Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары: Қазіргі заманғы жоғары оқу орынының тәрбиелік әлеуетіне сипаттама беріңіз.
ЖОО-дағы педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету жұмыстарының маңызы мен өзіндік ерекшелігін түсіндіріңіз.
Университетте тәрбие жұмысын ұйымдастыру деңгейлері: институт және кафедра көлемінде жүргізілетін тәрбие жұмыстарының ықпалы.
Тәрбие жетекшісі және олардың атқаратын қызметінің ерекшелігі. Бірінші курс студенттерінің бейімделу кезеңі қиындықтары және оны өзіндік бағалауды жүзеге асыру, негізгілерін бөліп көрсету. Бейімделу кезеңі қиындықтарын талдау. 5. Қолдаудың түрлері және оларға сипаттама беріңіз.
Әдебиеттер
1. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. – Алматы “Дарын” 2004.
2.Қалиев С., Майгаранова Ш., Иманбаева С.Т., т.б.
Мектептегітәрбиежұмысыныңтеориясы мен әдістемесі. – Алматы “РБК” 1999.
3.Маралов В.Г. Основы самопознания и саморазвития. - Москва:
«Академия», 2004.-256с. 2-е издание.Учебное пособие.
4. Маралов В. Г. Психология педагогического взаимодействия воспитателя с детьми. - М., 1992.
5.Личность: внутренний мир и саморегуляция: Идеи, концепции, взгляды. - СПб., 1996.
Орлов Ю.М. Самопознание и самовоспитание характера. - М., 1987.
Краткий словарь иностранных слов./ Сост. Локшина С.М. – М.: Изд.
«Сов. Энциклопедия, 1966. – С. 84-85.
2.4 Студент жастарға ұлттық тәрбие беру – ұлттың интеллектуалды әлеуетін дамытудың негізі
Алғырлық пен сабырлық – түркілердің табиғи қасиеттері Ш. Уәлиханов Қазақстанның болашағы ел жастарының білімі мен даму-деңгейіне, олардың мүмкіндіктері мен құндылықтарға ұмтылысына, мемлекеттің экономикалық, саяси және қоғамдық өміріне араласу дәрежесіне тікелей байланысты. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң қабылданып, жастар жеке әлеуметтік-демографиялық топ ретінде бөлінді, оларға белгілі бір әлеуметтік құқықтар мен мемлекеттік кепілдіктер берілді. Жастар саясатының «Қазақстан жастары», «Жастар саясатының 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы», «Жастар саясатының 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы» салалық бағдарламалары, сонымен қатар «Қазақстан Республикасында азаматтарды патриоттық тәрбиелеудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» іске асырылды.
«Жастар» деп Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтарын айтады. Қазақстандықтар - жас ұлт, жасампаз ұлт: республиканың әрбір екінші тұрғыны 30 жасқа толмаған өскелең жастар. Жастар - бұл болашақтың «мәңгі қозғалтқыш күші». Сондықтан да Қазақстанның болашаққа барар жолы жастардың даму-деңгейіне, олардың мүмкіндіктері мен құндылықтарға ұмтылысына, мемлекеттің экономикалық, саяси және қоғамдық өміріне қатысу дәрежесіне тікелей байланысты.
Осыдан келіп, жастарды - бұл болашақтың «мәңгі қозғалтқыш күші» деп атауымызға болады. Сонда студент жастарды қолдау - ел дамуына қосқан мақсатты инвестиция. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап денсаулық және білім беру бағытында, оның ішінде жаңа ақпараттық технологияларға қолжетімділік, кәсіби және жеке бәсекеге қабілеттілік, патриоттық тәрбие, жас ұрпақтың табысты әлеуметтену мәселелері еліміздің саясатынан тысқары қалған емес.
Еліміздің ғалымдары жүргізген социологиялық талдаулардың нәтижесінде білім берудің әлеуметтік және жеке болып екі бағытта жүргізілетіндігі анықталады. Бұл білімді әлеуметтік институт ретінде қарастырғанда біріктіріледі, әрі институционалды тәсіл арқылы білімді әлеуметтік және жеке деңгейлерде қарастыруға мүмкіндік береді. Әлемдік білім беру жүйесінің философиялық және мәдени дәстүрлері бойынша, мақсат пен міндет, өзінің сапалық жағдайымен ерекшеленетін әртүрлі ұлттық білім беру маңызды жүйелерді қамтиды. Әлемдік білім беру жүйесі өз дамуында үш негізгі тенденциялардың болуымен сипатталады.
Бірінші тенденция – көптеген елдерде элиталық білім беруден барша көпшілікке бағытталған жоғары сапалы білім беру жүйесіне көшу.
Екінші тенденция білім беру саласында мемлекет аралық қатынастардың дамуы.
Үшінші тенденция әлемдік білім беру жүйесіне гуманитарлы ғылымдарды оқу үдерісіне қосу, яғни адамға бағытталған ғылыми және оқу курстарының қосылуы, мысалы саясаттану, психология, әлеуметтану, мәдениеттану, экономика, эргономика т.б. Тағы бір маңызды тенденциялардың бірі – ол білім беру жүйесіне инновациялардың енуі, және бұл жаңашыл өзгерістердің сол елдегі қалыптасқан ұлттық дәстүрлерге және ұлттық ұқсастыққа қарсы келмеуі, қайта уақыт талабына сай өзара үндесіп, қалыптасуы.
«Студент жастар» деп - өзіндік мақсаттары, өмір сүру ортасы, ерекше еңбек реті, әлеуметтік ғадеті және психологиясы, бағдарлар жүйесі болатын жастар деген үлкен әлеуметтік-демографиялық топтың ірі әлеуметтік категориясын айтады. Студент (лат. students, studentis) – жоғары, кей мемлекеттерде орта оқу орындарында білім алушы. Ежелгі Рим мен Орта ғасырларда тану үдерісімен шұғылданатын кез-келген тұлғаны «студент» деп атаған. XII ғасырда университеттердің ашылуына байланысты «студент» терминін университеттерде білім алушылар мен ұстаздарға қатысты пайдаланған; ұстаздар үшін ғылыми атақтар енгізілгеннен кейін тек білім алушыларға қатысты қолданыла бастады.
«Студент» термині жастардың белгілі бір көлемімен, жастық- жыныстық құрылымымен, аумаққа бөлінуімен сипатталатын әлеуметтік- демографиялық топпен байланыстырылады. Сонымен қатар, олардың белгілі бір қоғамдағы орны, рөлі, статусы бар екенін мойындап және жастардың басым көпшілігі өткеретін және белгілі бір әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерімен анықталатын әлеуметтенудің кезеңі, өзгеше фазасы ретінде қарастырылады. Дегенмен, олар - жастардың бір бөлігі.
Студенттер ерекше топ ретінде XII ғасырда Еуропада алғашқы университеттердің пайда болуымен қалыптасты. Ортағасырлық студенттік орта әлеуметтік және жас шамасы тұрғысынан біртекті болмады. Капитализмнің дамуымен және жоғары білімнің әлеуметтік мәнінің өсуімен қоғам өмірінде студенттіктің рөлі өсті. Сондықтан болар, бүгінгі күнде студенттер – білікті кадрлар мен интеллигенцияны толықтырып отыратын ресурс көзі ғана емес, сонымен қатар саны көп және маңызды әлеуметтік топ.
Ғылыми техникалық революция студенттердің орны мен құрамын елеулі өзгерістерге ұшыратты. Білімді кадрларға мұқтаждық студенттердің абсолютті санының және бұқараның басым бөлігінде, әсіресе, жастар арасында жылдам көбеюіне алып келді. Ортақ әрекет пен белгілі бір аймақта шоғырлану студенттерге мүдделердің ортақтығын, топтық сана, өзгеше субмәдениет пен өмір сүру салтын тудырды және бұл жас шамасының гомогендігімен қуатталады, себебі басқа әлеуметтік-кәсіби топтарда мұндай ерекшелік жоқ. Бұл - әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері бар қауым бірқатар саяси, мәдени-ағартушылық, спорттық және тұрмыстық студенттік ұйымдардың аясында өзіндік әрекетерімен ерекшелінеді.
Студенттердің өндіріс жүйесінде өз орны жоқ, студенттік статус уақытша болып табылады, студенттердің қоғамдық жағдайы мен оның өзіндік мәселелері қоғамдық құрылымның сипатымен анықталады және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, мәдени даму деңгейінің, жоғары оқу жүйесінің ұлттық ерекшеліктері негізінде нақтыланады.
Жоғары оқу орнын аяқтап жоғары білім алу туралы арманын жүзеге асырған студент жастар білім ордасының, жастардың әлеуметтік алға жылжуының маңызды құралы, ал бұл әлеуметтік алға жылжу психологиясының қалыптасуына жол ашады.
Жоғары білім алудағы ортақ мақсат, еңбектің бір сипатта болуы – оқу, өмір сүру үлгісі, жоғары оқу орнында қоғамдық өмірге белсене араласуы студенттер арасында бірегейлікке алып келеді. Бұл студенттердің ұжымдық әрекет формаларының көптігі болып көрініс табады. Қоғамның әр түрлі әлеуметтік институттармен белсенді өзара іс-әрекетінің және жоғары оқу орнындағы оқу ерекшелігіне сай студенттік қарым-қатынас мүмкіндігінің жоғарылауы келесі маңызды ерекшелік болып табылады.
Сондықтан, өзара араласудың жоғары жітілігі – студенттік ортаның өзіндік сипаты. Өмірдің мәнін іздеу, жаңа идеялар мен қоғамдағы прогрессивті өзгерістерге ұмтылу – студенттердің әлеуметтік маңызды сипаты. Бұл ұмтылыстар оң фактор болып табылады. Алайда, әлеуметтік тәжірибенің жеткіліксіздігінен, өмірдің бірнеше құбылыстарын жете бағаламау арқылы кейбір студенттер кемшіліктерді әділ сынаудан ойсыз сыншылдыққа өтуі мүмкін.
Студенттерді зерттеу оларды мемлекеттің келешегінде интеллектуалды әлеуеті болатын ескеріп, үнемі жаңарып отыратын динамикалы әлеуметтік топтың өкілдері ретінде тану, сонымен қатар жаңа буынның өмір сүру үлгісі мен оны тәрбиелеуді жетілдірумен байланысты. Осы топтың дамуынан Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік-саяси келешегі қандай болады деген сұраққа жауап табуға болады.
Студент жастар - бұл кез келген заманауи мемлекеттің стратегиялық әлеуеті. Жас ұрпаққа Қазақстанның мемлекеттік дамуының негізгі идеяларын, Конституцияны және де өзге заңдарды сақтап, құрметтеуге үйрету, жастар құқығы мен мүдделерін қорғау қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастырады. Жас азаматтың тұлға болып қалыптасуы үшін жағдай туғызып, білім саласында, еңбекте, жұмыспен қамтуда, әлеуметтік қорғауда кепілдіктерді қамтамасыз ету - мемлекетіміздің жүргізіп отырған барлық жастарға арналған саясатының басты мақсаты болып табылады.
Сонымен қатар, отбасы, оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік емес сектор отанымызды өркениеттілікке дамытудың кепілі болып табылатын жас ұрпақтың бойында отаншылдық, кәсіби даярлық пен ұқыптылық, жауапкершілік сынды құнды қасиеттердің қалыптасып, дамуына атсалысуы қажет. Жас ұрпақтың әлеуметтік белсенділігінің артуы, саналы құқықтық және саяси мәдениетін қалыптастыруы, олардың өмірлік көзқарастарын қайта қарауы кезінде, өмірлік қағидасы күшті, рухты болып жетілуі мемлекеттік жастар саясатының ең басты ұстанымы, мемлекеттік үкіметтік органдардың және азаматтық қоғамның өзге де институттарының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Кез келген мемлекеттің басты капиталы – білімді жастар. Қазір ХХІ ғасыр, адами капитал мен толыққанды қаруланған мемлекеттер ғасыры. Елiмiздiң болашағы жастардың білімділігіне, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты. Бұл маңызды фактіні ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев еш уақытта назардан тыс қалдырғане мес. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асуда, интеллектуалды мектептер мен зерттеу университеттері қалыптасуда, БҒМ жанында Жастар ісі жөніндегі Комитет құрылып, жыл санап жастар саясатын қаржыландыру артуда. Бұл шаралар жастар саясатын мемлекет тарапынан қолдау мақсатында жүргізіліп жатқан іс-шаралардың көрінісі болып табылады.
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа жолдауының басты назарында болып, білім беру, денсаулық сақтау, тілдерді дамыту және жұмыспен қамту сияқты халықтың әл-ауқатын арттырып денсаулығын қорғауға, жастарымыз бен балаларымыздың сапалы білім, саналы тәрбие алуына, салауатты өмір салтын өрістетуге арналған. Бұдан келіп туындайтын мақсат, білім беру жүйесінің басты даму бағыты – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу болып нақтыланады.
Қай елдің болмасын басты капиталы оның халқы, соның ішінде жастары болып табылады. 1999 жылдың 17 желтоқсанында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 12 тамыз – Халықаралық жастар күні деп бекітті. Жастар қазіргі қоғамның жетекші күші ретінде еліміздің дамуы үшін жауапты екені мәлім. Еліміздің тарихы мен мәдениетінің тағдыры, дамуы мен модернизациялануы, жалпы бүгіні мен ертеңі де жастарға байланысты және қоғамның маңызды әлеуметтік стратегиялық ресурсы болып табылады.
Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы білімді, ақылойы терең жастарды тәрбиелеу өзекті. Жаңа заман тәуелсiз ел мұраты – жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр. Жастар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi.
Зерттеушілердің мәліметтерінде жастар - жас адамдардың әлеуметтік жағдайының ерекшелiктерi, олардың қоғамның әлеуметтік құрылымындағы орны мен қызметі, ерекше құндылықтары мен мүдделері негізінде бөлінетін әлеуметтік-демографиялық топ деп көрсетеді. Жоғарғы білім беру жүйесінің ең басты міндеттерінің бірі «ұлттық интеллекттің ұйытқысын» жасау, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау. Бәсекеге қабілетті маманның маңызды қасиеттерінің қатарында жасампаз ой, алған білімді іске жарату, жаңа шешімдер қабылдау, технологиялар мен инновациялар болуы шарт. Демек, ЖОО-да инновациялық ғылыми, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салаға тартудың, студенттердің академиялық, ғылыми-зерттеу жұмыстарының интеграциясының, оқу процесін сабақтан бос уақытпен үйлестірудің, студенттердің шығармашылық дарындарын анықтаудың алғышарттарын жасауды талап етеді.
Жастар ортасындағы жағымды тенденциялар - білім беру деңгейінің жоғарылауы, патриоттық сезімнің дамуы, жастардың ғылыми, оқуда және оқудан тыс қызметтерге белсенді қатысуы, студент жастардың азаматтыққұқықтық мәдениетін қалыптасуы, жастардың рухани-адамгершілік, зияткерлік, мәдени-эстетикалық әлеуетінің дамуы, яғни еліміздің болашағының жарқын болуының өзегі болып табылады.
Жаңа заман тәуелсiз ел мұраты – жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етеді. Жастар атабабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi.
Жоғарғы білім беру жүйесінің ең басты міндеттеріне «ұлттың интеллектуалды ұйытқысын» жасау, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау, жастардың интеллектуалдық, шығармашылық және инновациялық әлеуетін дамыту болып табылады. Бәсекеге қабілетті маманның маңызды қасиеттерінің қатарында жасампаз ой, алған білімді іске жарату, жаңа шешімдер қабылдау, заманауи технологиялар мен инновацияларды меңгеруі болуы шарт. Аталған қасиеттерді жетілдіру ең алдымен университет түлектерін инновациялық ғылыми, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салаға тартудың, студенттердің академиялық, ғылыми-зерттеу жұмыстарының интеграциясының, оқу үрдісін сабақтан бос уақытпен үйлестірудің, студенттердің шығармашылық дарындарын анықтаудың алғышарттарын жасауды талап етеді.
Еліміздің жоғары білім беру жүйесіндегі оқыту мен тәрбиелеуге қойылып отырған талаптар Н.Ә.Назарбаевтың «Интеллектуалды ұлт-2020» атты ұлттық жобасында жаңа қалыптағы қазақстандықтарды тәрбиелеу деп анықталған, бұл Қазақстанды бәсекеге қабілетті адамдық капиталы бар мемлекетке айналдыру идеяларымен сабақтасып, болашақ маманның интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға бағытталады.
Студент жастардың интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыру білім негіздерін терең меңгерген, қазіргі инновациялық қоғамда қызмет етуге дайын, адам деген ардақты атқа лайық, кісілік келбеті келіскен, адами болмысы жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтармен үйлескен зияткер тұлға тәрбиелеумен өзектендіріледі.
Қазіргі инновациялық заманда қай мемлекеттің болмасын елдігі, өркениеттігі, қоғамдық дамуы әлемнің барлық елдерінде халықаралық дәрежеде анықталған БҰҰ-ның ортақ көрсеткіштеріне сәйкес адам әлеуетінің дамуымен сипатталады. Адам әлеуетінің дамуын өлшейтін 80-нен астам көрсеткіштерге қол жеткізген ел дүниежүзілік аренада адам әлеуетінің дамуы жоғары елдердің қатарынан орын алатындықтан, адамның интеллектуалдық әлеуеті қоғамның интеллектуалдық даму индексін анықтайтын көрсеткіштің бірі болып саналады.
Интеллектуалдық әлеуеттің қалыптасуын ғалымдар ғылыми ресурстар және сол ресурстарды ұтымды қолдана алатын кәсіби мамандар мен ұйымдастырушы басшылардың қажеттігімен сабақтастырып, «қоғамның интеллектуалдық әлеуеті – қоғамның интеллектуалдық-шығармашылық жемісі болып табылатын ғылым мен білімнің тоғысуынан туындаған адами, материалдық, қаржылық рестурстардың бірлігі»,- деп пайымдайды.
Анықтамалық көрсеткіштерде «интеллектуалдық әлеует-адамның терең ойлауын қажет ететін мәселелерді тез әрі дәл шеше алу қабілеті және адамның жаңа білімді, интеллектуалдық дағды мен біліктерді жоғары дәрежеде игеруі», - деп анықталады. Олай болса, интеллектуалдық әлеует дегеніміз-адамның белгілі бір жүйедегі ұғымдардың ғылыми бейнесі, адамзаттық мәдениеттің ең ірі бөлігі ретіндегі білімдерді саналы меңгеру қабілеті және сол меңгерген білімдерін өз ұлтының, елінің мүддесіне, қоғам игілігіне жарата алуы және қандай да болмасын мәселе төңірегінде өзін-өзі жарқырата көрсетіп, өзін өзгелерге мойындатуы болып табылады
Латын тілінен аударғанда «ақыл–ой» деген мағынаны білдіретін интеллект (лат. іntellectus – таным, ұғыну, аңдау) ұғымы алғашқыда адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді. Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Сол сияқты интеллект – ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттілікті көрсететін танымдық іс-әрекеттің күрделі бір түрі. Адамның интеллектісі туралы қалыптасқан түсініктер философия, психология және лингвистикалық негізде дәлелденіп ғылыми тұрғыда тұжырымдалған.
«Интеллект» ұғымы туралы қалыптасқан түрлі көзқарастар ежелгі дәуірден бастап, осы уақытқа Гераклит, Аристотель, Р.Декарт, К.Юнг, П.А.Флоренский, В.И.Вернадский, М.Мамардашвили сынды философтардың ой тұжырымдарымен өрнектеліп, бұл ұғым қазіргі заманда адам тіршілігінің идеалдық және материалдық, сондай-ақ интеллектуальдық және экономикалық сипаттарындағы қарама-қайшылықтар мен өзара байланыстарды зерттеуге негіз болады.
Психологиялық көзқарас бойынша интеллект жеке тұлғаның объективтік өлшемі және оның жан-жақты эксперименталдық зерттеу объектісі бола алатын ойлау қабілетінің тұрақты құрылымы ретінде қарастырылады. Оған Г.Айзенктің қазіргі кезде кеңінен дамыған адамның интеллектуалдық қабілетін өлшеу әдісі - «интеллектуалдық коэффициентті» (IG) жатқызамыз. Психология ғылымы бойынша интеллектінің теориялық (академиялық) және практикалық (әлеуметтік) деп аталатын бір-біріне қарама-қайшы екі формасы бар. Психологиялық зерттеулерде көбінесе практикалық формаға баса мән беріледі.
Бұл айтылған ойды интеллект дегеніміз адамның танымдық үрдістерінің жиынтығы, оның өмірдегі кез келген жағдайларға бейімделіп, түсінуі деп зерделеуге болады. Тұтастай алғанда, интеллектінің бастапқы белгісі- зеректік, десек те болады. Зеректік – адамның түрлі пікірлер (екі түрлі) туралы оң тұжырым жасай алуы және нақты ойлап, дұрыс айта білу қабілеті. Естіліктің бір түрі ретінде зеректік – интеллектінің ақпаратты құрастырып пайдалануға жауап беретін басты қасиеті іспеттес, бұл ақылдың ең жауапты қызметі, ал зеректіктің өзі ақылдың сапасы. Сонымен түйіндей келгенде, зеректіктің қызметі – өзін-өзі танудың, өзін-өзі білудің, өзін-өзі сынаудың, өзін-өзі объективті бағалаудың, идеалдар жасаудың, өз бойында рухани құндылықтарды қалыптастырудың алғы шарттарын іске қосу деп айта аламыз. Ендеше, интеллект – оқу, білу ақпараттарды мақсатты жұмсау және өзін-өзі басқаруға қажетті танымдық қызметті іске асыратын адамның туа біткен ақылдылық қабілеттерінің жиынтығы. Ал адамның қабілеттіліктері, ақыл-ой даралығы зеректігін төмендегі құзіреттіліктерді дамыту нәтижесінде анықталады:
кеңістік туралы түсінігінің болуы, кеңістіктегі байланыстар мен қатынастарды дұрыс қабылдай алуы; идеяларды ұғынуа білуі;
заттар мен құбылыстардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары ажырата білуі; құбылыстарды есте сақтай алуы;
түрлі жағдаяттық мәселелерді ұтымды шеше білуі, мәселенің алдын алу үшін іс-әрекеттер жоспарлай білуі;
есептеу операцияларын жылдам әрі дұрыс жасай білуі;
түрлі сөздер, ұғымдар, мәтіндерді түсініп, сыни тұрғыдан анализ жасай алуы; сөздік қорының молдығы; өз пікірін ауызша жеткізе білуі.
Сөйтіп, ғылыми пайымдауларда психологиялық әрі философиялық құбылыс, қабілет ретінде қарастырылатын «интеллект» терминінің қысқаша мәні осылайша таратылады. Осы айтылған қасиеттерді бойын жинақтаған адамдарды интелектуал деп атаған.
«Интеллектуал» ұғымы С.И.Ожеговтың орыс тілі сөздігіндегі «интеллектісі жоғары дамыған ақылды, рухани адам» делінген тар мағыналық сипаттан кең ұғым. Бұл тек адамдардың, топтың ақылдық жағының өлшемі ғана емес, біліктіліктің, жоғары білімділіктің, өз ісінің маманы сияқты сипаттардың көрсеткіші. Сондықтан «интеллигенция» және
«интеллектуалдар» ұғымдары бір мағынада қолданылып, тек еуропа қоғамындағы мәдени, әлеуметтік ерекшеліктерді белгілеуде айырмашылықтары болған деуге негіз бар. Сондай-ақ, «интеллигенция» деп белгілі бір әлеуметтік топты айтса, «интеллектуал» деп нақтылы бір интеллектуалды жұмыс саласында айтарлықтай жетістікке жеткендерді атаған. Болашақ маманды интеллектуал ретінде тәрбиелеудегі басты нысана– студент жастардың ақыл-ой тәрбиесіне зейін аудару болып табылады. Өйткені, ақыл-ой тәрбиесі интеллектуалды ұлт келешегін ғылымның негізі жайындағы инновациялық білім қорымен қаруландырады. Ғылыми білімді меңгеру барысы мен нәтижесінде ғылыми көзқарастың негізі қаланады. Ал көзқарас дегеніміз – адамның табиғатқа, қоғамға, еңбекке, танымға деген пікірлерінің жүйесі. Көзқарастың қалыптасуы – бұл қоғам мен табиғат құбылыстарын саналы түрде жете түсіну, оған өзінің қатынасын, ойын белгілеу. Бұл жастардың логикалық ойлауын, есте сақтауын, зейінін, қиялын, танымдық әрекетін дамытпақ. Демек, бұл ретте ақыл-ой тәрбиесінің міндеттеріне енбек, ғылыми білімнің белгілі-бір бөлігін меңгеру, ғылыми көзқарасты қалыптастыру, ақыл-ойдың күшін, қабілеттері мен талабын дамыту, танымдық әрекетін дамыту, танымдық белсенділігін қалыптастыру, білімін әрдайым жетілдіруге қажеттілігін дамыту сияқты танымдық іс әрекеттер жатады.
Ал «интеллект» ұғымын тілдік тұрғыдан қарастыратын болсақ, лексика семантикалық парадигмада ол ақыл, парасат, сана, білім, ой, зейін, дарын, қабілет, зерде, өріс, білік т.б. түсініктермен қабысып, адамның жоғары қабілеттілік деңгейін көрсетеді. Бұл түсініктер адамның интеллектісінің бір қырын ғана көрсетуі немесе біртұтас зияткерлікті танытуы мүмкін.
Қорыта айтқанда, білім беру ісінде оқыту мен тәрбиелеу бір тұтас педагогикалық үдеріс ретінде қарастырылатындықтан, интеллектуалды ұлт қалыптастыруда ең алдымен ұлттық негіз, ұлттық рухта тәрбиеленген, адамгершілігі жоғары, рухани жағынан толысқан, өзін-өзі дамытып, өз ойын іске асыра алатын елжанды тұлға сомдалуы басшылыққа алынуы тиіс және бұл студент жастардың интеллектуалды даму бағытында олардың рухани адамгершілік сападағы тұлғалық қасиеттерін әлеуметтік-танымдық тұрғыда жетілдіріп, олардың бойында біртұтас жүйе, яғни интеллектуалдық әлеуетті қалыптастыруға ықпал етеді.