I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет17/224
Дата25.09.2022
өлшемі5,47 Mb.
#40216
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   224
айырбастады (С дыбысына құрылған сөйлем). 
Әсіресе ұяң дыбыстардың айтылуына ерекше назар аудару керек. 
Көбінесе бала ұяң дыбыстарды жеке тұрған күйінде дұрыс айтады да; ал 
сөйлеу тілінде оларды айтпай тастап кетеді немесе сирек қолданады, немесе 
жеткілікті түрде ұяңдатпайды. Бұл дыбыстардың айтылуын тексеру үшін 
балаға құрамында ұяң дыбыстары көп сөздер тіркесінен құралған 
сөйлемдерді айтқызады. Мысалы, Қонысбай сөз сөйледі, Әшім мен Әсия есеп 
шығарды. 
Сөздің құрамында тұрып дұрыс айтылмайтын дыбысты жеке 
дыбыстың айтылуымен салыстырып қарау сөйлеу тілі мүшелеріндегі 
дыбыстарды түзету үшін жасалатын жұмыс жоспарына қажет. 


39 
Дыбыстардың айтылуын зерттеудің барысында олардың әр түрлі 
ерекшеліктері бар ақаулықтарының айқындалуы мүмкін. 
 
Сөздің буындық құрылысын тексеру
Тексеру барысында сөздің буындық құрамын тексеруге ерекше көңіл 
бөлінеді. Сөздің буындық құрамының бұзылуының төмендегідей түрлері 
кездеседі: 
- буын санының қысқарылуы (бапан-балапан); 
- буындарды жеңілдету (үтель-үстел); 
- буын қосу (қарағаш–қарағағаш); 
- буындарды ұқсастыру (рарамал-орамал); 
- буын, дыбыстардың орнын ауыстыру (ас-қа-бақ – аспабақ). 
Кейбір балалардың сөздің буындық құрылысының бұзылатындығы 
байқалады. Бұндай балалар сөйлеу тілінде сөздің дыбыстары мен 
буындарының орындарын ауыстырып шатастырады немесе мүлдем айтпай 
түсіріп қалдырады немесе керісінше артық дыбыстарды және буындарды 
қосып алады. Мысалы, “ескек” сөзін “екесек” деп, “кітап” - “каптап”, “бұтақ” 
- “бақ” деп өзгертеді. Осының барлығы сөздің құрамындағы буындардың 
және дыбыстардың шатасып, сөздің буындық құрылысының бұзылғандығын 
көрсетеді. Бұндай жағдайлар әсіресе үндестігі жағынан ұқсас дыбыстардың 
қатар келуінің салдарынан немесе қос сөзден құрылған күрделі тіркестердің 
қиындығынан жиі болады. Сондықтан баланың сөйлеу тілін тексерген кезде 
берілетін тапсырмадағы сөздерді үндері ұқсас дыбыстардың, сөздердің, қос 
сөзді қиын тіркестердің, сөздің басында, ортасында, соңында дауыссыз 
дыбыстардың қатар келіп айтылуын қиындататын құрылысы әр түрлі 
буындардан тұратын сөздерден іріктей білу қажет. Бала алдымен бейнелі 
суреттегі көрсетілген оқиға желісін өз сөзімен өз бетінше айтып береді, 
сосын айтқан сөзін қайталайды. Балаға берілген бейнелі суретте тексеруге 
пайдаланатын сөздер көптеп кездесетін болу керек. Мысалы, кітап, дәптер, 
ескек, милиционер, шар, бұтақ, бала, тарақ, жапалақ, теңіз, терезе, бүлдірген, 
қарлығаштар, т.б. 
Дыбыстардың дұрыс айпауын, бұрмаланған сөздерді жазып алады. 
Құрылысы бұзылған сөздер мен буындардың түзетілуі жеке дыбыстардың 
айтылуындағы ақаулықтарға қарағанда біраз қиындыққа түседі және 
әжептеуір ұзаққа созылады. Балада бұндай ақаулықтардың жиі болуы оның 
жалпы сөйлеу тілінің толық дамымағандығын көрсетеді. 
Фонематикалық қабылдауын тексеру
«Фонематикалық қабылдау», «фонематикалық есту» терминдерінің 
мағынасы ұқсас ұғымдар. Фонематикалық есту – фонеманы тануды және 
ажыратуды қамтамасыз ететін нәзік есту жүйесі. Фонематикалық қабылдау – 
сөздің құрылымындағы дыбыстарды ажыратуға бағытталған ойлау іс-
әрекеті.
Фонематикалық қабылдауын тексерудің алдында баланың физикалық 
есту нәтижесімен танысу қажет. Көптеген зерттеулерде ерте жастағы есту 


40 
қабілетінің аздаған бұзылуының өзі дыбыстың анық айтуына және 
ажыратуына әсер ететіні анықталған. Естудің қалыпты дамуы 
фонематикалық қабылдаудың дамуының басты шарты болып табылады. 
Физикалық естуі қалыпты балалардың арасында ұқсас дыбыстарды ажырату 
қиыншылықтары жиі кездеседі. Ондай қиыншылақтар дыбыс айтудың 
қалыптасуына әсер етеді.
Фонематикалық 
қабылдауын 
тексеру 
мақсатымен 
қарапайым 
фразаларды естіп тануға, ажыратуға, салыстыруға; сөз қатарынан белгілі бір 
дыбысты, буынды ажыратуға, табуға; буын қатарын (3-4) есте сақтауға, 
дыбыстарды есте сақтауға бағытталған тәсілдерді қолданады. 
Сөздің 
ритмикалық 
құрылымын 
анықтау 
үшін 
мынандай 
тапсырмаларды пайдалануға болады: буын құрылымы әртүрлі сөздердің 
буын сандарын шапалақтап немесе соғып көрсету; ритмикалық суреттемеге 
қандай суреттер сәйкес келетінін анықтау, т.б. 
Фонематикалық қабылдауын тексеруге қажет тапсырмаларды жеңілден 
ауырға, жас ерекшеліктерін ескеру қағидаларына сүйене отырып жүйелеген 
дұрыс. Алдымен керекті дыбысты жеке, сосын буында, сөзде ажыратуға, 
талдауға бағытталған тапсырмалар беріледі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет