42
Егер бала мектепте оқымаған болса, онда тексеру барысында түсіндіру,
көрсету, қате жауапты талдау тәсілдерін пайдаланып, тек оқуы мен жазуын
меңгеруге әзірлігін білу үшін дыбыстық талдаудың қарапайым түрін
үйретуге әрекет жасап көру қажет.
Ең аддымен балаға сөз құрамындағы дыбыстарды бір-бірімен айырып және
бөліп алу тәсілін үйрету керек. Ол үшін а, о, дыбыстарын дауыстап және
созып айта отырып балаға оларды қайталатып, сосын ол дыбыстарды сөздің
ішінен тауып алуды ұсынады. Алғашкы кезде сөздің басында тұрған дауысты
дыбысқа екпін түсетін
от, өрт, Ася деген сияқты сөздерді іріктеп алады.
Айыратын дыбысты созып және ырғағын келтіріп, айтылуына баланың
назарын аударады. Алдымен баланы салыстыруға мүмкіндігі болатындай екі-
үш дауысты дыбыстармен таныстырады. Сосын дыбыстарды айту үшін
құрамындағы дауысты дыбыс анық, ашық және екпін түсіп тұратын бір
буынды сөзді пайдаланады. Мысалы, сұрақ: "
Қо-о-ой сөзінде қай дыбысты
Достарыңызбен бөлісу: