І тарау Қазақ жыраулары, би-шешендердің педагогикалық көзқарастарындағы эстетикалық тәрбие және олардың қазіргі мәні



бет7/23
Дата09.05.2022
өлшемі323 Kb.
#33646
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Эстетикалық тәрбиенің әдістері. Эстетикалық тәрбие методикасының негізіне бала мен педагогтың, баладағы көркем құндылықты қабылдауға, өнімді іс-әрекетке дсген шығармашылық қабілеттерді, әлеуметтік, табиғи, затты ортаға деген саналы қарым-қатыстарды дамыту жөніндегі бірлескен іс-әрекетті жатады.

Бұл жұмыстың табысты болуы көбіне-көп тәрбиеленушінің дара ерекшеліктерінің, қажетсінуі мен мүддесінің, оның жалпы даму деңгейінің қаншалық мөлшерде ескерілетіндігімен анықталады.

Өмір құбылыстарын эстетикалық қабылдау әрқашан да дара әрі таңдамады. Оның негізіне әсемдікке эмоция білдіру жатады. Бала әрқашанда табиғаттағы, заттың дүниедегі, өнердегі әсемдікке, адамдардың мейірбан сезіміне үн қосады.

Эстетикалық тәрбие әдістері тіпті алуан түрлі. Олар көп жағдайға: көркем информацияның көлемі мен сапасына, ұйымдастыру формалары мен іс-әрекет түрлеріне, баланың жас мөлшеріне бағынышты. Педагогтың даярлық деңгейі, шеберлігі меп қабілеттігінің атқаратын ролі аз емес. Эстетикалық информацияны бала көптеген каналдар арқылы (әлеуметтік орта, музыкалық әуендер, табиғи құбылыстар, көркем шығармалар) алады. Сондықтан да музыкалық әуендерді, ертегіні, эпостық жырларды, мақал-мәтелдерді, насихат сөздерді тыңдау арқылы қабылдау өте маңызды. Бұдан әрі педагог балаға дыбыстарды беріле тыңдауға, зер сала қарауға көмектесу үшін оның назарын детальдарды қабылдауға, мақсатты бақылауға, аударады. Мәселен, телевизиялық хабарды көруде ересек адам балаға жеке кейіпкерлерге, олардың мінез-құлықтарына, әдеттеріне ерекше назар аударуды ұсынады.

Балалар эстетикалық информацияны қалай алатындығына қарай (өнер туындысымен музыкалық пьесаны, әнді, ертегіні тыңдай, суреттерді көре отырып тікелей немесе әңгімелеп, түсіндіріп, сұрақтар қойып отырған тәрбие арқылы танысады) эстетикалық тәрбие әдістері мен тәсілдерін көрнекі және ауызша деп бөлуге болады.

Эстетикалық тәрбие әдістерінің мәні балалардың жас мөлшеріне де тәуелді. Сәбилерді әсемдік әлеміне тарта отырып, тәрбиелік оның назарын жапырақтардың күзде қандай болатындығына, бөлмеде реттілік, тазалық болудың қандай тамаша екендігіне аударады. Ересек балалардың алдына басқа міндет — ересек адамның жетекшілігімен қоршаған дүниені активті

«жасампаздықпен», бірақ олардың шама-шарқы жететіндей етіп өзгерту міндеті қойылады.

Педагогикалық ғылым мен практика балаларды эстетикалық


сезімдердің, қарым-қатынастардың, ой қорытындылаудың, бағалау-
дың практикалық іс-әрекеттердің қалыптасуына көмектесетін неғұр-
лым тиімді әдістерін анықтайды:

- эстетикалық қабылдауын, бағалауын, талғамының бастапқы көріністерін дамытуға бағытталған сендіру әдісі;

- қоршаған ортаны жасампаздандыруға және мінез-құлық мәдениеті дағдыларын қалыптастыруға арналған практикалық іс-әреттерге үйрету, жаттықтыру әдісі;

— творчестволық және практикалық іс-әрекеттерге итермелейтін проблемалық ситуациялар әдісі;

- әсемдікке бірге толғанып, эмоциялық-жағымды ықылас тудыруға және қоршаған дүниедегі сұрықсыздыққа жек көре қарауға ояту әдісі.

Баланың әсемдікпен тікелей қарым-қатынаста болуы қаншалықты маңызды болғанымен оның өзі жеткіліксіз. Эстетикалық толғанулар әрдайым этикалық көріністермен байланысты. Эстетикалық және этикалық бірлік еліміздің болашақ құрылысшысын жеке адам ретінде қалыптастырудың ерекше маңызды белгісі болып табылады. Әсемдіктің өнердегі, қоғамдағы тұрмыстағы, табиғаттағы тікелей әсерімен ғана сендірмеу керек. Бала санасына, оны практикалық іс-әрекеттерге тарта отырып, сөзбен активті әсер ету қажет. Қарастырылған әдістер балалардың әсемдік сезімін оятуға, өзіне тән, аралық, бірақ әсемдік заңы бойынша әрекет ету ынтасын тудырады. Д. Б.Кабалевский: «Әсемдік жақсы қасиеттерді оятады»,—дейді.

Қазіргі кездегі педагогика ғылымында сабартарда «проблемалық» ізденіс ситуацияларын тудыру, әр балаға әр түрлі және жеке-жеке қатынас жасау жолымен қарау қажеттігін қарастыстыратын көркем білім беру методикасына ерекше роль беріледі.

Үйретудің тәрбиелік және дамыту сипатын күшейту үшін тәрбие әдістерін (сендіру, үйрету), сондай-ақ дербестікті, белсендікті, шығармашылықты дамытатын оқыту әдістерін қолданған жөн. Бұл — кеңестік дидактикада кең қолданылатын проблемалық-ізденгіштік әдістің мән-мағынасы. Оның проблемалық-ізденгіштік болып аталатын себебі тәрбиеші ойға түйген нәрсенің шешім тәсілдерін табуды балалардың өздеріне ұсынады. Мәселен, балаларға ертегіні тыңдаған соң оның белгілі бір кейіпкерін бейнелеу ұсынылады. Бұл міндетті олардың өздері шешеді. Қолайлы не қолайсыз кейіпкер таңдап алу арқылы тапсырманың орындалуы күрделендіруге немесе оңайлатуға болады. Оны қалай бейнелеуді (балшықтан жапсыру немесе суретін салу), өз ойын қандай тәсілдермен іске асыру дұрыс екендігін ойластыру қажет. Осылайша бала ойлануды, ізденуді, шешім табуды, яғни ізденгіштік іс-әрекеттерін жүргізуді үйренеді.

Балалардың көркем іс-әрекетінің маңызды шарты олардың өзіндік іс-әрекеті болып табылады, ол үлкендердің іс-әрекеттерімен ара байланыста болады. Тапсырманы баланың өзі жасай алатында тәсілдер жүйесін қамтамасыз ету керек. Қабылдау, елестету, орындауды қалыптастыруға ықпал ету тәсілдерінің екі түрі бар.

Б і р і н ш і. Педагог балаларды шығарманың мазмұны, сипаты бейнелеу құралдары жөнінде өздігінен ой айтуға, өзінің және өз құр-быларының тапсырманы орындауларын бағалауға, балалардың өздері өткізетін түрлі теңестіруге, салыстыруларға жетелейді.

Е к і н ш і. Балалар неғұрлым күрделірек жағдайларда тапсырманы тәрбиешінің көмегінсіз орындайды, мысалы, фортепьяноның сүйемелдеуінсіз ән айтады, алдын ала ескертпей-ақ қимылдар жасайды, өз ойлары бойынша сурет салады. Өзіндік іс-әрекет неғұрлым жеңіл жағдайда да тәрбиеші не істеу керек екенін айтып, бала өзін-өзі бақылай отырып, өз орындауындағы кемшіліктерді өзі түзетуге тапсырма алады.

Кейбір әдістер қарама-қайшы сипатта болады. Бірақ оларды құрайтын тәсілдер бір-бірін толықтырып тұратындай болады. Міне, олардың кейбіреулері:

- өнер шығармаларын, орындау тәсілдерін көрсету барысында айтатын тәрбиеші сөзі (түсіндіру, нұсқау) және көрнекілік әдістер;


  • саналы қатынасты талдай, салыстыра білуді дамытатын және
    эмоциялы толғануларды оятатын тәсілдер;

  • дәл атқарылуға тиісті іс-әрекеттерді көрсету және өзіндік іс-
    әрекет жолдарын қалыптастыру тәсілдері;

  • жаттығуға, дағдыларды жаттықтыруға бағытталған тәсілдер
    өзіндік ерекшелікті, өзіндік орындалуды, тапқырлықты, құ-
    былмалылықты қалайтын шығармашылық тапсырмалар.

'І'ұтас алғанда мүмкіндігінше әр түрлі әдістер комплексі - ғана баланың толық құнды көркемдік дамуын қамтамасыз ете алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет