I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


ІХ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН ТОТАЛИТАРЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖЫЛДАРЫНДА



бет67/94
Дата18.11.2023
өлшемі7,69 Mb.
#124603
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   94
Байланысты:
Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар жиынтығы 2023-2024 оқу жылы-1

ІХ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН ТОТАЛИТАРЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖЫЛДАРЫНДА


§ 59.Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы

Уақытша үкіметтің халық күткен аграрлық мәселені шеше алмауы, езілген халықтарға өзін-өзі билеуі немесе автономия алу мәселесін күн тәртібіне қоюға тырыспауы, жұмысшыларға 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу сияқты көкейкесті мәселелерді шешпеуі халық наразылығын одан әрі күшейтті. 1917 жылдың күзінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бұқараның Уақытша үкіметке деген қарсылығы өсе түсті. Ал 1917 жылы 24-25 қазанда Ресей империясының астанасы Петроград қаласында Қазан төңкерісінің нәтижесінде Уақытша үкімет жойылып, мемлекет билігі Кеңестердің қолына көшті. Қазан төңкерісінің идеологы, яғни басшысы В.И.Ульянов (Ленин) болды. Көтеріліс В.И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды.


1917 жылы 25-26 қазанда «Жер мен бітім» туралы декреттердің қабылдануы, ұлт саясаты бағдарламасының жариялануы революцияның бүкіл елде тез арада жеңіске жетуінде шешуші рөл атқарды. Ұлт мәселесін шешудің әскери-коммунистік әдістері, большевиктердің унитарлық мемлекет құруға, тек Кеңестер негізінде ғана автономия беруге ұмтылуы ресейлік этностардың қайта өрлеуі үшін ұлттық факторды пайдалануға мүмкіндік бермеді.
Қазан қарулы көтерілісінің Петроградта жеңіске жетуі, сондай-ақ Қазақстанмен іргелес Ташкент, Омбы, Орынбор, Астрахань тәрізді ірі қалаларда Кеңес өкіметінің орнауы Қазақстанда да биліктің Кеңестердің қолына өтуіне ықпал етті. Қазан төңкерісінен кейін билікті қолына алған Кеңестер «Ресей халықтары құқықтарының декларациясын» қабылдады. Осыдан кейін Кеңестердің «Ресей мен Шығыстың барлық еңбекші мұсылмандарына» үндеуі жарияланды. Аталған үндеуде халықтардың діни сенімдері мен ұлттық мүдделеріне ешкім тиіспейтіні, барлық халықтың құқықтары бірдей болатыны туралы айтылған.
Қазақстанда Кеңестер өкіметін орнату 1917 жылдың соңы мен 1918 жылдың наурызына дейін жалғасты. Кеңес өкіметі Қазақстанда негізінен қалалар мен басқа да ірі халық тығыз орналасқан жерлерде күрес нәтижесінде, ал енді бір жерлерде бейбіт түрде орнады. Кеңес өкіметін орнатумен бірге өлкенің шаруашылығы мен мәдениетін қайта құру шаралары қатар жүргізілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет