Байланысты: Физикадан деңгейлік тапсырмалар 7-9 классов
21. Энергияның сақталу заңы. Ауырлық күші. Серпінділік күші. Үйкеліс күші әсерінен энергияның түрленуі. А нұсқасы 260.Массасы 0,5 кг дене 4 м/с жылдамдықпен тік жоғары қарай лақтырылған. Ең жоғары биіктікке дейін көтерілгенде ауырлық күшінің жұмысын, потенциалдық энергияның өзгерісін және кинетикалық энергияның өзгерісін анықтаңдар.
261. Массасы 400 г, 2 м биіктіктен құлап түскен дененің жерге ұрылғандағы кинетикалық энергисын анықтаңдар.
262. 5 м биіктіктен еркін түсіп келе жатқан, массасы 3 кг дененің Жер бетінен 2 м қашықтықтағы потенциалдық энергиясын анықтаңдар.
263. Серіппелі пистолетті атуға дайындағанда, қатаңдығы к серіппені ∆ℓ-ге жиырды. Массасы m снаряд горизонталь бағытта қандай жылдамдыққа ие болады?
264. Массасы 2 т автомобиль авариялық тежелуде 50 м жүріп барып тоқтады. Егер үйкеліс коэффициенті 0,4-ке тең болса, үйкеліс күшінің жұмысын және автомобильдің кинетикалық энергиясының өзгерісін табыңдар?
265. Үйкеліс коэффициенті 0,6 және 20 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан автомобильдің s тежеуіш жолын табыңдар.
266. Егер массасы 1500 т поезд 150 кН тежеуіші күш әсерінен тежелгеннен кейін аялдамаға дейін 500 м жол жүріп барып тоқтаса, ол қандай жылдамдықпен келе жатқан?
Б нұсқасы 267. Массасы 50 г, тік жоғары қарай 30 м/с жылдамдықпен атылған жебенің, қозғала бастаған уақытынан 2 с өткендегі потенциалдық энергиясы мен кинетикалық энергияларының мәндері қандай болады?
268. Доп жерге соғылып, 2h биіктікке ыршып көтерілуі үшін, оны h биіктіктен қандай бастапқы υ0 жылдамдықпен түсіріп жіберу керек? Доптың жерге соғылуын абсолют серпінді деп есептеңдер.
269. Дене горизонтқа бұрыш жасай υ0 жылдамдықпен лақтырылды. Осы дененің h биіктіктегі жылдамдығын анықтаңдар.
270. Массасы 60 кг цирк артисі 4 м биіктіктен көтерілген тордың үстіне секіреді. Тор артиске қандай күшпен әсер етеді, егер оның иілуі 1 м-ге тең болса?
271. Ұзындығы ℓ, көлбеулік бұрышы а көлбеу жазықтықпен дене сырғанап келеді. Егер үйкеліс коэффициенті µ болса, жазықтық табанындағы дененің жылдамдығы қандай?
272. Массасы 10 кг шана биіктігі 4 м төбешіктен сырғанап түсті де, жолдың горизонталь бөлігіне келіп тоқтады. Шананы сырғанап түскен ізімен төбешікке сүйреп шыққан бала қандай жұмыс орындайды?
273. Массасы 80 кг парашетті әуеде қозғалыссыз тұрған тікұшақтан 200 м төмендеп, 50 м/с жылдамдыққа ие болады. Осы жолдағы ауаның кедергі күшінің жұмысын табыңдар?
274. Үстіндегі адамды қоса есептегендегі массасы 100 кг қолшана биіктігі 8 м, ұзындығы 100 м төбешіктен сырғанап түсті. Егер төбешіктің етегінде шананың жылдамдығы 10 м/с және бастапқы жылдамдығы нөлге тең болса, шана қозғалысынна орташа кедергі күші қандай болады?