І тарау. М. Дулатовтың педагогикалық идеяларының теориялық негіздері


Қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде туу, қалыптасу, даму кезендері



бет2/6
Дата06.10.2023
өлшемі141,5 Kb.
#113231
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дип.-М.Дулатовтың-педагогикалық-идеялары

90
Қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде туу, қалыптасу, даму кезендері
4 і Этнопедагогика ғылымы орыс, Батыс елдерінде XVII-
XVIII ғасырлардан бастап ңолға алынған болса, ңазақ этнопедагогикасының зерттелу жайы, ғылым ретінде ңалыптасу тарихын сөз еткенде, оны үш кезеңге бөліп қарастырамыз.
Бірінші кезең - XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп, қазақтың үлттық тәлімгерлік ой-пікірлері мен салт-дәстүрлері жайында түңғыш зерттеу еңбектерін жазған Шоңан, Ыбырай, Абай сияқты демок-рат ағартушылар мен орыс, Батыс саяхатшы, этнограф ғалымдарының(Э.С.Вульфсон, П.С.Паллас, А.Вамбери, А.Левшин, В.Радлов, А.Янушкевич, Н.Г.Потанин, Н.Л.Зеланд, т.б.) қолжазбалары десек, екінші кезең -XX ғасырдың алғашқы 20-30-жылдарында бүл істі ғылы-ми түрғыда арнайы қарастырып сөз еткен Ә.Диваев, А.Байтүрсынов, М.Жүмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Қүдай-бердиев, Х.Досмүхамедов, М.Дулатов, Н.Қүлжанова, М.Әуезов, т.б. болды. Яғни, бүл кезеңді қазақ этнопеда-гогикасының ғылым ретінде туып, ңалыптасу кезеңі деп ңараймыз. Үшінші кезең - 35-40 жылдық үзілістен кейін (1970-2005 ж.ж.) ңазақ әтнопедагогикасының қайта жанданған, даму дәуірі деп аламыз. (Ол кезеңге кейін тоңталамыз, № 5 кесте).
Ңазаң этнопедагогикасының бастау бүлағы XIX ғасыр-дың екінші жартысында өмір сүрген қазақтың оңымысты демократ-ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Қүнанбаевтың ғылыми еңбектерімен тығыз байланыс-ты болғандыңтан, қазаң халңының салт-дәстүрі, түрмыс-тіршілігі, үлттық мәдениеті жайында олардың ой-пікірлеріне арнайы тоқталуды ңажет демекпіз.
91


4. МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ (1885—1935)21
Екі жасында шешеден, он екі жасында әкеден жетім қалған ол 1897 жылы Торғайдағы орыс-қазақ мектебіне түсіп, оны 1902 жылы бітіріп шыққаннан кейін алты-жеті жылдай ауылда бала оқытады. Қейіннен Омбы, Қарқаралы қалаларына барады, Петерборда шығатын «Серке» газетіне «Жастарға» (1907) деген өлеңін бас-тырады. 1909 жылы Уфада «Оян қазақты», Қазандағы ағайынды Қәрімовтар баспасынан «Бақытсыз Жамал» романын бастырып шығарады, «Айқапқа» түрлі тақы-рыптар төңірегінде (оқу-ағарту, мәдениет, тіл т. б.) үзбей мақала жазып түрады. Осы жылдары А. Байтұрсы-новпен бірлесіп, «Қазак» газетін шығаруға ат салысады. Қазан төңкерісіне дейін, сондай-ақ Қеңес өкіметі жыл-дарында бірнеше рет түрмеге жабылады. Алаш өкіметі мен партиясының басшыларының бірі болғаны белгілі. Ол 1920 жылдардан бастап жаңа өкіметке де аянбай қызмет істейді («Ақжол» газеті, облыстық сот т. б.), 1922—26 жылдары Орынбордағы Қазақтың ағарту инс-титутында оқытушы болады. 1922 жылы екі бөлімнен тұратын «Есеп қүралын», 1924 жылы «Қирағат» кіта-бын, қазақ кітаптарынын, библиографиялық кәрсеткішін бастырады. 1928 жылғы зобалаңда бір топ қазақ оқы-ғандарымен бірге түтқынға алынып ату жазасына кесі-леді, онысын кейіннен 10 жыл абақтыда қамаумен алмастырады. 1935 жылы тұтқында жүріп, Балтық ка-налының бойындағы Сосновец деген жерде қайтыс болады. 1988 жылы республика Жоғары сотыньщ кол-легиясы қылмыс қүрамы болмағандықтан оны біржола ақтайды.
Әмбебап ағартушының артына қалдырған рухани мұрасында кешегі көшпелі қазақ елінің) әдет-ғұрпы, дәстүр салты, жол-жоралғысы, тәлім-тәрбиёсі мен үлгі-өнегесі, өзіне тән этикалық, эстетикалық үнам-талғамда-

ры ұлттык, колоритқа толы сан алуан нақты деректер-мен безендіріле баяндалған. Осы тұрғыдан «Оян қазак» атты туындысының орны бөлек. Ұстазы Ы. Алтынсарин-нің оқу-ағарту мәселесіне байланысты идеяларын әрмен қарай дамыта келіп, ол да А. Байтұрсынов сияқты, оқу-тәрбие мәселесіне ғылыми тұрғыдан қарауға, атап айт-канда оқытудың жаңа әдіс-тәсілдеріне, шәкірттердіқ жаңа бағдарламалар арқылы білім алуына, ғылыми ди-дактикалық қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуге ерекше мән береді. Бұл айтылғандарды оның «Мүғалімдерге» атты мақаласынан (1915), «Қирағат» кітабына жазған алғы сөзінен жақсы байқауға болады: «...балаларды,— дейді ол,— оқыту өз алдына бір ғылым. Ғылым — пе-дагогика... Мектеп программасында бірінші орын алған нәрсе қирағат, баяндап оқыту... Қирағаттың мақсатын түсінбеген мұғалім үміт еткен пайданы бере алмайды... Жас балаларды оқыған нәрсесі хақында ойлануға, оның мағынасын, қасиетін сездіруге қалай.үйретпек керек? Баланы оқыған нәрсесін бір-біріне үйқастырып ойла-нуына, оқып шыққаннан кейін жадында ретті һәм толық мағынасымен қалдыруға әдеттендіру керек». (М. Дула-тов, Шығармалары, Алматы, «Жазушы», 1991, 238-бет). Ол орыс педагогикасының атасы К. Д- Ушинский айт-қандай, оқу-тәрбие процесіне (жазу, сызу, есептеу, оқу т. б.) шәкірттердің сезім мүшелерін (кез, қүлақ және т. б.) түгелдей қатыстырып отыру қажеттігін орынды аңғарып, мұны тәлімгерлердің жадына салуды ойласты-рады. Осыған орай ол былай деп жазды: «Әрбір жазыл-ған сөз (тақтаға, дәптерге, тіпті ауызекі сөзді де — Қ. Ж.) жазушының сезінуімен, естуімен, көруімен (та-биғаттан һәм адамның тұрмысынан) «шыққан нәрсе» (Бұл да сонда, 239-бет).


Табиғатынан тәлімгерлік касиеті мол жазушы қазақ арасында көбінде көзге түспей, түссе де еленбей жүрген ғылым-білімге, енерге, зерек, дарынды балаларды оқы-тып-тәрбиелеудің мәні' жайында сөз ете келіп, дарын-дылықтың кейбір психологиялық астарларына үңіледі, Осы жәйт автордың мына төмендегі түйіндеуінен жақсы аңғарылып тұр: «Туысында қанша зеректік болса да,— деп жазды М. Дулатов,— ғылымсыз, тәрбиесіз кемеліне жетпейді. Кімде-кім езінін, табиғатына не нәрсеге ше-берлік барлығын сезіп, ез жолына түссе ғана, кезге кө-рінеді... Жаксы суретші адамның сыртқы түрін айнытпай сала білсе, жақсы жазушы да адамның ішкі сырын, мі-
258
незін, әдетін бүлжытпай керсете біледі, оқығанын да көріп түрғандай боласың...»
Халқымыз егемендікті аңсап жатқан қарбалас шақ-та жас еркендерді жерге шырылдап түскен кезден есейіп, есі кіріп болғанға дейінгі аралықта ана тілінің уызына жарытып қана қоймай, олардың үлттық рухпен, дәстүр-салт, әдет-ғұрыптан мейлінше сусындауына ерек-ше көңіл аударуымыз қажет. Бүл жөнінде де М. Дула-тов былайша жеріне жеткізе айтқан еді. «Бастауыш мектепте алған тәрбиенің,— деп жазды ол,— әсерлі, күшті, сіңімді болуы, қай халықтың мектебінде болса да оқу кітаптары ана тілімен, ез ұлтының тұрмысынан, һәм табиғаттан жазылып, баяндап оқытудың асыл мақ-сатына муафик үйретуден, осылай біліп, баяндап оқыт-қанда, балқыған жас баланың ойына, қанына, сүйегіне үлт рухы сіңісіп, ана тілін анық үйреніп, керекті мағлұ-мат алып шығады. Мұндай балалар бастауыш мектепті бітіргеннен кейін кай жүрттың мектеп медресесінде оқы-са да, қай жұрттың арасында жүрсе де, сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды. Қайда болса да тіршілігінде қан-дай ауырлық өзгерістер керсе де үлт үлы болып қалады. Оқудағы мақсат жалғыз қүрғақ білім үйрету емес, бі-ліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру... (Бұл да сонда, 239-бет).
М. Дулатовтың 1921 жылы Тәшкенде шыққан «Есеп қүралы» қазіргі кездегі математикадан оқу кітаптарын құрастырушылар үшін теңдесі жоқ үлгі деуге болады. Осы кітаптың алғашқы нүсқасы 1914 жылы Орынборда басылған еді. Мүнда бастауыш кластағылардың үғымы-на оралымды, кекейіне қонымды, күнделікті қазақ өмі-рінен алынған, қазақ психологиясына бесенеден таны-мал есептер, тапсырмалар мен жаттығулардың терт амалды (қосу, алу, кебейту, бөлу) зердеге тез тоқып алуға жәрдемдесетіні дау туғызбайды. Бірінші класқа арналған «Есеп құрамында»: «Біздің үйде 6 ат бар еді, қүдамыздан тағы бір ат алдық, біздің ү'йдің аты нешеу болды?» Ахметжанның үйі соғымға 5 қой, I сиыр сойды. А]шетжанның үйі соғымға неше мал сойды? «Мерген 2 қаз атып алып еді. Біреуін ақсақалға байлады, Мер-геннің өзінде неше қаз қалды?» «Біздің үйдің желісінде 10 құлын бар еді. Біреуін ағытып жіберді. Желіде неше күлын қалды?» т. б. осы іспеттес мысалдар балғын шә-кіртті тек есеп шығаруға машықтандырып коймай, оны халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғүрпын танып-білуге
11'
259

(«құда», «соғьім», «ақсақал», «желі» т. б.) үйрететіні сөзсіз. Осы әдіс-тәсілді мектептегі кай пәннің мұғалімі болмасын орынды пайдалана білсе құба-құп. Сондық-тан да қазіргі «Математика» кітаптарындағы «Иванның 5 дәптері бар еді...» «Коля 5 пламастер сатып алды» деп келетін ұлттык нақыштан жұрдай тіркестерді қазақша-лайтын күн бізге әлдеқашан туған сияқты.


Ал М. Дулатов жазған «Қирағат» кітабы (1924) өзі-нің кұрылысы жағынан бастауыш класс оқушыларына жеңіл, түсінікті тілде, табиғатпен байланысты әңгіме-лерден (жылдың төрт мезгілі, ол кездердегі жан-жа-нуарлар мен қүстар өміріндегі ерекшеліктер, ел өмірі, тұрмыс тіршілігі т. б.) тұрады, яғни мұнда биология, экология, салт-дәстүрден хабар беру көзделген. Екінші белімде балаларды талаптылыққа, еңбек етуге, адам-гершілікке баулитын ғибаратты әңгімелер топтап беріл-ген. Мысалы, «оқымысты бала» деген әңгімеде қаладан оқып келген баланың ауылға келген соң еріншектік жа-сап, тырнауыштың сабын басып калғанда оны маңдайы-на соғып алып, «Тырнауышты аяқ астына тастаған қан-дай ақымақ екен» деп ашулануын сықақ етеді. «Қонақ кәде» атты әңгімеде қазақтың әдет-ғұрпын сөз етсе, «Күлмеңіздер кәріге» деген әңгімеде әке тілін алмай өлмелі шал-кемпірді мазақтайтын әдепсіз балалардьщ қылығы айтылады.
М. Дулатовтың тәлім-тәрбиелік тағылымдарынан қазіргі күн талабы-тілегімен үштасатын тағы бір кесек ойды кездестіреміз. Ол жас ұрпақты имандылыққа тәр-биелеу. Қазіргі қазақ жастарының тәрбиесінде көлеңке-лі, келеңсіз жақтардың белең алуы тәлімгер қауымға жас буынды. жөргегінен мейірімділік пен имандылыққа баулып тәрбиелеу қажеттігін күн тәртібіне қойып отыр. Осы жөнінде мұсылмандардың қасиетті кітабы, «Құран-ньвд» үлгі-өнегеге толы тағылымдарына да баса назар аудару қажеттігі газет-журналдарымызда сан рет жа-зылып жатыр. Ал осы мәселені бүдан 80 жыл бұрын кемеңгер Дулатов та көтерген екен. Ол жұртты оқуға, білім алуға тартқан кезде бір жағынан діни оқуды да жатсынбау қажет дейді. Автор орысша оқып, орыс тілін үйренген қандай пайдалы болса, мұсылманша оқып, дін-ді танып, оны өмірлік қажетке пайдаланса кісі жан-жақты білімді азамат болып шығатыны айтылған. Ол медреселер ауыл мектептерінде ғылыми пәндерді, түрлі тілдерді меңгерумен қатар, діни оқудан да мағлүмат
260
алудың маңызын былай түсіндірді: «Медреседе сыйла-1 сып екі молла. Бірі окытсын мүсылманша, бірі орысша. Педагогия тәртібімен оқытса, казағым кетер едің сонда алға... Риза қазақ халқы болар еді, хүкімі шариғаттың түрса қолда...» (Бұл да сонда, 35-бет). Біздің ойымыз-ша, аса білікті, әмбебап саясаткердің осы айтқандарын-да қазіргі тәлім-тәрбие процестерін жүзеге асыру жағ-дайында да еске алғанымыз жөн сияқты. Расында да орыс педагогикасының атасы Қ. Д. Ушинский (1824— 1870) «кто не имеет религии и не чувствует ее потреб-ности, тот должен не воспитывать детей...» ...без помощи религиозных систем мы не можем объяснить себе обще-человеческой психологии, ее истин и ее заблуждений» деген ғой, (К. Д. Ушинский. Собр. соч. том 10, М., 1950, с. 614) ал осы халықтың екінші бір педагог-психологы П. Ф. Каптерев (1849—1922) «Педагогикалық психоло-гия» (1875) атты кітабыньщ бір тарауын «Діни тәлім-[ тәрбиеге» арнаған болатын.
Осы іспеттес пікірді қазақ оқымыстыларының көп-І шілігі айтқан. Мәселен, М. Жүмабаев өзінің «Педагоги-І касы» былай дейді: «...дін сезімдері күшті адам, яғниі тәңірінің барлығына, кұдіретіне сеніп, оның махаббатьш алуға, каһарына үшырамауға ұмтылатын адам өмір| бойы ізгілікке үмтылып, жауыздықтан безбек».
М. Дулатовтың оқу-ағарту майданындағы ерекшеі көзге түсуі жиырмасыншы жылдардың орта шеніндегіі латынша немесе арабша әріпті алу мәселесінің теңіре-! гіндегі айтыс кездерінде көрінді. М. Дулатов 1924 жы-лы Орынборда болған қырғыз-қазақ ағартушыларының түнғыш съезінде баяндама жасап, араб әрпінің ерекше-лігі мен артықшылығын дәлелдеп бақты. Оның «Бүкіл шығыс елінің мәдени мұрасы араб әрпімен жазылған, егер де дүрмекпен • латынға кешсек біз бұл байлықтан^ мүлде қол үзіп каламыз» дейтін пікірінің шындық екен-І дігіне бүгінде дау айтатын адам болмаса керек.Т


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет