I теоретические основы логопедии



бет116/203
Дата03.02.2023
өлшемі2 Mb.
#64963
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   203
Бесінші кезең — мәтіндегі белгілі әріпі бар сөздерді іріктеу арқылы дифференциалды акустикалық белгілері бар фонемаларды бекіту. Фонематикалық қабылдауын қалпына келтіру екі айдан 1-1,5 жылға дейін созылады. Өйткені, көп жағдайда сөздің мағынасын түсіну тек контексте ғана мүмкін болады және өз бетімен ойын жазу арқылы жеткізуде ұқсас фонемаларды ажырату әлі де ұзақ уақыт қиынға түседі.
Сонымен қатар әр түрлі фразеологиялық контекстер арқылы сөздерді мағыналық сәйкестендіру бойынша жұмыс жүргізіледі: суретте үшкір заттарды таңдап көрсету; ағаштан, темірден немесе шыныдан жасалған заттарды көрсету; ыдысқа, еңбек құралдарына, аяқ киімге, көлікке жататын заттарды көрсету, т.б. Бұндай сөздің мағыналық байланысын жаңғыртуға бағытталған жұмыс қатынас кезінде сөздерді таңдауын жеңілдетіп, вербальді парафазиялардың санын төмендетеді.
Самай бөліктерінің екі жақты зақымдалуының салдарынан болған акустикалық агнозия мен акустикалық-гностикалық афазияның үйлескен кезінде сөйлеу тілі бұзылыстарын түзетуде қиыншылықтар ең көп кездеседі. Сөйлеу тілін қалпына келтіру сақтаулы ішінен оқу, ерінге қарап оқу және естіп қабылдауының қалдық мүмкіндіктеріне сүйене отырып жүргізіледі. Бұл оқып, көру арқылы қабылдаған фонеманың артикуляциялық позициясын салыстыруға, есту арқылы қабылдаған дыбыс сигналдарына еліктеп қайталауына мүмкіндік береді.
Вербальді парафазиялардан арылту заттың әр түрлі белгілерінің және әрекеттерінің ұқсастығы және айырмашылығы, қызметі, категориялық белгілері бойынша талдау арқылы жүзеге асады. Науқасқа тастап кеткен етістікті және зат есімді сөздерді толтыру, етістікке зат есім мен үстеуді, зат есімге етістік пен сын есімді сөздерді іріктеу, т.б. ұсынылады. Кейбір жағдайда науқасты сөйлеген кезде түзетуге болмайды, өйткені оның жанын жаралап, қарым-қатынасты бұзып алуға болады.
Логопед өзінің күнделігіне вербальді парафазияларды жазып отырады, оларды талдау негізінде осы кемістікті жоюға бағытталған жаттығулар іріктеп алады. Көпсөздліктен және аграмматизмдерден арылту үшін науқасқа сөйлемнің схемасы, үш-бес сөзден тұратын сөйлемдердің үлгісі ұсынылады. Афазия кезінде экспрессивті сөйлеу тілін қалпына келтірудің тиімді тәсілдерінің бірі - жазбаша сөйлеу тілін қолдану болып табылады. Науқасқа берілген қарапайым сюжетті сурет бойынша фразалар және мәтін жазу ұсынылады. Мұндай тапсырмалар науқасқа керекті сөзді тауып, айтатын сөзін өңдеуге мүмкіндік береді. Зат есім, етістік және есімдіктердің қиысуындағы қателерді жою мәтінде тастап кеткен флексияларды қою арқылы жүзеге асады.
Оқу, жазуын қалпына келтіру, фонематикалық есту қабілетін қалпына келтіру жұмысымен қатар жүреді. Жазуын қалпына келтіруден бұрын, жұмыс сөздің дыбыстық-буындық құрамын талдауына негізделген оқуын қалпына келтіруге бағытталады. Сөзді дауыстап айтуға тырысу, сөздегі
дыбыстардың алмасуына байланысты сөздің мағынасы өзгеретінін түсіну, аналитикалық оқуын, кейін жазуын қалпына келтірудің негізін қалайды.


Акустикалық-мнестикалық афазия

Акустикалық-мнестикалық афазия мидың самай аймағының артқы және орта бөліктерінің (21, 37 аймақтары) зақымдалуынан пайда болады. А. Р. Лурия бойынша, оның негізінде есту іздерінің қатты тежелуінен естіген сөздерді жадына сақтау қабілетінің төмендеуі жатыр. Науқас әр жаңа сөзді қабылдап түсінген кезде, алдында айтылған сөзді ұмытып қалады. Мұндай бұзылыс буын және сөз серияларын қайталағанда да байқалады. Афазияның бұл түрінің айырмашылығы синдромның ерекшелігі және бір емес, бірнеше орталық механизмнің бар болуы: 1) сөзді естіп жадына сақтау қабілетінің бұзылуы; 2) акустикалық қабылдау көлемінің төмендеуі; 3) затты көру бейне- елестерінің бұзылуы. Негізгі ауытқу – сөзді түсінуінің, қайталауының бұзылуы; ауызша спонтанды сөйлеу тілінің екіншіреттік бұзылуы. Сөйлеу тіліне көптеген вербальді парафазиялар тән. Фонематикалық есту қабілеті сақтаулы болады. Сөйлеу тілінің ақаулары келген ақпараттарың мөлшері көбейгеннен басталады.


Акустикалық-мнестикалық афазияның клиникалық көрінісі сөзді түсінудің өрескел емес бұзылуымен және сөз мағынасынан айыруымен, сөздің астарлы мағынасын түсінбеумен, затты атауының бұзылуымен, ауызша сөйлеу тілінің жеңіл түрде бұзылуымен (вербальді парафазиялар) көрінеді. Сенсорлы афазияға қарағанда байланыссыз, өнімсіз сөз (логорея) жоқ болады.
Акустикалық-мнестикалық афазияға тән қасиет – жеке сөздерді қайталау қабілетінің сақталуы мен мағынасы бір-бірімен үйлеспейтін үш- төрт сөзді қайталау мүмкіншілігінің бұзылуының араларындағы диссоциациясы. Мысалы, бала – тас – қ ала; арба – сағат – доп; лақ – қас – шар, т.б. Әдетте науқас өзіне айтылған сөздердің бірінші және соңғы сөзін қайталап айтады, ал ауыр жағдайда берілген сөз тізбегінен бірғана сөзді қайталап, сөздердің бәрін есте сақтай алмағанын айтады. Берілген сөздерді екінші қайтара мұқият тыңдап алғанның өзінде тізбектің реттік қатарын сақтай алмайды немесе сөздің біреуін айтпай тастап кетеді
Естіген сөзді жадда сақтаудың бұзылуы афазияның басқа түрлерінде де байқалады, дегенмен бұл ақаулық акустикалық-мнестикалық афазияның ғана негізгі ақаулығы болып саналады, өйткені онда фонематикалық есту қабілеті мен сөйлеу тілдің артикуляторлы жағы сақтаулы. Науқаста қатынас қиыншылықтарының орнын алатын сөйлеу белсендігі байқалады.
Афазияның бұл түрінде қысқа сөз тіркестерін түсінуі жетімді. Ал толық мәтіндерді қабылдап түсінуінде біршама қателер кездеседі. Ауытқудың өрескел және орташа деңгейінде экспрессивтік тілде қысқа фразалар жиі кідірістермен айтылады. Науқас керекті сөзді таба алмай қиналады. Ауытқудың жеңіл түрі әр түрлі сөздік қормен, толық фразалық тілінен
көрінеді; кейбір жағдайда амнестикалық типке сай керекті сөзді табуында қиыншылықтар туындайды.
Акустикалық-гностикалық афазияға қарағанда, акустикалық- мнестикалық афазияда сөйлемдер аяқталған, «сөз окрошкасы» жоқ болады.
Акустикалық-мнестикалық афазияда жазбаша сөйлеу тілінде ауызшаға қарағанда экспрессивті аграмматизм көріністері жиі байқалады (көмекші сөздерді, етістіктердің, зат есімнің және есімдіктердің флексиясын шатастыру). Жазбаша сөйлеу тілінің номинативті жағы сақтаулы болады, өйткені науқастарда сөздерді іріктеуге, синонимдарды және керекті сөздерді еске түсіруге көмектесетін фразеологизмдерді таңдауға көбірек уақыттары болады. Анда-санда акустикалық тип бойынша литеральді парафразиялар (қатаң және ұяң дыбыстарды шатастыру) байқалады. Диктант кезінде мәтінді жазу барысында сөзді естіп жадында сақтауында науқастар біраз қиналады. Олар тіпті үш сөзден тұратын фразаны есте сақтай алмай, қайта-қайта фразаның әр бөлігін қайталауды сұрайды.
Акустикалық-мнестикалық афазияда оқып жатқан мәтінді түсінуінде едәуір қиындықтар туындайды. Бұл мәтіннің едәуір ұзын сөйлемдерден тұратынымен және оқылып отырған мәтінді есте сақтау қабілеті бұзылмағандығымен талап ететінімен түсіндіріледі. Сөзді естіп жадында сақтаудың ауытқулары арифметикалық есептерді шығаруға кедергі болады. Мысалы, 34+29 сандарды қосу кезінде науқас «3» деп жазып, «бір ойда» деп айтады, бірақ сол бір санды жақын жерге жазып қойғанның өзінде оны қосуды ұмытып кетеді.
Сонымен, акустикалық-мнестикалық афазияда сөзді естіп жадында сақтауының бұзылуы екіншіреттік жазу, оқу, есептеуді қалыпты іске асыруын қиындатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет