика, ана тілі, табиғаттану, әдебиет және өнерден оқушыларға ғылыми білімдерін қамтиды. Бұл білімдер берік игерілуі керек.
Оқу жоспары білім беру органдары, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдердің міндетті түрде орындайтын, білім беру министрлігі оқыту деңгейіне сәйкес оқу пәндрінің тізімін, көлемін, оларды оқу ретін және бақылау жолын бекітетін мемлекеттік құжат.
Оқу жоспары жалпы орта білім беру құрылымына сәйкес келеді және әр сыныпта оқылатын пәндердің санын анықтайды. Оқу жоспарында пәндер оқу жылдарына байланысты орналасады.
Пәндерді оку реті оқушылардың танымдық мүмкіндігін, ұласымдылықты сақтауды, оқу пәндерінің өзара байланысын есепке алып, оқу пәндерінің мазмұнын жүйелі меңгеруді қамтамасыз етеді.
Оқу жоспары әрбір оқу пәнін оқудың жалпы сағат санын, аптада оқу пәнін оқуға бөлінген уақытты, сонымен қатар әр апталық оқу сағатының мөлшерін аңықтайды.
Арнайы мектеп мұғалімі орта және жоғары сыныптарда пәндердін оқылу ретін білуі керек, себебі, жалпы орта білім алудағы бастауыш оқытудың орнын аңықтап түсінуі қажет. Оқу пәні оқушыларға ғылымның бастапқы негізгі қағидалардың игеруге мумкіндік беретін алғашқы білім, практикалық икемділік пен дағдылар жүйесі, немесе оқушы жасына қарай тану мүмкіндіктерін және даму деңгейіне сәйкес келетін мәдениеттің, еңбек және өндірістің нақты жақтары.
Арнайы педагогикада оқу пәні ғылым негізі ретінде анықталады, оны мәні оқу пәнінің мазмұны келешекте қазіргі ғылыми меңгеруге мүмкіндік беретіндігінде оқу пәндерін бөлудің негізі - оларды адамзат тәжірибесінің белгілі жақтары болып табылуы.
Оқу пәні адамзат тәжірибесінің бөлігін бейнелейді және соған сәйкес білім, икемділік, дағдыларды қалыптастарады. Оқу пәндерінің жиынтығы мектептегі оқу барысында оқушының адамзат тәжірибсінен игерілуге тиістінің бәрін анықтайды, болашакта тәуелсіз өмір сүруіне ықпал етеді.
Оқу пәндерінің жиыны, білім беретің оқу бағдарламасында көрсетілген мазмұны оқушыға берілетін білім деңгейін анықтайды. Оқытудың білім беру қызметін жүзеге асыру оқу пәндері мен бағдарламалар алар мазмұнының шартын білдіреді.
Арнайы мектептс оқушының білім алуы, тәрбиеленуі және түзету мен дамуы үздіксіз байланысты. Бірін екіншісінен артық не кем деп қарауға болмайды. Білім беру, тәрбие, дамыту міндеттерінің бірлігі оқушының қоғамдық мәнінің жан - жақты, үйлесімді қалыптасуының негізгі шарты болып табылады және қоғамға әлеуметтік бейімделуіне әсер ететің негізгі құрал.
Оқу бағдарламасы - әрбір оқу пәні бойынша меңгеруге тиісті білімнің шеберлік пен дағдылардың, мазмұны мен келемін айқындататын құжат. Қазіргі уақытта отандық арнайы білім беруде оқу бағдарламаларын әзірлеу өзекті мәселенің бірі. Арнайы мектептердгі оқу бағдарламалар сынақтан өтуде, ерекше қиындық білім мазмұның қазақ тіліне аудару, дайындау.
Балалардың жекеленген санаттары үшін ПМПК ұсынымдары ескереле отырып айқындалатын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің даму және әлеуметтік мүмкіндіктерінің ерекшелікгерін ескеретін арнайы білім беретің оқу бағдарламалары әзірленеді.
Арнайы оқытуда оқулық қажетті түйін болып табылады. Оқулықтың оқыту, дамыту және тәрбиелік мәні зор. Оқушылардың жас мүмкіндіктеріне қарай, бағдарлама негізінде ол оқу материалының мазмұнын анықтайды. Оқу материалының жүйесі қалай оқыту керек деген мәселеге елеулі ықпал жасайды. Арнайы мектептегі оқулықтарға өзгеше талаптар қойылады. Олар: қоғамдық бағыттылығы, материалдың ғылымдылығы, оны құру жүйесі мен мазмұнының психологиялық және педагогикалық негізделуі, хабарланатын білімдердің оқушылар кемістігінің салдарын ескеруі және жасының психологиялық ерекшеліктері мен қабілетерінің дамуына сәйкес келуі.
Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы оқулық мазмұнына, оларды толықтырылуына, қайта өнделуіне, жаңадан жасалуына ықпал етеді. Оқулық осы заманғы ғылыми білімдерді игерудің негізі болатын тұрақталған ғылыми қағидаларды қамтиды. Осылайша, оқулықтың тұрақтылық қағидасы сақталады.
Бірақ, арнайы оқыту жағдайында оқулықты құрастыруды қосымша қиындықтар пайда болады. Кіші мектеп жасындағы, әсіресе, бастауыш сыныптарға арналған оқулықтарда, баланың өмір тәжірибесі аздығы, танымдық әрекетіндегі кемістіктер, сөйлеу тіліндегі ауытқушылықтарды ескеру қажет. Сондықтан, оқулықта көп түсініктер, мысалдар, тапсырмалар, жаттығулар, көркемдеулер қамтылып, мүмкіндігінше ойын, жұмбақтар қосылады. Оқушылардың теориялық тәуелділіктерді ажырата білуі және игеруі жаттығулар сипаты мен жүйесіне байланысты болады. Оқулық ойландыратындай және қызықты, тырысу және білім алуға құштарлықты дамытады.
Бір оқу пәнінің өзі түрлі формада, әртүрлі логикатық құрылымда, айрықты ой-пікір, дәлелдеме, мысал мен жаттығулар негізінде баяндалуы мүмкін. Бастауыш сынып үшін әліппе мен математика оқулығын жасаудың ғылыми негізделген бірнеше жолы бар. Кіші мектеп жасындағы оқушы ойынның қарама-қайшылығы, әсіресе, нақтыдан абстрактілікке көшуге, оқу пәндерін оқудың түрлі жолдарын негіздеуге мүмкіндік береді. Ресми оқулық тек білім беру органдары бекіткен оқулық болып табылады.
Мұғалімнің оқулықтарымен жұмыс істеуі үшін оқыту мен оқудың тиімді құралы және тәсілдері іздеуге көмектесетін, басшылыққа алатын оқу-әдістемелік кешендер әзірленеді.
Бұл жерде басты мәселе - ғылыми білімді, оқу біліктілігін, кітаппен жұмыс дағдыларын жүйелі менгеруді кемтар балаға арнайы үйрету. Оның мазмұны: оқылған тақырыпты ұстау; ережелерді табу және жаттай білу, жаттығуларды орындауда ережелерді білу; көркемдеулердің не үшін керек екендігін және оларды жұмыста пайдалана білу; оқулықтармен жұмыс істеуде жинақы болу және зейін қоя білу, алаңдамау, кітапті пайдалануда мұқият болу, ұсақ, жалпы моторикасын дамыту т.с.с.
Арнайы білім беруде әрқайсысы өз функциясын орындайтын: оқулықтар, оқу бағдарламары, оқу жоспары, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар, жұмыс дәптерлері, бақылау күнделіктері, оқу жабдықтары, көрнекі құралдар, техникалық оқыту құралдары, оқу кинофильмдері, компьютерлік технологиялар — бәрі оқу әдістемелік кешенді құрайды. Мұнда кешен мұғалім еңбегін ұйымдастырады және тәртіптендіреді, іс-әрекетін тиімді жоспарлауға және оның нәтижесін алдын ала көру мүмкіндік беріп, жаңа ізденістің, жасампаздықтың негізін қалайды.