3 нұсқа «А» деңгейі 19.Өлшегіш сызғыштың көмегімен біртекті ұсақ заттардың мысалы; бидай дәнінің, бұршақтың диаметрін анықтауға болады.
20.Әлемдегі кез-келген цирк аренасының диаметрі 13 м-ге тең.Цирк аренасының ауданы қандай?
21.Ауданы 1м² парақтан қиылып алынған әрқайсысының ауданы 1см² болатын қиындылардан тұратын жолақтың ұзындығы қандай?
«В» деңгейі 22.Дөңгелектің радиусы 3см болса,оның ауданының қандай екенін анықтаңдар.
23.Гранит калоннаның биіктігі 4м, ал ауданы – жақтары 50 және 60см болып келген тік
бұрыш калоннаның көлемін анықтаңдар.
24.Түнде ауаның температурасы -6°С,ал күндіз +4°С болды.
Ауаның температурасы қанша градусқа өзгерді?
«С» деңгейі 25.Бөлме термометрінің түтігіндегі сынап бағанасының биіктігі артты. 1) осы кезде сынап молекуласының саны артты ма? 2) термометрдегі әр сынап молекуласының көлемі өзгерді ме?
26.Майлы сұйықтың су бетінде жұқа қабат түзіп жайылатыны белгілі бір қалыңдықтан ары қарай май қабаты жайылуын тоқтатады.
27.Құралсыз көзбен аспанның екі жарты шарынан шамамен 6000 жұлдыз көруге болады. 1мм³ ауада (қалыпты жағдайда) 2,7∙10¹6 молекула бар болса, бұл молекула жұлдыздар санынан неше есе артық?
II тарау.Механикалық қозғалыс.Жол. Орташа жылдамдық. 1 нұсқа «А» деңгейі 28.Бірқалыпты қозғалған материалдық нүкте t1=2с мезеттегі координаты x1=4см, ал t2=4с мезеттегі координаты х2=-2см болса, оның жылдамдығы қандай?
29.Мотоцикл жолдың бірінші S1=30км бөлігін υ1=15 м\с орташа жылдамдықпен, ал қалған екінші S1=40км бөлігін t2=1 сағатта жүріп өтті.Мотоциклдің барлық жолдағы орташа жылдамдығы қандай?
30.Қайықтағы адам оны тынық сумен салыстырғанда υ1=1,2м\с жылдамдықпен еседі.Егер су ағысының жылдамдығы υ2=1,5 м\с болса. Қайықтың жағамен салыстырғанда және су ағысына қарсы қозғалғандағы жылдамдығы қандай?
«В» деңгейі 31. Ұзындығы ℓ1=250м пайыз бірқалыпты қозғалып, көпірден t-2минут ішінде өтті.Егер көпірдің ұзындығы ℓ=360м болса, поездың жылдамдығы қандай?
32. Екі дененің қозғалысы мына теңдеулермен берілген: x1=6t; x2=70+3t. Олар қанша уақыттан кейін кездеседі және әрқайсысы қанша жол жүреді?
33. Дене координаттары x1=0; y1=1м болатын нүктеден координаттары x2=3м;
y2=-2 м болатын нүктеге орын ауыстырды.Сызбада дененің орын ауыстыруын және оның координаттар осьтеріндегі проекцияларын табыңдар.
«С» деңгейі 3 4. График бойынша нүктенің υ м/с
t= 8 секундта жүрген 40
жолын анықтаңдар.
30
20
10
t,с
2 4 6 8 10 12
35. Моторлы қайық А және В бекеттерінің арасын өзен ағысымен t1=2,5 сағатта, ал сал t1=11,5 сағатта жүріп өтеді.Моторлы қайық ағысқа қарсы осы аралықты қанша уақытта жүріп өтер еді?
36. 36 км/сағ жылдамдықпен қозғалып бара жатқан поездың вагонына перпендикуляр бағытта тиген оқ оны тесіп өтеді. Вагонның қарама-қарсы қабырғаларындағы саңылаулар бір-бірімен салыстырғанда 3,5 см-ге ығысқан.Вагонның ені 3 м болса, оқтың жылдамдығы қандай болғаны?