116
Жалған сопақша ми дизартриясы (псевдобульбарлы дизартрия)
Жалған сопақша ми дизартриясы артикуляциялық аппараттың шеткі бұлшық
еттерінің спастикалық параличімен сипатталады.
Қимылдың мөлшері қысқарған, баяу болып келеді. Бұлшық еттердің
гипертонусымен қатар гиперрефлексия байқалады. Қалыпты жағдайда ерте
жаста жойылып кететін шарттсыз рефлекстер: ему, тұмсық рефлексі, еріксіз
күлу, жымию, жылау көпке шейін сақталады. Дизартрияның бұл түрінде
ерікті қимылдар бұзылады, еріксіз қимылдар сақталған болады.
Дизартриямен зақымдалған адам нұсқау бойынша ернін алға қарай
шығарып, дөңгелете алмайды, ал тамақ ішкен кезде ол қимылдарды жасай
алады. Ауыз қуысын тексеру барысында тілдің қатайғанын, тіл артқа қарай
тартылғанын, тілдің енжар, белсенді қимылдарының қиындығын көруге
болады. Әсіресе тілді жоғары көтеріп мұрынға қарай бұруы қиынға соғады
және жалған сопақша ми дизартриясына тән синкинезиялар байқалады.
Тілдің және басқада сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің қимылының
көлемі мен кысқарудың күшінің азайуы барлық дыбыстың артикуляциясын
өзгертеді. Мысалы, «р» дыбысын айтуда тілдің ұшының дірілі
жеткіліксіздігінен, «л» дыбысын айтуда - тілдің ұшын бүге алмаудың
салдарынан осы дыбыстар анық айтылмайды. «Ш», «Ж» дыбыстары жұмсақ
айтылады, «п», «б», «к» дыбыстары жиі алмасады (д=т, ч=щ, т.б.). Дауысты
дыбыстың артикуляциясы артқа қарай жылжиды.
Жалған сопақша ми дизартрияның сөзсіз сиптоматикасына жұту
функциясының бұзылуына байланысты саливация (сілекей ағу) қосылады.
Мимикасы кедей, сөйлеу жылдамдығы баяу, сөйлеу кезіндегі дем шығару
қысқа болады, сондықтан фразаның «үзілуі» байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: