1.9 Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті
Адам екі нәрсе арқылы қартаймайды.
Біріншісі – қайырымды қарым-қатынасы,
екіншісі – мейірімге толы сөзі.
Ж. Баласағұни
Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру әр түрлі ұлт адамдарының арасындағы қарым-қатынаста және адамдардың ойлауында, сезімінде және мінез-құлқында тілектестік, достық, шыдамдылық, өзара түсіністік сияқты ізгілік нормаларын бекітетін күрделі, көпаспектілі, ұзақ үдеріс болып табылады. Бірақ қазіргі көпэтникалық қауымдастықтың мұнсыз болуы мүмкін емес.
«Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті» ұғымы көпаспектілі, сондықтан оның тұлғаның сапасы ретінде көптеген анықтамалары кездеседі. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті – бұл өзара түсіністікті нығайтуда, ортақ міндеттерді шешуде, өзара көмекті жетілдіруде тиімді әрекеттестікте болу мақсатында бір-бірін тану ұмтылысына негізделген әр түрлі ұлт уәкілдерінің арасындағы қарым-қатынастың тарихи қалыптасқан және тұрақталған гуманистік принциптері, формалары мен нормаларының өзіндік ерекшелікті кешені болып табылады.
«Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті» ұғымы саяси құбылыс, әрбір халықтың мәдениеті, тілі, әдет-ғұрпы, дәстүрлеріне деген саналы сый-құрметі, интеллектуалды күш-қайратымен өзінің ғана емес, сондай-ақ, басқа да халықтардың мәдени, рухани құндылықтарын тануға ұмтылысы, ұлттық сезімге, ар-намысқа деген сыйластықты қатынасы, өзге ұлт адамдарына деген ізгі ниет, жоғары мәдениет пен сый-құрметі.
Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті өзінің мәнді ішкі көрінісінде әр түрлі ұлттар адамдарының көп ретте ұлтаралық қатынастар дамуын айқындайтын рухани байланысы деңгейін сипаттайды. Мұндай қарым-қатынас мәдениеті нәзік қамқорлық, кеңпейілділік, ұлттық психологияны есепке алушылықты, әрбір адамның, әрбір ұлттың ұлттық сезімдері мен ұлттық ар-намысына деген сый-құрметті талап етеді. Бұл бүгінде жалпыадамзаттық құндылық, мұқтаждыққа айналуда. Ұлттар мен ұлыстар қарым-қатынасы мәдениеті екі деңгейде көрініс табатынын атап өткен жөн. Біріншісі - ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті, ал екіншісі – ұлтішілік (ұлттық) қарым-қатынас мәдениеті немесе қарым-қатынас мәдениетінің ұлттық формасы. Ұлтішілік қарым-қатынас мәдениетіне әлдебір халықтың ұлттық өзіндігінің ерекшеліктері жатады. Оның мазмұны әрбір халықтың тарихи дамуының қайталанбас еректігімен, оның тіршілік ортасы ерекшеліктерімен айқындалмай қалмайды.Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті жоғары ұлтішілік қарым-қатынас мәдениетімен мызғымас байланыста, өз ұлтына, оның мәдениетіне, тілі мен дәстүріне деген сый-құрмет негізінде қалыптасады.
Сонымен қатар, әрбір ұлттың ұлтішілік қарым-қатынас мәдениеті оның саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени ортасының даму деңгейімен, сондай-ақ, ұлттық сана-сезім, ұлттық таным деңгейімен айқындалады. Ұлттық сана-сезім мен психологияның ұлттық мінез, ұлттық сезімдер, ұлттық дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, ұлттық тұрмыс ерекшеліктері сияқты элементтері айрықша ұлттық мәнерлілік дарытады. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті қоғамның, халықтың, тұлғаның рухани өмірінің белгілі бір құрылымдық компоненті болып табылады. Ол түрлі ұлт өкілдерінің рухани байланысы деңгейін сипаттайды, бұл ретте ол ұлтаралық қатынастар нәтижесі ретінде танылады.Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті дамуының саяси-әлеуметтік негізі Қазақстанның барша халықтары дамуының тұрақтылығының маңызды факторы болып табылатын әлеуметтік әділдіктің іс-тәжірибе жүзінде орнығуымен сипатталады. Қоғамдағы әлеуметтік әділдіктің маңызды белгісі - қоғамдық өмірдің барлық салаларының кешенді дамуы және олардың арасындағы сәйкессіздіктерді жою болып табылады. Дәл осы шынайы ел билігі, барша азаматтардың заң алдындағы теңдігі, ұлттардың тең құқылығын, адам бостандығы мен құқығын іс жүзінде қамтамасыз етушілік, жеке тұлғаның жан-жақты дамуы үшін жағдай туғызу – көпұлтты халық бірлігінің, қазақстандық қоғамның экономикалық және саяси тұрақтылығының, оның қарқынды дамуының маңызды шарты.
Жалпы қарым-қатынас мәдениетінің сыпайылық, әдептілік сияқты кішігірім талаптарын бұзушылық, басқа ұлт адамдарына дөрекілік, немқұрайлылық, рақымсыздық танытушылық ұлтаралық қарым-қатынасқа ұлтшілік қарым-қатынасқа қарағанда, зор моральдық кесірін тигізеді. Алайда, жоғары ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті тек гуманизм, достық және ынтымақтастық принциптеріне негізделеді деп есептеу адасушылық болар еді. Оның іргелі негізі - материалдық және рухани өндіріс нәтижелерімен алмасушылық өндірісіндегі сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігі, өзара мүдделілік, салауаттылық пен жалпыға ортақ ынтымақтастық нормаларына, жалпыадамзаттық құндылықтар мен моральдық ниеттестікке бағдарланушылық болып табылады.
Халықтардың өзара қарым-қатынас мәдениетінің қазақстандық үлгісі – бұл қоғамдағы шиеленістік, қақтығыстық жағдайды жеңу ғана емес, сонымен қатар, оның болашақта ұзаққа созылған қарсылық пен мәңгілік жек көрушілікке ұласып кетпеуін алдын алу болып табылады. Қазақстан қоғамының бұндай жетістікке қол жеткізуі оның халқының ұжымдық субъекті ретінде және оның әрбір мүшесінің өз бойында ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін жоғары қоюында болып отыр.
Осылайша, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің негізгі міндеті – адамды оның шығармашылық күш-қарымын ашатын, ілгері дамуын қамтамасыз етенін гуманистік типті ұлтаралық қарым-қатынастарды тұтынушы әрі тудырушы ретінде қалыптастыру деп санауға болады.
Тұлғаның, оның еркіндігінің дамуы, оның ой-өрісінің кеңеюі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің маңыздылығын тереңірек түсінуге көмектеседі. Өркениетті мемлекетте ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мемлекеттік саясат дәрежесіне көтерілген. Әлеуметтік қарым-қатынастың бір түрі ретіндегі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті түрлі ұлттық қауымдастықтар мүшелерінің бірлігін нығайтуға ықпал етіп қана қоймайды, сонымен бірге, сол қауымдастықтардың өздерінің ішкі бірлігін көп есе күшейтеді. Белгілі бір нормалар, ережелер, ұстанымдардың жиынтығы болғандықтан, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті әр түрлі ұлттар адамдарын достық пен бауырластыққа, ынтымақтастық пен өзара көмекке, өзара ұлттық ар-намысты құрметтеуге, ізгілікке, кішіпейілдікке, сыпайылыққа, дөрекілік пен рақымсыздықты болдырмауға бағыттайды.
Әрбір қазақстандық азаматтың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті оның өзін біртұтас демократиялық тәуелсіз мемлекеттің мүшесі ретінде сезінуін діттейді. Елімізде ұлтаралық қарым-қатынастың болуы - әділ шындық. Егер басқа халықтардың, олардың жекелеген өкілдерінің ұлттық ар-намысы құрметтелмейтін болса, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті туралы айтуға болмайды. Бұл халықтың барлық әлеуметтік категорияларына қатысты, бірақ, зиялы қауым үшін ерекше мәнге ие. Зиялы қауымның ұлтаралық қатынастарды реттеудегі рөлі зор.
Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы ұлттар мен ұлыстардың экономикасы, мәдениеті, тұрмысы, білім-ғылым жүйесінің дамуы негізінде жүреді. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мазмұнында олардың мүдделері мен мақсаттары, тарихи тағдырларының ортақтығы көрініс тапқан.
«Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті» ұғымы мазмұнынан адамдардың өз халқына тиістілігі сезімін, олардың жалпыадамзаттық құндылықтарға тартылушылығын, басқа ұлттардың рухани байлығына деген сый-құрметін, олардың тағдырларына қатынастылығы сезімін, тағы басқаларды алып тастауға болмайды. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті өз бойына адамзаттық биік адамгершілік-өнегелік мұраттарын жинақтайды. Бұл Қазақстан халықтары өмірінің түрлі салаларында: еңбек бөлінісінде, ірі халық шаруашылығы міндеттерін шешудегі ынтымақтастық пен өзара жәрдемде, жалпыхалықтық шараларды, мәдениет мейрамдары, спорттық сайыстарды өткізуде, шетелдік серіктестер мен іскер және мәдени ынтымақтастықта, басқа елдердегі достарымыз бен қандастарымызға қолдау көрсетуде материалдық көрінісін табуда.
Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы мәдени жағдайды үшке бөліп көрсетуге болады. Біріншіден, бұл барлық ұлттық рухани бастауларды біріктіретін дүниежүзілік мәдениет; екіншіден, елімізде тұратын әр түрлі ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің ынтымақтастығы негізінде бұнда туындайтын жалпықазақстандық мәдениет; және, үшіншіден, еліміздің байырғы халқының ұлттық мәдениеті. Қалыптасқан мәдени ахуал бірде-бір мәдениет жеке, шектеулі әлемде тіршілік ете алмайтынын, бірде-бір ұлт тек бір ғана өзінің мәдениетінің күш-қарымымен өмір сүріп, дами алмайтындығын бекіте түсуде.
Қазақстан сияқты көпұлтты және көпконфессиялы елде кемел азаматтық қоғам әр түрлі саяси топтардың мүдделерін үйлестіріп, жинақтау институты ретінде көріне алады. Азаматтық қоғам өз әлеуметтік, саяси институттарын қалыптастыра отырып, әр текті қоғам элементтерінің бірлесуіне септігін тигізеді. Бұл бірлесу ортақ құндылықтар мен азаматтық мүдделерге құрылады. Тұтастай алғанда, азаматтық қоғам этникалық, діни және басқа да әлеуметтік топтардың мүдделерінен үстем болуы тиіс. Сондай-ақ, елімізде «ұлттық мүдде» категориясы әлеуметтік біріктіруші категория ретінде көрінеді. Берілген категория аясында жиынтық түрде ел халықтарының мүдделері көрініс табады.
Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті аясында ұлттық мүдделерді қалыптастыру процесінде жетілген азаматтық қоғамның рөлі елеулі, оның институттары ұлттық мүдде арқылы көпэтникалық құрамды қоғамның әр түрлі топтарының әлеуметтік маңызды мұқтаждықтарын жеткізуге септеседі. Көпұлтты ел үшін «жалпыұлттық мүдде» терминін пайдалану ұтымдырақ көрінеді, бірақ, ұлттық мүддені қалыптастыруда этникалық емес, әлеуметтік компонент басым болуы тиіс, өйткені, дәл осы әлеуметтік мұқтаждықтар қоғам дамуының қозғаушы күші болып табылады.
Қазіргі заманғы Қазақстан өз ұлттық мүдделерін бейбіт жолмен іске асыра отырып, өзінде бар бүкіл көптүрлі мүмкіндіктерді: әлемдік саясат субъектілерімен қарсыластықты емес, бірақ, нық диалог; алдын-ала ескеру дипломатиясы; тіпті, жекелеген елмен бір салада ынтымақтастық, серіктестік, ал, екіншісінде бәсекелестікті жүзеге асыру мүмкін болатын сыртқы саяси құрамдастықпен үйлескен стратегиялық серіктестік; ығыстырушылық немесе ығысушылық емес, ұстанымды сыртқы саяси стратегия; оқшауланушылыққа бармай, жаһандық және аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әр түрлі геосаяси бірліктерден «теңгермелі алшақтаушылық», т.б. мүмкіндіктерін пайдалануға қабілетті.
Сонымен, біріншіден, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті жүйесіндегі саясат категориясы ретіндегі ұлттық мүдде қоғам мен мемлекеттің, халықтардың ұлттық даму тұрғысындағы объективті мұқтаждықтарын зерделеуін білдіреді; екіншіден, қазақстандықтардың ұлттық мүдделері ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне және ұлттық қауіпсіздік қамтамасыздығы міндеттерін айқындауға тікелей ықпал етеді; үшіншіден, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық мүдделер ішкі және сыртқы саясаттағы саяси мақсаттарға қол жеткізу жолымен іске асырылады; төртіншіден, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті аясындағы ұлттық қатынастардың іске асырылуы мемлекеттің жиынтықты қуатына тәуелді; бесіншіден, жаһандану және жаңару жағдайында Қазақстанның ұлттық мүдделері халықтардың қоғамдық бірлесуі мен топтасуына, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің нығаюына септігін тигізеді.
Мемлекетіміздің саяси тарихында қазақ халқының патриотизмі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінде маңызды орынға ие. Көпұлтты еліміздің мүдделеріне қызмет етуінің негізінде жатқан Отанға деген сүйіспеншілік сезімі қоғам дамуы мен ұрпақтар сабақтастығының маңызды құрамдас бөлігі болған және болып қала бермек.
Сонымен қатар, қазақ халқының ұлттық тарихқа деген қызығушылығының артуы, ұлттық, жалпыұлттық сана-сезімнің қалыптасуы қазақстандықтардың патриоттық сезімін тәрбиелеуде оң бағдар бола алады. Өз ұлтының тарихы, өткен замандағы басқа ұлыстармен байланыстары туралы ұғымдарға көп ретте халықтың ұлтаралық қарым-қатынас өрісіндегі саяси бағдарының сипаты байланысты. Төл тарихын білу – ұлттық, жалпыұлттық сана-сезімнің ажырамас бөлігі, ол этникалық тұтастықты сақтауға және оның келер ұрпақтарда ұдайы жаңғыруына септігін тигізеді. Тұлғаның өз халқымен біртұтастығын сезінуі өзін соның күллі тарихи жетістіктерінің тікелей мирасқоры әрі олардың нақты қорғаушысы һәм жалғастырушысы ретінде сезінуін діттейді.
Біздің пікірімізше, қазақ халқының патриотизмі қазақстандық патриотизм мен қазақстандықтардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің негізінде жатқандығын айта кеткен жөн. Қазаққа және қазақстандықтарға тән патриотизм басқа ұлттардың, салыстырмалы түрде атап айтатын болсақ, не американдық, не жапондық патриотизмге барабар, тепе-тең емес, олардың арасында ортақ сипат-белгілер аз болмаса да, әрқайсысының өзіне тән сапалық сипаттамалары, туындау ерекшеліктері және көрініс табу формалары бар.
Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру әр түрлі ұлт адамдарының арасындағы қарым-қатынаста және адамдардың ойлауында, сезімінде және мінез-құлқында тілектестік, достық, шыдамдылық, өзара түсіністік сияқты ізгілік нормаларын бекітетін күрделі, көпаспектілі, ұзақ үдеріс болып табылады. Бірақ қазіргі көпэтникалық қауымдастықтың мұнсыз болуы мүмкін емес. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті көпұлтты ортада адамдардың құқықтық және моралды-этикалық нормаларды орындауын сипаттайды. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті – бұл адамға тән адамгершілік идеялар мен түсініктер, мінез-құлық формалары мен тәсілдері, іс-әрекеттің өзіндік түрлері жүйесі, ол әр түрлі ұлт өкілдері арасындағы мәдени байланыс, өзара түсіністік және өзара ықпал мақсатында жүзеге асырылады.
Ұлтаралық қатынас күрделі, құрылымдық ұғым. Оның қалыптасуын бағалау төмендегі компоненттердің болуына байланысты: ұлттық сана-сезім; жалпыадамзаттық құндылық бағдар; басқа халықтың тарихына, әдебиетіне, ғылымына қызығушылық; көзқарасы мен практикалық іс-қылықтарында көрініс табатын басқа ұлт өкіліне және оның мәдениетіне қатынасы.
Қазақстан Республикасы тарихи даму жағдайында көп ұлтты мемлекет ретінде қалыптасты. Тарихтың әр кезеңінде біздің республикамыз түрлі себептермен көптеген ұлттар мен ұлыстардың Отанына айналды. Яғни Қазақстан қоғамы этникалық әртектілігімен ерекшеленеді. Ал жыныстық, жастық, кәсіптік, конфессионалдық және этникалық әртектіліктің адамдар мен әлеуметтік топтар арасындағы өзара қарым-қатынастың сипатына өз әсерін тигізетіні түсінікті. Кей уақытта ол ашық түсінбестікке, тіпті қарсы тұруға әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда ондай қайшылықтарды болдырмайтын, олардың алдын алатын механизмдер жасау қажеттігі туады. Міне, мұның бәрі қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтардың алдын алудың мүмкін жолдарының бірі – толеранттылық құбылысын терең қарастыруға жол ашады. Қазіргі кездегі әлемде орын алған әлеуметтік, дінаралық, ұлтаралық, т.б. қақтығыстар өршіп тұрған жағдайда ғалымдар тарапынан оны қалыптастырудың жолдарын іздеуге ерекше көңіл бөлінуі заңды.
Жалпы тұлғада толеранттылықтың қалыптасуы үшін ол рухани дамудың белгілі бір сатыларынан өтуі тиіс, ал ол педагогикалық проблема болып табылады. Сондықтан 1995 жылғы 16 қарашада ЮНЕСКО-ға мүше елдер қабылдаған «Толеранттылық принциптерінің Декларациясында» білім беру саласында толеранттылық идеясын насихаттауға басымдық берілген.
Бүгінгі күні адамзат қоғамы әртекті субъектілерден құралған күрделі организм болып табылады. Адамдар негізінен үлкен үш нәсілге (негроид, монголоид және европеоид) кіретін көптеген ұлттар мен ұлыстардың өкілдері болы табылады. Мұның сыртында олардың діни, саяси және әлеуметтік ерекшеліктерімен дараланады. Қазақстан қоғамы күрделі конглемерат ретінде қалыптасты. Қазіргі уақытта оның құрамына 130-ден астам ұлттар мен ұлыстар кіреді, олар бірнеше діни-конфессионалдық бірлестіктерге біріккен.
Осындай әртектілік жағдайында әлемді алаңдатып отырған ұлтаралық, дінаралық қақтығыстарға ұшырамай, халықтардың бейбіт қатар өмір сүруіне мүмкіндік беретін күш қандай? Ғылымда «толеранттылық» атауымен белгілі ұғым, міне, осы жерде маңыздылыққа ие болады.
«Толеранттылық» (лат. «tolerantia» - шыдам, төзім) терминіне шет тілдері сөздігінде екі мағынада түсініктеме беріледі: 1) бір нәрсеге, біреуге төзімділік, төзу, шыдау; 2) биологиялық, медициналық тұрғыда – иммундық реакцияның жартылай немесе толықтай болмауы, яғни организмнің ауруға қарсы тұратын антиденелер шығару қабілетінің болмауы. Ал педагогикалық сөздіктерде бұл ұғымға «қайсыбір жағымсыз факторға жауап әрекеттің болмауы не бәсеңсуі; оның әсеріне сезгіштіктің төмендеуінің нәтижесі» деген анықтама беріледі.
Жалпы алғанда, толеранттылықтың негізі – өзінің «басқаға, бөтенге» қатынасын бақылау болып табылады. Бұл күнделікті кездесетін, тұрмыстық деңгейден бастап кәсіби қарым-қатынас жасауға дейінгі аралықты қамтитын мәселе болып саналады.
«Толеранттылық» терминін саралау барысында ғалымдар арасында елеулі қайшылықтар туындайды. Біраз жағдайда оны тікелей «төзімділік» сөзімен байланыстырады. Қазақ тілінде «төзім» сөзі «шыдам», «сабыр», «тағат» мағынасында да қолданылады. Яғни, «төзімді болу» - басқаға, оның ісіне, құбылыстарға шексіз төзу, шыдауды білдіреді.
Сонымен, «этникалық» сөзінің мәні адамның белгілі бір этнос мүшесі ретінде сол этносқа тиістілігін, сәйкестілігін сезінуі деген қорытынды жасауға болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда «этникалық толеранттылық» басқа ұлт өкілдерінің сыртқы түрін, ойлау жүйесін, өзіндік ұлттық, мәдени ерекшеліктерін, іс-әрекетін принципті түрде қабылдай алу қабілеті ретінде көрінеді. Әрине, оның шегі өзара сыйластық, ынтымақтастық деңгейінде болуы тиіс.
Этникалық толеранттылықтың мәні – басқа ұлт өкілдерінің сыртқы түрін, ойлау жүйесін, өзіндік ұлттық, мәдени ерекшеліктерін, іс-әрекетін принципті түрде қабылдай алуда. Этникалық толеранттылық адамның тұлғалық қасиеті болып табылады, сонымен бірге ол қалыптасу барысында маманның кәсіби қажетті қасиетіне трансформацияланады.
Осыған орай, халықтардың ұлтаралық қарым-қатынасы мәдениеті – бұл Қазақстан халықтары арасындағы да, сондай-ақ, әлем халықтары арасындағы да қарым-қатынас процесіндегі тұлғаның моральдық-этикалық мінез-құлық нормаларына айналған озық ұлттық әрі жалпыадамзаттық принциптері жүйесі. Халықтардың ұлтаралық қарым-қатынасы мәдениеті ұлттық мәдениет, тұрмыс, мінез-құлық этикасы, психология ерекшеліктерін қарастырудағы әдеп-өнегені, тарихи тағдырлардың жалпыхалықтық ортақтығын саналы зерделеуді, тағы басқаларды бойында тұтуы тиіс. ортамен, дүниемен байланысын білдіреді, ішкі жан дүниесінен көрініс береді. Қарым-қатынас жүйесі адамның жеке дамуының жемісі болып табылады.
Алайда, Қазақстанның тұрақтылығы, соның ішінде, саяси тұрақтылық шынайы саясаты, саяси басқарудың дұрыстығы арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың билік органдарына деген сенімінің артуына, қоғамның демократиялануының дамуына орай едәуір нығайып, мейлінше берік бола түсуде. Бұл жағдайда тұрақтандырушы сана жергілікті халықтың патриоттық санасымен «ұштасып», қоғамды ңығайту мен дамытудың да, сондай-ақ, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті – жетілдірудің де күшті
Қазіргі жағдайда тіршілік ету мәдениеті – бұл сыйластық пен төзушілік мәдениеті. Бұл мәдениет қалыптасу процесін өткеруде, ол әр түрлі ауқымды соғыстарға, дау-жанжалдар мен дағдарыстарға толы болған мыңжылдықтар бойы біртіндеп жинақталып келеді.
«Толеранттық» феноменін зерттеудің теориялық-әдістемелік аспектілері саяси әдебиетте бөліп көрсетілген, олардың Ежелгі дүниедегі бастауларынан, негіздерінің қалыптасуынан және біржола институттандырылуынан бастап саяси философия мен саясат теориясының даму сатыларымен тығыз байланыста ғана түсінікті бола алатындығы жан-жақты қарастырылады.
«Төзім», «төзімділік» ұғымдарынан «төзушілік» ұғымының өзгешелігі бұнда, бір жағынан, тұлғаның мейлінше айқын көрінетін белсенді ұстанымы – өнегелік-психологиялық ахуал ретіндегі төзім және төзімділік емес, қайта, саяси-әлеуметтік келісімге, қоғамдық ымыраластыққа, әр түрлі әлеуметтік топтар, саяси институттар, халықтар арасында өзара түсіністікке қол жеткізу жолындағы төзушілік ретінде пайдаланылады.
Екінші жағынан, толеранттық, төзушілік жай ғана төзбеушіліктің қарсы мәні, құр оны терістеу болып табылмайды, қайта, ынтымақтастыққа, ізгілікке, т.б., яғни, ұлтаралық, дінаралық қарым-қатынас мәдениетіне жетелейтін жаңа, қарсыластықсыз шынайы өмірді қалыптастырудың жасампаз күш-қарымды бойында тұтады.
Толеранттық сананың қалыптасуына дүниежүзіндегі әр түрлі халықтардың мәдениеті де әсер етеді және тұлғаның дамуындағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Ол тұлғаның тіршілік әрекетінің мынандай маңызды салаларын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады: басқа адамдардың ұлтына, діни сеніміне, жасына қарамастан жағымды қарым-қатынас жасау; әрбір адам өмірінің сөзсіз құндылықтарын мойындай отырып әр түрлі этностардың және мәдениет уәкілдерімен сенімді араласу және т.б.
Осылайша, қазақстандықтардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу бойынша мынандай міндеттерді айқындауға болады: ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және дамыту бойынша міндеттерді табысты шешу үшін негізгі күш-жігерді елдің әр түрлі аймақтарында жинақталған, ұлттық және аймақтық ерекшеліктері қатаң ескеруге, әрбір халықтың және оның жекелеген топтарының шын мәніндегі экономикалық, рухани мүдделері мен талап-тілектерін білуге, оның озық тарихи дәстүрлерін тәрбие процесінде белсенді пайдалануға негізделген тәрбие жұмысының нақты, жергілікті жағдайларға баламалы жолдары мен әдістерін іздестіру тәжірибесін мақсатты түрде насихаттауды жүзеге асыруға жұмылдырған жөн. Бұдан Қазақстандағы ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті тәрбиесіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттықтың үйлесімі көрініс табады.
Қарым-қатынас мәдениеті жалпы мәдениеттің бір бөлігі болып саналады. Өйткені ол тұлғаның ортақ әлеуметтік қасиетін көрсетеді және педагогикалық қарым-қатынас әрекетінің нәтижесі мен процесін біріктіреді. Адамның іскерлігі оның арнайы іс - әрекет орындау процесіндегі мәдениет деңгейімен байланысты. Жалпы мәдениеттің жоғары деңгейі әр түрлі еңбектің саласы мен нәтижелілігінің қажетті шарты және әрбір тұлғаның дамуы мен жетілуінің факторы.
Сонымен қатар, қарым-қатынас адамның тіршілік әрекетінің мәдени феномені, яғни адамзат болмысының даму жолы. Қазіргі ғылыми жетістіктер қарым- қатынасты әлеуметтік өмірдегі адам дамуының ішкі және сыртқы жағдайларын құрушы себеп-салдар ретінде де дәлелдейді. Қарым-қатынастың жалпы мәні адамның мақсатына байланысты біріншіден, басқа адамдарды тану, сол адамдардың әсері арқылы өзін-өзі тану, бағалау болып табылса, екіншіден, басқамен өз әрекеттерін таңдауда мақсатты, саналы, белсенді жан иесі ретінде көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |