2. «Ойын - оқыту әдісі ретінде»тақырыбында баяндама жасаңыз.
Баяндама
Тақырыбы: «Ойын оқыту әдісі технологиясы» МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе 1. Ойын туралы түсінік. Ойын түрлері. 2. Сабақта ойын түрлерін пайдалану.
ІІ. Ашық сабақ «Ойын сабақ»
КІРІСПЕ
Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі.Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті – ойын болса, оқу – тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланатын түрлі ойындар арқылы жүзеге асады.