I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет70/224
Дата25.09.2022
өлшемі5,47 Mb.
#40216
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   224
Органикалық ринолалия іштен туа біткен немесе сыртқы соққылар 
салдарынан пайда болған деп бөлінеді. Органикалық ашық ринолалия туа 
біткен түрлеріне жұмсақ және қатты таңдайдың жарылуы жатады. Сыртқы 
соққылардың салдарынан пайда болатын органикалық ашық ринолалияның 
түріне ауыз және мұрын қуыстарының зақымдары және жұмсақ таңдайдың 
сыртқы соққының әсерінен сал болып қалуы жатады. Туа біткен ерін және 
таңдай жарықшаларының салдарынан болған ринолалия медицина және 
логопедия үшін маңызды проблемалардың бірі. Ол хирург- стоматолог, 
ортодонт, балалалар оториноларингологі, психоневролог және логопедтердің 
ерекше көңіл аударатын мәселелері деп білеміз. Жарықшалалар ең күрделі 
және жиі кездесетің ауытқу. Бет жарықшалар этиологиясы күрделі ауытқу. 
Кемістіктің пайда болуына ұрықтың дамуының ерте кезінде генетикалық 
фактордың ықпалы және экзогендік зияндылық, оның үстіне көп 
жағдайларда осы және басқа себептердің үйлесуі ықпал етеді 
(Е.М.Немчинова, 1970; В. М. Мессина, 1971; Г. В. Кручинский, 1974; т.б.). 
Сонымен қатар биологиялық факторлар (әйелдің жүктілік кезіндегі қызамық, 
токсоплазмоз, вирусты гепатит, тұмаудың күрделі түрі және басқа вирустық 
инфекциялар); химиялық факторлардың ықпалы (улы химикаттар
қышқылдар, анасының жүктілік кезіндегі қабылдаған у және емдік дәрі-
дәрмек әсері) жағымсыз болуы мүмкін. Психогендік факторлар: шошыну, 
әйелдің жүктілік кезіндегі стресстік күйі. Жүктіліктің бастапқы 7-8 
аптасында экзогендік сипаттағы зиянды фактордың жағымсыз ықпалын 
айрықша баса айтқан жөн. Әдеби деректемелерде тұқым қуалауның негізінде 
пайда болған қатты таңдай жарықшалар түрі 10 - 30% дейін (Светлов П. 
Г.,1962, Писков А. Я., 1970 және басқалары) кездеседі деген мәліметтер бар. 
Таңдай жарықшасының салдарынан болған ринолалия ерекше симптомдар 
кешенімен 
сипатталады:
1. Тіл қалпының және белсенділігінің өзгеруі. Тіл артқа тартыңқы, тілдің ұшы 
және арқасы күшпен жоғары көтеріңкі күйде болады (бұлшық еттер 
тонусының жоғарлауы байқалады). Сондықтан ең жеңіл қимыл-
қозғалыстарды орындауы оңай болады. 
 2. Жұмсақ таңдайдың қозғалысын іске асыратын бұлшық еттер әрекетінің 
бұзылуы. Жұмсақ таңдайды көтеретін, мұрын және ауыз қуыстарын бөлетін 
барлық бұлшық еттердің қызметі күрт шектеулі болады. Бұл жағдай тек 
сөйлеуде ғана емес, сонымен қатар шайнау және жұту кезінде орын алады. 
Жұмсақ таңдай сылбыр немесе аз қимылды, өзінің мұрын және ауыз қуысын 
бөлу қызметін орындамайды. Жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың артқы 
керегесі қабыспайды. 
3. Сөйлеу-қозғалу анализаторының бүкіл шеткі (перифериялық) ұшының өз 
ара әрекеттістігінің өзгеруі. Артикуляциялық және мимикалық бұлшық 
еттерінің өз ара әрекеттістігінің бұзылуымен сипатталады. Бұл жағдайда 
артикуляция кезінде бет бұлшық еттерінің артық қимылы, синкенезиялар 


154 
байқалады. Туа біткен жырығы бар адамдарда хирургиялық операциядан 
кейін де бұл қиыншылықтары жойылмайды. Өйткені хейлопластикадан кейін 
қалатын тыртықтар бет бұлшық еттерінің қимылын шектейді. Неғұрлым 
еріннің тыртығы үлкен болса, соғұрлым баланың бет және мимикалық 
бұлшық еттері көбірек артикуляцияға қатысады. Сонымен балада сөйлеуінің 
қиыншылықтары қалыптасады. Артикуляциялық және тыныс алуға 
қатысатын бұлшық еттерінің өзара әрекеттістігінің бұзылуы баланың сөйлеу 
кезіндегі тыныс алу ерекшеліктерімен сипатталады. Көптеген авторлардың 
зерттеулері бойынша ринолалия кезінде тыныс алу тездетілген, саяз және жиі 
болады деген мәліметтер бар. Бұл тыныс алу кезінде мұрын арқылы шығатын 
ауаның көлемі 77% -ға дейін көбейуіне байланысты болады. Сөзді айтқан 
кезде сөйлеу кезіндегі дем шығару біркелкі болмайды: сөздің ортасында ауа 
таусылады (В.Н.Яковенко). Дем шығарудың ағымы және бірқалыптығы , 
сонымен қатар сөйлеу кезіндегі тыныс алудың ырғақтылығы бұзылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет