I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде



бет5/94
Дата18.11.2023
өлшемі7,69 Mb.
#124603
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Байланысты:
Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар жиынтығы 2023-2024 оқу жылы-1

Алтын киімді адам

Сақтардың Жетісудағы тамаша ескерткіштерінің бірі – Есік қорғанынан табылған «Алтын киімді адам». Ескерткішті 1969 жылы археолог К.Ақышев тапқан. Зерттеушілердің пікірі бойынша, ол б.з.д. V-ІV ғасырларға, ерте темір дәуіріне жатады. Оның жасы 17-18-де бойы 165 см шамасында. «Алтын киімді адам» сақ елінде өз заманына сай өркениеттің болғандығын дәлелдейді. Қазіргі таңда осы «Алтын киімді адам» бейнесі Қазақстанның егемендігінің рәмізіне айналып, Республика алаңында ұлттығымызды асқақтатып тұр. Ал сақ жауынгерінің бөркінде бейнеленген қанатты тұлпарлар біздің тәуелсіз Қазақстаннымыздың елтаңбасынан орын тапқан. Жалпы, сақ заманының тұрмыстық ыдыстары мен бұйымдары аң стилімен өрнектелген. Соңғы кезде зерттеушілер Қазақстанның шығыс және батыс өлкелерінен ерте көшпелілердің тамаша ескерткіштерін тапты. Олар - Берел қорғаны, Шілікті және Аралтөбе қазыналары деген атпен тарих шежіресінің бетінен орын алды.
Шаруашылығы. Тарихи деректерге қарағанда, сақтар, мал шаруашылығымен айналысқан. Олар жылқы, ірі қара, қой, түйе өсірген. Сақтар өмірінде әсіресе жылқы өсіру маңызды орын алған. Батыс және Оңтүстік Қазақстанда түйе шаруашылығы дамыды. Сақтардың отырықшылығы және егіншілігі Сырдария алқабында кең тарады. Сақ қоғамында жайылымдарды және көшіп-қонатын қажетті жерлерді тайпа көсемі белгілеп беретін болған.
Діни-наным сенімдері. Сақтар діни наным-сенімдерді ерекше дәріптеген. Аң бейнелі бойтұмарлар кең тараған. Ал, қару-жараққа аң бейнесін салса, шайқаста рух береді деп сенген. Отырықшы сақтар Жерді киелі деп білді. Олардың түсінуінше, Жер-ана киелі күш иесі болып есептелді. Ал көшпелі сақтар болса күнге, отқа және өлген адамның аруағына сиынды, ол қайта тіріледі деп есептеді. Сақтар өлген адамды сәнді киім кигізіп жерлеген, өлікпен бірге қару-жарақ, тағы басқа заттарды қоса жерлеген. Кейде мінген аты да бірге көмілген. Сақтар аруақтарға арнап құрбандық шалатын болған. Сондай-ақ сақтар жынперіден сақтайтын киелі күш деп От пен Күнге табынған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет