I тарау. Физикалық шамалар. 1нұсқа «А» деңгейі


Механикалық қозғалыс.Жол.Жылдамдық



бет3/53
Дата19.03.2023
өлшемі0,54 Mb.
#75438
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
Физикадан деңгейлік тапсырмалар 7-9 классов

Механикалық қозғалыс.Жол.Жылдамдық.
Орташа жылдамдық тақырыбы бойынша берілген есептердің
11 нұсқасының «А» деңгейі
37.Автомобиль алғашқы 5 км жолды 25 км/сағ орташа жылдамдықпен, келесі 15 км жолды 50 км/сағ орташа жылдамдықпен жүріп өтсе, барлық жолдағы автомобильдің орташа жылдамдығы қандай?
38.Мотоциклдің жылдамдығы υ1=72 км/сағ, ал қарсы соққан желдің жылдамдығы υ1=4м/с. Желмен байланысқан санақ жүйесінде мотоциклдің жылдамдығы қандай болады?
39. 36км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан велосипедші жарты сағатта қанша жол жүреді?


«В» деңгейі
40.Екі дененің қозғалысы мынандай теңдеулермен берілген: x1 = 5t ; x2 = 150 - 10t. Олар қанша уақытта кездеседі және әрқайсысы қанша жол жүреді ?
4 1.Өзенмен жүк таситын теплоход ағыспен υ1 = 35км/сағ жылдамдықпен, ал ағысқа қарсы υ2 = 15км/сағ жылдамдықпен жүретін болса, өзен ағысының жылдамдығы қандай?
100 х,м ІІ
80 І
4 2.Екі дененің қозғалыс графигі бойынша 60
қозғалыстың уақытқа тәуелділігі x(t) 40
теңдеуін жазыңдар. Графиктердің корди – 20
н аттар остерімен қиылысуы нені көрсетеді? -10 10 20 30 t,с
-20
«С» деңгейі -40
43.Әрқайсысының ұзындығы 350 м екі пойыз бір-біріне қарама-қарсы бірдей 54 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келеді. Екі пойыз кездескен соң ең соңғы вагондары ажырағанға дейін қанша уақыт кетер еді?
44.Бірдей уақытта А қаласынан 10 м/с жылдамдықпен машина, ал В қаласынан оған қарама-қарсы 18 км/сағ жылдамдықпен велосипедші шықты. Екі қаланың арасы 108км. Олардың жүрген жолдарының уақытқа тәуелділік графигін салыңдар.Әрқайсысының жүрген жолын, кездескенге дейінгі уақытын анықтаңдар.
45. Егер судың ағысының жылдамдығы υ1=2 км/сағ болса, онда 2,5км қашықтыққа барып қайту үшін катер қанша уақыт жұмсар еді? Катердің тынық сумен салыстырғандағы жылдамдығы υ2=10 км/сағ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет