Зерттеудің мақсаты: Ғабит Мүсіреповтің еңбектеріндегі ағарту-шылық қызметін тарихи-педагогикалық тұрғыдан талдап, тәлім-тәрбиелік идеяларын жүйелеп, оқу-тәрбие үрдісіне ендіру.
Зерттеу объектісі: Ғабит Мүсіреповтің ғылыми-танымдық, рухани-ағартушылық, педагогикалық құнды идеялары.
Зерттеу пәні: Ғабит Мүсіреповтің педагогикалық ой-пікірлері.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер Ғабит Мүсіреповтің шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялар тарихи-педагогикалық тұрғыдан талдау жасалынып жүйеленсе, педагогикалық ойлардың қорлары молайып, оның орта және жоғарғы мектептердің педагогикалық үрдістеріне ендіру барысында оқушы-жастардың тәлімдік деңгейлері көтеріледі. Өйткені, Ғабит Мүсіреповтің құнды педагогикалық идеялары оқушылар мен студенттердің ұлттық құндылықтарды бағалауына, өзін-өзі тәрбиелеуіне, ата-анасын, тілін, елін, жерін сүюіне, елжандылық сезімдерін арттырып, рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруына ықпалын тигізеді.
Зерттеудің міндеттері:
Ғабит Мүсіреповтің өмірлік, педагогтік көзқарасы мен шығармашылық іс-әрекетін саралап қарастыру;
Ғабит Мүсіреповтің көркем шығармаларындағы педагогикалық ой-пікірлеріне талдау жасау және оларды бүгінгі күн талабы тұрғысынан негіздеу;
Ғабит Мүсіреповтің педагогикалық ой-пікірлерін жалпы білім беретін орта мектептегі және жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие үрісіне пайдалану үшін бағдарлама құрастыру және әдістемелік ұсыныстар жасау.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: жеке тұлға теориясы, іс-әрекет теориясы, жалпыазаматтық және ұлттық құндылықтар-дың тарихи сабақтастығы, тарихи-педагогикалық құбылыстарды жүйелілік теориясы құрайды.
Зерттеудің жетекші идеясы: Ғабит Мүсіреповтің педагогикалық мұрасы мен рухани-ағартушылық қызметі халқымыздың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер жүйесімен ұласқан асыл арналар.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Білім туралы, Тілдер туралы заңдары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тұжырымдамалары, қаулы-қарарлары, оқу бағдарламалары, педагогика тарихы мен теориясына, әдістемеге байланысты еңбектер.