Сырттай ( дайындық ) тур.
Бұл этаптың мақсаты - балаларды олимпиаданың келесі турларына психологиялық жағынан дайындау. Өз сеніміне деген іштей дайындық. Бұл дайындық турының өзінің ерекшеліктері бар, олар мыналар:
Этап сырттай болғандықтан, бұл оқушымен тура емес жанай қатынаста болатын тур . Балалар тапсырмамен аудандық газет арқылы танысады . Тапсырманың жауабын газеттің редакциясына яғни, олимпиаданы ұйымдастырушыларына жібереді . Жұмыстардың қорытындысын осы газет арқылы алады .
Этап ұзақтау бір екі айға созылуы мүмкін. Бұл ұзақтық оқушыға тиімді болады. Өйткені, осы аралықта ол өзіне керекті қызықты есептерді қарастырады. Сонымен қатар осы уақытты оқушы тиімді пайдаланады. Яғни, осы аралықта оқушы ізденеді, ойланады біреулерден ақыл сұрайды, қысқасы оқушы тапсырмамен жұмыс жасайды. Кейбір шыдамсыз оқушылар бірнеше күннен кейін жауабын салып жіберуі мүмкін.
Бұл этапта оқушыға ата-анасы, жолдастары көмектесуі, есепті бірге шығаруы мүмкін . Онда тұрған ешқандай жамандық жоқ. Сырттай тур оқушыны қызықтыру үшін өткізіледі. Оқушы сұрау арқылы есептерді өзі шығарады, өз бетімен жұмыс істеуге ұмтылады. Барлық жағдай өзінің көз алдында өтіп жатады. Кейбір идеяларды жолдастарынан алып жатса, алдыға жылжу болады. Бұл этаптың негізгі мәселесі қызығушылықты ояту болып табылады. Барлық есептерді шығару шарт емес. Шықпаған есептер болса оған қобалжуға, төмендеуге болмайды. Бұл этапты көбінесе бірінші тоқсан біткенде күзгі каникулда өткізсе тиімді. Газетке шыққан материалды, мұғалімдер оқушыларға жеткізуі тиіс. Осындай жағдайда оқушылардың сырттай турға қатысуға мүмкіндіктері молайады.
Газетке мынадай хабарлау үлгісін жазуға болады:
Достарыңызбен бөлісу: |