І тарау. Жас ұрпақҚА Ұлттық ТӘрбие берудің Әдіснамалық негіздері


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



бет20/33
Дата12.03.2023
өлшемі324,44 Kb.
#73545
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:

  1. «Студент», «студент жастар» ұғымының мазмұнына өзіңізге қатысты сипаттама беріңіз.

  2. «Интеллект», «интеллектуал», «зиялы қауым», «интеллектуалдық әлеует» ұғымдарының мәнін зерттеңіз.

  3. «Студент жастар – қоғам дамуының маңызды стратегиялық ресурсы» тақырыбан эссе жазыңыз.

  4. Қазіргі әлем жастарының қоғам дамуындағы рөлін тарихи тұрғыдан зерттеу арқылы айқындаңыз.

Әдебиеттер



  1. http://www.stat.kz/digital/obraz/Pages/default.aspx

  2. Манько Ю.В., Оганян К.М. Социология молодежи. (Учебное пособие.) – СПб.: ИД «Петрополис», 2008. – 316 с.

  3. Назарбаев Н. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына // Егемен Қазақстан. - 2006. - 27 мамыр 4. (http://www.znanie.info/portal/ec-terms/23/238.html)

  1. Сәрсенов А.С. Қазақстан ауыл-селосындағы интеллектуалдық әлеуеттің қалыптасуы мен этномәдени дамуының тарихи тәжірибесі (19461991ж.ж.) т.ғ.д. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты.Алматы,2005

  2. Айзенк Г.Ю. Понятие и определение интеллекта. // Вопросы Психологии. 1995. № 1. С.111-131.

  3. Большой словарь иностранных слов в русском языке. Юнвес, Москва,

2003 г., 258, 314 с.с.

  1. Ожегов С. И. Словаръ русского языка. М., 1986. – С. 216/.

  2. Назарбаев Н. Ә. Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс (ҚР Президенті Н. Ә.Назарбаевтың Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75 жылдығына орай университет профессор-оқытушылары мен студенттеріне оқыған дәрісі) // «Егемен Қазақстан» газеті – 14 қазан. – 2009. – № 336. – 1-2 б.б.

2.5 Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты


Қазіргі қоғамдағы беталыс, қоғам мен мемлекет тарапынан жас ұрпақтың қалыптасуы мен тәрбиеленуі мәселелеріне ерекше назар аударылуы мемлекеттегі жастар саясатын жүзеге асырудың жаңа сапалы тәсілдерін әзірлеуді қажет етеді. Осы ретте, жастар саясаты бүгінгі күні жас ұрпақтың қоғамдық өмірге әлеуметтік кірігуінің бірден-бір мүмкін боларлық тетігі болып табылады.
Республикалық деңгейдегі жастар саясатын жүзеге асыру органы – Білім және ғылым министрлігі болып табылады. ҚР Үкіметі жаныдағы жастар ісі жөніндегі Кеңес – ҚР Білім және ғылым министрлігімен басқарылатын кеңесу органы мен Республикалық азаматтарға патриоттық тәрбие беру жөнінідегі кеңесі қызмет атқарады. Облыстық деңгейдегі жастар саясатын жүргізуді реттеу бойынша Ішкі саясат департаментіне жүктелген. Қалалар мен аудандарда бөлімдер жүзеге асыруға жауапты.
«ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес екі жылда бір рет жалпыреспубликалық Қазақстан жастарының форумы өткізіледі. ҚР мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы мен қалыптасуының құқықтық негіздерін ҚР 2004 жылдың 7 шілдесіндегі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы анықтайды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясатының негiзгi мақсаты - жастардың азаматтық, әлеуметтiк дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшiн қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен нығайту болып табылады.
ҚР мемлекеттік жастар саясатының міндеттері:

  1. Жастардың құқықтық және заңды мүдделерін қорғау;

  2. Жастарға әлеуметтік көмек көрсету және қолдау;

  3. Жастардың әлеуметтік маңызды бастамаларын жүзеге асыру;

  4. Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру;

  5. Жастардың денсаулығын сақтау және нығайту;

  6. Жастардың рухани және адамгершлік тұрғысынан дамуы.

ҚР мемлекеттік жастар саясатының негізгі қағидалары:

  1. Ерекше әлеуметтік-демографиялық топтағы жастардың мүдделері мен қажеттіліктерін көздеу;

  2. Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени құндылықтарының басымдықтары;

  3. Жастар мәселелерін шешудегі жүйелілік пен кешенділік;

  4. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мен қалыптпастырудағы жастардың тікелей қатысуы.

Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының мақсаты табысты, толыққанды, бәсекеге қабілетті және патриот жас қазақстандықты қалыптастыру болып табылады.
Осы Тұжырымдама Ережесі келесідегідей нормативтің құқықтық актілер арқылы жүзеге асады:

  1. 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581-ІІ «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы;

  2. Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары;

  3. Білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

  4. Денсаулық сақтауды дамытудың «Саламатты Қазақстан» 2011–2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

  5. Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі мен спортты дамытудың

2011–2015 жылдарға арналған бағдарламасы;

  1. Еңбекпен қамту 2020 бағдарламасы; 7) Бизнестің жол картасы — 2020; 8) Аумақтарды дамыту бағдарламасы;

  1. «Қол жетімді баспана — 2020» бағдарламасы;

  2. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың стартегиялық жоспарлары.

Тұжырымдама мақсатына қол жеткізу үшін міндеттерді үш бағытта шешу қарастырылады:
1-бағыт - «Жастардың құндылық-патриоттық бағдарларын қалыптастыру»;
2-бағыт - «Жастардың экономикалық, әлеуметтік, инновациялық және шығармашылық әлеуеттерін дамыту»;
3-бағыт - «Мемлекеттік жастар саясатын институтционалдық қамтамасыз ету».
Мемлекеттік жастар саясатын одан әрі дамыту мынадай кезеңмен жүзеге асырылады: 1) 2012 жылдан 2015 жылға дейінгі кезең; 2) 2016 жылдан 2020 жылға дейінгі кезең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет