321
Жазбаша сөйлеу тілі сөйлеу тіл іс-әрекетінің күрделі түрі және көп
деңгейлі үрдіс болып табылады. Оған түрлі анализаторлар қатысады:
сөйлеу-
есту, сөйлеу-қимыл-қозғалыс, көру, жалпы қимыл-қозғалыс. Олардың
арасында жазу үрдісі кезінде өзара шартталған тығыз байланыс орнайды.
Жазбаша сөйлеу тілін менгеру есту және дыбыс айту қасиетінің, көрінетін
және жазылатын сөздің арысындағы жаңа байланысын орнату сипатынан
тұрады, өйткені жазу үрдісі төрт анализаторлардың: сөйлеу қимыл-
қозғалысты,
сөйлеу-есту, көру және қимыл-қозғалыстардың бірлескен
жұмысымен қамтамасыздандырылады.
Сөйлеу тілінің қысқа бірлігі, осыған сәйкес шартты түрде келесі бейне
бойынша көріністе болуы мүмкін:
Бұл үрдістің құрылымы дағдыны меңгеру кезеңіне, жазу міндеттері мен
сипатына байланысты. Жазу ауызша сөйлеу тіл үрдісімен тығыз байланысты
және тек оның дамуының жеткілікті жоғарғы деңгейі негізінде іске
асырылады.
Үлкен адамның
жазуы жатық машықтандырылған, сондықтан осы
дағдыны меңгерген баланың жазуынан ерекшелеу болады. Үлкен кісінің
жазуы – мақсатталған іс-әрекетті, мағынаны жеткізу немесе оны
фиксациялау. Оның жазу үрдісі тұтастықпен, байланыстылықпен
сипатталады, синтетикалық үрдіс болып табылады. Жазу үрдісі
машықтандырылған және екі жақты бақылау:
кинестетикалық және көру
бойынша жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: