I теоретические основы логопедии



бет119/203
Дата03.02.2023
өлшемі2 Mb.
#64963
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   203
Афферентті афазия

Афферентті моторлы афазия қозғалу талдағышының (анализаторының) артқы постцентральді бөлігінің (7, 40-ші төменгі төбе бөліктерінің) зақымдылуынан пайда болады. Афферентті моторлы афазияның орталық механизмі болып кинестетикалық сезу түйсігі табылады. Негізгі ауытқу – артикуляциялық нәзік қимылдарының бұзылуы. Мұндай бұзылыста дыбыстарды және сөздерді айтқан кезде еріннің, тілдің керекті қалпын табу мүмкін болмайды. Бұл ауытқудың негізінде ерін, тіл қимылдарының тиісті күшін, қарқынын, кернеуін қамтамасыз ететін жүйке импульстарының адресациясы бұзылған болады. Науқастар дыбыстар мен сөздерді тез және кернеусіз айта алмайды. Сонын салдарынан жасалуы және орны бойынша ұқсас бір дыбысты екінші дыбысқа алмастырып алады. Осының бәрі ауызша экспрессивті тілдің бұзылуына ықпал етеді.


Экспрессивті тілінің бұзылуы. А. Р. Лурия (1969, 1975) афференті моторлы афазияның екі түрін бөліп ажыратады. Бірінші жағдайда артикуляциялық аппаратының әр түрлі мүшелерінің қозғалысының кеңістіктік, симультанттық синтездеуінің (жинақтауының) бұзылуы, сөйлеу жағдайының толық жоқтығымен сипатталады. Екінші жағдайда артикуляцияның жеке жолын таңдауының және сөз құрамына кіретін дыбыстық және буындық кешендерінің симультантты жинақтауының айрықша бұзылуы байқалады. Клиникада бұл түрі «өткізгіш афазия» деп аталады. Ситуативті сөйлеу тілі біршама сақтаулы болуымен ерекшеленеді.
Афферентті моторлы афазияның ерте кезеңдерінде сөзді түсінуінің күрделі бұзылуы мүмкін, бұл түсіну барысында кинестетикалық бақылаудың маңыздылығы мен естіген хабарды жасырын айтумен түсіндіріледі.
Афферентті моторлы афазияның бірінші түрінде ашық көрінетін артикуляциялық аппаратының апраксиясы спонтанды тілінің толық жоқ болуына әкелуі мүмкін. Өз бетімен сөйлеуге әрекеттену сәтте ерін мен тіл абыл-сабыл қимылдап, литеральді (дыбыстық) алмастырулар байқалады. Науқас логопедтің артикуляциясына мұқият қарағанның өзінде тек артикуляция мүшесін немесе тәсілін табумен шектеледі. Соның салдарынан м — п — б, н — д — m — л, и — с, о — у және т.б. дыбыстардың алмастырылуы орын алады. Бұл дыбыстарды айту кезінде артикуляциялық мүшелерінің ұштасу дәрежесінің кинетикалық бағалауының бұзылуымен, жұмсақ таңдай мен дауыс перделерінің қимылдарының дезинтеграциясымен түсіндіріледі. Кейінгі сәттерде науқастар «салат» деген сөзді «санат», немесе
«садат», «доп» дегеннің орнына «лоп» немесе «топ» деп айтады, яғни бір фонематикалық парадигма екіншісімен ауыстырылып айтылады.
Афферентті моторлы афазиясы бар адамға құрылысы күрделі буындарды талдау қиынға түседі. Науқастар бітеу (жабық) буынды екі ашық буынға бөледі, қатар келген дауыссыз дыбыстарды бөлшектеп тастайды, дауыссыз дыбыстарды тастап кетеді. Сондықтан там, доп, бас, сандық, астық деген сияқты сөздерді «та-мь», «до-пь», «ба-сь», «са-нь-ды-кь», «а-съ-ты- кь», т.б. деп айтады.
Клиникалық көрінісінде экспрессивті тілі мүлдем жоқ болуы немесе экспрессивті тілінің барлық түрлерінде (спонтанды, қайталама, номинативті) литеральді парафазиялар байқалады. Сөйлеу тілінің автоматтандырылған түрлері (ән айту, өлеңдер, жақын адамдардың аты, т.б.) сақтаулы болады. Психологиялық көрінісінде сөйлеу тілінің құрылысында дыбысты ажырату бөлігінің бұзылуы, яғни дыбысқа кинетикалық талдау жасау бөлігінде сөйлеу тілін ұйымдастырудың сенсомоторлы денгейінің бұзылуы байқалады. Бұл сөйлеу тілінің моторлы бағдарламасын жасауға қиындық туғызады. Сөйлеу тілін ұйымдастырудың еріксіз деңгейінің біршама сақтаулы болғанымен дыбысты, сөзді, фразаны қайталауы қиын болады. Сөйлеу тілінің барлық түрлері, қызметі бұзылады.
Афферентті кинестетикалық моторлы афазиясы бар науқастарда сөзді түсінбеу кезі ұзаққа созылмайды (инсульттан кейін бір күннен бірнеше тәулікке дейін). Содан кейін ситуативті сөйлеу тілін түсінуі тез қалпына келе бастайды және жеке сөздердің мағынасын түсініп, жеңіл нұсқауды орындай алатын болады.


Афферентті моторлы афзияны түзету-пеадгогикалық жұмысы

Афференті моторлы афазияда түзету-педагогикалық ықпал сақтаулы көру және акустикалық бақылауына оңқайлардың сол жақ жартышарының маңдай бөлігінің бақылау функциясын іске қосуына сүйенеді. Олар бірігіп оқығанды және сөз сигналдарын есту арқылы қабылдауын, артикуляциялық


қалыптың көрінетін элементтерінің оптикалық синтезден өткізуін қамтамасыз етеді, т.с.с.
Афференті моторлы афазияда түзету-педагогикалық жұмыстың жалпы міндеттері кинестетикалық артикуляторлы праксисының бұзылыстарын түзету болып табылады. Бұл жұмыстың нәтижесінде аграфия, алексия, сөйлеу тілін түсінуін түзету, содан кейін ауызша және жазбаша түрде толық сөйлеуді қалпына келтіру мүмкін болады. Жұмыста қолданатын тәсілдері сөйлеу тілінің бұзылуының дәрежесіне байланысты болады.
Афференті моторлы афазияның күрделі түрінде түзету-педагогикалық жұмыстың алғашқы кезеңінде қалпына келтіру жұмыстарының міндеттері: 1) сөйлеу тілінің дыбыстау жағын қалыптастыру; 2) сөзді түсінуінің бұзылуын түзету; 3) аналитикалық оқу мен жазуын қалпына келтіру; 4) қарапайым ситуативті сөйлеуін ынталандыру.
Афференті моторлы афазияның күрделігінің орташа дәрежесінде түзету-педагогикалық жұмысының негізгі міндеттері: 1) артикуляциялық дағдыларын бекіту; 2) литеральді парафазияларды жою; 3) экспрессивті сөйлеу тілін ынталандыру; сөздің құрамдағы дыбыстық-буындық талдауының ақауларын және жазудағы литеральді параграфияларын жою; 4) экспрессивті және импрессивті аграмматизмдерін, заттың кеңістікте орналасуын білдіретін қосымша сөздердің мағынасын және қолдануын түсінудегі бұзылыстарын жою.
Афференті моторлы афазияның күрделігінің жеңіл дәрежесінде түзету- педагогикалық жұмысының негізгі міндеттері – көп буынды, бірнеше дауыссыз дыбыстары қатарынан келген сөздерді айтуында, қалдық артикуляторлы қиындықтарын, литеральді парафазиялар мен параграфияларын, экспрессивті және импрессивті аграмматизмдерін жою. Бұл міндеттерді шешу үшін афференті моторлы афазияның күрделі түрінде логопедпен бірге қайталау, машықтандырылған сөз қатарларын оқу, оларды көшіріп жазу және іштей оқу, содан кейін көру диктант және күн тақырыбына байланысты фразаларды дауыстап оқу, жеке әріптерді оқу және жатқа жазу, кеспелі әліппеден 3-5 әріптен туратын сөздер құрастыру.
Іштей оқудың және жазбаша сөйлеу тілінің біршама сақтаулы жағдайында сюжетті суреттер арқылы фразаларды құрастыруда сөйлеу тілінің қалпына келуі қалыптасады. Артикуляциялық аппараттың апраксиясын жою үшін көру-есту еліктеу тәсілі пайдаланылады. Еліктеу әдісін қолдану бойынша жұмыс айна, зондтар, шпательді қолдануды талап етпейді, өйткені афазия кезінде қимылдардың еріктілігінің дәрежесін жоғарлатады, науқастардың артикуляциялық қиындықтарын ұлғайтып жібереді. Белгілі бір дыбысты қалыптастырудың алдында науқасқа мағыналық, ойын, осы қимылдарды еліктеу түрінде тіл, ерін, ұрт, жұмсақ таңдайдың сөзсіз қимылдарын орындауға ұсынылады, яғни артикуляциялық апраксия түзетіледі. Дыбыстарды қалыптастыру науқасқа жеңіл (еріндік және тілалды) дыбыстарға еліктеуден басталады.
Жұмысты қарама-қарсы (а, к, у) фонемаларды қалыптастырудан бастаған тиімді. Оларды ажырату үшін логопед науқастың дәптеріне үлкен
және жіңішке, дөңгелек немесе кең және сәл ашық еріндердің суретін салып, осы дыбыстарды еліктетуін үйретеді, содан кейін м және в дыбысын қосады. Дыбыстарды қалыптастыру келесі жағдайларға шартталады: бір мезгілде бір артикуляторлы топтағы дыбыстарды қалыптастыруға болмайды; дыбыстар зат есімнің атау септігіне емес, қатынасқа түсу үшін керек сөздер мен фразаларға еңгізіледі (ия, жоқ, міне, мынау, т.с.с.).
Афференті моторлы афазияның күрделі түрінде науқасты дыбысты көру еліктеуінен (еріннен оқу) жеңіл сөздерді оқу кезінде дыбыстарды өз бетінше айтуына тез ауыстыру үшін әріптердің үстіне белгілер қойылады: а

  • кең ашық ауызға ұқсас, шеңбер; у — жіңішке шеңбер; м — жұмылған ерін, кейін жай түзу сызық; ы — алдыға шығып тұрған иек; m — тілдің тісаралық калпында тіл қимылының бағытын көрсететін солдан оңға қарай сызылған көрсеткіш сызғыш; и — жымиған күйдегі ауыз; о — тік сопақша; в

  • төменгі ерінді тістеу; с — көлденең орналасқан ысқырық, кейін екі паралель сызық; э — тіл астыңғы тістерге тіреліп, ауыз кең ашық; н — мұрын қанаттарының суреті; е — ауыздың көлденең сопақша; ш — шаршы; к — тіл қимылының бағытын көрсететін оңнан солға қарай сызылған көрсеткіш сызықша; п — үрленген ұртқа ұқсайтын бір біріне қарама-қарсы орналасқан екі жақша жұмылған және кенеттен ажыраған еріндерді еліктейтін олардың ортасындағы сызықша; л — жоғарыға бағытталған көрсеткіш сызығы; р — ирек сызықша; ц және ч — сызықша (т), екі параллель сызықшаның (с) және шаршының (ш) тіркесуі арқылы көрсетіледі; йотты дауысты дыбыстар жол үсті белгілерінің «қосындысы» ретінде белгіленеді я = и + а; ю = и + у, т.с.с. Ұяң дауыссыздарды б, д, г, ж, з анықтау үшін дәл сол белгілер леп белгісімен қолданылады. Афферентті моторлы афазияда жол үсті белгілерін қолдануды А. Р. Лурия (1948) ұсынған. Оларды қолдану науқасқа дыбыстың артикуляциялық қалпын көріп қабылдауынан жеңіл сөздерді, фразаларды оқуға көшуін жеңілдетеді. Бұл афазияның ең ауыр түрі. 2-3 жыл аралығында толығынан түзетіліп, науқастар жұмыстарына қайта оралады. Логопед науқас саруайымға түспеу үшін, түзету жұмысы ұзақ мерзімге созылатынын айтпайды.

Жаңа дыбыстарды менгеру кезінде артикуляциялық дағдыларын бекіту мақсатымен логопед алдында өткен материалды қайта-қайта қайталауы тиіс. Науқастың артикуляциялық аппараттының апраксиясы жойылғанына қарай жол үсті таңбаларын азайта отырады. Оны толығынан жою үшін өтілген материалдардың бәрін 2-3 рет қайталау қажет.
Науқастың артикуляциялық аппараттының апраксиясы жойылғанына қарай, сурет бойынша күнделікті әрекеттегі тұрмыстық сипаттағы фразаларды логопедпен қоса және одан кейін өзі айтуға көшеді. Науқасты өз бетінше сөйлеуге ынталандырады. Түзету-педагогикалық жұмыстың алғашқы кезінде және афференті моторлы афазияның ауырлығының орташа дәрежесінде бірінші кезектегі міндеттердің бірі – ситуативті, ауызекі сөйлеуін қалпына келтіру. Қалпына келтірілген дыбыстар қатынас кезінде керекті сөздер мен фразаларға енгізіледі (жақсы, ертең, бүгін, кешке, түсте, мен тамақтандым, маған дәрігер келді, т.с.с.)
Сөйлеу тілінің ситуативті диалог түрі пайда болғанына қарай тілдің монолог түрін қалпына келтіру жұмысы басталады. Бұл кезде негізгі мақсат науқастың сөздік қорын молайту, аграмматизмдерден сақтандыру, толық ауызша және жазбаша сөйлеуін дамыту, еркін диалогтік сөзге дайындау.
Науқасты сөздің дыбыстық-буындық талдауы қалпына келуіне қарай сурет бойынша фразаларды ауызша құруынан жазбашаға ауыстырады. Бұл науқастың жетістіктерін білдіреді. Жазбаша сөйлеу тілі ауызша сөйлеуін қалпына келірудің сүйеніші болады. Оқу мен жазуын қалпына келтіруде көру диктанттардың маңызы зор.
Афферентті моторлы афазияда сөз құрамын талдауын қалпына келтіру үшін кеспелі әліппе, сөз және фраза ішінде тастап кеткен әріптерді жазу пайдаланылады. Афазияның бұл түрінде артикуляциялық бұзылыстарды жою өте күрделі, ұзақ мерзімді процесс (үш айдан бір жылға дейін). Дыбыс айтуының бұзылуы афферентті моторлы афазияның ауырлығының орташа және жеңіл дәрежесінде де сақталады.
Афферентті моторлы афазияның ауырлығының орташа дәрежесінде аграфия мен аграмматиздерді жоюға ерекше көңіл бөлінеді. Науқасқа есту, көру диктанттары ұсынылады. Дауыссыз дыбыстардың тоғысуы кездесетін сөздерге, сөзде тастап кеткен буындарды, сөйлем ішінде тастап кеткен сөздерді коюға аса назар аударылады. Аграмматиздерді түзетуде көмекші сөздердің, зат есімнің жалғауларының үлгілері (схемасы) пайдаланылады.
Афферентті моторлы афазияның жеңіл дәрежесінде аффрикаттарды, дауыссыз дыбыстардың тоғысуын, Р дыбысын айтуындағы артикуляторлы қиындықтары түзетіледі. Науқастың өз сөйлеуін есту бойынша бақылауы бекітіледі, біртіндеп мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар айту, оқыған әңгімелердің мазмұнын айту беру, сюжетті сурет бойынша әңгімелеп беру арқылы сөзінің қарқыны жылдамтылады. Науқас сурет бойынша мәтін құрастырып, ашық хат толтырып, жазады. Экспрессивті сөйлеуінің ауыр түрде бұзылуында фонематикалық есту қабілетін қалпына келтіруіне, кеңістікте бағдарлауына, антоним, синонимдерді түсінуіне аса назар аударылады.
Соңғы кезеңдерінде, оқу мен жазуға сүйенуге мүмкіндік болғанда, импрессивті аграмматизмді жоюға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет