I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет169/224
Дата25.09.2022
өлшемі5,47 Mb.
#40216
түріОқулық
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   224
Ерте жастан дисграфиядан сақтандыру шаралары. 
Бұл жастағы сақандыру шараларының негізгі міндетіне баланың барлық 
психикалық функцияларын (сөйлеу тілімен қоса) дамытуға қолайлы 
әлеуметтік жағдайды қамтамасыз ету болып табылады. Алдын-алу 
шараларының негізгі міндеттерін іске асыру үшін баланың қоршаған 
ортасының іс-әрекеті «дамыту» бағытында жүргізілуі қажет. 
Жазбаша сөйлеу тілі ауызша сөйлеу тілінің негізінде қалыптасатын 
болғандықтан баланың ауызша сөйлеу тілінің дамуына ерекше көңіл 
бөлінеді.
Сауат ашуға оқыту дыбыстық талдау, жинақтау әдісі негізінде жүргізіледі. 
Сондықтан, мектепке алғаш келген баланың барлық тіл дыбыстарын, оның 
ішінде акустикалық ұқсас дыбыстарды ажырату дағдылары қалыптасуы 
керек. Н. Х. Швачкинның айтуынша, қалыпты дамыған балалар екі жастан 
бастап тіл дыбыстарын ажырата алады. Дыбыстарды естіп ажыратуының 
бұзылуынан сақтандыру үшін ерте жастан бастап есту анализаторын 
біртіндеп дамыту керек. Ол үшін дауыс интонациясын, әр түрлі дыбыстарды 
(жел, телефон, сылдыр, т.б.) ажырату, дыбыстың бағытын анықтау, жақын 
адамдардың дауысын тануға, т.б. үйрету қажет. 
Сөйлеуге дейін кезеңнен бастап баланың артикуляциялық моторикасын, 
қолдың ұсақ моторикасын дамыту өте маңызды. Бұл бағытта әр түрлі 
ойындарды, ойын тәсілдерін, көрнекіліктерді, ойншықтарды пайдалануға 
болады. 
Ерте жастан бастап баланың жақын адамдармен қарым-қатынас жасау 
ынтасын, сөйлеу қатынасын дамытуға жағдай жасау тиімді.
Ол жағдайлар: 
1. Жақын адамдармен эмоциональді қарым-қатынасын дамыту. Ерте 
жаста, әсіресе, анасымен эмоциональді қарым-қатынасының жетілмеуі 
баланың психикалық, сөйлеу тілнің дамуын кешеуілдетеді. 
2. Баланың «уілдеуін», «былдырлауын» белсендіру, дамыту. Неғұрлым
бала көп «былдырласа» солғұрлым артикуляциялық аппараттың дыбыс
артикуляциясын меңгеруге дайындығы жақсарады. 
3. Жарты жастан бастап сөз түсінігін дамыту. Алдымен ыммен, сосын
сөзбен нұсқауларды орындау (бер, ал, отыр, т.б.). 
4. Жалпы сөйлеу тілінің дамыуын және дыбыс айтуын дұрыс меңгеру
үшін қоршаған адамдардың дұрыс сөйлеу үлгісі қажет. 
5. Баланың сөйлеу тілі дами бастаған кезеңде (бір жаста) жанұяда бір
тілде сөйлеу қажет. Өйткені екі тілде сөйлеу баланың сөйлеу тілінің дамуын 
кешеуілдетуі немесе бұзуы мүмкін. 
6. Керек жағдайда баланың дұрыс айтпаған сөздерін дұрыс айтып,
қайталау керек. 
7. Сөйлеген кезде баланы сөйлеген адамның бетіне қаратуға үйрету керек,
ол дыбыс артикуляциясын дұрыс меңгеруге ықпал етеді. 
8. Бала тіліне бейімдеп сөйлеуді мүлдем қолданбау, өйткені ол дыбыс
айтуын кешеуілдетеді немесе бұзады. 


358 
Сөйлеу тілін дамытуға жоғарғы аталған қолайлы жағдайларды жасау
әсіресе «қатерлі топтағы» балаларға өте маңызды болып есептеледі. 
Мектепке дейінгі орта және ересек жастағы балаларды дисграфиядан 
сақтандыру. 
Бұл жаста сақтандыру жұмысы дисграфияға бейімдейтін алғышарттарды 
жоюға бағытталады. Негізгі жұмыс бағыттары: 
- тіл дыбыстарды ажыратуға тәрбиелеу, дамыту; 
- ауызша сөйлеудегі дыбыстарды алмастыруын жою, түзету; 
- фонематикалық талдаудың қарапайым түрін қалыптастыру; 
- оптикалық-кеңістік түсінігін және көріп талдау, жинақтауын дамыту; 
- сөзөзгерту, сөзжасамның грамматикалық жүйесін қалыптастыру; 
- сөз қорын молайту. 
Сонымен, дисграфия мәселесін шешу тек мектепте ғана емес, мектепке 
дейінгі уақыттан бастап, кеңінен жүргізілуі қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет