І тарау. Жас ұрпақҚА Ұлттық ТӘрбие берудің Әдіснамалық негіздері 1 Ұлттық тәрбиенің көздері


Ұлтаралық және конфессияаралық келісім – қазақстандық қоғам тұрақтылығының негізі



бет22/52
Дата06.01.2022
өлшемі417,2 Kb.
#15088
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   52
Байланысты:
лекция улттык тарбие

1.10 Ұлтаралық және конфессияаралық келісім – қазақстандық қоғам тұрақтылығының негізі
Өзіңе сенгенің, іштей Құдайға сенгенің

Ральф Эмерсон
Қазақстан Республикасы өзіндік саяси және экономикалық жүйесі бар, көптеген әлем елдері мойындаған егеменді, тәуелсіз мемлекет. Ол бүкіл әлемге егеменді ел ретінде мойындатып, қазақ ұлтын, сондай-ақ, көпұлтты мемлекетімізді халықаралық деңгейде таныта алды. Мұнда бүгінгі таңда өзара татулық пен келісімде жүзден астам ұлттар мен этностар, этникалық топтар өкілдері тұрады.

Елдегі ұлтаралық келісім мәселелеріне ықпалын тигізіп келе жатқан ұйымдарының бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады. Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) — Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кеңесші орган. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы» Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында 1995 ж. наурыздың бірінші жұлдызында құрылған.

ҚХА-ның мақсаты - республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларға болжам жасау негізінде қоғамдағы ынтымақты қамтамасыз ететін іс-тәжірибелік ұсыныстарды ойластыру, ҚР Президентінің республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі қызметіне ат салысу. Ассамблея: мәдени-ағартушылық — тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту және насихаттау; тәрбиелік - қазақстандық және ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыру; ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту; Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау ісімен айналысады.

Қазақстан – жаңа саяси-басқару және әлеуметтік-экономикалық құрылымы қалыптасқан мемлекет. Мұнда жалпыадамзаттық құндылықтардың ішінде бостандықты, еркіндікті, өзара келісімді қоятын көптеген ұлт өкілдері бейбіт және тату-тәтті өмір сүруде. Аса жоғарғы руханият пен ой-өріс жоғарылығы үйлесім тапқан қазақстандықтардың күш-қайраты қоғам өмірін батыл да түбегейлі қайта құруда шешулі фактор болып табылады.

Елеміздегі ұлт саясаты: адам құқықтары мен ұлт құқықтарының мен ұлт құқықтарының парасаты түрде үйлесім табуы; ұлттар, ұлыстар мен халықтар арасындағы ізгілік, ұлтаралық келісім мен ынтымастық қатынастары, өзара көмек пен бірін-бірі қолдау; қоғамның тұрақтылығы мен тұтастығы; ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтардың үйлестірілуі; конструтивті ұлттық-ерекшелікті мүдделердің жүзеге асырылуы; елдегі барлық ұлттар мен ұлыстардың әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуының теңдігі мен теңестіріуі және т.б. қағидаларға сүйенеді.

Әлеуметтік-этникалық үдерістер мен халықтардың өзара қатынастарын дамыту проблемасы қоғам өміріндегі аса қиын да күрделі құбылыс болып табылады. Өйткені біздің әлемімізде үш мыңнан астам ұлттар, ұлыстар мен тайпалар өмір сүреді. Олардың ішінде үлкендері мен кішілері де, азаттық алғандары да, қаналушылары да бар. Ал солар әлеуметтік-экономикалық дамудың түрлі сатысында тұрмыс құрып отыр. Дүние жүзіндегі түрліше халықтардың тоқсан пайыздан астамы көпұлтты мемлекет құрамында өмір сүруде.

«Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың» маңыздылығын қарастырғанда, ең алдымен оның саясаттың өзекті бip субъектісі ретіндегі ерекшелігін, адамзаттың қоғамдық өркениетті дамуындағы алар орны мен рөлін айқындаумен қатар, «әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың түрін», оның сипатын ұғынуын пайымдаудан бастау қажет.

Терминдік тұрғыдан алғанда, «әлеуметтік-этникалық қауымдастық түрінің» өзіне тән ғылыми-теориялық ерекшелігі бар. Атап айтқанда бұл, яғни әлеуметтік этникалық қауымдастық қоғамдық өмірдің сан салалы ic-әрекетінде адамдардың этникалық өмір тіршілігімен тікелей байланысты болғандықтан күрделі де ықпалды құбылыс ретінде көрініс табады. Бipaқ бұл құбылысты жеке-дара бip қоғамдық-экономикалық формацияға ғана тән деп санауға ешбip негіз жоқ. Бұл құбылыстың әлемдік ауқымы да өмір сүріп отырған қаншама халыққа, жеке адамдар тобынан ортақ ықпалды мәні бар.

Keйбip ғалымдар адамдар қауымдастығының әлеуметтік-этникалықтүрлерінің үш түрі бар деп тұжырымдайды, ол - рулық-тайпалық қауымдастық, ұлыс, ұлт. Ал басқа бip топ ғалымдар - осындай қауымдастықтың - ру, тайпа, ұлыс, ұлт деп аталатын төрт түрі бар деседі. Орыс этнографы С.А.Токарев адамдар қауымдастығының әлеуметтік-этникалық түрін басқаша қарастырған. Мысалы: адамдар қауымдастығының әлеуметтік-этникалық түрі тайпа, демос, ұлыс, ұлт деп пайымдаса, политолог, ғалым Р.Әбсаттаров «әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың негізгі түрлері - рулық-тайпалық қауымдастық, ұлыс және ұлт» деп тұжырымдайды. Шынында, түрлі халықтың ұзақ ғұмыр кeшуі, даму қарқынына сәйкес адамдар әлеуметтік-экономикалық жағдайларының ерекшеліктеріне тікелей қатысты өмір сүреді.

Қауымдастықтың әлеуметтік-этникалық түрі - бұл нақты түрде өмір cүpiп отырған, салыстырмалы түрде біртұтастығымен ерекшеленетін адамдардың үлкен бip топтары, бірлестігінің жиынтығы. Осындай қауымдастық этникалық пен ұлттық қатынастар үдерісінде дербес саясат субъектісі ретінде көрініп, экономикалық байланыстар, тіл, жер және мәдениет салаларының ортақтығымен дараланатын қауымдастық болып табылады.

Мемлекет құраушы халық ретінде қазақ халқы елдегі этносаралық бірлік пен келісімнің сақталуына қалай жауапты болса, басқа этностар да мемлекеттің алдында өз жауапкершілігін соншалықты сезінуі қажет.

Ұлтаралық қатынас мәдениеті ұлттық, жалпыадамзаттықтың бірлігі көрінісінің ерекше формасын танытады. Яғни, ұлтаралық мәдениет әр алуандықтың бірлігін: ұлттық, жалпыадамзаттың бірлігін, күллі өркениеттінің бірлігін діттейді. Әpбip халықтың мәдениеті ұлтішілік және ұлтаралық негіздерде қалыптасып, соның шеңберінде дамып, жетіледі де соңынан өзінің ғана емес, сонымен бipre, басқа халықтардың да тәжірибесін басқа арнаға бұрады.

Этникалық бірлік мәдениетін бекіте түсу үшін моральдық ұстаным ғана емес, сонымен бipre, адамдар өмір сүріп, жұмыс істейтін салауатты микроәлеуметтік ортаның да маңызы зор. Біздің елімізде ұлтаралық қарым- қатынастың болуы - әділ шындық. Егер басқа халықтардың, олардың жекеленген өкілдерінің ұлттық ар-намысы құрметтелмейтін болса, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті туралы айтуға болмайды. Бұл халықтардың барлық әлеуметтік категорияларына қатысты, бірақ зиялы қауым үшін ерекше мәнге ие.

Ұлттылықтың ең тұрақты да, негізгі белгісі - қауымдастықтың ішкі


этникалық біртұтастық жүйесін құруы. Жалпы біртұтастық қоғамдық өмір
даму эволюциясының өзегін құрайтын қоғамдық қатынастардың экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани, құқықтық, діни және т.б. жетілу
деңгейіне негізделген. Сонымен, ұлттылық халықтың іштей 6ipiryi мен
табиғи-тарихи дамуда белrілі 6ip биіктерге көтеріліп, өз тарихының нақты
субъектісіне айналғандығының белгісі, рулық, тайпалық ыдыраушылықты
жояды. Бұл кезеңде этникалық қауымдастық рулық, тайпалық, касталық
немесе басқадай ыдыраушылықтан арылып, этникалық өзіндік сананың
жүйеленіп, ұлттық психологияның құрылымы бірегейленеді. Этникалық
мәдениет ұлттық мәдениет деңгейіне дейін көтеріледі. Соның арқасында
жалпыадамзаттық мәдениетке қомақты үлесін қосатын шамаға көтеріліп,
басқа халықтармен терезесі тең жағдайда қарым-қатынас жасайтын деңгейге қол жеткізеді. Сонымен, ұлттылық, бір жағынан, әлеуметтік-этникалық даму сатыларының заңды көрінісі, нәтижесі болса, екінші жағынан, әрі қарай қауымдастықтың, оның жеке өкілінің (яғни тұлғаның) өркендеуінің, жаңғырыуының, түрленуінің негізі болып табылады.

Этникааралық қатынастың негізінде тұлға тәрбиеленіп, этникалық тәрбиемен ықпалдасады. Этникалық тәрбие ізгілікті-пайымдық ұғымдарды анықтай отырып, парыз, ар-намыс, ұждан, шыдамдылық, сүйіспеншілік, басқаның басына түскен қиындыққа қол ұшын беру, қажеттілік ізгілікті шығармашылық қауымдық ic-әрекет, ұлттық ортадан туындаған ұлттық психология, қауымдық қызмет және т.б. жағдайларды ескеру нәтижесінде icкe асырылады.

Ұлттық тәрбие жұмысы елдегі тұрақтылық пен келісімді, бірлікті нығайтуға бағытталады. Адамдар қоғамда қандай болмасын күрделі, шиеленісті мәселені ымыра, консенсус арқылы, шешуге болатынын үйретеді.

Қазақстан өзінің көп конфессиялық және этникалық әр алуандығымен ерекшеленетін әлемдегі аздаған елдердің бірі. Конфессияаралық келісімнің негізіндегі қазақстандық қоғамның өн бойына жалпыазаматтық сана, дәстүрлі қазақ менталитеті және елдегі түрлі диаспоралардың өзіндік ерекшеліктерін жинақтаған рухани-адамгершілік ауызбіршілігі.

Әлемдегі елдердің басым көпшілігі көпұлтты болғандықтан, әр түрлі этностардың басын қосу, мемлекеттің тұтастығын сақтау – оның мәдениеттілігінің басты белгісі. Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделі - Қазақстандық моделді демократиялық келісім моделі деуге болады. Себебі әлемдік тәжірибеде шынайы келісімнің негіздері мыналар:


  • тамыры терең ортақ тарих;

  • ортақ тіл;

  • бірлесудің, сыйласудың негізіне айналған ортақ саяси, экономикалық, құқықтық мәдениет;

  • ортақ мақтаныш, намыс, елдің тағдырына ортақтасу.

Ұлтаралық келісім моделі этностардың дамуы мен өзара қарым-қатынасына жүйелі әрі мақсатты түрде әсер етіп, одан белгілі бір нәтижелер алу үшін құрылады. Мұндай моделді құру өте күрделі әрі жауапты саяси іс. Өйткені, ұлтаралық қатынастар табиғаты өзінің құрылымы жағынан өте нәзік, сан қырлы. Ұлтаралық қатынастар саяси, идеологиялық, мәдени, экономикалық, әлеуметтік, тілдік және психологиялық процесстерге тығыз байланысты.

«Модель» ұғымы белгілі бір құбылыстың немесе процестің үлгісі, схемасы дегенді білдіреді. Соған сәйкес ұлтаралық қатынастар моделі полиэтникалық қоғамдағы этносаралық келісімге келу мен оны дамытудың үлгісі болып табылады. Ұлтаралық қатынастар моделі ең алдымен елдегі ұлттық саясат арқылы айқындалады. Жалпы алғанда, ол мемлекеттің саяси бағытына сәйкес келеді. Кез-келген полиэтникалық мемлекет өзінің ұлтаралық қатынастар моделін теориялық тұрғыда негіздеп, оны іс жүзіне асырады, қоғам өміріне енгізеді. Бұл модель сол елдің тарихы, дәстүрі, менталитеті негізінде, ал ең алдымен елдің дамуының басты мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келеді. Бұл өмірдің талабы мен объективті қажеттіліктен туындайды. Өйткені, бұл қоғамда өмір сүріп отырған адамдар үшін осы қоғамдағы өзінің жағдайы мен болашағын, этносаралық қатынастар сипатын терең түсінуі өте маңызды.

Қазақстандық ұлтаралық қатынастар моделі қоғамдағы мынандай ерекшеліктерді назарға алады:


  • қазақстан халқы байырғы қазақ жерінде өмір сүріп, дамып келеді;

  • мемлекет құрушы және мемлекет атауына ие ұлт - қазақтар;

  • мемлекет унитарлы, қоғамды топтастыратын ұлт – қазақтар;

  • мемлекет полиэтникалық сипатымен ерекшеленеді;

  • Қазақ жеріне көптеген этностар саяси қысым арқылы мәжбүрлеу, депортациялау саясатының нәтижесінде қоныстанған;

  • мемлекеттік тіл – қазақ тілі;

  • Қазақстандағы барлық этностардың өзінің ұлттық тілін дамытуға деген ұмтылысына шек қойылмайды;

  • халық көп конфессиялы қоғамда өмір сүреді (40-тан астам конфессия бар);

  • қоғамда ұлтаралық және конфессияаралық толеранттылықтың дәстүрі қалыптасқан. Мұндай қасиет ең алдымен, қазақ халқының менталитетіне тән және толеранттылық дәстүрді Қазақстанның барлық этностары ортақ құндылық ретінде қабылдайды;

  • қоғам дамуының басты құндылықтары: азаматтық қоғам, демократия, нарықтық қатынастар, идеологиялық плюрализм;

  • Қазақстан – бейбітсүйгіш ел. Ол ядролық қарудан ерікті түрде бас тартып, әлемдік қауымдастыққа Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесін, ЕурАзЭҚ - евразиялық интеграция идеясын ұсынды. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымын (ҰҚШҰ), Шанхай ынтымақтастық ұйымын (ШЫҰ) ұйымдастырып, қалыптастыруда белсенді рөл атқарды, ЕҚЫҰ төрағалық етті.

Қазақстандық ұлтаралық қатынас моделінің күрделілігі мен өзіндік қолтаңбасы жоғарыда аталған ерекшеліктерді үйлесімді дамытып келеді.

Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бастап Елбасы ұлттық саясаттың концептуалдық, идеологиялық мызғымас негізін қалады. Оның төмендегідей басты бағыттары жүзеге асырылып келеді:

Бірінші, қазақ халқының ұлт ретінде қайта өрлеуі және ұлттық тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің, тарихы мен тілінің, мәдениеті мен салт-дәстүрінің дамуы. Бұл Қазақстан қоғамы мен оны ұйыстырудың берік негізі.

Екінші, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңда атап көрсетілгендей, қазақ халқымен тарихи тағдыры біріктірген Республиканың барлық азаматтары біртұтас Қазақстан халқын құрайды және ұлтына қарамай барлығы тең құқықтарға ие болады. Бұл Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының ең басты қағидасы ретінде негізделген. Полиэтникалық қоғам жағдайында этносаралық келісім мен толеранттылық мәдениетке тәрбиелеу мемлекеттік саясат деңгейіне көтерілді.

Қазақстандық ұлтаралық келісім моделінің қалыптасуы мен дамуында Қазақстан Республикасының Конституциясы айқындаушы рөл атқарды. Оған 1991 жылғы 16 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы, 1993 жылғы Қазақстанның тұңғыш Конституциясы, қазір қолданылып отырған 1995 жылғы Конституция және 1998 жылы 7 қазанда және 2007 жылы 21 мамырда өзгерістер мен қосымшалардың енгізілуі кіреді.

Қазіргі жағдайда ұлтаралық келісім моделінің формуласы Қазақстан Республикасының Конституциясындағы: «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып…» деп басталатын жолдардан айқын көрініс тапқан. Азаматтық бірлік этникалық құндылықтарға сүйенеді әрі оны дамытады. Этносаралық және конфессияаралық келісім толеранттылық құндылықтарына тікелей байланысты. «Толеранттылық» ұғымы өзара құрмет, келісім, татулық сияқты құндылықтардың жиынтығы болып табылады.

Қазақстандық ұлтаралық келісім моделінде тіл саясатының негізгі ұстанымдары негізделген. Оның мәні - Қазақстанда қазақ, орыс тілдері мен басқа этнос тілдерінің орны мен қызметі нақты айқындалған. Еліміздегі тіл саясаты бойынша бірқатар мемлекеттік құжаттар қабылданып, Конституцияда жарияланған бағыттың жүзеге асырылуына барлық жағдайлар жасалған.

Қарым-қатынас барысында ұлтішілік (ұлттық) қарым-қатынас және ұлтаралық қарым-қатынас көрініс табады. Бұл екі деңгей өзара тығыз байланысты. Ұлттық қарым-қатынас мәдениеті берілген халықтың тарихымен, оның мәдени жетістіктері, дағдылары, қарым-қатынас сипаты, дәстүрлері, әдет-ғұрпымен тығыз байланысты.

Ұлтаралық қарым-қатынас - ұлттық ерекшелік ретінде қалыптасып, бірақ, кейін бірқатар немесе көптеген ұлттар үшін ортақ болып кеткен ұлтішілік қасиет-сипатты да бойында тұтады.

Ұлтішілік байланыстардың даму дәрежесімен көбіне-көп ұлтаралық қатынастар деңгейі дәрежесі айқындалады. Ұлтаралық қарым-қатынас - жоғары ұлтішілік қарым-қатынас мәдениетімен мызғымас байланыста, өз ұлтына, оның мәдениетіне, тілі мен дәстүріне деген сый-құрмет негізінде қалыптасады. Сондықтан өз ұлтына, оның өкілдеріне, ілгерілеуші мәдени-рухани және саяси құндылықтарына деген өнегелік, қамқор, сый-құрметті қатынасты тәрбиелеу жоғары ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің маңызды элементі болып табылады.

Әрбір ұлттың ұлтішілік қарым-қатынас мәдениеті оның саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени ортасының даму деңгейімен, сондай-ақ, ұлттық сана-сезім, ұлттық таным деңгейімен айқындалады. Ұлттық сана-сезім мен психологияның ұлттық мінез, ұлттық сезімдер, ұлттық дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, ұлттық тұрмыс ерекшеліктері сияқты элементтері айрықша ұлттық мәнерлілік дарытады. Адамдар белгілі бір табиғи-климаттық жағдайларда, нақты табиғи-географиялық ортада тіршілік етеді, бұл да, сондай-ақ, олардың өзара қарым-қатынасына ықпалын тигізеді.

Ұлтаралық қарым-қатынас - қоғамның, халықтың, тұлғаның рухани өмірінің белгілі бір құрылымдық компоненті болып табылады. Ол түрлі ұлт өкілдерінің рухани байланысы деңгейін сипаттайды, бұл ретте ол ұлтаралық қатынастар нәтижесі ретінде танылады. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті дамуының саяси-әлеуметтік негізі Қазақстанның барша халықтары дамуының тұрақтылығының маңызды факторы болып табылатын әлеуметтік әділдіктің іс-тәжірибе жүзінде орнығуымен сипатталады. Қоғамдағы әлеуметтік әділдіктің маңызды белгісі - қоғамдық өмірдің барлық салаларының кешенді дамуы және олардың арасындағы сәйкессіздіктерді жою болып табылады. Дәл осы шынайы ел билігі, барша азаматтардың заң алдындағы теңдігі, ұлттардың тең құқылығын, адам бостандығы мен құқығын іс жүзінде қамтамасыз етушілік, жеке тұлғаның жан-жақты дамуы үшін жағдай туғызу – көпұлтты халық бірлігінің, қазақстандық қоғамның экономикалық және саяси тұрақтылығының, оның қарқынды дамуының маңызды шарты. Халықтардың өзара қарым-қатынасның қазақстандық үлгісі – бұл қоғамдағы шиеленістік, қақтығыстық жағдайды жеңу ғана емес, сонымен қатар, оның болашақта ұзаққа созылған қарсылық пен мәңгілік жек көрушілікке ұласып кетпеуін алдын алу болып табылады. Қазақстан қоғамының бұндай жетістікке қол жеткізуі оның халқының ұжымдық субъекті ретінде және оның әрбір мүшесінің өз бойында ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін жоғары қоюында болып отыр.

Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы мәдени жағдайды үшке бөліп көрсетуге болады. Біріншіден, бұл барлық ұлттық рухани бастауларды біріктіретін дүниежүзілік мәдениет; екіншіден, елімізде тұратын әр түрлі ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің ынтымақтастығы негізінде бұнда туындайтын жалпықазақстандық мәдениет; және, үшіншіден, еліміздің байырғы халқының ұлттық мәдениеті. Қалыптасқан мәдени ахуал бірде-бір мәдениет жеке, шектеулі әлемде тіршілік ете алмайтынын, бірде-бір ұлт тек бір ғана өзінің мәдениетінің күш-қарымымен өмір сүріп, дами алмайтындығын бекіте түсуде.

Сонымен қатар, қазақстандық және шетелдік ғылыми әдебиеттерде ұлттық өмірдің іс жүзіндегі шындығын бейнелейтін көптеген шығармалар туындап, олар ұлттық сана-сезімінің артуына және онда ортақ белгі сипаттардың көрініс табуына септігін тигізген. А.Құнанбаевтың, М.Әуезовтің, А.Байтұрсыновтың, Ш.Айтматовтың, Ю.Бондаревтің, Р.Ғамзатовтың және көптеген ойшылдар мен жазушылардың шығармаларында халықтың ұлттық болмысы, ерекшеліктері мен ұмтылыстары шынайы бейнеленген. Сол себепті де, олардың шығармалары «ұлттық» қана емес, сонымен бірге, «қазақстандық» та, оған қоса, әлемдік шеңберде жалпыхалықтық та болып табылады.

Ұлтаралық қарым-қатынас тәрбиесінің формалары, әдіс-тәсілдері әр түрлі ұлттар өкілдерін бір тату шаңырақ астына біріктіріп, ынтымақтастыратын саяси механизмдер болып табылады. Бұл міндетті табысты шешу үшін, Қазақстандағы ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеудің жаңа формаларын, әдіс-тәсілдерін іздестіріп, жетілдіре түсу қажет. Яғни, консолидация (біріктіру, нығайту) – адамдарды, әлеуметтік топтарды, қоғамдық ұйымдарды белгілі бір ортақ мақсат ынтымақ үшін біріктіру және ары қарай дамыту болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет