І тарау. Жас ұрпақҚА Ұлттық ТӘрбие берудің Әдіснамалық негіздері 1 Ұлттық тәрбиенің көздері


Студент жастардың салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру



бет43/52
Дата06.01.2022
өлшемі417,2 Kb.
#15088
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   52
2.7 Студент жастардың салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру
Бүгінде студент жастардың физикалық дайындық деңгейі мен денсаулығының жай-күйі қоғамның әлеуметтік және кәсіби іс-әрекетке қоятын талаптарына сай келмейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, денсаулыққа әсер ететін факторлардың 50-60 % өмір тіршілігіне, 20 % - тұқым қулаушылыққа, 20 % - сыртқы ортаның жағдайына, 8-10 % - дәрігерлік көмектің деңгейіне байланысты. Бұл деректер денсаулық үшін күрестің негізгі бағыты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттауға бағытталған шараларды ұйымдастыру екендігін дәлелдейді.

БҰҰ балалар қоры мәліметтері бойынша денсаулық пен дұрыс тамақтану оқытудың негізі және тікелей тәуелді, дұрыс тамақтанбау білімді меңгеру қабілетін төмендетеді. Салауатты өмір салты жаман әдетттермен үйлеспейді. Нашақорлық, маскүнемдік, т.б. адамзаттың соның ішінде студенттің денсаулығына негативті ықпал етеді. Қарым-қатнастағы тұлғааралық мәдениет индивид өмір сүретін қоғамдағы қабылданған мінез-құлық нормаларын, білім жүйесін, нормасын,құндылықтарымен байланысты болады. Тұтас алғанда ол қоршаған ортаның қатынасын қанағаттандырудың маңызды шарты. Бүгінгі студенттің денсаулығы объективті және субъективті факторларға байланысты. Объективті факторларға материалдық қаматамасыздандыру, денсаулықты сақтау, әлеуметтік сақтандыру және т.б. жүйе жатады, яғни студентт өмір сүретін әлеуметтік-экономикалық жағдайлар. Субъективті факторларға студенттің ерік-жігеріне, білімі мен білігіне, еңбектенуіне, демалуына, жеке бас гигиенасын сақтау шараларына, дұрыс тамақтануы, таңертеңгілік жатттығу, сабақтан кейінгі физикалық жаттығу, ұйықтар алдындағы серуен, шынықтыру, т.б. жатады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Жолдауында «Ұлт денсаулығы – табысты болашағымыздың негізі. Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтардың бірі - Сапалы және қолжетімді медициналық қызметтер көрсетумен қамтамасыз ету; Аурулар түрінің барынша кең спектрін диагностикалау және емдеумен қамтамасыз ету дей отырып, ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі. Денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақмерзімді жаңғырту аясында біз елдің барлық аумағында медициналық қызметтер сапасының бірыңғай стандарттарын енгізуге, сондай-ақ медицина мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын бірыңғайландыруға тиіспіз. Денешынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады» - деп тұжырымдайды.

Сондықтан бүгінде салауатты өмiр салтын қалыптастырудың әлемдiк жаңа технологияларын, тәсiлдерiн және әдiстерiн пайдалана отырып, адамның денсаулық әлеуетiн сақтау мен дамытуды белгiлейтiн факторларды (табиғи, экономикалық, әлеуметтiк, экологиялық, мәдени) күшейту жөнiндегi сектораралық кешендi өзара iс-қимылдар жүзеге асырылуда.

Салауатты өмір салты – адамның өзінің денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған мінез-құлық жүйесі. Ол адамның «денсаулық» категориясының мәнін түсінумен тығыз байланысты.

«Денсаулық» – адамда аурудың немесе дене кемтарлығының жай ғана жоқ болуы емес, ол физикалық, психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан барлығының ойдағыдай толық күйі» (ДДҰ).

Денсаулық негізгі үш түрге бөлінеді:


  • физикалық (денелік) денсаулық – адам ағзасының сыртқы орта әсерлеріне бейімделу қасиетінің жоғары дәрежелі жағдайда болуы;

  • психологиялық денсаулық – психикалық өріс күйі, ауруды болдырмау;

  • әлеуметтік денсаулық – жеке тұлғаның айналадағы өмірмен қарым-қатынас дәрежесі. Ол – мейірімділік, намыс, абырой, махаббат, сүйіспеншілік және т.б.

Денсаулықтың болуы еңбек, жүйелі тамақтану, салмақтың тұрақтылығы, шынығу сияқты шарттарға тікелей байланысты болады. Өмір салты – адамның белсенді тіршілік әрекетінің түрі ретінде қарастырылатын, денсаулығындағы өзгерістің негізгі тенденциясын анықтайтын жалпы жетекші фактор. Өмір салты өмір деңгейімен (адамға кететін шығынның құрылымы), өмір сапасымен (адамды материалдық қамтамасыздандыру дәрежесі, өлшеу параметрі), өмір сүру стилімен (мінез-құлықтың психологиялық жеке ерекшеліктері), өмір сүру тәртібі мен әдет-ғұрпымен (өмірдің ұлттық-қоғамдық тәртібі, тұрмыс, мәдениет) тікелей байланысты.

Өмір салтының құрылымы мәдени және медициналық-әлеуметтік белсенділіктен тұрады. Ал медициналық-әлеуметтік белсенділікке: гигиеналық дағдылардың болуы; дәрігерлік ұсыныстарды орындау; өмір салтын және қоршаған ортаны салауаттандыруға қатысу; өзіне және туыстарына алғашқы дәрігерлік көмек көрсете алу; халықтық және дәстүрлі медициналық құралдарды пайдалану және т.б. жатады. Мәдени белсенділік - белгілі бір әлеуметтік-экономикалық жағдайда жеке және қоғамдық денсаулықты арттыру, қорғау саласындағы адамның іс-әрекеті.

Демек, салауатты өмір салты - бұл санитарлық-гигиеналық нормативке сүйенетін, ағзаның қорғаныш күшін белсендіруге, жоғары жұмысқа қабілеттілікті қамтамасыздандыруға, ұзақ өмір сүруге жетуге ғылыми негізделген гигиеналық мінез-құлық. Ол төмендегі компоненттерден тұрады:

1) денсаулығын сақтау мен жұмыс істеу қабілетін көтеруге сәйкес келетін еңбек шартын саналы құру;

2) мәдени іс-шараларға, дене шынықтыру сабақтары мен спортқа, демалыстың пассивті түрінен бас тарту, психикалық қабілеттерін жаттықтыру, аутотренинг, зиянды әдеттерден арылу (ішімдікті ішу, шылым шегу), орынды тамақтану, жеке бастың гигиеналық талаптарын сақтау, отбасында жағдай жасау;

3) еңбек ұжымында, отбасында тұлғааралық қатынас, ауру және мүгедектерге дұрыс қарым-қатынас қалыптастыру;

4) айнала қоршаған ортаға, табиғатқа ұқыпты қарау, қоғамдық орындарда және көлікте жұмыста жоғары мәдени тәртіпті сақтау;

5) дәрігерлік мекемелер ұйымдастырған алдын-алу іс-шараларына саналы қатысу, дәрігердің ұйғарымын орындау, алғашқы дәрігерлік көмек көрсете білу, медициналық әдебиеттерді оқу және т.б.

Жаңа мыңжылдықтың келуі, жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы адамзаттың денсаулығына қатер төндіретін мәселелердің пайда болуына әсерін тигізуде. Барлық дамыған елдерде тұрғындардың, оның ішінде жастардың денсаулығы негізгі ұлттық құндылықтардың бірі және мемлекет саясатының басты бағыты болып саналатынын ескерсек, осының бәрі олардың салауатты өмір сүруіне келіп тіреледі.

Салауатты өмір тіршілігі – денсаулықты сақтаудың және нығайтудың негізі, ол жан-жақты дамыған азаматтың қалыптасуына, оның рухани, дене дамуына әсер етеді. Соңғы жылдары өмір сүру салтының өзгеруіне байланысты ел арасында жұқпалы емес алиментарлық аурулар (жүрек-қантамыр аурулары, диабет, семіздік, анемия, зоб, ісіктің кейбір түрлері, т.б.) саны көбейіп кетті. Ұзақ өмір сүру үшін, сондай-ақ жас ұрпақтың дұрыс дамып, өсуі үшін тиімді тамақтанудың және азық-түлікті зиянды контаминанттардан қорғаудың маңызы ерекше. Тиімді тамақтану дегеніміз – тамақ ішу режимін бұзбай, күнделікті рациондағы негізгі қоректік заттар мен биобелсенді заттардың организмге қажетті үйлесімдігін сақтай отырып, энергия кірісі мен шығынының тепе- теңдігін сақтау. Сапалы тамақтану – денсаулық кепілі (әлсіз денеге ауру ұялайды).



«Ас - адамның арқауы, тәні саудың – жаны сау» дегендей, қазақ халқы асқа, тағамға үлкен мән берген. Егер адам денсаулығына әсер ететін бүкіл факторлардың жиынтығын алсақ, соның 35℅ тамақтанудың үлесіне тиеді. Әр түрлі ауруларды емдегенде тағамның шипалы әсерлерін пайдалану жөніндегі мағлұматтар көне заманнан бері бізге аян. Жалпы бұл саладағы тәжірибе дами келе тағаммен емдеу – диетология (емдәмтану) жеке ғылым ретінде пайда болды.

Диетология (грек diata – өмір сүру салты, тамақтану тәртібі, logos- ілім) – дені сау және әр түрлі ауруға шалдыққан адамның тиімді тамақтануы туралы ілім; дұрыс тамақтандырудың ғылыми негіздерін зерттеу және оны ұйымдастыру әдістерімен шұғылданады. Диетологияның ғылым ретінде пайда болуын көне заманнан бері Гиппократ есімімен байланыстырады. Салауатты тамақтану күделікті тіршіліктің ажырамас бөлігі болуы тиісі, және адамның физиологиялық, психикалық және әлеуметтік денсаулығына ықпал етуі тиіс.

Салауатты өмір салты аурудың алдын алудың негізі ретінде де қарастырылады. Ол қауіп-қатер факторларын (еңбек белсенділігінің төменгі деңгейі, пассивтілік, психикалық-эмоциялық зорланушылық, жоғары емес әлеуметтік белсенділік және төменгі мәдени деңгей, экологиялық сауатсыздық, гиподинамия, орынсыз және баланстық емес тамақтану, психобелсенді заттарға тәуелділік, темекі шегу, ішімдікті, наша мен токсинді заттарды пайдалану, отбасылық қарым-қатынастың шиеленісі, тұрмыс-жағдай, генетикалық қауіп және т.б.) жоюға бағытталған. Адам мен қоғамның денсаулығы әлеуметтік, табиғи және биологиялық факторларға тікелей байланысты. Салауатты өмір салтын қалыптастыру адам ағзасының мүмкіндіктерін, оның қызметінің ерекшеліктерін болжау, адамның физикалық, психикалық және рухани саулығының өзара байланысы, сондай-ақ, жастарды сан алуан спорт түрлеріне тікелей қатыстыру жолымен ағартушылық-ақпараттық түсіндіру жұмыстары барысында жүзеге асырылады.

Сондықтан дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын, денсаулық сақтау ортасын қалыптастыру жастардың бойына психикалық тұрақтылықты, тиімді кәсіби қызмет қажеттілігін қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын дарыту мен жеке тұлғалық сапаны қалыптастыру мақсатын қояды.

Салауатты өмір салтының адамгершілік қағидаларына негізделген өмір сүру бейнесі ретінде жастар арасында қалыптасуының маңызы өте зор. Жастық шақ - өзгерістер белеңі, өмірдің маңыздылығын түсіну, онда белгілі бір орынға ие болу кезеңі. Бұл кезеңде жастардың тұлғалық ерекшеліктері дами бастайды, қоғамдағы орнының белгілері қалыптасады. Осыған байланысты туындаған қиындықтар жағымсыз әрекеттерді тудырады. Сондықтан жастардың өмір сүруге қабілеттілігі мен белсенділігін қамтамасыз ету факторы ретінде салауатты өмір салтын қалыптастыру қоғамдық қажеттілік болып табылады.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру теориясының көпжылдық тарихы бар. Тарихи деректерді сараптасақ, адамзат қоғамы пайда болған алғашқы өмір сүру кезеңінде-ақ дене тәрбиесіне көңіл бөлініп, оны еңбек пен тұрмыстық өмірдің шарты ретінде қарастырған. Ол белгілі бір кезеңдерде арнайы ғылыми пәндерде: медицина, дене тәрбиесі және спорт, педагогика, әлеуметтануда жинақталатын білім жүйесін көрсетеді.

Бүгінгі таңда салауаттану (валеология- латынның «valeo» - дені сау және гректің «loges» ғылым деген сөздерінен құралған) дені сау адамдардың денсаулығын сақтау жөніндегі ғылыми пән ретінде жүргізіледі. Оны осы ғасырдың 60-шы жылдары И.И.Брахман енгізді.

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесімен Ресей ғалымдары (Н.М Амосов, Ю.П. Лисицын, Г.К. Зайцев және т.б.) және Отандық ғалымдар (Ә.С.Әділханов, Т.К.Бөлеев, Д.Ф.Ақбердиева, Т.Қ.Игисинов, А.С.Иманғалиев және т.б.) айналысып, денені дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру (СӨСҚ) әдістемесі туралы кітаптар мен мақалар жазды.

Республикада, обылыста, аймақта, қалада және ауданда салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруда медициналық алдын-алу орталығы ғылыми-әдістемелік және үйлестіруші буын болып есептелінеді. Олардың негізгі іс-әрекетінің бағыттары: денсаулық сақтау, аурудың алдын алу сұрақтары бойынша ақыл-кеңес беру; гигиеналық дағдыларды, сауатты гигиеналық тәртіпті қалыптастыру; денсаулыққа зиянды әдет-дағдылармен күресу; денсаулыққа қауіп-қатер тудыратын факторларды жеңу; алдын-ала емделу; халықта өмірге салауатты салауатты көзқарасын қалыптастыру. Медициналық алдын-алу орталықтарында кабинеттер жұмыс істейді: орынды және ұтымды дұрыс тамақтану, дене шынықтыру; мәдениет; психогигиена және ақыл-ой еңбегінің гигиеналық; тұрмыстық гигиеналық; денсаулыққа зиянды әдет-дағдылардың алдын-алу; некелік-отбасылық қатынас; генетика (неке және отбасы); кәсіптік бағдар; регламентация (аутотренинг) және т.б. Орталықтар барлық медициналық мекемелердің (емханалар, диспансерлер және т.б.) салауатты өмір салтын насихаттау, оқу-әдістемелік және ақпараттық әдебиеттермен қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық және әдістемелік іс-әрекетін үйлестіреді.

Демек салауатты өмір салтын қалыптастыру денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған адам тіршілігінің белсенді формасында қауіп-қатер факторларын жеңу жүйесін құру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет