I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет80/224
Дата25.09.2022
өлшемі5,47 Mb.
#40216
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   224
Б. Оральді праксисті дамыту. Диафрагмальді тыныс алуды дамыту 
жұмысымен қатар дауысты, дауыссыз дыбыстар артикулемаларында 
артикуляциялық аппараттың гимнастикасы жүргізіледі (жұмыстың 2-ші 
кезеңі). 
Сөйлеу тілінің анықтығына дауысты дыбыстарды айтуы әсер етеді. Олардан 
әр дауысты дыбысты айтқандағы дыбыс айту мүшелерінің қалпы сақталатын 
спецификалық гимнастика басталады. Ерекше назар алғашқы кезде, барлық 
дауысты дыбыстар артикулемаларын дайындау кезінде астыңғы күрек 
тістерге тигізіп ұсталатын тілдің ұшының қалпына аударылады. Бұл тәсіл 
ауыз қуысы көлемінің ұлғаюына және соның арқасында ауа ағынының ауыз 
қуысы арқылы өтуіне мүмкіндік туғызады. Дауыстыларды артикуляциялау 
кезіндегі ерін қалпының өзгеруі, бұлшық еттердің өзара байланысының 
арқасында, әр дыбысты айту үшін дұрыс қалыпқа табиғи жолмен келеді.


175 
Гимнастика дауысты дыбыстардың артикуляциясын үйренуден басталады. 
Бұл артикуляциялық жаттығулар №1 кестеге еңгізіледі. 
Дайындық кезеңіндегі басты міндет – ауыз арқылы тыныс алуды 
ұйымдастыру болғандықтан барлық артикуляциялық жаттығулар дауысты
қоспай жасалады. Бала өзі орындап отырған жаттығулардың дауысты 
дыбыстар артикулемасы екенін білмейді. Бұл уақытта логопедтің 
артикулемалардың қалпын анықтап жақсартуға мүмкіндігі туады. 
Қалыптастырылатын 
артикуляцияларды 
ринолалиясы 
бар 
бала 
кинестетикалық түрде есте сақтайды, артикулема және оның суреті 
арасындағы шартты рефлекторлы байланыс белгіленеді де, ол суретке 
сүйеніп еркін түрде сыбырлап айтады. Логопедтің түсіндірулері бойынша 
бала дыбыс айту мүшелерінің нақты қалпымен, ауыз арқылы шыққан ауа 
ағынының бағытымен танысады. Артикулемаларды қалыптастыру кезінде 
бала жаттығуды қиындықсыз орындауына назар аударып, бет және 
мимикалық бұлшық еттері синкинезияларының пайда болуының алдын алу 
керек. Оральді праксисті дамыту кезінде ринолалия сөйлеу тілінің басқа 
бұзылыстарымен аралас болған жағдайда, ықпал етудің қажетті арнайы 
жолдарын қарастыру қажет. Іріктеп алынған артикуляциялық гимнастиканың 
қағидасы сөйлеу тіліндегі дыбыстар артикулемасын жасамайтын қосымша 
артикуляциялық жаттығуларды қолдануды көздейді. Мысалы, ринолалиямен 
дизартрия болғанда тілді жоғары көтергенде кенет сол жаққа ауытқиды. Бұл 
оң жақ бұлшық еттер сол жақ бұлшық еттерден әлсіз екені туралы айтады. 
Мұндай әлсіздік кезінде тілдің оң жағының бұлшық еттерінің күшін бекітіп 
дамытуға арналған арнайы жаттығулар жүргізу қажет. Ол үшін бала тістердің 
жоғарғы сол және төменгі жағына тілді тигізіп, тілмен сол жақ ұрттың ішкі 
жағын тіреуді сұрайды. Бұл тілдің сол жағының бұлшық еттеріне күш береді. 
Тілдің сол жағы әлсіз болғанда көрсетілген жаттығулар сол жаққа түсетін 
күшті ескеріп жасалады. Кедергіден өтуге арналған жаттығулар тиімді болып 
келеді. Мысалы: тілдің оң жағының әлсіздігінде балаға тілді шығарып сол 
жаққа бұру ұсынылады да, логопед шпательмен кедергі жасап тілдің оң жақ 
бұлшық еттеріне түсетін күшті көбейтеді, т.с.с. 
Тіл, ерін, бет бұлшық еттерінің еркін қозғалысын жақсарту үшін 
артикуляция кезінде балаға тілге түскен қатаюды қалай жасау керектігі 
туралы айтып, өзі сол қатаюды , «естуіне» үйрету қажет. Осы артикуляцияға 
қатысты дыбыс айту мүшелерінің қалпын сезініп, сол қалыпты көзбен көріп 
(айна алдында) және кинестетикалық түрде сезіндіру қажет. Бала анық сезіну 
үшін 
механикалық 
түрде 
көмектесуге 
болады. 
Мысалы, 
тілді 
залалсыздандырылған дәкемен ұстап, қажетті қалыпқа әкелу. 
Артикуляциялық праксисті қалыптастыру үшін артикуляция мүшелерінің 
бұлшық еттерінің өзара байланысын ескеру қажет. Ол үшін төмендегідей 
тәсілдер қолданған пайдалы. Мысалы, белгілі артикуляциялық қалыпты 
қалыптастыру үшін тілді ауыз қуысына тереңірек жылжыту қажет. Ол үшін 
механикалық жолмен ауыз ұрттарын екі жаққа жылжытқанда тіл алға қарай 
қозғалады. Берілген тәсілдер міндетті түрде көріп қадағалау арқылы 
қолданылады (айнамен жұмыс). Дұрыс артикулемаларға қол жеткізудің 


176 
сипатталған тәсілі балаға артикуляцияның көрінетін жақтарын нақты түрде 
түсіндіруге әрі көрінбейтіндеріне әсер етуге мүмкіндік береді. Осылай балаға 
өзінің қозғалыстарын, соған сәйкес бұлшық еттердің әр тобына түсетін 
қатаюды сезіп, саналы түрде сезінуге және ажыратуға көмектесеміз. 
Сонымен, логопедиялық жұмыстың мұндай жүйесінде артикуляция 
мүшелерінің спецификалық гимнастикасы пайдаланылады (сөйлеу тілінің 
дыбыстарын айтуға қажетті қозғалыстары ғана жаттығады); сонымен қатар
артикуляциялық праксистің дамуына ықпал ететін қосымша жаттығулар 
қолданылады. Артикуляциялық праксисті дамыту тыныс алу қозғалыстарын 
дамытумен бір уақытта жүргізіледі. Дыбыс артикуляциясын жасауға 
арналған барлық жаттығулар ауыз арқылы тыныс шығаруға үйрету болып 
табылады, яғни сөйлеу кезінде тыныс алуға үйрету тәсілі және сөйлеу 
аппаратының гимнастикасы болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет