I тарау. Арнайы педагогиканың жалпы теориялық негіздері дәріс №1-4 Арнайы педягогиканың жалпы негіздері Жоспары



бет59/98
Дата30.09.2023
өлшемі1,43 Mb.
#112043
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   98
Байланысты:
Арнайы педагогика оқулық Байтұрсынова 1

III - ТАРАУ.
АРНАЙЫ БІЛІ М БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІ
Дәріс № 26-27
Ақыл-ойы кемтар тұлғаларға арнайы білім беру


Жоспар:

  1. Зиятында ауытқушылығы бар балаларға сипаттама

  2. Ақыл - ойы кемтар балаларға арнайы көмек ұйымдастыру

  3. Зиятында терең ауытқушылығы бар балаларға көмек көрсету

Түсініктер: ақыл-ойы кемтарлық, зият ауытқуышлықтар, психикалық дамудың тежелуі, олигофрения, дебильдік, имбецильдік, нақұрыстық, таным процестері.


1. Зиятында ауытқушылығы бар балаларға сипаттама
Ақыл ойы кемтарлығы деген кең мағынадағы ұғым, ол түрлі науқастар мен жағдайларды біріктіреді. Арнайы педагогика нақты психикалық дамуы тежелген және зиятында ауықуы бар балаларға арнайы білім беру мәселесін қарастырады
Үлгерімі төмен балалар тобында 50% дейін ПДТ балалар кездеседі. ПДТ себептері ми қыртысының минималды, функционалды зақымдануы немесе балалардың ұзақ мерзімде әлеуметтік депривацияга ұшырауы т.б. Бұл балалардың эмоция- ерік сферасын, таным іс-әрекетінің дамуы, тежелуі, оның сапалы ерекшеліктері педагогикалық түзету шаралар арқылы орнына келуі, жөнделуі мүмкін.
1960-1970 жж. жалпы білім беру жүйесінде өткен реформалар мектептердегі оқу бағдарламаларын күрделендірді. Бұл шаралардың салдарынан оқуда үлгермейтін оқушылардың саны көбейіп, ғалымдарды бұл жағдайды зерттеуге шақырды (Т.Е.Сухарева, Т.А.Власова, М.С.Певзнер, В.И.Лубовский, В.И.Лебединская т.б.).
Психикалық дамуы тежелген балалар деген терминді Т.Е. Сухарева өз зерттеуінің нәтижесінде ұсынған. ПДТ баланың жатыріштегі және ерте жастағы соматикалық аурулардың және тағы басқа патогенді фактордың әсерінен пайда болды. Қазіргі кезде дифференциалды психодиагностиканың дамуына байланысты ПДТ балаларды психологиялық - педагогикалық зерттеулер үлкен жетістіктер мол нәтижелерге қол жеткізген Қ.С.Лебединская ПДТ балалар этимологиялық принциптер негізінде 4 топқа бөлген:
1 топ-конституционалдық тежелу
2 топ-соматогендік тежелу
3 топ-психогендік тежелу
4 топ-церебралды-органикалық тежелу.
ПДТ барлық түрі бір-бірінен құрылуынан және инфантилизмнің құрылысы мен нейродинамикалық бұзылыстарымен сипатталады. ПДТ балалардың жалпы ерекшеліктері:

  1. ПДТ балалары арнайы оқыту жағдайларын қажет етеді.

  2. Қалыпты дамыған балаларға қарағанда ПДТ балалардың жұмыс қабілетінің көлемі төмен.

  3. Ауызша сөйлеуіндегі кемістіктер:

    • ызың және ысқырық дыбыстардың бұзылуы;

    • фонематикалық естудің және фонематикалық қабылдаудың жетіспеушілігі;

    • анализаторлардың жұмысының жетіспеушілігі, кемшілігі.

    • сөздік қорынын шектелуі;

    • байланыстыра-логикалық сөйлеудің бұзылуы.

4.Жазбаша сөйлеуінде ПДТ балалар ерекше қателер жібереді. Себептерін
ескере топтарға бөлуге болады.

  • Фонематикалық естудің жетіспеушілігі;

  • Дыбысты талдауының дамымауы;

  • Лексикалық-грамматикалық сөйлеудің толық дамымауы.



Зиятында ауытқуы бар балалар
Мүмкіндіктері шектеулі балалар қатарында жиі кездесетін ақыл-ой кемтар балалар. Ақыл ой кемтар балалардың ми қыртысының органикалық түрде зақымдалу салдарынан танымдық әрекеттегі ауытқулары бар.
Зиятында ауытқулықтары бар адамдар бойындағы кемістіктің ерекшелігі жоғарғы психикалық функцияның мінез бен іс-әрекетті бейнелеу және реттеудің бұзылуы. Бұл танымдық процестердің бұзылуында (сезу, қабылдау, есте сақтау, ойлау, елес, сөйлеу тілі, зейін), сезімдік - еріктік сфера, моторикасында және тұлғалық дамуындағы жетіспеушіліктер мен сипатталады.
Зият ауытқуларының себептері: тұқым қуалаушылық аурулар (микроцефалия, фенилкетонурия, т.б.), хромосомалық құрылымы және санындағы бұзылыстар (Даун синдромы, Кляйнфельтер, Шерешевский -Тернер синдромы ) т.б. Сонымен бірге ұрықтың жатырішіндегі даму кезінде әсер ететін әр түрлі патогендік факторлар тудырады.
Біріншіден, жатырішіндегі инфекциялар жатады: хроникалық -токсоплазмоз, листериоз, мерез, цитомегалия және вирустық қызылша, тұмау және т.б. Жүктіліктің соңғы айларында ананың ауыр жұқпалы аурулары ұрықтың жатырішінде бұзылуына және онда жатырішілік энцефалит және менингоэнцефалиттің пайда болуына алып келеді.
Анасының кейбір созылмалы аурулары: жүрек, қантамыр жүйесінің, бүйрек, бауырдың аурулары ұрықтын, миынын дамуына жағымсыз әсер етеді. Жүктілік кезінде қолдануға тиым салынған дәрілік препараттарды қолдану ұрықты уландырады. Ұрықтың дамуына темекі шегу, ішімдікке салыну, нашақорлық, анасының дұрыс тамақтанбауы, әртүрлі дене және психикалық жарақаттар, әйелдің зиян өндірісте жұмыс істеуі, қоршаған ортаның жағымсыз жағдайлары қатты әсер етеді. Нәрестенің гемолитикалық ауруы түрінде көрінетін, анасы және ұрпақ арасындағы резус - фактор және қанның топтық антигені бойынша иммунологиялық келіспеушілік зият бұзылысының себептерінің бірі.
Туу кезіндегі патогендік факторлар миды органикалық түрде жарақат етеді.
Туылғаннан кейін, зият ауытқулары нейроинфекция (менингит, минингоэнцефалит т.б.) әсерінен пайда болуы мүмкін. Кейде, оның себептері бас миының жүре пайда болған жарақаттар мен улану болуы мүмкін.
Зият ауытқуының деңгейі патогендік фактордың әсер ету уақытына байланысты. Мысалы: жүкті әйелдің 3 айында қызылшамен аурса болашақ баланың ақыл ойы кемтар болып туылу себебінің бірі болуы мүмкін, ал кейін ауырса, кемістік аса байқалмайды, психикалық дамуының тежелуіне, сөйлеу тілінің кемістіктеріне әкеп соғады.
Зиятында ауытқушылығы бар тұлғалар өзінің құрамы бойынша әртүрлі топтарды біріктіреді, оған: мидың жатырішінде, туу кезінде және туғаннан кейін зақымдалғандар жатады. Мұндай жағдайда диагнозы -олигофрения (олиго-аз, френос- ми). Олигофрендер дамуға кабілетті, бірақ ол процесс баяу жүзеге асырылады. Олигофрендер зиятында ауытқушылығы бар адамдардың едәуір бөлігін қүрайды.
Зиятында ауытқушылығы бар балалап арасындаға ең аз топ - бұл зият ауытқушылығы 3 жастан кейін пайда болғандар. Бас миының жарақаты әртүрлі аурулар салдарынан психикалық функциясының бұзылуы, бұл жағдайды - деменция деп атайды. Деменция жағдайында ақыл ой кемістігі қайтарымсыз. Мысалы: 4 жастағы балада деменция фразалық сөйлеуін, өзін-өзі күту дағдысын, ойын, сурет салуға қызығушылығынын төмендеп, тез жоғалтуымен көрінеді. Бас миының бір аумағының зақымдалуымен қатар оның басқа бөліктерінің бұзылысы байқалады. Бұл жағдайда зейін, естің, еңбекке қабілетінің бұзылуы байқалады. Ақыл ойында ауытқуы бар балалардың дамуындағы өзгешілік - жоғары психикалық функцияларының жетілмеуі мен мінез-құлық, әрекетті реттеу бұзылыстары.
Ақыл-ой кемтарлықтың, яғни зият ауытқушылықтардың үш денгейін ажыратады, олар: жеңіл, шамалы, терең. Жалпы топтастыру негізгі үш деңгейді анықтайды: дебильдік, имбецильдік,нақұрыстық.
Батыс Европа және АҚШ - та бұл терминдер мамандардың кәсіптік аумағында ғана қолданады, мысалы, медиктер. Кең әлеуметтік және педагогикалық тәжірибеде, жалпылаушы анықтама «қиын оқытылатындар», "зиятында ауытқушылығы бар" деген ұғым қолданылады.
1994 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтаудың ұйымы (ДДҰ) қабылдаған топтастыру бойынша зият төмендеуінің төрт деңгейін бөліп көрсетті: шамалы, орташа, ауыр, терең.
Зият төмендеуінің сапалы сипатын салыстыру, келесі байланысты береді (сурет-2)



IQ

DSМ - III, халықаралық жүйе

Отандық, дәстүрлі жүйе

71 және жоғары

Калыпты

Қалыпты

50-70

Шамалы зият бұзылысы, оқуда қиналуы.

Дебил

35-49

Орташа зият бұзылысы, оқытудағы қиындық.

Имбецил

25-39

Ауыр зият бұзылысы, оқытуда едәуір қиналу.

нақұрыстық

20 және төмен

Терең зиятының бұзылуы.




Дебилдік - ақыл ой кемдіктің жеңіл түрі. Ақыл ойы кемдіктің 70 -80% осы топты құұайды.


Дебилдік деңгейдегі олигофрен-балалар қалыпты дамитын құрдастарынан барлық жағынан артта қалып қояды. Олар кеш жүреді, сөйлейді, кеш уақытта өзін-өзі күту дағдысын меңгереді. Бұл балалар епсіз, әлсіз, тез ауырады. Оларда айналасындағы қызығушылықтары өз бетімен қалыптаспайды, заттарды зерттемейді, ол туралы үлкендерден сұрамайды, табиғатта және әлеуметтік өмірде болған құбылыспен процестерге немқұрайлы қарайды.
Мектепке дейінгі жастың соңында, олардың сөздік қоры өте шектеулі болады. Балалар қарапайым мазмұнды жеткізе алмайды. Пассивті сөз қоры қалыпты жағдайга қарағанда көлемі жағынан аз, олар 2-3 сөзден тұратын сөйлемдерді түсінбейді. Мектеп жасында олар әріптесінің сұрағын жақсы түсінбейтіндіктен әңгімелесуден қашады.
Түзетушілік оқытусыз мектепке дейінгі жастың соңында, бұл балаларда тек заттық әрекет қалыптасады, ал ойындық әрекет жетекші болып қалыптаспайды. Төменгі мектепке дейінгі жаста, оларда ойыншықтармен ойнауда мақсатсыз әрекеттер пайда болады, жоғарғы мектеп жасына дейінгі жаста заттық-ойындык әрекеттер пайда болады (қуыршақты тербету, машинаны жүргізу). Ойындық әрекеттері сезімдік реакция мен сөйлеусіз жүреді. Сюжетті-релдік ойыны арнайы түзетушілік оқытусыз, өзбетінше қалыптаспайды.
Зиятында ауытқуы бар баланың қалыпты дамыған балалармен арақатынасы қиындаған. Ақыл ойы кемтар бала ойнай алмайтындықтан (ережелерді түсінбейді, ретін сақтай алмайды, моторикасында ауытқушылықтары бар т.с.с), оны қалыпты құрбылары ойынға қабылдамайды. Ол әріптестерінің арасында теріс қаратылып, өз жасынан кіші балалармен ойнауға мәжбүр болады.
Мұндай бала жалпы үлгідегі бала-бақшада, қарапайым математикалық елестерін қалыптастыру, тіл дамыту, айналамен танысу, құрастыру бойынша сабақтарда бағдарлама материалын меңгеруде тұрақты қиындықты сезінеді. Егер бала балабақшада арнайы түзетушілік көмекті алмаса, оның мектепте оқуға дайындығы қалыптаспайды.
Жеңіл зияты бұзылған балалар жалпы балабақшада тәрбиеленеді, себебі олардың артта қалуы анық білінбейді. Бірақ жалпы білім беру мектебіне түскенде, олар бірден математиканы, қазақ тілі, әдебиет сабақтарын меңгеруде қиындықтарды сезінеді. Көбінесе екінші жылға қалады, бірақ қайталап оқытуда да бағдарламалық материалды жетік меңгермейді, қиындық себебін ертерек анықтап, балаға арнайы педагогикалық көмек көрсету үшін, оны ПМПК-да психологиялық -медициналық - педагогикалық тексеруден өткізу керек, ал қажет болған жағдайда, оған арнайы мекте оқыту ұсынылады.
Елестерін қалыптастыру және білім мен дағдыны меңгерудегі, әртүрлі іс - әрекеттің тежелу қиындығына қарамастан жеңіл зият бұзылысы бар балаларда дамуға мүмкіндігі бар. Оларда негізінен нақты көрнекі сипатындағы ойлауы сақталған, бірақ олар практикалық жағдайда бағдарлауға қабілетті, көбінде сезімді - еріктік сферасы танымдыққа қарағанда сақталған, олар еңбек әрекетіне ықыласпен қатысады.
Зиятында жеңіл деңгейдегі ауытқушылығы бар балалар, психикалық даму ерекшеліктерін ескеретін, оқытудың арнайы әдіс, тәсілдерін және құралдарын кажет етеді. Олардың дамуын ескеретін ерекше білім беру жағдайларын қамтамасыз ететін арнайы балабақшалар, жалпы балабақшадағы арнайы топтар арқылы білім беру жүйесі ұйымдасқан. Сонымен бірге зиятында жеңіл ауытқушылығы бар 2-3 баланы қалыпты дамитын құрбылар ұжымына қосып тәрбиелеу тәжірибесі тараған, жағымды нәтижелері мен жетістіктермен сипат алады.
7-8 жастан зиятында ауытқуы бар балалар арнайы (түзету) мектептеріне қабылданады.
Кіші қалаларда жалпы мектептерде зияты бұзылған балалар үшін арнайы сыныптар ашуға болады. Бірақ бұл сыныпта оқитын оқушылар үшін арнайы білім беру жағдайларын қамтамасыз ету, білім беру саласындағы кепілдіктерге сәйкес білім беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдары мен мектеп әкімшілігі міндетті.
Зиятында жеңіл деңгейдегі ауытқушылығы бар балалар мектеп бітірер шағында өздерінің психометрикалық және клиникалық көрсеткіштері бойынша қалыпты дамитын адамдардан аз ғана ерекшеленеді. Олар ойдағыдай жұмыска орналасады, өндірістегі еңбек ұжымына сіңіп кетеді, отбасын құрып, балалары болады.
Бұл адамдарды қоғам өз қылықтарына заң алдында жауап беруге, мұраға ие болуға, жергілікті басқару органдарын сайлауға қатысуға қабілетті деп қабылдайды. Аталмыш кемістігі бар балалардың зият коэффициенті IQ 50-69.
Зиятында ауытқушылығы бар балалардың түйсік пен қабылдау процестері көптеген ерекшеліктерімен, баяу қалыптасады. Бұл өзгешілік барлық психикалық процестердің дамуына әсерін тигізеді. ( Рубинштейн С.Я.)
Көру арқылы қабылдаудың баяулығы мен аз көлемін К.И. Вересотская, Нудельман М.М. дәлелдеген. Қабылдау кезде ақыл-ойы кемтар балалардың ұқсас заттарды ажырата алмауы да арнайы зерттеулермен дәлелденген (Кудрявцева Е.М., Шиф Ж.И.)
Бір нәрсеге назар аудару кабілеті де төмен дамығандықтан, зейін тұрақтылығы әлсіз. Осы себептен ақыл-ойы кемтар балалардың 50 % сөйлеу тілімен берілген нұсқауларды дұрыс пайдалана алмайды. Еркінше зейін қалыптасуы қиын түседі (Леонгард Э.И.). Зейн тұрақтылығын құбылмалы өзгеруі қозғыш және тежелу физиологиялық процестер арасындағы баланс бұзылуына байланысты (Певзнер М.С.).
Зейін көлеменің аз болуына себепті бұл балалар заттардың ерекше белгілерін ажыратпайды, байқамайды.
Бір әрекеттен басқаға ауысу зейін кемістігін көрсетеді. Олар бір орындап жатқан істе тоқтап қалады. Ал бір мезгілде бірнеше әрекетті орындау мүмкін емес жағдайдың бірі.
Ал, ойлау процестің ауытқушылығы - ақыл ойы кемтар балалардың ең негізгі көрсеткіші.
Ойлаудың жетілмеу қабылдау, сөйлеу тілінің, практикалық әрекет дұрыс дамымауымен байланысты. Жалпылау деңгейі төмен болғандықтан, ақыл-ойы кемтар балалар нақты ойлайды. Мысалы бір қатар заттарды топтастыру кезенінде олар болмашы көрсеткіштерге сүйеніп жинақтайды. Бұл кемістікті "Төртінші артық" әдістемені пайдалану арқылы байқауға болады. Оқыту барысында жалпылаудың төмендігі ережелерді жаттағандағы қиындықтар туғызады. Ақыл-ойы кемтар балалар нақты ойлағандықтан, абстрактілі ойлау өте қиын. Ойлаудың тағы бір кемістігі жасаған қателерін байқамауы, түземеуі. Ойлаудың реттеу қызметінің жетілмеуі, түрлі әрекеттерде бағыттау кезең жоқтығымен сипатталады. Аталмыш балалар жаңа әрекет орындауда алдын ала өз бетімен жоспар құрастыралмайды.
Ақыл-ойы кемтар балалардың 40-60 % сөйлеу тілінде ауытқуылар кездеседі, олар түрлі дыбыс айтудағы кемістіктер, тұтықпа мен сөздік қорының аздығы. Сөйлеу тілі тежеліп дамиды, бірінше сөздер 2-3 жасында, аграмматикалық сөйлемерді 5-6 жасында пайда болады. Сөздік қоры өте аз, шектелген, балалар сын есім, етістіктерді көп уақытқа дейін өз бетімен пайдаланбайды.
Жазбаша жұмыстарында көптеген қателер кездеседі.
Есте сақтау қабілетінде ауытқулар бар. Ақыл-ойы кемтар балалар ұмытшақ болады және жаңа мәліметті есте сақтауда қиындықтармен кездеседі. Аталмыш балалар есте сақтау үшін қалыпты балаларға қарағанда көп қайталауды қажет етеді (Замский Х.С., Леонтьев А.Н., Занков Л.В.)
Ақыл-ойы кемтарлықтың шамалы деңгейі -имбецильдік, барлық ақыл-ойы кемтар тұлғалар ішінде 10 %, ал зият коэффициент IQ 35-49 немесе 54.
Имбецилдік — ақыл ойы кемдіктің орташа деңгейі. Бұл түрде бас миының үлкен жартышарының қабығы және де төмеңде жатқан құрылымы да зақымдалады. Бұл бұзылыстар бала дамуының ерте кезеңінде пайда болады. Нәрестелік жаста мұндай балалар басын ұстауды, өз бетінше аунап, отыруды кеш бастайды. 3 жастан кейін жүреді. Оларда гуілдеу, былдыр, «жандану комплексі» қалыптаспайды.
Сөйлеу тілі мектепке дейінгі жастың соңында сөз, кейде сөз тіркесі ретінде пайда болады. Жиі дыбыс айтуы едәуір бұзылған, моторикасы бұзылғандықтан, өзін - өзі күту дағдысы қиындықпен, кеш, ересектердің көмегімен қалыптасады. Танымдық мүмкіндіктері бірден төмендеген: сезінуі, қабылдауы, есі, зейіні, ойлауы қатты зақымдалған.
Бұл топтағы адамдарға тән негізгі белгісі, өз бетінше ұғымдық ойлауға қабілетсіздігі. Сөйлеу тілінің дамуы қарапайым, өз сөйлеу тілі кедей, тұрмыстық деңгейде сөйлеу тілін түсіну сақталған.
Имбецил балалар балалық мүгедектер деп саналады. Бұл балалар оқи алады, яғни қатынас дағдысын, әлеуметтік - тұрмыстық дағдыны, санауды, қоршаған орта туралы кейбір қарапайым мәліметтерді меңгеруге қабілетті. Сонымен бірге, ерекше жағдайын бірі олар өзбетінше өмір сүре алмайды, қамқорлықты қажет етеді.
Мектепке дейінгі жастағы балалар зияты бұзылған балаларға арналған балабақшаға, ал 7-8 жастан арнайы мектепке кабылданады (зиятында шамалы ауытқушылықтары бар сыныптарына).
Мектеп бітірген бозбала мен қыздар отбасында болады, олар карапайым күтуші еңбекгі орындауға кабілетті, мамандықты, еңбекті талап етпейтін жұмысты үйге алып істеуге қабілетті. Тәжірибе көрсеткендей, имбецилдер ауылшаруашылық еңбегін жақсы істейді.
Нақұрыстық - ақыл ой кемтарлықтың ең ауыр деңгейі. Бұл кемістіктің көптеген белгілері ішінен статикалық және моторикалық функциясының бұзылысы ерекшеленеді: әртүрлі сезімдік реакциясының көрінуіндегі тежелулер, айналасына барабар реакция, тұру, жүру дағдысының кеш шығуы, былдыр және бірінші сөзінің кеш пайда болуы, айналасындағы заттар мен құбылыстарға және ойынға деген әлсіз қызығушылық байқалады.
Ересектерде ес, қабылдау, зейін, ойлау процестері терең зақымдалған. Сөйлеу тілі жай өте дамиды және шектелгіш немесе мүлдем дамымайды. Бұл балалардың моторика, қозғалыс координациясын, кеңістікте бағдарлауы ауыр деңгейінде зақымдалған. Бұл бұзылыстың ауыр болғандығы соншалықты, нақұрыстар жатып өмір сүруге мәжбүр болады. Қарапайым өзін-өзі күту, гигиеналық дағдылары жай және қиындықпен қалыптасады (А.Р. Маллер, Г.В. Цикото).
Бірақ ауыр ақыл ойы кем балалар басқалары сияқты дамуға қабілетті. Олар біртіндсп өзін күтуге, қажымас дағдыларын меңгеруге, қоршаған әлем туралы өз елесін кеңейтуге үйрене алады.
Біздің елімізде бұл топтағы адамдар негізінен әлеуметтік қорғау министрлігінің қармағында, олар әлеуметтік үй-интернатарында өмір сүреді,
мұнда оларды бағып, күту, тіршілік ету жағдайларын қамтамасыз ету шаралары қолданады.
Ресей Білім беру академиясының коррекциялык педагогика институтының қызметкерлері В.В.Воронкованың жетекшілгімен көмекші мектептердегі оқушыларың оқу білімдер деңгейіне сәйкес педагогикалық топтастыруын әзірлеп, енгізілген. Ақыл-ойы кем балалардың оқытылуының негізгі көрсеткіштері:
1. Ойлау кабілетінің жалпылығы, соның ішінде білім мен икемділіктің жаңа жағдайларға байланысты көшірілуі.
2. Ойлау қабілетінің сөйлеу-логикалық және практикалық компоненттерінің байланысымен анықталатын саналылығы.
3. Тапсырманы шешудегі өзінділігі.
4. Оқушылардың көмекті қабылдауы, олардың үлкендер жағынан
берілген көмектің мінезділігі мен көлеміне реакциясы.
Осы көрсеткіштер негізінде оқу материалдарын қабылдау мүмкіншілігіне қарай оқушыларды төрт топқа бөлуді ұсынады.
1 топ. Фронтальді оқу процесінде бағдарлама материалдарын жақсы меңгеретін оқушылар. Барлық тапсырмаларды олар өздігімен орындайды, негізінен жаңа жұмысты орындағанда бар тәжірибесін дұрыс қолдана біледі. Өздерінің іс-қимылдарын сөзбен түсіндіре білуі олардың бағдарлама материалдарын дұрыс кабылдағандарын дәлелдейді. Оларға жалпылықтың кейбір деңгейлері тиімді. Алынған білім мен дағдыларды бұл оқушылар практикасында басқаларға қарағанда табыстырақ қолданады. Салыстырмалы күрделірек тапсырмаларды орындағанда оларға үлкендердің белсендіретін шамалы көмегін қажет етеді.
2 топ. Бағдарламаның негізгі талаптарын қиыншылықпен орындайды. Оқу барысында бұл балалар бірінші топтың оқушыларына қарағанда біршама үлкен қиыншылықтар сезінеді. Олар негізінен мұғалімнің фронтальді түсіндіргенін ұғады, өйткені материалды есте сақтайды, бірақ көмексіз қарапайым жалпылаулар мен қорытындыларды жасай алмайды. Олар жұмыстардың барлық түрлерін өздігінен аз орындайды. Олар мұғалімнің белсендіретін және де ұйымдастырушылық көмегін бірдей қажет етеді. Білімнің жаңа жағдайға көшуінде негізінен қиналмайды. Бірақ оқушылардың жұмыс темпі төмендейді, маңызсыз көмекпен дұрысталынатын қателер жібереді. Өздерінің іс-қимылдарын түсіндіру екінші топтағы балаларда жеткіліксіз нақты, жалпылықтың төменгі деңгейінде ашық бағдарлама ретінде беріледі.
3 топ. Оқушылар жеңілдетілген оқу бағдарламамен оқытылады. Комектің түрлерін қажет етеді (сөздік - логикалық, көрнекілік және құралдық-практикалық). Бұл оқушыларға қайталап айтылған материалдарды жеткіліксіз қабылдауы тән (ережелер, теориялық дәлелдемелер, деректер). Оларға тақырыпта екіншілік және негізгі бөлімдер арасындағы байланыстарды анықтау қиын. Фронтальді сабақта материалды жақсы түсіне алмайды, қосымша тусіндіруді үнемі қажет етеді. Жұмысты өздігінен орындауы төмен, материалды қабылдау темпі екінші топқа карағанда аса төмен.
4 топ. Бұл топтың балалары пэндердің негізгі мағыналылығын қабылдай алмағандықган жеке бағдарламамен оқытылады. Оларға жазылған хаттың негізін түсіну үшін карапайым санауға, оқытуға қажет ен төменгі жүйесі арналады. Бүл балалар жаттыгулардың үлкен санын орындауды. оқытуға қосымша әдістерді енгізуді, жұмыс уақытында бірыңғай бақылау мен бағыт беріп отыруды қажет етеді. Кейбір деңгейде өздігінен қорытынды жасау, өткен тәжірибені қолдануға олардың мүмкіндігі жоқ. Оқушыларға кез-келген тапсырмаларды орындау үшін бірнеше рет нақты түсіндіру керек. Олар өздерінің жұмысындағы қатені көрмейді, байқамайды, әрбір келесі тапсырманы жаңа қалыпта қабылдайды. Білімдері таза механикалық бекітіледі, тез ұмытылады. Бұл топтағы балаларды әлеуметтік қолдау мақсатында оқыту кажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет