111
қабысады да, іштен келген ауа қысылып шыққан кезде дауыс шымылдығы
дірілдейді. Жұмсақ таңдай көтеріңкі келеді де мұрынға ауа жолын жабады.
Дауыс шымылдығы жабық болады (42-сурет).
Ғ дыбысының сипаттамасы: қатаң, тіл арты, жуан.
Ң дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей
болады. Еріндері өзінің алдыңғы немесе соңында қосылып айтылатын
дауысты дыбыстарға байланысты өзгеріп отырады. Мысалы: аң, оң, үң,
үстіңгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы белгілі бір қашықтықтағы
жағдайда сақталады. Тілдің ұшы төмен түседі де арты таңдайдың түбіне
барып жабысып тұрады. Ауа мұрын жолы арқылы шығады.
43-сурет. Ң фонемасының
артикуляциялық кескіні
Ң дыбысының сипаттамасы: дауыссыз, езулік,
үнді, мұрын жолды, тіл арты (43-сурет).
Қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылу
кемшіліктерін анықтауға бағытталған зертеулердің
(Қ.Қ. Өмірбекова) қортындысына қарағанда қазақ
тіліне тән дыбыстардың ішінде көбіне «ң»
дыбысын
«Н» дыбысымен алмастырып айту
жиі кездеседі. Мысалы,
аң-ан, қоңырау-қонырау,
менің-менін т.б. мұндай алмастыру тек ауыз, екі
сөйлеуде ғана емес жазуда да өте жиі байқалады.
Сирек болса да кездесетін кемшіліктер
«Ә» дыбысы
«А» дыбысымен
ү-ү, қ-ғ-к дыбыстарын өзара
шатыстыру, алмастыру. Көбінесе дыбыстарды жеке
дұрыс айтуымен қатар, сөйлемде байланыстырып
сөйлеуде шатастыруы байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: