І тарау. Жас ұрпақҚА Ұлттық ТӘрбие берудің Әдіснамалық негіздері 1 Ұлттық тәрбиенің көздері


Жас ұрпақ тәрбиесіне діннің әсері



бет24/52
Дата06.01.2022
өлшемі417,2 Kb.
#15088
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   52
Байланысты:
лекция улттык тарбие




1.11 Жас ұрпақ тәрбиесіне діннің әсері
Өркениеттің басты міндеті - адамды ойлануға үйрету.

Эдисон
Дін рухани мәдениет (латын cuItura жер өңдеу, егу тәрбиелеу, білім беру, құрметтеу)салаларының бірі. Дін - әлеуметтік институт ретінде адамзат қоғамымен бірге жасасып келе жатқан рухани құбылыс.

Батыс мәдениетінде «Дін» ұғым түсінігінің мәні екі мағынада түсіндіріледі. Оның бірінші мағынасы латын тіліндегі «religare» ұғымының түсінігі. Бұл ұғым түсінікпен жер мен көк /аспан/ арасында рухани байланыс бар екендігі түсіндіріледі. Ал екінші, осы латын тіліндегі «religo» ұғым – түсінігі – қасиетті, табыну заты, құдайға құлшылық ету мағынасында танылады. Екінші ұғым – түсінік біріншісіне қарағанда діннің мәнін нақтылы бейнелейді.

Батысқа қарағанда исламдық өркениетте «дін» терминінің мәні басқашалау түсіндіріледі. Мұның себебі «Дін» ұғымының кең ауқымдығы сан қырлы мән мағынасы исламға дейінгі араб елі тұрғындарының әртүрлі түсіндірілуіне байланысты.

Мұсылмандық дінтанушылардың түсіндірулерінше, дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Бүкіл әлемді және адамды жаратушы ие – Жалғыз Алла адам баласының жүрегін өзіне ұштастыра жаратады, яғни Жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлшегі екенінадам өз жүрегі арқылы сезіну керек дейді.

Қоғамдағы діннің орны мен қызметі өте күрделі. Діни қатынастардың ерекшелігі ол қоғамдық әлеуметтік-экономикалық және мәдени, рухани сфералардан көрінеді.

Дін, адамзатпен бірге пайда болды, адаммен бірге тіршілік етуде және куә болғанымыздай адамзатпен бірге болмысын сақтайтын тәңірлік жүйе. Адамзат тарихында наным-сенімсіз ешқандай қауымды кездестіре алмайды. Тарихи кезеңдерде болғаны секілді б.з.д. кезеңдерде де адамзаттың кейбір діни сеніммен өмір сүргендігі ғылыми зерттеулерде кездесіп жатады. Біз бұдан қоғамның бірлігін сақтайтын негіз дін екендігін көре аламыз. Мұнымен қатар философия, құқық, этика секілді адам жайындағы білімнің қайнары дін екендігі қабыл етілуде. Тіпті Виктор Кузин «Әрбір нәрсе дін төңірегінде, дін үшін, дінмен қалыптасты» - дей келе діннің тақырыбы мен саласын одан әрі кеңейте түсті.

Барлық қоғамда дін ұғымын білдіретін бір сөз қолданылады. Дін сөзі тарихи беттерінде Авестада «daena», пеһлеви тілінде (ежелгі парсы тілінде) «den» кейінгі парсы тілінде «din» секілді сөздермен түсіндірілуде: жол, мәзһаб, құлшылық рәсімдері, амал, тәсіл деген мағыналарға келеді. Қазіргі таңда дін ұғымы, тек қана «дін» сөзінің орнына қолданылуда.

Иврит тілінде де алғашында ғибадат, құрбан және дұға істерін бағалау мақсатында қолданылған «abodath elohim» тұрақты сөз тіркесі сонымен қатар «дін» ұғымын да білдірген. Дін ұғымын білдіру үшін кей уақыттарда психологиялық термин болып есептелетін. «yir’ah» (қорқыныш, үрей) «ömanath»(иман) сияқты сөздер қолданылған. Алайда Киелі Кітаптан кейінгі әдебиеттерде «dath» сөзі дін үшін қоғамдық термин болды. Бұл сөздің парсы тіліндегі «dad» тан алынғандығы, Езра және Естер кітаптарында үкім, әмір, бұйрық мағынасында қолданылғандығын алға тартады.

Көне Грек тілінде дін сөзі қорқыныш пен аралас құрмет мағынасына келетін «thri oheya» сөзімен қалыптасқан еді. (бұл сөз әдет - ғұрып мағынасына келеді)

Сөздіктерде түрік тілінде қолданылатын «дін» сөзінің араб тілінен келгендігі белгілі. Исламнан бұрын түркілердің дін ұғымын түсіндіру үшін қилы кезеңдерде «drm», «dapm», «nom», «den» секілді сөздерді қолданғандығы деректерде кездеседі. Бұлардан «drm», «darm» дін, сенім мағынасында, санскритше «dharma» дан (пали тілінде dhamma) «nom», дін, сенім, заң мағынасы соғды тілінен өкендігі белгілі. Бірақ тарихи кезеңдерде түркі халықтары мен мемлекттерінде дін ұғымын түсіндіу үшін қай сөзді қолданғандығын нақты айту қиын. Мұнымен қатар ұйғырлар арасында дін мен мәзһәб сөзінің орнына дін сөзін қолданғандығын көреміз. Арабшадағы «дін» сөзі орта Ираннан шыққан деп айтылуда. Қысқасы арабша, ежелгі Иран және ескі түрікшедегі дін сөзінің қайдан шыққандығы жайлы нақты бір байламға келген жоқ.

Батыс әлемі философия, ғылыми кейбір мәселелерде Ренессанстан (қайта өрлеу дәуірі) кейін ежелгі Грециядан әсерленсе де «дін» тіркесін ежелгі Гециядан да, христиандықтан тараған иудаизмнен де емес ежелгі пұтқа табынушы Римнен алған. Латыншада дін ұғымы үшін үлкен құрмет, мұқияттылық, талғампаздық, тағзым етілген зат мағынасына келетін «religio» сөзі қолданылуда еді. Бұл сөздің бір нәрсені міндетіне алу, қайта-қайта оқу, орындау, селқостық танытпау мағынасына келетін және Ұлы күшке деген міндетін мұқияттылықпен орындау мағынасына келетін «re-legere» ден немесе байлау мағынасына келетін және адам мен жаратушысы арасындағы байланысты білдіретін «re-llgare» ден шыққандығы алға тартылады. Мұнымен қатар қазіргі таңда Батыс әлемінде қолданылып жүрген «religion» сөзін де жоғарыда аталып өткен екі мағынаныда білдіретіндігі айтылған.

Индуизмнің қасиетті санскрит тілінде дін мағынасында «dhr» түбірінен шыққан «dharma» сөзі қолданылады. Сөз санскрит тілінде дамып, буддизмнің қасиетті тілі пали тілінде доктирина мағынасындағы «dhamma» деп келген. Бұл сөз дін, ақиқат, заң, жол, міндет, жүйе, туралық, абзал деген мағыналарды қамтиды. «Dharma» адамдардың қалай әрекет ететіндіктерін белгілейтін тәртіпті білдіреді. Мұнда діні және эстетикалық жүйе сөз болғаны секілді аспан әлемінің жүйенінен де сөз қозғайды. Бұл термин индуизмде болғаны сияқты буддизм, джайнизмде де «мәңгілік заң» орнына қолданылады.

Діннің жүздеген анықтамасы бар. Түрлі ғылым тармақтарының ғалымдары өзінің түсінігіне сай дінге анықтама берген. Бұл анықтамалардың ешқайсысы бір байламға келмеген. Дін жан-жақты білім саласы. Сондықтан әрбір ғалым діннің бір жағына баса назар аудара отырып анықтама берген.

«Дін адамның мәңгілікті түсінуін нығайтатын, ақыл-ойға жол бермейтін бір қабілет» Макс Мюллер.

«Дін, абсолюттік мойынсұну сезімінен құралады» Шлаейермахер.

«Дін, дағдыланған іс-әректтерімізді еркін орындауға кедергі келтіретін тыйымдардың жинағы» Салмон Рейна (S.Reinach).

«Дін бір сенімдер, жүріс-тұрыстар және әлеуметтік өмірдің белгілі шарттарына сәйкес жинақталған қоғамдардың жүйесі» Тиллих.

«Дін әрдайым өмір иесі бір тәңірге, яғни бір иләһи түсінік пен қалаудың әлемді билейтініне және адамзатқа байланысты этикалық қарым-қатынастардың құдіретінде екендігіне сену» Жеймс Мартино (J. Martipeau)

«Дін бір жамағаттың ортаға шығуын қамтамасыз ететін діни салт және сенімдер жүйесі» Э. Дюркгейм. Бұл анықтамаларда дін: қастерлі ұғымды, сенім, ақыл мен құндылықтар ұғымы және Тәңір секілді мәселелерге баса назар аударған. Бұл анықтамалар діннің бір жағына ғана баса назар аудара отырып жасалынғандықтан, барлығы да құптаған бір анықтама жоқ. Бұл анықтамалардағы үйлеспеушілік, бір жағынан дін мәселесінің шиеленісуінен, тағы бір жағы бұл анықтамаларды берген кісілердің субьективтік көзқарасы түйсік және өмірлік пікірлер, сонымен қатар өмір сүрген орталарының жалпы жағдайына қарай туындаған. Діннің нақты түсіндірілуі яғни барлық діндерді қамтитын анықтамасы тек қана дін терминінің шекарасы белгілі болғанда ғана жасалады. Сондықтан да дін ғылымдары тұрғысынан «дін» болуы үшін мына нәрселер қажетті: 1. Адамзаттан жоғары бір күштерге сенім (тәңірлер, періштелер, жындар т.б.) 2. Қасиетті болып, болмағандығын белгілейтін мәселелер. 3. Ғибадат, діни құлшылық және рәсімдер. 4. Иләһи бір қайнары бар қасиетті кітаптар-мәтіндер, ауызекі келген салт-дәстүрлер, мінез-құлыққа қатысты (ахлақи) заңнамалар. 5. Табиғаттан, адамнан жоғары бір күштерге қатысты діни сезімдер (қорқу, сыр, сенім, күнәһарлық, сыйыну, тәуелділік, тәубе т.б. 6. Адамзаттан тыс күштермен байланыс (уахи, илхам, пайғамбар, дұға, жалбарыну т.б.) 7. Бір әлем мен адам көзқарасы, өмір мен өлімнен кейінгі сенімі. 8. Өмір жүйесі. 9. Жамағат. 10. Түп нұсқасының болуы, жасанды болмауы. 11. Саяси мақсатпен немесе пайда табу мақсатында құрылмаған болуы, кіршіксіз таза бір жаратылысқа ие болуы тиіс.

Жоғарыдағы мәселелерді қортындылар болсақ, жалпы бір дінде мына нәрселер болады. Тәңір түсінігі, сенім, ғибадат, ахлақ, қасиетті кітап, уахи-ихлам, пайғамбар, құрушы және жамағат. Бұл нәрселерге қарай отырып діндер тарихы тұрғысынан дінге мынадай анықтама беріледі. «Дін бір жамағаттың болуы, қасиетті кітап, пайғамбар немесе құрушы, Тәңір ұғымы бар сенім жүйесі және бұл жүйеге қатысты жасалатын құлшылық, орындауға талпынатын этикалық құралдар жиынтығы»

Қысқаша айтар болсақ діннің анықтамасы: сенім мен іс-әрекет түрлері және адамдар арасындағы қарым-қатынасты ретке келтіретін, сонымен адамдардың ізгі істер жасауын, бейбітшілік пен тыныштық ішінде, бір жерде өмір сүруін қамтамасыз ететін құралдар жиынтығы дейді.

Қазіргі таңда түрлі себептерге байланысты басқа діндерді үйрену зиялы тұлға үшін сөзсіз міндетке айналды. Өйткені әрбір зиялы тұлғаның жалпы мәдениеттер ішінде діндер тарихының мәдениетіне де мұқтаждығы бар.

Діндер тарихы түрлі діндерді жан-жақты үйрететін ғылым саласы. Діндер тарихының көмегімен дін фактілерін салыстыру арқылы жақсы түсіне алады. Бүгінгі күнде адамдар және қоғамдар бір-бірімен сауда-саттық, экономикалық, саяси, мәдени, әскери, діни байланыстар орнатуда. Бұл қарым-қатынастың дұрыс жолға қойылуы діни сенімдердің үйреніліп соған қарай мәміле жасауға байланысты. Тағы бір жағы бұқаралық ақпарат құралдары, саясат, спорт жарыстары секілді себептермен адамдардың өздері жайлы мағлұмат алу жолы және мүмкіндіктері артты. Осының нәтижесінде басқа сенімдер және тіпті өмірден өткен адамдардың сенімдері жайлы қызығушылық артты. Сонымен қатар діндер арасында бәсеке, миссионерлердің әрекеттері, адамдардың өз діндері мен басқа діндерді де дұрыс үйренуіне түрткі болды. Бір дінді қорғауға тырысу, басқа діндерді жан-жақты үйренуге байланысты екендігі ұмытылмауы тиіс мәселе. Әрбір дін өкілі ұстанған дінін одан әрі жақсы түсінуге, ұғына білуге және басқа діндердің алдында қорғауға мән беруде. Әрбір адам ұстанған дінін ең дұрыс дін деп ойлайды және бұл діннен бас тартпаймын деп есептейді. Кез-келген адамның бір дінге күйе жағудан, жамандаудан аулақ болып, өзінің ұстанған дініне берік болуын және оған мән беруін қалыпты жағдай деп біледі. Осы себепті Шәһристани «Әл-Миләл уән-Ниһәл» атты еңбегін жазуының себебін «Оқығандарға ғыбрат, мұнан ғыбрат алғандарға да бір шамшырақ (жол көрсетсін) болсын деп бір қорытындыда жинақтадым», - дей отырып ойын ортаға салады.

Көп ұлтты, көп конфессиялы республикада мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері бірнеше діндердің орталықтары пайда болды.Бүгінгі күрделі саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістер тұсында діни идеология ұлт, қоғам өмірінде әртүрлі қызмет атқарып отыр. Дін - адамзаттың, халықтардың ежелден келе жатқан қоғамдық санасының бip түрі, ол да әлемге құндылық ретінде қарау, адамды діни рухани-имандылық дәстүрде тәрбиелеу мәселелерін көтереді.

Ұлттық мәдени дәстүрді жаңғырту, тарихи сананы, имандылықты дәріптеу діннің коғамда алатын орнын өзгертті. Діннің шығуына да себеп болған қоғамдық болмыс екендігі белгілі. Дінмен ұлттық мінез, салт-дәстүр де байланысты.

Дінді оқытқанда оны адамзат мәдениетінің бip бөлігі ретінде қарастыру керек. Барлық дінде сүйіспеншілік, үміт, бейбітшілік, әділдік, ізгілік, қайырымдылық деген ұғымдар негізінде тәрбиелеу ұстанымы жатыр. Дін иделогияның бедел алатын ең бip маңызды негізі, оның тек орындалмаған мұрат-мақсаттың, үміт-сенімнің бұл дүниенің жалғандығының орнын толықтыратындығында емес, дін - ұлттың мәдениеттің, тарихтың, әлеуметтік құрылымның маңызды бөлігі болып саналады.

Қазақ жерінде ғасырлар бойы түрлі дінді ұстанған әралуан халықтар өзара келісім мен татулықта өмір сүріп келеді. Сондықтан да қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлем үшін дінаралық және ұлтаралық келісім салтанат құрған тату елдің жарқын үлгісіне айналып отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз. Көпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылған», - деп атап көрсетті.

Қазақстан әлем мойындаған мәдениетаралық және конфессияаралық сұхбат орталығына айналды. Қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың конституциялық басымдылығын сақтау, конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайту, азаматтардың діни сенім бостандығына құқығын іске асыру, дінде экстремизм жоқ деп тану – радикалдық және экстремистік ағымдар идеологиясына қарсы іс-әрекет етудің қағидаттары болып табылады.

Адамдардың діни сенімдеріне қатысты Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабында: «Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар» делінген. Адамның қандай діни сенімге eнyi, оның жеке басының ici.

Конституцияның бeciншi бабында дін және діни бірлестіктер туралы былай жазылған:

Он тоғызыншы бапта:



3. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылықка бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді» деп көрсетілген.

Демек, дін және діни бірлестіктер туралы құқықтық конституциялық


негіз жасалған. Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болып жарияланған соң, дін бостандығы жаңа арнаға түсті. Қазіргі Қазақстанда 40-тан астам конфессия мен деноминациядан өкілдік танытатын 2192 дінибірлестік құқық қорғау орындарында тіркелген. Сонымен қатар, 246 шетелдік миссионер республика көлемінде әрекет етеді. Мұның бәрі 1992 жылғы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңмен реттелген. Қазақстандағы этникалық бірлік пен конфессияаралық келісімді нығайту барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылы 5 желтоқсанда «Қазақстан Республикасында діни сенім бостандығын қамтамасыз ету мен мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды жетілдіру жөніндегі бағдарламасы жарияланды. 2011 жылы Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы өз күшіне енді.

Дін мәселесін дінтану ғылымы зерттейді. Теология (көне грек teos-құдай, logos-ілім) немесе конфессионалдык ілім (konfessiо - мойындау, ғибадат қылу, белгілі бip дінді мойындайтын діни бірлестік) адам мен Жаратушының, адам мен Абсалюттың, адам мен біздің түсінігімізден тыс күштердің қатынасын зерттейді, дінді оның қағидаларына сүйеніп негіздейді.

Конфессия - өзіндік діни және тарихи негізінде қалыптасқан, шынайы діннің құқықтық табиғатына сәйкес келетін, дәстүрлі дін. Конфессия терминін жалпы діни ұйымдарға қатысты қолданып жүр. Конфессия - өзіндік діни және тарихи жүйесімен қалыптасып келе жатқан ұйымдық жүйе.

Діни бірлестіктің түpi: діни мекеме /мешіт, шіркеу,
діни оқу орны) діни секта және деноминация. Бұлардың ішінде шіркеу, мешіт т.б. бірлестіктердің неғұрлым кең түрі болып саналады. Олардың орталықтандырылған (бір ортаға бағынатын) құрылымы және төменнен жоғарыға дейінгі басқару жүйесі бар.

Бүгінгі күрделі саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістер тұсында діни идеология ұлт, қоғам өмірінде әртүрлі қызмет атқарып отыр. Ұлттық мәдени дәстүрлікті жаңғырту, тарихи сананы, имандылықты дәріптеу діннің қоғамда алатын орнын өзгертті. Діннің шығуына да себеп болған қоғамдық болмыс екенідігі белгілі. Дін мен ұлттық мінез, салт-дәстүр де байланысты.

Дін – төлтума мәдениет, өмір салты. Ұлттық сананың басты тірегі және өзін-өзі танудың маңызды жолы. Қазіргі дінтану дін мен ұлттық қауымдастық байланыстарының алуан түрлігін анықтады. Негізінен оны үш топқа бөлуге болады:


  1. Бірнеше ұлт бір дінді уағыздайды, бұған дүниежүзілік діндер жатады (Әлемдік діндер - Ислам, Православие, Буддизм, Католицизм, Христиан, Протестаннизм).

  2. Ұлттық діндер (діннің ықпалы бір ұлтпен шектеледі: Иудаизм, Индуизм, Конфуцийшідік, Даосизм, Сикхизм, Джайнизм, Синтоизм, Зороастризм және т.б.).

  3. Бір ұлттық қауымдастықтың бірнеше дінді уағыздауы.

Дін мен ұлттық идея кейбір мәселелерге ғана дәл үйлеседі және бұл арақатынас халықтың этностық және діни құрамына байланысты. Адамгершілік қағидалар мен ұлттық құндылықтар дінге жақын жанасып жатса, дінді қорғау ұлттық идеяның маңызды мұратына айналады. Ұлттық идея діннен халық наным-сенімдеріне, адамгершілік ой-пікіріне, жақсылық пен жамандықтың араларын айыратын рухани негіз іздесе, діни ұлттық идеяға адамгершілік таразысынан екшеленіп өткен, тарихи дүниетанымға сінген қазыналарын сіңірген.

Қазақ мәдениетінің мәніндегі діни сананың мазмұны исламнан бастау алады. Діни сана ислам құндылықтарын ақпараттық сұрыптау рөлін атқарады. Діни сана – ұлттың болмысы, табиғаты, ерекшелігі. Ұлттың мәдени қабаттары – тіл арқылы исламның құндылықтық, ақпараттық, дүниетанымдық, ділдік, психологиялық, эстетикалық, этикалық ұғымдары, түсініктері, тұжырымдары, анықтамалары орныққан. Қазақ ұлты дінді ардың көзі, рухты, қалыпты, адамдықты сақтаудың өлшемі ретінде қабылданған. Ислам дінінің негізгі қағидасы – адамды кемелдікке жетелеу.

Елімізде әртүрлі діндер мен конфессия өкілдерінің бейбіт өмір сүруі және өзара тиімді іс-әрекет етуіне қолайлы жағдайлар жасалған. Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар әлемдегі көптеген елдер үшін үлгі болып отыр. Жалпы, дін қоғам мен мемлекет дамуының қажетті және сөзсіз жағымды факторына айнала бастады.

Дегенменде, дін әуел баста адамдардың тек рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қызмет етті десек, ендігі жерде оның өзге алуан түрлі жақтарынан көрсетіп бағуда. Қазіргі кезде өскелең ұрпақтың діни сенімді экстремизм, фанатизм, фундаментализм құбылыстарымен тығыз байланысты деп те ұғынуда.

«Фундаментализм», «фанатизм», «экстремизм» ұғымдарының ғылыми тұжырымдалған анықтамаларын қарапайым адамдар біле бермейтіндігі анық. Олардың түсінігінде, ол сөздер «қатыгездік», «бұзақы», тіпті «зұлым» және тағы басқа мағынада қабылдануы мүмкін.

Діни экстремизм құбылысымен байланысты проблемалардың зерттелуі Кеңес Үкіметі тұсында яғни 70-жылдардан бастап, қолға алына бастады. Ол еңбектерде негізінен, КСРО ішіндегі діни секталар мен ұйымдардың кейбір заңсыз бой көрсетулері қарастырылып, коммунистік-атеистік қоғамға жат құбылыс деп дәлелденді. Сол кездері бұл проблемаға басты назар аударып, оның мән-мағынасы төңірегінде біраз еңбек жазғандар: И.И.Баражников, Э.Г.Филимонов, В.Н.Арестов, Э.И.Лисовцев, И.А.Колесникова және тағы басқа. Олар еңбектерінде діни экстремизмнің саясатпен, идеологиямен, құқықпен және әдет-ғұрыппен тығыз байланыста екендігін аша келе, дінді бүркенген мемлекет пен қоғамға қарсы бағытталған құбылыс деп көрсетті. Сол кезеңге сай діни экстремизмнің әлеуметтік бет-пердесі және оның қоғамда алатын орны пайда болу себептері мен өміршеңдігі, діни экстремистік пиғылдағы топтардың әлеуметтік құрамы мен іс-қимылдарының түрі, көрініс беруінің жолдары талданып, әрі онымен күресудің тиімді жолдары ұсынылды.

Дін мен діни экстремизм құбылыс арасындағы байланыс мәселесіне келгенде бүгінгі көптеген қазақстандық ғалымдар мен саясаткерлер, діни қайраткерлер, негізінен, атаудың өзі орынды алынбаған деген пікір айтады. Олардың ойынша, дін мен діни сенімнің негізгі мақсаты – адам баласының ішкі дүниесін, рухани болмысын реттеуге бағытталған. Ғылыми тұжырымдама бойынша дінге адам баласы алдымен өзіне түсініксіз, ақыл-ойымен шеше алмайтын сұрақтар мен дүниедегі құбылыстарға жауап табу үшін де ұмтылады делінсе, діндарлардың түсінігінде бұл сұрақты дәл осылай қоюдың өзі – қате деп саналатындағында күмән жоқ.

Діни экстремизм, негізінен, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының нашарлауымен, халықтың тұрмыс жағдайы құлдыраумен, адамдардың үкіметке және оның жүргізіп отырған саясатына риза болмаған жағдайларында, сонымен қатар адамдардың тіршілігіне әсер ететін моральдық-психологиялық факторлар орын алған жағдайда көрініс береді.

Қазіргі адамзат қоғамының негізгі ерекшелігі əлем мемлекеттерінің өзара жақындасуы барлық мемлекеттер үшін өркениет стандарттары қалай ортақ болса, қайшылықтар мен қауіптер де сонша ортақ. Кейінгі онжылдықта адамзатқа ортақ қауіптердің қатарына терроризм келіп қосылды.

«Террор» сөзінің анықтамасы латын тілінен аударғанда «үрей, қорқыныш» мағнасына келеді. Жалпы террор дегеніміз – күші басым қарсыластың аса əлсіз қарсыласты басып, жаншу құралы болып табылады. Ал, терроризм дегеніміз – зорлық қолданумен жасалатын қылмыс. Терроризмге жалпы қауіп төндіру, əрекетті көпшілік алдында іске асыру, əлеуметтік деңгейде саналы түрде шиеленісті үрейлі жағдайды қалыптастыру, қайсы бір талаптарды қанағаттандыру мақсатында белгілі бір адамдарға ықпал ету тəн. Терроризмнің ең басты ерекшелігі – оның шекарасының болмауы жəне күтпеген сəтте, күтпеген жерде іске асуы. Лаңкестік XXI ғасырдың басында тіптен ушығып кетті. Қазір əлемнің көпшілік мемлекеттері терроризмге қарсы күресте үлкен қаржы жұмсауға мəжбүр.

1995 жылы Жапонның діни экстремистері адамның жүйке жүйелерін жансыздандыратын улы газбен Токио метросында 12 адамды улап өлтіріп, 5000-нан аса адамды ауыр кеселге душар етті. Терроризм бүгінгі таңда ғана пайда болған жоқ. Тарихқа жүгінсек, біздің заманымыздың бірінші ғасырының өзінде-ақ Иудейде сикарилер сектасы əрекет еткен. Олар римдіктермен қызметтес болған, яғни отарлаушылармен ауыз жаласқан еврей ақсүйектерінің өкілдерін өлтіріп отырған. Сонау Фома Аквинский жəне христиан шіркеулерінің басшылары халыққа қас басқарушына өлтіру идеясын қолдаған.

Терроризммен күрес жолдарын айта келіп елбасы Н.Ə.Назарбаев Қазақстаннның бірінші күннен бастап антитеррорлық коалицияны қолдайтынын, қорқынышты, жауыздықты тек қана күш біріктірумен жоя алатынын атап көрсетті.

Қорыта келгенде, діни ұстанымды ұстай отырып, адамдарға қатыгездік жасау, ешқандай әділеттілік көтере алмайды. Ал, əділеттілік əлем мемлекеттерінің сыйластық жағдайында ғана болады.

Қазақстанда ресми түрде тіркелген діндер өте көп. Ал осы саны көп діни ошақтардың сапасы қандай екені, олар қандай идеяларды уағыздайтыны және олардың идеяларын қабылдаушылар кімдер екені көбінесе назардан тыс қалдырмау қажет. Діни жағдай феноменінің негізгі ерекшелігі оның үздіксіз жаңаруы, тосын құбылыстардан көрініп отыруы. Діннің пайда болуы мен таралуының өзі әр қоғамда әр түрлі болады. Демек, бұл мәселені зерттеу де толассыз ізденісте болуы керек. Діни қатынастардың ерекшелігі ол қоғамдық әлеуметтік-экономикалық және мәдени, рухани сфералардан көрініс беріп отырады.

Сондықтан тек бір ғана діни қатынастар мәселесімен айналысу мүмкін емес. Діни қатынастар табиғатының құпиялығы мен көп жақтылығы оның өте күрделі құбылыс екендігін дәлелдейді. Осыған орай дін мәселесіне байланысы мемлекетік саясаттың рөлі ерекше арта түсу қажет.

Абайдың «адамдардың руханилығындағы негізгі нәрсе – дін, ол күнделікті тіршіліктегі, өтпелі әлемдегі азғындыққа қарсы тұратын Құдайдың мәңгі шындығы» - деп ерекше дәлеледі атап көрсетуі жастарға діни тәрбие беруде басшылыққа алынуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет