І тарау. Жас ұрпақҚА Ұлттық ТӘрбие берудің Әдіснамалық негіздері 1 Ұлттық тәрбиенің көздері


Ұлттық тәрбиенің әдіснамалық негіздері



бет8/52
Дата06.01.2022
өлшемі417,2 Kb.
#15088
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   52
Байланысты:
лекция улттык тарбие

1.4 Ұлттық тәрбиенің әдіснамалық негіздері
Білген адам білімді өмір бойы іздейді.

А.Иүгінеки
Адам тәрбиесі – дүниетаныммен, ұлттық санамен, ұлттық ділмен, тілмен, ұлттық мәдениетпен жалпылай алғанда, ұлттық құндылықтармен астасып жатқан ұғым. Ұлттық тәрбие - синтезделген, пәнаралық, түрлі құндылықтардан құралатын дүние. Ұлттың қалыптасқан дәстүрлі дүниетанымы, ұстанған моралдық-этикалық нормалары, тұрмыстық-шаруашылық формасы, кәсіптік, заттық мәдениетімен қатар, рухани мәдениеті, саяси-идеологиялық мүддесімен бірге, болашақты жасау стратегиясымен қазір өз алдына жекеленген ғылымдардың зерттеу нысаны. Соған байланысты қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын, белсенді әрекетті, жан-жақты болуды талап етеді.

Ұлттық тәрбие –адам тәрбиесінен басталатыны айқын. Ұлттық тәрбие адам тәрбиесіне ықпал ете отырып, тұтас қоғам үшін пайдалылығы мен қажеттілік негізі жас ұрпақты тәрбиелеудегі тәжірибелік және әдістемелік істердің нәтижесін жүзеге асырады. Қоғамның қай саласында болмасын тәрбиенің бұл бағытын жолға қойсақ, қоғамның дұрыс бағытталуына игі ықпалы болатыны сөзсіз.

ХХІ ғасырдағы қоғамдық қатынастар адам табиғатын, жанын жаныштайтын, рухани тығырыққа тірейтін болмысы, жас ұрпақтың болашағы менбүгінгі күнгі тәрбие мәселесі адамды ойландырары сөзсіз. Себебі қоғамды жақсартатын және келешегін қамтамасыз ететін бірден-бір рухани күш – ұлттық тәрбие. Ұлттық тәрбиені ұйымдастыру үлкен теориялық және тәжірибелік ізденістерді талап етеді.

Бүгінгі таңда, жастардың бәсекеге қабілетті болу үшін отандық білім беру жүйесінің мазмұнын ұлттық идея негізінде жетілдіріп отыр. Өркениетке бағыт алған кезеңде жастарға берілетін білім мазмұнын «ғылым арқылы тәрбие беру» парадигмасына негіздеп, дәріс мақсатын ұлттық тәрбиенің түсініктерін теориялық-әдіснамалық тұрғыдан ұғындыруға бағыттау Қазақстан Республикасындағы жоғарғы оқу орындарының педагогика саласында да өзекті мәселе болып отыр.

Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа жолдауының басты назары білім беру, денсаулық сақтау, тілдерді дамыту және жұмыспен қамту сияқты халықтың әл-ауқатын арттырып денсаулығын қорғауға, жастардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына, салауатты өмір салтын өрістетуге арналған. Олай болса, білім беру жүйесінің басты даму бағыты – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу.

Демек, ұлттық тәрбиенің әдіснамалық өзегі ерте заманнан  келе жатқан қазақ даласында орта ғасыр, жаңа дәуір, сондай-ақ қазіргі заманға дейін өз маңызын жоғалтқан емес. Қазақ жерінде өмір сүрген Қорқыт ата, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмут Қашғари, Қожа Ахмет Яссауи, Асан Қайғы, Мухаммед Хайдар Дулати, Қадірғали Қасымұлы Жалайри, Бұхар жырау, Сүйінбай Аронұлы,  Махамбет Өтемісұлы т.б ғұламалар  керемет болашақтың орнауына негізгі себепкер – жас ұрпақ тәрбиесі екендігін айтып кеткен.

Сондай-ақ, Абайдың ғақылиясын, Шәкәрімнің философиясын, Сұлтанмахмұт, Мағжан және т.б. ғұламалар мен ағартушылардың еңбектерінің өзегі болған.

Қазақ халқының зиялы азаматы Мағжан Жұмабаевтың: «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті» десе, Міржақып Дулатов жас ұрпаққа білім беруде «… Жалғыз құрғақ білімді үйрету емес, біліммен бірге жас ұрпақтың бойына халқымыздың өнегелілік қасиеттерін қалыптастыра білуіміз қажет» - деген құнды пікірлері тек педагогикалық тұрғыдан емес, сонымен қатар үлкен әлеуметтік, қоғамдық маңызы зор мәселе екені айқындалып отыр.

Осыған байланысты әдіснамалық негіздемелерді мұқият қарастыру қажет, ол білім беру үрдісін неғұрлым тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Педагогикада әдіснама «педагогикалық шындықты, ақиқатты тану мен қайта құрудың принциптері, әдістері, нысандары мен рәсімдері туралы» ретінде айқындалады. Әдіснаманы бұдан да кең мағынада нақты ғылымдағы танымның ғылыми әдістерінің жиынтығы деп түсінеді.

Сонымен, ұлттық тәрбиенің әдіснамалық негіздерін меңгеру үшін алдымен «әдіснама», «ғылымдар әдіснамасы», «ұлттық тәрбие» ұғымдарын түсінуді қажет етеді.

«Әдіснама» (грек тілінің «methodes» - зерттеу жолы, таным, ілім, білім дегенді білдірсе, «logos» - ұғым дегенді білдіреді) – «әдіс туралы ғылым»деген мағынаны береді. «Метод» (әдіс) термині тікелей нақты бір нәрсеге жол ретінде анықталады, яғни методология мағынасы бір жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықтан әдіснама – зерттеу үдерісі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі.

Ал, философиялық энциклопедиялық сөздікте «әдіснама – теориялық және практикалық іс-әрекеттерді құру мен ұйымдастыру принципі мен әдістерінің жиынтығы» десе, ал қазіргі шетелдік сөздікте «әдіснама – танымның ғылыми әдісі жайындағы ілім, қандай да бір ғылымда қолданылатын әдістер жиынтығы» деген анықтама беріледі.

Бүгінде әдіснаманы төмендегідей түсіндіруге болады:

1) теориялық және практикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың және құрудың қағидалары мен тәсілдерінің жүйесі, сонымен бірге жүйені зерттеу.

2) ғылыми таным әдісі туралы ілім.

3) кез келген ғылымда қолданылатын әдістердің жиынтығы.

Ғылымдар әдіснамасы – ғылыми білімнің құрылымын, ғылыми танымның құралы мен әдісін, дәлелдеу тәсілін және ғылымның дамуын зерттейтін ғылымтанудың бөлімі. Әдіснамалық мәселелерді жүйелі шешу гносеологиялық қағидалар негізінде құрылатын әдіснамалық тұжырымдарда беріледі.

Ғылымның жалпы әдіснамасы кең мағынасында қолданылады, тар мағынада «әдіснама» нақты ғылыми пәнде ғылыми тану теориясын білдіреді.

В.А.Штоффтың айтуынша, «кең философиялық мағынадағы әдіснамадан айырмашылығы басты назар әдіснамалық рөлді талдау мен эвристикалық мәндегі, негізінен, онтологиялық қағидалар, заңдар және категориялар құрайтын тар мағынадағы ғылым әдіснамасы гносеологиясының бөлігі болып табылады. Ол ғылыми тану теориясын құрайды және ғылымға тән алуан түрлі және өзара байланысқан форма мен көріністердегі танудың күрделі үдерісі заңдылықтарын зерттеуге бағытталған».

Жалпы айтқанда, әдіснама зерттеу әдісі ілімі ретінде ғылыми-танымдық әрекет мәнін ашып, ғылыми-зерттеу стратегиясын қамтамасыз етеді. Демек, ұлттық тәрбиенің әдіснамалық негізі философиялық заңдарды, категориялар мен қағидаларды, материалистік диалектика әдістерін ұғынуды кірістіреді. Сонымен әдіснамалық амал-тәсілдер, қағидалар да әдіснамалық негізін құрайды.

Бұдан үлттық тәрбиенің әдіснамалық негіздеуінің логикалық тізбесі шығады, олар:


  1. тарихи деректерді, құбылыстар мен үдерістерді зерттеуге нақты әдіснамалық амалдарды анықтау;

  2. әдіснамалық қағидаларды нақтылау;

  3. зерттелетін мәселенің тарихи логикалық талдауы (генезис және даму эволюциясы);

  4. зерттеу пәнінің жүйелі құрылымдық талдауы (мәнін, құрылымын, мазмұнын, білім беру мен ғылым жүйесіндегі зерттеу пәнінің орнын анықтау;

  5. зерттеу пәнін сипаттауда тұтастық амал.

Қорыта айтқанда, әдіснамалық негіз зерттелетін құбылысқа шынайы ғылыми, объективті амалды және содан туындайтын білім беру теориясы мен практикасы үшін қорытындылар мен ұсыныстарды, алынған нәтижелердің ғылыми құндылығы мен дәлелділігін қамтамасыз ететін дүниетанымдық және зерттеушілік тұжырымдамасының сипатын кірістіреді. Сонымен. жоғарыда берілген ғалымдардың пікірлерін жан-жақты талдай отырып, келесі анықтаманы басшылыққа алдық:

Ұлттық тәрбиенің әдіснамасы өзіне төмендегілерді енгізеді:

1) білімнің құрылымы мен қызметі туралы ілім;

2) әдіснамалық мағыналы түйінді, фундаментальды, философиялық теориялар, тұжырымдамалар, болжамдар;

3) таным әдістері туралы ілім.

Демек, тұлға, іс-әрекет, құндылықтар, таным, басқару теориялары ұлттық тәрбие үшін әдіснамалық қызмет атқарады. Ұлттық тәрбиенің әдіснамасының ерекшеліктері сонымен бірге бірқатар ұғымдарда көрініс табады.

Осы ретте, өркениетті даму жағдайында ұлттық тәрбиенің әдіснамалық негіздерін анықтауда «әдіснама», «ғылыми әдіснама» ұғымдарының мәні мен мазмұнына назар аударылады. Өйткені, әpбip ғылымның өзіне тән тану салалары, объективті құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философия ғылымында «болмыс», «материя», «қозғалыс» т.б., педагогика саласында «тәрбие», «білім беру», «оқыту» сияқты негізгі ұғымдарға әртүрлі танымдық құбылыстарды танып білуде қолданылады. Ал ғылыми әдіснама ғылыми зерттеулердің жалпы және жеке әдістерін зерттейтін ғылыми міндеттерді әрқырлы тұрғыдан қарастыру қағидаларын айқындайды.

Ұлттық тәрбие әдіснамасы қоғамдық дамудың тенденцияларын зерттеуден және ғылымның жалпылама әдіснамасынан бастау алады. Бұл педагогикалық теорияның бастапқы негіздері, зерттеу әдістерін қарастыру қағидалары туралы білім жүйесі және сол білімдерді тәрбие, білім алу тәжірибесіне енгізу жолдары болып табылады.

Қазіргі кезеңде ұлттық тәрбиенің ықпал жасау өpici орасан кеңейе түсуде. Ұлттық тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай білу тек білім беру саласы арқылы қалыптаспайды, оған қоғамдағы барлық әлеуметтік институттардың күші жұмылдырылатындықтан, жоғарғы оқу орындарында студент жастарға білім беруде, оларды тек ғылыми білімдер негізімен таныстырып қоймай, олардың толыққанды дамыған, ұлт болашағын ойлайтын, ұлттық сана-сезімдері мен ұлттық құндылықтары қалыптасқан тұлға ретінде тәрбиелеу өзекті мәселелер қатарында. Осыған орай, ұлттық тәрбие адам тәрбиесі жайындағы ғылым болғандықтан, жастарды этноәлеуметтік - мәдени тұрғыда өмірге және еңбекке даярлау, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету үрдісі болып табылады.

Қазіргі заман әлемінде, ұлттардың өзін-өзі анықтауымен қатар интеграциялық үдерістер пайда болып жатқанда, студент жастар этникааралық татулық пен келісім рухында тәрбиеленген болса, көпұлтты Қазақстан халықтарының рухани құндылықтарын Қазақстан халқының барлық өкілдерінің өзіндік сана-сезімін және дәстүрлерін, тарихи келісілген ұлттық өзгешелігін сақтай отырып, ұлттық абыройды, этникалық сәйкестікті мәдениетті мойындау және қолдау негізінде жүзеге асырылады.

Көпұлтты мемлекеттегі гуманистік, маңызды-әлеуметтік, ұлттық құндылықтар мен азаматтық мінез-құлық үлгісін қалыптастыру мақсатында, ұлттық тәрбиенің тұлғаға бағдарланған контексіндегі тәрбие мазмұнын жаңарту үшін, білім беру мекемелерінің іс-әрекетіндегі, ғылым мен практикадағы бағдарлар, әдіс-тәсілдер анықталған.

Ұлттық тәрбиені әдіснамалық бағдарлармен түсіну және тарату этникалық үдерістер мен құбылыстардың өзара келісімі мен өзара әрекеті туралы, тұлға дамуының этноәлеуметтік өзгешелігі туралы, тарихи-эволюциялық және этноәлеуметтік-мәдени тұрғыда субъект ретінде адамды зерттеуге қатынасы және іс-әрекеті туралы, ұлттық бірлік және оны құрайтын – этникааралық және конфессияаралық келісім идеялары, тәрбиедегі ұлттық, жалпыадамзаттық өзара байланыс, мәдениет пен танымдағы диалогтің тұжырымдамалары, педагогиканың толеранттық және көпмәдениеттік идеялары, философиялық идеялар болып табылады.

Жалпы тәрбиенің қазіргі заманғы теориясы мен практикасы ұлттық тәрбие жүйесін қалыптастырудың әдіснамалық негізі бола алады: тұлғалық-іс-әрекеттік, жүйелілік, акмеологиялық, мәдениеттілік, көпмәденилік, құзыреттілік тұрғыдан қарастыру.

Тәрбиедегі тұлғалық-бағдарлық тұрғыдан қарау бағыты тұлғаны адамның жеке белсенділігінің нәтижесінде қалыптасқан оның әлеуметтік сипаттамасы ретінде түсінуге негізделеді және студенттерді түрлі іс-әрекет түрлеріне қатыстыруды қарастырады.

Тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттік тұрғыдан қарау бағыттарын іске асырудың негізгі шарттарының бірі - тәрбиенің құрылымын өзгерту, яғни субъект-объектілік қатынастар саласынан субъект-субъектілік салаға ауысу. Осыған орай тәрбие білім алушылардың тұлға, азамат, патриот ретінде дамуы және олардың ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтары мен табысты іс-әрекетке қажетті қоғамдық нормалар мен ұстанымдарды меңгеруі мен қабылдау процесі іс-әрекеті негізінде жүргізілетін педагогикалық ұйымдастырылған, мақсатқа бағытталған өзара бірлесу арқылы жүзеге асырылады.

Ұлттық тәрбиені жүйелі түрде қарастыру оның құрылымдық компоненттерін, олардың қызметтерін ажыратуды, функционалдық-иерархиялық байланыстарын орнатуды, жүйеқұрастырушы факторын анықтауды, сыртқы байланыстарын талдауды көздейді.

Мәдениеттілік тұрғыдан қарау тәрбиенің жалпыадамзаттық құндылықтарына негізделуіне бағытталған, жалпыадамзаттық құндылықтарға қайшы келмейтін ұлттық мәдениеттің құндылықтары мен нормаларына сәйкес құрылады.

Акмеологиялық тұрғыдан қарау бағыты болашақ маманның кәсіби тұлғалық дамуына ықпал беретін жағдайларды анықтауға, азамат, маман, профессионал ретінде әлеуметтік жетілудің барынша жоғарғы деңгейлеріне қол жеткізу кезеңдерін жобалауға бағытталған.

Көпперспективалы (мультиперспективалық) тұрғыдан қарау бағыты тұлғаның жеке өзіндік перспективаларымен қатар, қосымша басқа адамдардың да перспективаларын есепке алуын қарастырады. Әр тұлға өзінің пікірінен басқа, құнды да қайталанбас пікірлер мен дүниетанымдардың болу мүмкіндігін саналы түрде түсінуі қажет. Бұл бағыт толерантты тұлғаны қалыптастыруға септігін тигізеді.

Тәрбиедегі құзіреттілік тұрғыдан қарау бағыты этносаралық, ұлтаралық қарым-қатынас іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру мүмкіндігін қарастырады.

Осы тұрғыдан келгенде, тәрбиенің қазіргі заманғы теориясы және тәжірибесі студенттердің ұлттық тәрбиесінің жүйесін қалыптастырудың әдіснамалық базалық тұғырына таным, ізгілік (гуманистік), тұлғалық іс-әрекеттік, аксиологиялық, мәдениеттілік, тұлғалық-бағдарлық, жүйелілік, этноәлеуметтік-мәдени, ұлттық тәлім-тәрбиелік теориялар негізге алынды.

Ұлттық тәрбиенің әдіснамалық негізін құрайтын басты бағыт - ол материалистік таным теориясы (гносеология). Таным бұл қоршаған болмыстың, оның элементтерінің белсенді ақыл-ой және көңіл-күй, ic-әрекеттері мен олардың нәтижесі, яғни білім жалпыланған теория, заңдар мен ғылыми ұғымдардың санада бейнелеп айқындалады.

Ізгілік (гуманистік) тұрғыдан, педагогикалық үдеріс адамға ең жоғарғы құндылық ретінде қарауға және соған бағдарлауға мүмкіндік береді, яғни студент жастардың кәсіби-тұлғалық қалыптасуының алғы шарты.

Тұлғалық-бағдарлық тұрғыдан, қарау бағыты тұлғаны адамның жеке белсенділігінің нәтижесінде қалыптасқан оның әлеуметтік сипаттамасы ретінде түсінуге негізделеді және студент жастарды түрлі іс-әрекет түрлеріне қатыстыруды қарастырады. Тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттік тұрғыдан қарау бағыттарын іске асырудың негізгі шарттарының бірі - тәрбиенің құрылымын өзгерту, яғни субъект-объектілік қатынастар саласынан субъект-субъектілік салаға ауысу. Сондықтан тәрбие білім алушылардың тұлға, азамат, патриот ретінде дамуы және олардың табысты іс-әрекетке қажетті ұлттық, жалпыазаматтық құндылықтарды, қоғамның моралдық қоғамдық нормалары мен ұстанымдарын меңгеру және қабылдау үдерісі жүргізілетін педагогтар мен білім алушылардың өзара бірлескен іс-әрекеті ретінде қарастырылады.

Аксиологиялық тұрғыдан, ұлттық және жалпыадамзаттық басымдықтардың тәрбиенің мәндік негізін құрайтындығын көрсетеді. Аксиологиялық тұрғыдан тәрбие нәтижесінде құндылық санасын, құндылық қатынасын және құндылық мінез-құлқын қалыптастыратын тұлғаны құндылыққа қатыстыру үрдісі ретінде қарастырылады.

Жеке тұлға дамуының ендігі бір маңызды бағыты - ic-әрекет. Ic-әрекет барысында адамның жан-жақты және біртұтас тұлғалық дамуы жүріп жатады, оның қоршаған дүниеге көзқарасы, қарым-қатынасы қалыптасады. Таңдалған ic-әрекет көзделген тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына ықпал етуі үшін оны қажетті деңгейде ұйымдастыру және келелі бағдарлап отыру қажет. Ic-әрекет барысында субъект-объект-субъект адамның белсенді ic-әрекеті, ал объект - белсенділікке арналған нәрсе. Белсенді ic-әрекет барысында тұлғаның тілдік қарым-қатынасы дамиды, өз ұлтының салт-дәстүрін, мәдениетін, ата-бабалардың рухани мұрасын меңгеруге мүмкіндік туады.

Сонымен қатар, студент жастар бойында ұлттық тәрбиені қалыптастыру жүйелілікті қажет етеді, себебі зерттелінетін обьектіні жан-жақты, кешенді қарастыруды ұсынады. Жүйелі сипат күрделі ықпалдастықтағы білім беру жүйелеріндегі жетілдірудің адекватты жолы ретіндегі негізін қалауы мүмкін.

«Жүйе» ұғымы (грек тілінен аударғанда «system» - бөлшектерден құралатын тұтастық; бірігулер) белгілі бір тұтастықты, бірлікті құраушы, бір-бірімен қатынастықта және байланыста болатын көптеген элементтерді білдіреді. «Жүйе» ұғымы ықпалдастықтағы тұтастық ретінде көрініп, келесідей сипатталады:



  1. жалпы мақсат және қызметтестікпен біріктірілген әртүрлі құрылымдық элементтердің бірлігі және өзара байланыстылығы;

  2. жүйе компоненттері арасындағы байланыстар мен тәуелділіктерді ішкі бірлікте және сыртқы ортамен өзара әрекеттестікте ұйымдастыру.

Студенттің қалыптасуы тұтас, тұрақты жүйені сипаттайды. Сондықтан, кәсіби-тұлғалық қалыптасу жүйесін сипаттай отыра, оның мақсаты, міндеті, қағидалары, мазмұны және әдістерінің (технологиялары) өзара байланыстылығын әлеуметтік талаптарға диалектикалық тәуелділігін қарастырып, құрылымы мен мазмұнының, функцияларының және жекелеген компоненттерінің өзара байланысын ашу қажет. Әдіснамалық тұтастық көпжақтылықтың жинақталуы ретінде түсініліп, білім берудегі болашақ маманның тұтастығын жобалау уақыттық бір бағыттағы бағдарламамен ұйымдастырылуы қажет. Ықпалдасқан педагогикалық жүйелерді жобалаудың педагогикалық негізін өңдеу қазіргі әрекеттегі бөлшектерді тұтастыққа біріктіруге жағдай жасайтын жүйе құрушы факторды іздестіру қажеттілігін туғызады.

«Жүйе құрушы фактор - бұл күй немесе заттық құбылыс» жүйелердегі компоненттерді бір тұтастыққа біріктіруге қабілетті, тұтас әрекеттік көрінулерге итермелейтін, сонымен бірге белгілі және қажетті бөліктерінің еркіндігін сақтаушы. Ұлттық тәрбие беру жүйесінде - жүйе құрушы фактор ретінде ең алдымен, идея және қағидалар көрінеді. Идея сапасы ретінде адамның тұлғалық және кәсіби сапалары шығады. Ал қағида сапалары ретінде кәсіби бағыттылық, ғылымилық, үздіксіздік және жүйелілік, даралық, студент жастардың белсенділігі, академиялық серіктестік, білім берудің құрылымдық элементтерінің, технологизацияның бірлігі қарастырылады. Сонымен, жүйелік тұрғының негізгі ережелерін саналау студент жастарды қалыптастыру үдерісінде аса өзекті және маңызды мәнділікке ие. Соңғы он жылдықта білім беру жүйесінің білімдік парадигмадан бас тартып, құзыреттілікке өту («білім, икемділік, дағды» үштігі білім берудегі басымдылық жасаушы құзыреттілікке орын береді); педагогикалық қатынас сипатының және өзара әрекеттің (объект-субъекттен, субъект-субъектіге); білім беру мақсаттарының иерархиясының өзгеруі (ықпалдастық жүйелер пәндікке басымдылық жасайды) сияқты жаңа кезеңге өту беталысы байқалады. Тұтастай алғанда, білім беру жүйесі – бұл ашық және үздіксіз дамитын, келесі қасиеттерге ие жүйе болып табылады: уақытқа сай және қоғамның даму стратегиясына және ондағы адамға негізделген білім беру жүйесі тиімділік көрсетеді; білім беру жүйесі болашаққа бағдарланған; білім беру жүйесінің мақсаты, мазмұны, білім беру технологиялары, ұйымдастыру формалары, басқару механизмдері үнемі жаңаланып отырады.

Қазіргі кезде білім беру әлемдік беталыстарға сәйкес реформаланып, ары қарай дамуы жүзеге асады: басқа мазмұн, жаңа құқық, жаңа қатынастар, жаңа мінез-құлық және жаңа тұрғылар ұсынылады. Жаңа тұрғы ретінде құзыреттілік – іс-әрекет тұрғысында ұсынылады. Қарастырылып отырған тұрғының құзыреттілік компоненті студенттің қалыптасуы құзыреттіліктің дамуы және қалыптасуы үдерісіне шоғырланған – оқыту нәтижесі білім, икемділік, дағдылардың жиынтығын, тәжірибеде қолдана алатын қабілеттерді және кәсіби табысты іс-әрекетке даярлықты анықтайды. Білім берудегі қазіргі беталыстар жоғары білімі бар маманның «портретіне», нақтырақ – оны даярлау талаптарын, тұлғалық және кәсіби сапаларын анықтауда өзгерістер енгізуде. Өйткені адамзат қоғамының даму баспалдақтарының немесе әртүрлі кезеңдерінің арасындағы байланыс ретінде, зерттеуде талданатын объекті элементтерінің өзара байланысын тұтастықта, бірлікте қарастырады, дамуда үздіксіздіктің мәнін ғылыми ұғынуға мүмкіндік туғызады, яғни халықтың мәдени-тарихи құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуына септігін тигізіп, оның өзегі болатынын айқындайды.

Ұлттық тәрбиені жүйелі түрде қарастыру оның құрылымдық компоненттерін, олардың қызметтерін ажыратуды, функционалдық-иерархиялық байланыстарын орнатуды, жүйе құрастырушы факторын анықтауды, сыртқы байланыстарын талдауды көздейді.

Қазақстан көпұлтты мемлекет болғандықтан, этноәлеуметтік-мәдениеттілік тұрғыдан білім беру сапасын жетілдірумен қатар, жастар тәрбиесінде білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне сай, көпмәдени қоғамда мемлекет құраушы ұлттың мәдени мұрасына, дәстүріне сүйене отырып, Қазақстанның басқа халықтарының мәдени мұрасымен бірлікте тәрбиелік үрдісті жүзеге асыруға және басқа халықтың мәдениетін қабылдауға қабілетті, көпұлтты ұжымға бейім, мәдениетаралық әрекетті жүзеге асыратын ұрпақты қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күнде ұлттық тәрбиенің дамуына көпмәдениетті ортаның әcepi мол. Осы тұрғыдан келгенде, болашақты бағдарлауда мультиперспективалық әдіснамалық тәсілдің ыкпалы ерекше. Ұлттық тәрбиені мультиперспективалық тұрғыдан қарастыру, тұлғаның жеке өзіндік перспективалары мен қатар қосымша басқа адамдардың да перспективаларын есепке алуын қарастырады. Әр тұлға өзінің пікірінен басқа, құнды да қайталанбас пікірлер мен дүниетанымдардың болу мүмкіндігін саналы түрде түсінуі қажет. Бұл бағыт толерантты тұлғаны қалыптастыруға септігін тигізеді. Тұлғаның дамуына шығармашылық ықпал ететін, бірнеше бағыттардың жиынтығы болып табылады.



Қазақ халқының ұлттық тәрбиесінің әдіснамалық тірегі - ұлттық әдебиет, салт-дәстүрлер және тәлімдік өнегелер. Жалпы адамзат қоғамының әр кезеңінде пайдаланғаны - бip ұлтқа тән халықтық дәстүр. Дәстүрді әмбебап түсіндірме сөздіктерде, жалпы қауым болып қабылданған тәртіптің түрлері мен адамдар арасында қалыптасқан қоғамдық ережелердің жиынтығы деп айтады. Ол мемлекетті, елді, туған жерді сүюдің, Отанымызды мекендеген барша халықтың мақсат – мүддесін қорғайтын басты құрал.

«Этнос», «ұлт», «халық», «діл» (менталитет), ұлтаралық қарым-қатынас, этносаралық келісім, халықтық тәлімдік өнегелері және т.б. - ұлттық тәрбиенің тірек ұғымдары болып табылады.

Базалық ұғымдардың бірі – «этнос». Бұл сөз грек тілінен шыққан, «халық» мағынасын білдіреді, адамдардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік тобы – тайпа, халық, ұлт.

Л.Н.Гумилев «Көне түріктер» еңбегінде «этнос» - адамдар қауымдастығы, биологиялық бірлестігі, бір этносты біріктіретін нәрсе этникалық стереотип, ол бір ұрпақтан екіншісіне шартты рефлекс түрінде дәстүр негізінде беріледі. Этностың өзегі – дәстүр деп жазады.

Этнос – халық, оның түрлері: ру, тайпа, ұлыс, ұлт. Қазіргі мәліметтерге сүйенсек, 5000-нан астам этносты құрайтын әлемде 7 млрд. адам бар. Көбі ұлыс деңгейінде қалып, ұлт деңгейіне көтерілмеген. Жер бетінде жойылғалы тұрған 33 этнос бар. Ең азы – 200 адамды құрайтын вудь этносы. Себебі территориясы, президенті бар. Қазақстанда 140 жуық этнос бар, оның ішінде қазақ 52,3 % құрайтын негізгі этнос болып табылады.

Келесі ұғым – «ұлт». Философиялық сөздікте латын сөзі, «халық» дегенді білдіреді. Бұл адамдар қауымдастығының тарихи қалыптасқан формасы. Халыққа тән нәрселер, алдымен өмірдің материалдық жағдайының ортақтығы; территория мен экономиканың ортақтығы; тілдің ортақтығы, ұлттық мінез, оның мәдениетінде ұлттық ерекшелігін көрсетеді.

С.И.Ожегов сөздігінде «ұлт» үғымының екі түсініктемесі беріледі:

- тарихи құрылған адамдар қауымдастығы, тілдің ортақтығы;

- мемлекет, ел.

Саясаткерлер ұлтты азаматтықпен анықтайды, әлеуметтік-экономикалық параметрлерді ескереді. Қазіргі саясаткерлердің пікірінше, қоғамның барлық таптары мен әр түрлі әлеуметтік топтары өзінің экономикалық, мәдени, әлеуметтік және басқада айырмашылығына қарамастан, өз ұлтының ұлттық сәйкестілігі (идентичности, ұқсастыру) сезімімен байланысты болады. Ұлттық сәйкестілік ұлттық мәдениетті, алдымен халық ауыз әдебиетін, қолданбалы өнерді, музыканы, поэзияны, материалдық мәдениет ескерткіштерін және т.б. меңгеруді қамтамсыз етеді.



«Этнос» - ғылым жүзінде: «өткен бір дәуірлерде дүниеге келіп, белгілі бір географиялық ортада қалыптасқан, шұғылданған тіршілік-тірлігі бірыңғай, мінез-құлқы ұқсас, діні де, тілі де бір, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы ортақ, өзінің ортақ тегін, туыстығын, тұтастығын сезіне білетін, сатылап даму барысында аналық, аталық, рулық, тайпалқ, ұлыстық және халықтық дәуірлерді басынан кешіріп, бүгінде дербес ел болып отырған адамдар қауымы болып танылады. Мұндай этностар жер жүзінде өте көп және олар сан жағынан да, даму сатысы бойынша да әр түрлі: көбісі халық, ұлт дәрежесіне көтерілсе, ру-тайпа деңгейінде қалып қойғандары да аз емес. Қазақ этносы болса, бүгінде өзінің шарықтау шегі – ұлт дәрежесіне көтеріліп отыр. Өйткені әрбір ұлттың (этностың) тәрбиелік үрдістеріндегі ерекше әсері тиетін, тәрбиелік қағидаларын айқындайтын құбылыс - сол ұлттың өзіндік (ұлттық) ерекшеліктері болып табылады. Демек, қазақ ұлты – мемлекеттік құрылымды басынан кешірген (б.д.д. ІІІ – ІІ ғ.ғ.) этносқа жатады және ол құрылым әртүрлі деңгейде, әлеуметтік жағдаяттарда жалғасып, бүгінгі егемендік ел, тәуелсіз мемлекет түрінде өзінің жаңа бір мүмкіншіліктерін ашып, жержүзілік алдыңғы елдермен бәсекелесіп даму жолында. Қазақ ұлты бүгінгі қалпына ұзақ даму барысында сан алуан тарихи, саяси, әлеуметтік формацияларды басынан кешірді. Ірі де, кіші де мемлекеттік құрылымдарды өткеріп, қиыншылықтар мен бейбіт өмірді де атқарып келеді. Бұл жөнінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде толығымен баяндап өтеді.

Этностық тұлғаның қалыптасуында қоғамдық, әлеуметтік, тарихи жағдайлар оның психологиясын да сол үрдістерге сәйкес қалыптастырады. Географиялық, тарихи, әлеуметтік, қоғамдық тіршілігіне байланысты тілі, ділі, психологиясы, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы өз ерекшеліктерімен қалыптасқан қоғамдық бейнесі бар тұлғаны этностық (яғни ру, тайпа, халық, ұлт) тұлға дейміз. Этностар мәнінің өзгеруіне алып баратын әрекеттестікті этникалық үдерістер деп атайды. Олар этноэволюциялық және этнотрансформациялық этникалық үдерістер болып ажыратылады. Эволюциялық этностың негізгі элементтерінің, алдымен тілі мен мәдениетінің өзгеруімен айқындалады. Эволюциялық этностың сана-сезімі өзгермейді. Этнотрансформациялық этникалық үдерістер этникалық тиістіліктің өзгеруіне алып келетін өзгерістерді қамтиды, оның соңғы кезеңі этностың сана-сезімі өзгеруімен сипатталады. Этнотрансформациялық этникалық үдерістер екіге бөліп көрсетіледі: біріктіретін және бөліп көрсететін үдерістер. Біріктіретін үдерістер консолидация, ассими­ляция және интеграция түрінде өтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет