I-ТАРАУ МЕКТЕПТЕГІ СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ
1.1 Қазіргі кезеңде мектепте спорттық секцияларды құру
Секцияны құрудың алдында үлкен түсінік және ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. Ең алдымен физкультурашылар коллективі советінің кәсіподақ ұйымдарының және кәсіпорындар мен оқу орындары басшыларының көмегімен секцияны басқарушыларды материалдық жағынан қамтамасыз етіп, сабақ өткізетін орындарды жабдықтау керек. Содан соң барлық күшті жастарды тарту ісіне жұмсау қажет. Бұл үшін насихат пен үгіттің әр түрлі құралдары пайдаланылады. Олар: әңгімелесу, жастарды жарысқа шақыру, көрсету жарыстарын, спорт кештерін өткізу, көркем безендірілген стенділер, фотовитриналар жасау, плакаттар шығару, хабарландырулар беру, т.е.с. құрылуы мүмкін.
Оқу жаттығу топтарын жаттығушыларын жасын, өсіп - жетілу дәрежесін, жалпы және өсіп - жетілу дәрежесін, жалпы және спорттық-техникалық даярлығын ескере отырып құрады.
Ірі кәсіпорындарда немесе оқу орындарында жаңа бастап жаттығушылар мен разряды бар спортшылар үшін өз алдына бөлек секциялар ұйымдастыру қажет. Бұлай жасағанда оқуға жастарды барынша көп тартуға мүмкіндік туады және сонымен қатар оқу жұмысын методикалық тұрғыдан дұрыс құруға ықпалын тигізеді[137, б. 13].
Жұмысының табысты болуы көп жағдайда дұрыс жоспарлауға байланысты. Сондықтан секциядағы жұмыс бюро мүшелерімен бірлесе отырып перспективалық, жылдық және айлық жоспар бойынша жүргізіледі. Календарьлық жоспарлар мен жекелеген шараларды жүргізу жоспарының едәуір маңызы бар.
Перспективалық жоспар оқушылар секциясының дамуы кәсіпорынның өзінің дамуымен, ондағы еңбекшілердің тұрмыстық және мәдени қасиеттерін қанағаттандыру мүмкіндіктерінің өсуімен байланысты деген есеппен және осылар ескеріле отырып, бірнеше жылға жасалады. Ол жоспарда материалдық базаның залдарды, жазғы алаңдарды салып жақсарту, қымбат тұратын спорт құралдарын сатып алу т.б. жақсартылуы, жаттығушылар санының артуы, активті тәрбиелеп өсіру разряды бар спортшылар санының көбеюі т.б. көзделеді. Жылдық және айлық жоспарлау ағындағы жаспарлау болып табылады. Олар мынадай бөлімдерге бөлінеді. Саяси - тәрбие жұмыстарына лекциялар, баяндамалар, қоғамдық - саяси шаралар, жиналыстар экскурсиялар, мәдени жорықтар, жарысқа ұйымдасып бару, т.с.с. кіреді. Оларға секцияның барлық мүшесі түгел қатысуы тиіс.
Бұл бөлімде топтың санын және оның сандық құрамын анықтау, оқытушылар мен қоғамдық нұсқаушыларды бөлу, сабақ кестесін жасау, топты оқу доқументациясымен және көрнекі құралдармен қамтамасыз ету, сабақтарды өткізу мәселелері бойынша методикалық жағдайлар ұйымдастыру, оқыту, жаттықтыру методикасы, т.б көзделеді.
2
1.2 Жалпы жарыс жоспарының мазмұны
Спорт жұмыстары. Жарыс календарын анықтау, ережелер жасау, төрешілер коллегиясын іріктеп алып, бекіту, құрама команданы бекіту, разрядшылар мен төрешілерді даярлау (мұндағы анықталатындар: мерзімдері, саны т.б.).
Бұқаралық үгіт жұмысы оқушы өмірін көрсету жарыстарын, спорт кештерін ұйымдастыру, лекциялар оқу, қабырға газетін шығару, фотовитрина жасау, секциялардың жұмысы жөнінде хабарлау, жұмыстарға қатысу, сабақ және сабақ өтетін орындарды көркемдеп әшекейлеу, афишалар мен плакаттар дайындар т.с.с.
Медицианалық тексерулерді ұйымдастыру, ол тексерулердің нәтижелері бойынша және дене жаттығуларының адам организміне әсері, гигиена, өзін - өзі бақылап жүру, т.б. жайлы дәрігерлердің әңгіме өткізу.
Қоғамдық кадрлар даярлау. Қоғамдық нұсқаушылар мен әр түрлі категориядағы төрешілерді даярлау жөніндегі шараларды ұйымдастыру. Шаруашылық жұмыстар. Құрал - жабдықтар сатып алу және жөндеу жөніндегі шығындардың сметасын жасау, әрі түрлі шараларды ұйымдастыру және өткізу, спорт базаларын жолдап алу жайлы шарттар жасасу, жазғы алаңдарда сабақ өткізетін орындарды жабдықтау үшін жексенбіліктер ұйымдастыру т.б. оқушылардың секцияларының жұмыс жоспары төменде келтірілген форма бойынша жасалады[79, б. 5].
Жылға арналған жұмыс жоспары
Жұмыстардың мазмұны
|
Орындалу мерзімі
|
Орындауға жауапты
|
Орындалғаны туралы белгілер
|
|
|
|
|
Секцияны басқарудағы және қоғамдық актив даярлаудағы оқытушының алатын орны мен міндеттері.
Оқушыларды жаттықтырудың бүкіл процесі спортшыларды тәрбиелеу ісімен өте тығыз байланысты. Спортшысы қай жағынан да тәртіптіліктің, іштей жинақылықтың, жоғары мәдениеттің үлгісі болуы тиіс. Өзінің спорттық шеберлігін ол өндірістегі өнімді еңбегімен, мектептегі, техникумдағы немесе жоғары оқу орнындағы үздік оқуымен ұштастыруы керек. Секцияның ұйымдастырушы және жетекші ретіндегі жаттықтырушының игі міндеті де тап осындай спортшыны даярлау болып табылады.
Оқушы жөніндегі кез келген сабақ жоғары мәдениетті дәрежеде өтіп, спортшыларға эстетикалық тәрбие беруге көмектесіп, олардың сұлулыққа, әсемдікке деген сезімін дамытып, жан дүниесін байыта түсуі тиіс. Осындай мақсатпен сабақтың жарык әрі таза, құралдар жақсылап жиналып, кілем тегіс етіп төселген залда өтуіне ерекше көңіл аударған жөн. Жаттығушылардың сабақка кешікпей, таза, бойынша шағын тігілген спорт формасымен келуіне талап қоюының да маңызы аз емес.
Тәрбиелеу ісінде жаттықтырушының жеке басының үлгісінің ролі өте зор. Тек рухани жағынан кіршіксіз жаттығушыларды спорттық адалдыққа, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке үйрете алады.
Жаттықтырушының еңбегі - педагогикалық, тәрбиелік жұмыс. Ол спортшылардың не нэрсемен әуестенетіндігін, жұмысты қалай істеп, қалай оқитындығын білуі тиіс.
Сондықтан жаттықтырушы семьямен, мектеппен және кәсіпорынмен тығыз байланыста болуы керек. Ол педагогика, психология, спорт физиологиясы жөніндегі білімін толықтырып, арнайы методикалық мамандық алып, сондай-ақ оқыту және жаттықтыру методикасына қазіргі заманғы жетістіктерді пайдалану үшін спорттағы барлық жаңалықтарда біліп отырғаны жөн.
Спортшыны моральдық жағынан тәрбиелеп және оның жігерін тани түсу де көп жағдайда жаттықтырушыға, оның біліміне, беделіне, талап қоя білуіне байланысты. Өзінің күнделікті жұмысында ол педагогикалық амалдарды қолданып отыруы тиіс, олар - сендіру, түсіндіру, көтермелеу, ескерту жасау. Сонымен қатар еліктіретін үлгі ретінде аса көрнекті спортшылардың өмірінен мысалдар келтіріп отырғаны жөн[98,б. 16].
Жаттықтырушы спортшыларды жарыстарда өз бетінше әрекет етуге үйретуінің де маңызы бар. Өйткені жарыс кезінде өз бетінше шұғыл шешімге келуді талап ететін жағдайлар жиі кездеседі. Тәрбие жұмысында сендірудің спортшының көзін жеткізудің ролі аз емес. Егер жаттығу кезінде оқушы шаршадым деген желеумен айқасты, одан әрі жүргізуден бас тартса, ол мұның шын себебі шаршағандық емес, жастықтық, шаршадым деп өзін - өзі игера алмағандық екендігін жаттықтырушы анық білетін болса, ол айқасты ақырына дейін жүргізу керектігіне спортшыны сендіруі тиіс. Оқу жаттығу процесін жоспарлау.
Дене шынықтыру коллективтері секцияларының оқу - педагогикалық процесі сан қырлы әрі ұзақ уақытқа созылады. Өйткені қазіргі спорттық техникалық талаптардың жоғарылығы сондай, спортшының жақсы нәтижелерге жетуі үшін ол осы мақсатта табандылықты әрі жылдар бойы жаттығуы қажет. Мұндай максатты көздейтін бұл процесс бірте - бірте жүруі тиіс.
Ал егер оны жеделдете түсуге тырысатын болса, оның өзі жаттығушылардың денсаулығына, олардың шеберлігінің артуына теріс әсер етеді.
Оқу материалдарын болашақта да, ағымдағы және оперативті міндеттерді де ескере отырып бөлуді көздейтін дұрыс жоспарлау ғана осы міндеттердің толық орындалуына көмектеседі[127, б. 4].
II-ТАРАУ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЖАРЫСТАР ЖӘНЕ ПРЕЗИДЕНТТІК СЫНАМАЛАР
2.1 Түсіндіру, көрсету әдістері, ойын арқылы оқыту әдісі
Жаңа жаттығумен немесе әдіспен танысқанда оны орындаудың әдістері мен заңдылықтары жөнінде түсінік алу қажет. Міне, бұл жағдайда түсіндірудің атқаратын қызметі - ол аркылы осы әдісті қолданудың қажеттігімен тиімділігін немесе оны орындау әдістерін дәлелдеу. Оқытушы әдісті аз сөзбен қысқаша түсіндіруі тиіс. Түсіндіру әдісінің маңызы ол арқылы оқушының алдына қойылған міндетті аз - аздан, оны мезі етіп жалықтырып алмай жеткізуге болатындығында. Мысалы, алғаш оқыта бастаған кезде оқытушы тек сол сабақтағы педагогикалық міндетті шешуге қажетті негізгі мәселелерді ғана түсіндіреді де қояды.
Келесі сабақтарда барып қандай да болмасын әдісті орындаудың қосымша немесе тіпті басқа варианттарын түсіндіреді. Сондай-ақ жарыстардың қорытындыларын талдағанда, кемшіліктерді анықтап, түзеу керек болғанда, т.б жағдайларда түсіндіру әдісі қолданылады[97, б. 17].
Көрсету әдістері.
Волейбол әдістерін көрсету үшін спортшыларды пайдаланады. Бұл жағдайда ұстаз қандай да болмасын әдістің қалай орындалатындығын өзі көрсетсе, екінші жағдайда жаттығушының өзі арқылы көрсетіп, оны орындауды денесімен изеуіне мүмкіндік береді. Мұндай көрсету техникалық жағынан дұрыс орындалуы тиіс. Оқушы әдіс туралы толық түсінік алғаннан кейін оны жан-жақты оқып-үйреніп, жетілдіре түсуге кірісуіне болады. Жаттығу арқылы оқыту әдістері волейбол оқыту процесінде жаттығуларды спортшының арнайы физикалық касиеттерін дамытып, оныц қозғалу шеберлігі мен дағдысын жетілдіре түсу мақсатында пайдаланады.
Жаттығуларды таңдап алу, сондай-ақ оларды орындау шарты мен қайталау саны оқушының адында тұрған міндеттеріне байланысты анықталады. Жаңа әдісті игерген кезде педагог оның дұрыс орындалуына мұқият көңіл бөледі.
Кемшіліктерді түзету керек болған жағдайда жаттығулардың мәні ерекше арта түседі. Мұндайда арнайы жаттығулар таңдап алынады. Әдіс бояу және орташа - шапшаңдықпен орындалуы тиіс. Бұл оқытушының бақылап тұруын жеңілдету үшін қажет.
Ойын арқылы оқыту әдісі.
Ойыншылар қандай да болмасын бір қасиеттерін дамыту үшін қатты қимылдап ойнайтын әрі волейбол элементтері бар ойындар пайдаланылады. Мысалы, бір зат (іші толтырылған доп қанат) үшін волейболшыларға ұстап үйренуге күш салуға және қажет кезінде ұстау әдісін өзгертіп отыруға үйретеді. Немесе жүгіріп ойнайтын ойын (регби) психикалық және күш қуатын аз жұмсай жүріп, оқушының техникалық тактикалық әрекеттерін дамытуына ықпалыс тигізеді. Мұндай ойындар сабақтың кіріспе бөлімінде де, негізгі бөлігінің соңғы жағында да шаршаған кезде жылдан қимылдап, күшіне күш қосу үшін орындалуы мүмкін.
Оқыту процесінің құрылымы. Әдістерді оқушы жөніндегі әдебиеттерден оқып үйренуге, оқушы өткен жарыстарды қарап білуге болады. Бұл кезде оқушылар әдіс жөнінде түсінік алады. Сонымен қатар оқушылар өздері үйреніп жатқан әдістерге саналықпен қарау үшін оларды бұның алдындағы сабақтарда үйреніп, жетілдірілген таныс әрекеттермен байланыстырып отыру қажет[45, б. 1].
Оқыту практикасында, әдістерді тұтастай, бөліп - бөліп (элементтері бойынша), араластырып үйрету әдісі қолданылады. Тұтастай қарапайым әдістер мен жаттығулар үйретіледі. Бұлайша үйрету кезінде жаттықтырушы мына жәйттерді ескеруі тиіс: жаттығушыларды әдіспен жақсы таныстыру; сол әдісті үйретуге көмектесетін соған жақын немесе соның элементтері болып табылатын яки еліктейтін жаттығуларды жасату. Мысалы, күртешесінің жағасы мен жеңінен ұстап, арттан шалып лақтыру әдісі үйретілуде делік. Сонда бұл әдісті үйретуге көмектесетін жаттығуларға аяқты алға мықтап созып жүру, солайша жүріп, кейіннен тізерлеп жүруге көшу, аяқты алға мықтап созып жүре келіп, тізерлеп жүріп, кеудесімен құлау, т.б. жатады. Бір әдісте бірнеше үйлесімді қимылдар жасауға тұра келетін жағдайда ол әдіс бөліп - бөліп үйретіледі.
Әдісті араластырып үйрету амалы оқушы айналасатын топ оқушыларға да, жеке оқушыларға да қолданады.
Оқушылардың білімін шеберлігін дағдысын тексеру. Оқу - жаттығу процесінде кемшіліктер мен жаттығушылардың қатесін анықтау үшін практикада ағымдағы тексеру және мерзімді тексеру қолданылады. Ағымдағы тексеру кезінде бақылау жүргізіледі, спортшылармен әңгіме өткізіледі.
Мерзімді тексерудің мақсаты - оқушының білімін, шеберлігін, дағдысын бір жүйеге келтіріп, спортшы оны ұзақ уақыт есінде сақтап қалатындай ету. Ол оқушылардың техникалық даярлығы жөнінде есеп алу, жан жақты дайындық жөнінде норма тапсыру, жарысқа қатысу нәтижелері және емтихан түрінде өткізіледі. Егер оқушының білімі зачет пен емтихан кезінде тексерілетін болса, шеберлігі техникалық әрекеттерді орындағанда, ол дағдысы мен оның жетілу дәрежесі жарыстарда тексеріледі. Әдістер мен жаттығуларды орындау кезінде мезгілімен қателіктерді түзетіп отырса, техниканың дұрыс игеруге ықпал етеді. Мұның әсіресе, жаңа бастап жүрген оқушыларды үйретуде маңызы зор[97, б. 4].
2.2 Дене мәдениеті дамуында жарыстың маңызы
Соңғы жылдары біздің ел тұрғындарының денсаулықтарын нығайтуға үлкен көңіл аударуда. Тұрғындардың дене дайындылықтарына қойылатын талаптар қиындап кетті. Бұл талаптар «Президенттік сынамалардан шықты Республика тұрғындарының», 1996 жылы қабылданған қайсы біздің ел тұрғындарының дене тәрбиесінің негіздерін құрады.
Бұл сынамалар - барлық нормативтердің жиынтығы, адамдардың дене дайындылығының жалпы деңгейін анықтайтын оқуға және жұмыс әрекетіне, жастарды әскери іске дайын болуына.
Нормативтерді тапсыру үшін 13 жастық топтар құрылған. Жасөспірімдер 12-13 жастағы I - топка кірді, ол көбінесе 5 сынып оқушыларынан тұрады.
Ал біздер жұмысымызда орта мектеп жасындағы мектеп оқушыларының Президенттік сынама нормативтерін тапсыру ерекшелігін қараймыз, яғни осы 12-13 жастағы 5 сынып оқушыларының Президенттік сынама тапсыру жұмыстарын талдауға тырысамыз.
Жылдың соңында олар сынақтар тапсырады. Нормативтер және тапсыру әдістері осы жұмыста келтірілген. Бірақ басындағы мектеп дайындығы, осы бағытта жүргізілетін, бұл сынамалардың қиындығын көрсетеді және ұқыпты айналысудың қажеттігін. Бұл сынамаларды өткізу әдістері әдістемелік нұсқауда келтірілген «Дене дайындылықтың Президенттік сынамалары - Қазақстан Республикасы тұрғындарының денсаулықтарының негізі».
Мектеп оқушыларын сынақтарды тапсыруға дайындау оқыту процесінде өткізілді. Сынақтарды тапсыру оқу жылының аяғында өткізіледі.
Дене тәрбиесі бойынша оқу жоспары Президенттік сынамалардың барлық түрлерін қосу керек оқушыларды дайындау кезінде.
Мысалға, оқу жылында оқытылатын материал төмендегілей бөлуге болады:
Қыркүйек - қазан - жеңіл атлетика, спорттық ойындары. Қараша - жүзу. Желтоқсан (тирде өткізілетін сабақтар) ату. Тақырыпты аяқтап келіп сынақ қабылдау.
Желтоқсан - қаңтар - шаңғы, сынақ қабылдау.
Ақпан - наурыз - жүзу, сынақ қабылдау.
Сәуір - мамыр - жеңіл атлетика, сынақ қабылдау.
Жылдамдықты, күшті және шыдамдылықты тексеру үшін жылдың аяғында өткізіледі, анықталған күні. Мысалы:
топ - 60м жүгіру
топ - бір орыннан ұзындыкқа секіру
топ - кермеге тартылу
топ - доп лақтыру.
Содан кейін жарысу түрлері алмасады. Қатысушылар да орындары мен алмасады. Жарыстар аяқталғаннан кейін осы спорт түрлері бойынша барлық қатысушылар, 1000м (қыздар), 2000м жүгіруге дайындалып сөреге дайындалады[43, б. 7].
Түс қайта әлде келесі күні балалар арасында жарыстар өткізіледі.
Сынақтарды тапсыруға сабаққа үздіксіз қатысушылар, жақсы баға алатындар, дәрігер рұқсат еткендер жіберіледі.
Емдеу топтарына жазылган оқушылар, денсаулығына байланысты нормативтерді тапсырудан босатылады.
Жастар және туризм мен спорт министрлігінің бүйрығында 12 ақпан 1997 жылғы Президенттік сынамалардың көп таралу мақсатында, дене тәрбиесі және спорт құралдарымен тұрғындардың денсаулық жағдайын жақсарту, сондай-ақ спортшылардың шеберлігін жоғарлату спорттар түрі ретінде Президенттік көпсайыстың қысқы және жазғы түрлері бекітілді.
Қысқы Президенттік көп сайыс 12-15 жастағы балалар үшін (орта мектеп жасындағылар).
Қыздар (1,2 топтар):
Пневматикалық винтовкамен ату (3 көру + 5 сынактық).
Денені көтеру шалқалап жатып белге (саны мин)
Шаңғы жарысы 3 км.
Ер балалар (1,2 топтағы):
Пневматикалық винтовкамен ату (3 кору + 5 сынақтык).
Кермеге тартылу (саны)
Шаңғы жарысы 3 км.
Жазғы Президенттік көпсайыс: Қыздар (1,2 топтағы):
60м жүгіру
1000м жүгіру
50м жүгіру.
Певматикалық винтовкадан ату (3 көру + 5 сынақтық).
Бір орында тұрып ұзындыкқа секіру
Доп лақтыру
Ер балалар (1,2 топтағы):
60м жүгіру
2000м жүгіру
50м жүгіру.
Певматикалық винтовкадан ату (3 кору + 5 сынақтык).
Бір орында түрып ұзындыққа секіру
Доп лақтыру
Міне, осы жаттығулар түрлері бойынша дене тәрбиесі мұғалімі дайындау керек.
Кесте ұпайым бойынша разрядтық нормативтері (100 ұпай)
Қыскы Президенттік көпсайыс
(үш сайыс)
Жастық топтар
|
Спорт шебері
|
Спорт
шеберлігіне
кандидат
|
Разрядтар
|
I
|
II
|
III
|
Жасөспірім
|
|
|
|
12-15
жас
|
|
200
|
170
|
150
|
130
|
110
|
90
|
70
|
16 жас
және
жоғары
|
200
|
170
|
150
|
130
|
100
|
|
|
|
Қысқы және жазғы Президенттік көпсайыс спорт түрлері бойынша ережелеріне сәйкес өткізіледі.
Қысқы және жазғы Президенттік көпсайыстың нәтижесін бағалай үшін, келесі кестені ұсынамыз.
Президенттік сынақтағы қысқа қашықтыққа жүгіру[90, б. 8].
Қысқа қашықтыққа төменгі сөреден жүгіреді.
Қысқа қашықтықка жүгіру қозғалыстың шапшаңдығын арттырады. Сонымен бірге кедергілерден өтуде қозғалыстың шаптандығын жетілдіріп, дамытады. Кедергілерден өту ептілікті қалыптастыруға да үлкен пайдасын тигізеді.
Қысқа қашықтыққа жүгіргенде аяқты сілтей әрі кең адымдап жүгіру керек және шапшаңдықты біртіндеп арттыра берген дұрыс. Қысқа қашықтыққа (40,50,60,80,100,200м) жүгірген кезде аяқты сермей ұшымен басы керек. Жүгіру кезінде денені дұрыс және еркін ұстаған жөн. Қысқа қашықтыққа жүгірудің ерекшелігі - жүгіруші жүгінен алдында түрегеліп тұрмай, бір тізесін тигізіп отыру қалпында (төменгі сөрелік қалыпта) болады. Жүгірер алдында жерге бір тізерлеп, екі қолын сөре сызығына тіреп отырады. Осы жағдайды төменгі сөрелік қалып деп атайды. Жүгіргенде спорттық шұңқырларды даярлай білудің, сөреге дұрыс тұру мен берілген белгі бойынша жүргірудің үлкен мәні бар.
Төменгі сөренің қарапайым түрі сөре сызығынан бір табан ілгері жерге кішкене шұңкыр қазылады. Сол шұңқырдан жүгірушінің тізеге дейінгі аяғының ұзындығындай (тізеден аяқтың табанына дейінгі ұзындық) кашықтыққа екінші шұңкыр қазылады.
Шұңқырдың тереңдігі жүгірушінің табанының үштен бір бөлігіндей болуы керек. Екінші шұңқырдың артқы кабырғасы алдыңғы шұңқырдың қабырғасына қарағанда тігірек болады. Екі шұңқырдың да алдыңғы кабырғалары аяқтың үшы тірелмейтіндей жайпак болуға тиіс. Төменгі сөреден жүгіру «Сөреге!» деген команда естілген бетте екі қолдың ұшын жерге тигізіп, екі иық сөре сызығының үстінде немесе сәл алға шыққан қалыпта бір тізерлеп отырады. «Дайындал!» деген команда берілгенде жүгіруші артқы тізесі мен денесін сәл көтеріп, ауыз аркылы тез әрі терең тыныс алады. Осы қалыпта ол жүгірудің соңғы командасын күтіп тұрады. Мылтық атылу немесе «Марш!» деген бұйрық берілгенде жүгіруші қолын жерден көтере беріп алға қарай бар пәрменімен ұмтылады. Бұл сәтті, егер сол аяқ алдыңғы шұңқырда түрса, дене еңкейген қалыпта сол қолды қатты сермей жүгіру керек. Жүгіруші осындай еңкейген қалыпта құлап қалмауы үшін, ол алдыңғы аяқты шұңқырдың артқы қабырғасына тірей серпілген бетте кейінгі аяқты шұңқырдан артқы кабырғасына тірей серпіген бетте кейінгі аяқты шұңқырдан шығарып, алға қарай сілтеуі қажет. Жүгіруші екінші рет тыныс алмастан сөреден жүгіріп шығады.
Қысқа қашықтыққа жүгіргенде бастапқы 15-25м қашықтықты аяқты жерге қатты тірей басып жүгіру керек. Бұлай жүгіру шапшаңдықты үдете түседі. Сөреден шыққандағы алғашқы адымдар өте кең болмай оның есесіне өте тез болганы жөн. 20 метрге жеткен шамада, яғни жоғары шапшаңдық қарқынына ие болғаннын кейін, жүгіруші аяқты бір қалыпты сермей отырып, мәреге дейін осы қарқынды сақтап жүгіруге тиіс.
Сөреден жүгіріп шығу шапшаңдыңын арттыру үшін, алғашқы кезде 10-15м қашықтыққа ғана жаттықкан дұрыс. Сонымен бірге мәреге жеткен соң бірден тоқтай салмай, әрі қарай 10-15метрдей екпінді бояулата жүгіріп өткен жөн. Мәреден өту жүгіру көрсеткіші болып табылады. Сондықтан мәреге 10 метрдей қалғанда шапшаңдықты төмендетпеуге тырысу керек. Мәре кермесіне жакындағанда барынша екпіндей ұмтылу жүгіру көрсеткішін жоғарылатады. Мәре кермесіне тақалғанда (шамамен 1м қалғанда) жүгіруші денесін алға еңкейтіп, қолды артқа әрі екпіні үдей түскен қалыпта болады.
Мәреге жетуді үйрену кезінде мәре кермесіне жетуді емес, шапшаңдықты бәсеңдетпестен мәре сызығынан жүгіріп өтуге дағдыланған жөн.
Осыдан кейін мәреге жақындағанда қарқынды үдету тәсілін үйренген дұрыс. Қыска қашықтыққа жүгіру тәсілін үйрену 20м кашыктықты 3-4 рет екпіндей жүгіріп өтуден басталады. Әрбір екпіндей жүгіру аралығында 3-5 минут үзіліс жасалады. Осыдан кейін осы қашықтықты демалу уақытын 2 минутқа дейін азайтып, жүгіріп өту санын 5-7 ретке дейін жеткізу қажет. Біртіндеп 30 м қашыктықты 5 ретке дейін, 40м қашықтықты 3-4 ретке дейін, 60м қашықтықты 3-4 ретке дейін екпінді жүгіріп өтуге жаттығу керек[47, б. 8].
2.3 Президенттік сынаманың түрлері мен нормативтері
Төзімділікті шыңдау үшін жүгіру шапшаңдыкка жүгірудің орнын баса алмайды. Шыдамдылықты арттыру үшін жүру мен жүгіруді алмастыра отырып, жаттыққан дұрыс. Ойлы - қырлы жермен жүгіріп жаттыққанда жүгіру қашықтығы (жүруді және жүгіруді қоса алғанда) 200 метрден 2000метрге дейін жетуі мүмкін. Алғашқы сабақтарда жүгіріп өтетін қашықтық шағын (200, 250, 300м) болу керек.
Жүгіру мен жүгіру кезектесіп отыратын қашықтықта жүру қашықтығы жүгіру қашықтығынан артық болады. Мысалы:
300м тез жүру + 200м жай жүгіру + 300м ортаға шапшаңдықпен жүгіру + 200м жай жүгіру + 200м жай жүру +100 жай жүгіру = 1300м;
300м тез жүру + 200м жай жүгіру + 300м орташа шапшаңдықпен жүгіру + 300м жай жүгіру + 200м жай жүру = 1400м.
Жүгіру қашықтығы осылайша өсе береді.
Әрбір ең соңғы жүгірістен кейін міндетті түрде 100 - 200м қашықтықты денені суыту үшін жай жүріп өту керек. Төзімділікті шыңдау үшін жүгіруге кірісе отырып жүгіру шапшаңдығын айыра білуге дағдыланған жөн. Бұл үшін әуелі 100м қашықтықты бір - екі рет 22-24 секунд ішінде мейлінше бір қалыпты жылдамдықпен жүгіруге машықтану керек. Алғашқыда әрбір жүгіруден кейін 2-3 минут үзіліс жасап, 3-4 жаттығу орындаған жөн.
Осыдан кейін жүгіру қашықтығын 150м -ден 400м-ге дейін ұзартуға болады. Алайда жүгіру жылдамдығы (шапшаңдығы) бастапқы қалпында (100м-ді 22-24 секіндта жүгіру) калуға тиіс. Осылайшы дағдылану арқылы бірте-бірте орташа шапшаңдықпен 3-5 минут ішінде шамамен 800-1000 метрдей қашықтықты жүгіріп өтуге кол жеткізуге болады. Бір қалыпты шапшаңдықпен жүгіріп өтуді орындаған кезде жүгіру техникасының жеке бөліктерін меңгеру мен жетілдіруге және тыныс алуға баса назар аудару қажет. Жоғарыда көрсетілгендей шапшаңдыкпен (100метрді 24 секунд амасында жүгіру) бірте - бірте 1500 - 2100м кашыктықты 5-7 минут аралығында жүгіруге дағдылану керек. Сонда ғана Президенттік сынамада көрсетілген 1000м; 2000метрге жүгірудің нормативтерін орындауға мүмкіндік береді.
Жүгірудегі қашықтықтар мынадай:
Қысқа қашықтық - 30м - 400м;
Орта шақытық - 500м - 2000м;
Ұзақ қашықтық - 3000м - 10 000м;
Айрықша қашықтық - марафон жүрісі. Ол 42км 195м.
Қысқа кашықтықтарға, жоғарыда айтылғандай, төменгі сөреден жүгіреді[56, б. 9].
Президенттік сынамалардагы лақтыру жаттығуларына дайындық.
Жеңіл атлетиканың бір түрі - лақтыру. Лақтыру құралдары: доп (үлкен және кіші), найза, балға, ядро, гранат.
Допты нысанаға дәл тигізу үшін сабақтан тыс кезде, далада ойнап жүргенде балалармен бірге тасты кім алысқа лақтыратынын анықтаудың пайдасы зор. Бұл сабақта допты алысқа лақтыруға және нысанаға дәл тигізуге жаттықтырады.
Допты алдымен бір орында түрып, содан кейін жүгіріп келіп лақтыру жаттығулары орындалады. Лақтырудың әдістерін меңгеру күнделікті жаттығу барысында ғана біртіндеп игеріледі.
Жүгіру, секіру, лақтыру элементтері бар ойындар мен эстафеталар.
Кім алысқа секіреді? Эстафетасы эрқайсысының құрамы 6-8 баладан гүратын екі команда секіру сызығына таяу келіп лекке тұрады. Алдыда секіруге арналған екі алаңқай болады. Бірінші нөмірлі балалар copy сызығына келіп, бір орыннан екі аяқпен бірдей серпіле ұзындыққа секіреді. Олардың өкшесі тиген жерден екінші нөмірлілер секіреді.
Секіру осылай жалғаса береді. Қай команданың секірген кашықтығы ұзын болса, сол команда жеңіске жетеді.
«Допты ұста» ойыны. Ойыншылар екі командаға бөлінеді де әр командадан екі ойыншы сөреге келіп тұрады. Ал екі колына екі волейбол добын ұстаған мұғалім оларға «Марш!» деген клманда беріп, доптарды ілгері қарай кадам басқан екі баланың басынан асыра жерге доға жасап түсетіндей етіп лақтырады. Егер ойыншы допты жерге түсірмей қағып алса - 2ұпай, жерге түскеннен кейін ұстаса, 1 ұпай беріледі. Көп жинаған команда жеңіске жетеді.
Алма-кезек екі адымдап жүру - шаңғы тебудегі негізгі жүру әдісі. Мұның мәні - әрбір аттаған сайын таяқпен бір рет итеріп отыру. Шаңғымен жүрудің бұл әдісін дұрыс түсініп, жете меңгеру үшін қозғалыстың мына төмендегі жүйесін білу керек.
Сол аяқты алға аттап жүрген кезде таяқ ұстаған оң қолды алға өткізіп, таяқтың үшын жерге тірейді. Содан кейін екі таякпен бір мезгілде итеріп қалады. Бұл кезде дененің салмағы сол аяқка түседі. Бүдан соң шаңғының әкшесін көтере оң аяқты алға сілтеп тастайды. Бұл кезде сол аяқ сырғанау қалпында болады. Шаңғының сырғанауы тоқтай берген кезде сол аяктың басы тұсына оң қолдағы таяқтың ұшын жерге тіреп, оң аяқты өзіне қарай жинап қойып, сонымен бір мезетте сол колды алға шығарады.
Оң аяқпен сырғанай беріп, оған дененің салмағы түскен кезде сол қолды алға шығарып, таяқтың ұшын жерге тірейді. Бұл кезде оң аяқтағы шаңғы сырғанай қалпында болады. Таяқка онша күш салмай-ақ жылдамдықты арттыруға тырысқан жөн. Бұл қолдың тез шаршамауына септігін тигізеді.
Осылай жүре сырғанағанда, аяқ сәл бүгулі болуға тиіс. Салмақ бір аяққа түскенде, тепе тендікті сақтауға тырысқан жөн. Сонда ғана аяқтың сырғанау адымы ұзынырақ болып, күштің молырақ сақталуына көмектеседі. Президенттік сынаманың жүзу түріне дайындық жұмысы.
Спорт түрлерінің ішінде организмнің жалпы дамуына тез жетілдіретін жаттығулардың бірі - суда жүзу. Әрбір бала міндетті түрде өзеннен өту керек бола қалса, жүзуді білмеген бала судан өте алмайды. Суға түсер алдында жүзуді үйренуге арналған арнаулы жаттығуларды үнемі орындап отырғанда ғана жақсы нәтижеге жетуге болады. Жүзуді үйренуге арналған арнаулы жаттығулар малтыған кездегі қол - аяқтың қимылын бірнеше қайталаудан басталады. Содан кейін арнаулы жаттығуларды белуардан келетін суда орындауға болады. Суда түрған кезде орындалатын негізгі жаттығу екі қолмен алма - кезек есуден басталады. Бұдан соң жағада қолды алдыға соза етпеттен жатып, екі аяқпен алма - кезек есуді орындауы керек[89, б. 6].
Бұлардан кейін суға сүңгуді үйрену жалғасады. Ол үшін терең тыныс, судың астына бату керек. Әркім өз шамасына қарай су астында біраз жүреден отырып, қайта түрегелу қажет. Бұл жаттығуды 5-10 рет қайталаған жөн. Су таза болса, онда су астында көзді ашуға болады және су астында дем шығаруға дағдылану керек. Бұл жаттығу судың бетінде қалқып жатуды меңгеруге көмектеседі. Осыдан кейін су бетіне қалқып шығып, қол мен аяқты екі жаққа жазып жіберіп, басыңды көтеріп дем шығармай, суға бату-батпауыңды қадағалау қажет.осыдан кейін ғана қол - аяқты қозғай бастау керек. Суда есудің (молтудың) бастамасы осыдан кейін ғана жалғасады.
Молтудың қарапайым жаттығуы етпеттен жатып, қолды алдыға соза алма - кезек есудан басталады. Осы жаттығуды шалқадан жатып орындауға да болады.
Арнаулы жаттығулар. 1. Құрлықта:
жай жүру; саусақтарды бір - біріне тигізу қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру;
екі аяқты иық кеңдігіндей алшақ қойып, еңкейіп жерге саусақтың ұшын тигізу.
екі аяқты иық кеңдігіндей алшақ, екі қолды белге қойып, кеудені екі жакқа кезекпен тигізу.
екі аяқты иық кеңдігіндей алшақ, екі қолды желкеге қойып, кеудені оңға -солға бұру.
жерге қолды таянып отыру.
екі қолды жанға соза жауырынмен жатып, аяқты тік бұрыш жасайтындай етіп көтеру және түсіру.
жауырынмен жатып, жанға созылған қолдың саусақтарын аяқтың ұшына жеткізу.
бір аяқты бүгіп отырып, қолмен екінші аяқтың өкшесі мен ұшын ұстап, оны оңға және солға айналдыру.
- қолды артқа тіреп отырып, аякты және оның ұшын түзу созып ұстап,шалқадан жатып жүзгендегідей қимылдар жасау;
- негізгі тұрыс - қол шынтақтан бүгіліп, саусақтар иыққа қойылған қалыпта екі иықты бір мезгілде және кезекпен ілгері - кейін айналдыру.
- негізгі тұрыс - қолды жоғары көтеріп саусақтардың үшын біріктіріп ұстаған қалыпта қол, кеуде бұлшық еттерін қатайтып ұстап, аяқтың ұшымен тұру арқылы жоғары қарай созылу.
- негізгі тұрыс - бір қол жоғары көтеріліп, екіншісі төмен түскен қалыптас әуелі баяу, соңынан тез - тез ілгерінді - кейінді айналдыру.
- салмақты сол аяққа түсіріп, оң аяқты алға созып, екі қолды мыкынға тірей бір орында секіру (30-50 рет және баяу жүру 30 сек.);
-бастапқы қалып - екі қолды арт жақтан таянып отырған қалыпта 1 -2 дегенде шалқайып 3-4 дегенде бастапқы қалыпқа келу (6-8 рет қайталау)
- бастапкы қалып - негізгі тұрыс калпында 1 дегенде екі қолмен жер тірей жүрелеп отырып, 2 дегенде аяқты түзу ұстап, қолмен жер тірей - еңкею, 3 дегенде екі қолмен жер тірей жүрелеп отырып, 4 дегенде бастапқы қалыпқа келу (6-10 рет қайталау).
Суда:
жалғыз өзі және жұп болып қол ұстасып су ішінде айнала жүру;
басты суға батыру:
«Кім биік» ойыны бойынша суда отырған қалыптан аяқпен серпіле секіру, жаттығуды аяқтаған соң кім «чемпион» екені хабарланады.
қолмен есу қимылдарының көмегімен әр түрлі бағытқа судың түбімен жүру, суда дем шығару (иекті судың бетіне тигізіп, қолды тізеге қойып тұрған қалыпта).
1) ыстық шайды үрлегендей суды үрлеу; 2) сол қалыпта қолды бос жіберу; 3) өз бетіне су шашып жуынып тұрып дем шығару;
-Кімде көбік көп? ойыны бойынша су астында отырып, ауыздан ұзақ дем шығару;
су түбіне екі қолды тіреп тұрып, аяқты судың бетіне шығару (аяқтың ұшы толық жазылған болуы керек);
мұғалімнің командасы және есебі бойынша аяқпен екпіндей еркін жүзу әдісімен қимылдар жасау;
шалқадан жаткан қалыпта сондай қимылдар жасау;
Кім жылдам жасырынды ойыны бойынша мұғалімнің командасымен дем алу және су астына отыру;
-қолмен есу қимылдарын жасай отырып, су ішінде жүру және жүгіру, судан шоршып шығу және басты суға батыру;
-Кірді (киімді) шаю ойыны бойынша суда орнықты түрып, екі қолмен әуелі тез - тез, кейін баяу қалыпта оңға солға, алға - артқа ескендей қимылдар жасау;
екі бала жұп болып тұрып, көзді ашкан қалыпта суға кезек - кезек бату;
шалқадан жатып, аяқпен еркін жүзгендегідей қимылдар жасау;
-жағаға қарап түрған қалыпта, жағаға немесе судың түбіне қолды тіреп жатып, су бетіне жамбасын және өкшені шығару, дем алып, бетті суға батыру (жаттығуды бірнеше қайталап орындау);
су түбіне қолды тіреп, аяқпен жүзу кезіндегідей қимылдар жасау;
«Кім шапшаң?» ойыны бойынша мұғалімнің берген белгісімен, көрсетілген мәре сызығына дейін қолмен суды есе жүгіру[165, б. 11];
ҚОРЫТЫНДЫ
Курстық жұмысты қорытындылап келіп біз төмендегідей тұжырым шығарамыз:
мектеп директоры жарыс жұмыстарының жағдайына жауап береді және ол қажетті жағдай жасау керек осы жұмыстарды өткізу үшін.
Жарыс өткізу шараларда келесі әдістер қолданады.
а) лекция; б) әңгімелеу; в) көрсету; г) түсіндіру және т.б.
Жарыс жұмыстарын ұйымдастырудың алдында мектеп дене мәдениетін құру қажет және солардың арасында кеңес мүшелерін сайлау қажет.
Сонымен қатар курстың жұмыстар оқу жоспарларының үлгілері көрсетілді. Бірақ мектептен және сыныптан тыс жұмыстарының сан қырлы түрлері бар. Оның бәрін бір жұмыста ашу мүмкін емес. Ал енді қажетті деген мәселелер толық баяндалды.
Одан басқа курстық жұмыста Президенттік тестілердің жазғы және қысқы түрлері қаралды, яғни оларды ұйымдастыру ерекшеліктері.
Президенттік сынамада оқушылардың дене шықытыру деңгейі көрсетілген және ол еліміздегі дене тәрбиесінің негізін құрайды;
бұл сынама түрлері мен нормативтерін оқушылар осы оқу жылы ішінде (қысқы түрлерін қыста, ал жазғы түрлерін - мамыр айында) тапсыруға тиіс;
барлық жаттығулар ішінде мылтық ату - әскери - қолданбалы сынама түрі, сондықтан сынаманың осы түрін міндетті түрде өткізу керек.
қысқы және жазғы Президенттік көп сайыс ережелеріне сәйкес өткізіледі;
қысқы және жазғы Президенттік көпсайыс (жұмыстарына) жарыстарына міндетті түрде алдын - ала дайындау жұмысын 1 -2 ай бұрын бастау керек;
Сонымен қатар курстық жұмыстың соңында атап өтетін жай, ол Президенттік сынаманы қабылдаудың алдында арнайы комиссия құру керек.
Бірақ Президенттік сынамалардың нормативтерін тапсыру өте қиын, яғни оларды құрғанда орташа оқушының қабілетімен алмаған - деп көптеген дене тәрбиесінің мұғалімдері айтады.
Қала мектептері тапсырған протоколын зерттеп келгенде әр мектептен 2-3 адам Ұлттық деңгейді тапсырған, ал 10 мектептен тек 1-2 оқушы президенттік сынамалардың нормасын тапсырған. Осы оқу - жылының қорытындысы бойынша біздер осындай пікірге келдім. Ал енді көптеген мамандардың мәселе көтеруіне байланысты казіргі кезеңде осы проблема шешілуде.
Сонымен қатар курстық жұмыстың екінші бөлімінде оқыту әдістері қаралды, олар: әңгімелеу, лекция, әңгімелесу, көрсету және ойын арқылы көрсету әдістері.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Куаныш Т.Ш. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. Алматы, Қаңтар, 2006.
Тер о ганесян Теория и методика физического воспитания. М.: Просвещение. 2010
Качашкин В.М. Физическое воспитание в начальной школе, М.: Просвещение 2013.
Лях Методика обучения физическим упражнениям в 10-11 классах. М., Просвещение, 2007.
Богданов Г.П. Школьникам здоровый образ жизни М.: ФиС 2009
Комплексная программа физического воспитания в начальной школе М. Просвещение, 2007.
Фролов В.Г. Юрко Т.П. Физкультурное занятия на воздухе с учащихся М.: Просвещение, 2003.
Формирование нагрузок в физической воспитании школьников Под. редакции Л.Е. любомирского - М: Педагогика 2009.
Богданов Г. П. Школьникам здоровый образ жизни-М.; ФиС. 1989
Качашкин В.М. Физическое воспитание в начальной школе-М.; Просвещение, 2003
Альмарин Б.А. Теория и методика физического воспитания; М.;
Физическая культура в школе. Педагогика, 2011
Горенько М.И. Организация и методика проведения уроков по физическому воспитанию -Алматы; РИК, 2004, стр 5-14.
Қуаныш Т.Ш. Дене тәрбиесінің теориясымен әдістемесі-Алматы; Рауан, 2006, 13-19бет.
Хмель Н,Д. Куаныщев Т.Ш. Особенности формирования пед/кой культуре будущего учителя -Алматы; 2006 стр 6-12.
Куколевский Г.М. Врачебный контроль при подготовке и сдачи Президентских тестов-Алматы; 2010, стр 5-12.
17. Журналы «Физкультура в школе» №4,6; 2005, 5-11
18. Дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасы «5-11 сыныптар»
Достарыңызбен бөлісу: |