Жоспар: I. Кіріспе. II. Негізгі бөлім



бет1/5
Дата05.06.2023
өлшемі92,81 Kb.
#98883
түріПрезентация
  1   2   3   4   5
Байланысты:
инк бб 7 апта

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Тобы: 1508-10

Орындаған: Бурханова А.

Қабылдаған: Турмаханова С.


Тақырыбы: Ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғаларды əлеуметке қосу
Оңтүстік Қазақстан Мемлекетік Педагогикалық Университеті

Жоспар:

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім:

  • Әлеуметтік ортаға бейімдеу ұғымына түсінік;
  • Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізудің жолдары
  • Психологиялық-педагогикалық қолдау
  • III. Қорытынды.

    Пайдаланылған әдебиеттер.

I. Кіріспе.


Мүмкіндігі шектелген бала ерекше қарауды қажет етеді. Осындай тұлғаны қалыптастыруды нәтижелі басқару үшін, түрлі жас кезеңіндегі бала дамуының өзіндік психологиялық-педагогикалық заңдылықтары туралы терең білу керек. «Психологиялық ой түйіндісі бойынша физиологиялық кемшілік әлеуметтік тәртіп нормаларының бұзылуын туындатады. Осындай кемшіліктері бар балалардың барлық психологиялық ерекшеліктері биологиялық емес, әлеуметтік құбылыс болып табылады», Баланың бойындағы кез-келген кемшілік, баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасын шектеуде, оған адамзаттың мәдени, әлеуметтік тәжірбиесін игеруге кедергі келтіретіні бәрімізге белгілі.
Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға өзгелермен бірдей оқуға, жұмыс істеуге, демалуға т.б. яғни қоғамдық өмірге араласуға құқық беру қажеттігі еш күмән келтірмейді, дегенмен бұны шынайы түрде іске асыру оңай емес. Психофизиологиялық ауытқушылықтары бар балалармен психологиялық-педагогикалық оқытудың тәрбиелік сипаты, көрнекілік, жеке ықпал ету сияқты жалпы дидактика принциптерімен қатар арнаулы педагогикадағы түзете-дамыта оқыту және практикалық бағытта оқыту принциптерін басшылыққа алады. Дегенмен осы балалармен жүргізілген жұмыстардың нәтижелілігі қосымша факторларға да байланысты. Ең алдымен оқу сабақтарының оқушыларды қоғамдық тәртіп ережелеріне, белсенділіктерін дамытуға, коммунакабельдік дәрежесіне сәйкес келуі үлкен орын алады. Сонымен қатар барлық пәндер арасындағы байланыс, яғни бір тақырыптың түрлі пәндерде қаралып, түсіндірулермен қатар, жағымды тұлға қасиеттерін қалыптастыруда еңбекке оқыту, еңбекке баулу ерекше маңызды. Практика барысында оқушыларда әлеуметтік бейімделуіне өте маңызды ұжымда бірлесе жұмыс істеу, еңбек етуге деген икем, жауапкершілік сияқты адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
Әр адам қайталанбас тұлға болып есептеледі, сондықтан адам, адамгершілік тұрғылық қарым-қатынасқа құқылы. Әлеуметтік ортаға енгізу – әлеуметтік қатынастың жалпы жүйесіне және баланың өз жағдайына қарай білім алу ортасына мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік бейімделуін қалыптастыру. Бейімделу – бұл жеке тұлғаның әлеуметтік құрылымдарға енуі. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға енгізудің негізгі бір факторы, ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау. Мектепте даму мүмкіндігі шектеулі балалардың мектепте оқуына, басқа балалармен бірдей білім алып, түрлі шараларға қатысуына толықтай жағдай жасалған. Мектептегі мүмкіндігі шектеулі балаларды қамқорлыққа алып, олардың жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік жасап, өз бетімен өмір сүруге бағыт-бағдар беру, тұрмыстық еңбек үдерісін меңгерту мақсатында түзете-дамыта оқыту сыныбында аптасына 2 сағат әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау сабағы жүргізілді. Бұл сабақ кезінде мүмкіндігі шектеулі балаларға өзіне-өзі қызмет көрсетуге, қоршаған ортада өзін ұстауға өз бойындағы кемістіктерін қалпына келтіріп, қабілеттерін көрсету, қарым-қатынаста өзін басқара алуға, қоршаған ортаны танып білуге үйретіледі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет