Жұмыстың негізгі міндеттері: қоршаған орта дыбыстарына, сөйлеу тілінің дыбыстарына қызығушылығын арттыру, оларға еліктеу қажеттілігімен мүмкіндігін дамыту, сөздік және сөзсіз дыбыстарын ажырату.
Жалпы педагогикалық жұмыс сөйлеу тілінің психофизиологиялық негізін, іс-әрекеттердің негізгі түрлерін қалыптастыруға, еркін зейінін, көру және акустикалық ұстанымдар мен дифференциялауды дамытуға бағытталады. Жұмыс сөз дыбыстарынан емес, шуларды, сөзге қатысы жоқ дыбыстарды ажыратудан басталады. Алайда, ол балаға тек қана ол жақсы оқытылып, онда қарапайым тұрақтану болғанда және өнімді іс-әрекет мүмкіндігіне үйретілгенде ғана қолжетерлік болады.
Бағытталған зейін және жұмыс жасауға қабілетін дамыту үшін түрлі құралдар қолдануға болады: салынатын заттар, кесілген суреттер (жай және күрделі), таяқшалар ( таяқшалардан ою-өрнектерді, геометриялық пішіндерді құрастыру), мозаика — және олармен іс-әрекеттер: сұрыптау, таратпалы материалды түсі, пішіні, мөлшері бойынша топтастыру.
Балаға еш нәрсе үйретілмесе, оның зейіні тұрақты болмаса, іс-әрекеттердің қарапайым түрлері қалыптаспаса дыбыстарды қабылдауын дамыту жұмысы мүмкін болмайды.
Дыбыс шығаратын ойыншықтармен музыкалық аспаптардың сигналдары қолданылады. Бала ойыншықты қолына алып, дыбыс шығару кезіндегі оның сылдырын сезінгені өте пайдалы. Ең алдымен ол педагогтың дыбыстарды қалай және не арқылы шығаратынын бақылайды, кейін дыбыстарды өзі шығаруға тырысады. Сонан соң логопед ыммен баланың көзін жұмып, теріс қарауын талап етеді (дыбыс шығаратын заттармен ойыншықтарды перде артына немесе экран артына қоюға болады), кейін бала сәйкес дыбыс көздері-заттарды дыбыс шығаруы бойынша ажыратып үйренеді.
Жұмыс кезінде шапалақ соғудан, еденді топылдатудан, устелді соғу сияқты әрекеттерен бас тарту қажет. Себебі, осы жағдайларда дыбысталу емес, керісінше сүйек өткізгіштігінің тербеліс, дірілі қабылданады.
Біртіндеп дыбыстық , шу қатары күрделеніп өзгереді, оған алдымен жаңа ұқсамайтын алыс дыбыстар, сонан соң жақын нәзік акустикалық жұмысты қажет ететін дыбыстар еңгізіледі. Осылайша баланың есту аясы кеңейіп реттеледі. Осындай жұмыстың тиімділігіне қарай шу қатарына сөйлеу тілінің қатты дыбысы еңгізіледі (а, р, у т.б.), ол затпен немесе құбылыспен байланыстырылады. Егер бала тез шаршап алаңдап, аса қозғыш, мазасыз болатын болса, немесе тежеліп, есінесе, жұмыс өзінің өнімділігін жоғалтады. Балаға дем алып іс-әрекеттер түрлерін өзгертуге мүмкіндік беру қажет. Мұндай тапсырмалар жұмыс барысы бойы жүргізіледі, бірақ акустикалық жүктемені әрбір сабақта мөлшермен беру қажет. Бір сабақта бір тапсырмаға
бірнеше рет оралып отыру тиімді болады, бірақ бір рет орындағанда аса шектеулі түрде жүргізіп, баланың шаршамауына жол бермеген дұрыс. Белсенді есту зейінінің көлемі баяу көбейеді.
Осы жұмыспен қатар баланың тәртібін, жұмыс жасау қабілетін іс-әрекетін (балаға дұрыс отыруды, көруді, көшіруді, сөзсіз нұсқауларға бағыну, нұсқауды орындауға педагогтың реакциясын (құптау немесе құптамау) ескеруді, бастаған істі аяқтауға үйретеді) дұрыстауға бағытталған тәрбиелік әсер ету жұмысы жалғастырылады. Акустикалық зейін мен қабылдау баланың орнықтылығы, есте сақтауы, заттық-тәжірибелік әрекетінің дамуына байланысты жақсарады.
Бала қабылдап, бөліп айтып, сөзсіз, кейін сөз дыбыстарынан ажырата бастаған әрбір дыбысы затпен, суретпен, іс-әрекетпен, нақты жағдаймен байланыстырылады. Жұмыстың бастапқы кезеңдерінде дыбысталумен зат арасындағы шартты байланысты орнату үшін сөз-эквиваленттері, дыбыс кешендері тандалып алынады (у — паровоз, машина; р — ұшақ, ырылдаған ит; мө — сиыр т.с.с.) сөйтіп дыбыс немесе дыбыстар қосындысының затпен немесе оның бейнесі арасында байланыс орнайды және бекиді.
Дыбыстардың кейбіреуін ажыратқан соң буындарды ажыратуға көшеді, мұнда да нақты затпен немесе әрекетпен байланыстырады, немесе жай сөздерді міндетті түрде затпен сәйкестендіреді. Ең жеңіл болатыны екі дауыстының, дауысты мен дауыссыздың қосындысы — уа, ау, ам, дауыссыз бен дауыстының ашық буында кездесуі ма, па, на, та т.б. Алдымен жеке дауыстыларды сөздің басында ажырату, кейін сөздің басында ажырату жұмысы жүргізіледі. Жұмыста естіп тануға қиын дыбыс қосындыларымен сөздерді алмауға тырысу керек. (екі-үш дауыссыздың қатар келуі: кс,тп,сп, лт т. б.). Бала алғаш ажыратып үйренген сөздер мәні,құрылымы, дыбысталуы бойынша алыс, ұқсамайтын болуы керек. Әрбір сөзді қабылдағанда қимыл, көз (көру), тактильді түрде түсіндірілуі қажет. Көріп, айнада бақылау, бетінен «оқу» түрлері кеңінен қолданылады. Бала қабылдаған алғашқы сөздердің интонациясы өзгертілмей айтылуы қажет. Нақтыланған интонация, оған сүйену арқылы бала қарым-қатынасқа түскенде бағдарлайды, оның интонациялық реңкі балаға айтылған сөздің мағынасының негізгісі болады. Енжар сөз қорын молайтуға арналған жоспарланған жұмыспен қатар өздік сөйлеу тілін дамыту да жүргізіледі.
Үлкеннің айтуы бойынша бала суреттерді көрсетеді, іс-қимылдарды орындауды ыммен көрсетеді. Қимылдар кешенін бала жаттап, сонан соң оларды өзі жаттанды түрде сөзбен бірге орындайды, біртіндеп өз бетінше педегогтың айтуы бойынша орындап, кейін сөздік нұсқау бойынша орындайды: «Қолды жоғары көтер, екі жаққа» т. б.
Эмоциональді-ойын фонында дыбыстарға қызығушылығы арттырылады. Бала дыбыс шығарған затты көрсетіп дыбыстың сипатымен ғана танысып қоймай, оны кеңістікте шоғырландыруғы, дыбыс шығарған ойыншықтың орнын белгілеуге үйренеді. Ойын арқылы бала белгілі дыбыстарға тандау
арқылы біртіндеп дыбыстық белгінің күшін, ұзақтығын, қарқынды ажыратуға үйренеді.
Бала түсінетін сөздерді молайтуда бала бір уақытта сөзді естіп затты көріп онымен іс-әрекет жасағаны өте маңызды. Сөзбен зат арасындағы байланыс есту және көру сезімдерінің бірнеше рет сәйкестендірілуі арқылы болады. Бала заттарды көріп естігеніне деген реакцияларын басып тастамай , оларды күшейту, таң қалу, қызығушылық таныту маңызды болып саналады. Бала заттармен іс-әрекет жасағанда заттардың атаулары, олар туралы түсініктері тез қалыптастырылады.
Сөз түсінік болу үшін, сөз жалпылама мәнге ие болуы үшін, сөзді бірнеше рет қайталаумен қатар көп шартты байланыстарды, әсіресе қимылдарды үйреткен жөн. Бала заттармен әрекет жасау барысында затпен сөздік нұсқау бойынша неғұрлым көп тапсырма орындау білігін меңгеруі керек: сүт іш, сүтті құмырадан құй, сүтті үрле т.с.с.. Ұқсас тапсырмалар беріп іс- әрекеттерін сөзбен байланыстыру арқылы баланы ана тілінің грамматикалық үлгіде меңгеруге үйрету керек.
Мүмкіндігінше ерте, баланы сөз тіркестерімен, фразаларды қабылдауға үйретеді. Олардың алғашқылары үлгі түрде болады: сөздер белгілі кезекте интонациясы өзгертілмей айтылады. Балаға айтылған нұсқаулар, күнделікті тұрмыстық сипатта болады. Ең алдымен, ол бір адамды түсінуді үйренеді, кейін баланың көбейіп келе жатқан мүмкіндіктеріне сай, осы жұмысқа оны қоршаған ересек адамдар да қатыстырылады.
Фраза өзімен өзі түсінікті болмайды, ол баланың жүйке жүйесіне жалпы әсердің бір бөлігі ретінді түсінікті болады. Фразаларды түсінуі, басында жағдайға (ситуацияға) сай жеке бөліктерден тәуелді болатыны ескеріледі, сондықтан фразаларды айтқан кезде сөздердің ретін, интонацияны ауыстыру қажет емес.
Бала мынадай нұсқауларды түсінуге үйренеді: «есікті аш», «орамалды ал»,
«кітапты ал», сабақ барысымен және тұрмыстық жағдаймен байланысты т.б. Мұндай нұсқауларды түсінуге үйретуге арналған жұмыс ым-ишараға, сүйеніп жасалады, балаға көрнекі-бейнелі-әрекетті кешенді жағдайды сөзбен байланыстырып саналы түрде қабылдауға көмегін тигізеді.
Қабылдау мүмкіндігі баяу дамиды, сөзді түсіну тек қана қабылдаудың көру мен тактильді-вибрациялық анализатор жағынан (фонация кезіндегі дауыс перделерін, шығарылған ауа ағымының күші мен бағыттылығын сезіну, т.б.) дайындалғанында ғана мүмкін болады.
Біртіндеп есту және қимылдарды ажырату анықталады, баланың өзіндік сөйлеу тілі мен оны түсінуі дамытылады. Акустикалық анықсыздықтар алғашқы болып жойылады, кейін өзіндік сөйлеу тілінің қателері түзетіледі. Өзіндік сөйлеу тілін қалыптасуы фонематикалық қабылдаудың, әлсіз акустикалық ажыратулардың дамуына байланысты болады.
Жұмыс барысында баланы саналы түрде сөйлеу тіліне талдау мен жинақтауға үйретуге көңіл бөлінеді.
Н. И. Жинкин (1972) балаға сөздерді қайталатып жаттатпай, керісінше баланы саналы түрде таңдау жасатып ойлауға бағытталған тапсырмаларды
орындау жағдайына итермелеуді ұсынды. Жұмыс кейін кеңейіп біріктірілетін шағын тақырыптар жағдайында жүргізіледі. Бұл баланың өзінің сөйлеу өнімі мен басқалардың сөйлеу тілін саналы түрде түйсінуіне әкеледі. Заттық-сөздік қиыстырулармен жасалған жұмыстан соң әңгімелеу мен оқығанды айтып беруге көшуге болады.
Балада логикалық, грамматикалық және тақырыптық топтарын (ыдыс-аяқ; жиһаз; қол жуу, сабын, сүлгі, су, жуу, сүрту; ұшу.) түсіну қалыптасады. Біртіндеп күрделенген фразаларды, нұсқауларды, тапсырмаларды түсіну бойынша, өз сөзімен айналасындағылардың сөйлеу тілінің құрамын саналы түрде талдау мен жинақтау жұмысы жүргізіледі. Баланы бірінші қалыптасқан қате пікір бойынша қызбалық түрде әрекет жасамай, фразаны соңына дейін тындауға, оның мазмұнын түсінуге үйретеді, Баланың сөйлеу тілін түсінуі көпке дейін жағдайға, контекстке, оның жалпы жағдайына, сабаққа деген эмоциональды көңіл-күйіне және басқа факторларға байланысты болады. Жұмыста сөйлеу тасқыны алдымен тоқырап, кейін толық айтылады.
Жұмыс жалпыламалардан нақтылауға қарай жүргізіледі: түс— қызыл, көк; дәм— қышқыл, тәтті т. б. Нақты акустикалық ажыратуларға үйрету (тында- көрсет) грамматикалық құрылымдарды түсінуді, дыбысталуы бойынша ұқсас сөздердің мағынасын түсінуді қамтамасыз етеді.
Бала сөздің дұрыс дыбыстық-буындық құрылымын іздегенде жаттығуларды (тапсырмаларды) орындаған кезде бекіген сөздермен естіген дыбыс қосындыларын салыстыру іске асырылады. Қоршағандардың сөйлеу тіліне назар аудару және сын көзбен қарауға үйрету қажет.
Бала қоршаған орта дыбыстарын тындап, оларға қызығушылық танытып, оларға еліктегісі келеді. Мысалы, таңертеңгі уақытта ұйқыдан ояну.
Сенсорлы алалиясы бар балалардың жазуымен оқуы бұзлған болса да, сауат ашуға мүмкіндіктері бар. Сауат ашуға оқытуды неғұрлым ерте бастаған жөн. Баланы сауат ашуға ол кейбір дыбыстарды әлі айта алмаса да, үйретеді.
Практикалық тәжірибе мен зерттеулер көрсеткендей әріптерді меңгергенге және дыбыстарды қосу техникасына кері әсерін тигізбейді. Бала дыбыс, буын, сөзді естіп алып, әріпті, немесе буын жазылған параққа қарап, буындарды біріктіреді, кеспелі әліппеде сөздер құрастырады Осылай біртіндеп балада фонемамен, графема, артикулеманың байланысы қалыптастырылады.
Жұмыстың бастапқы кезеңдерінде және де, қиын жағдайда, жұмыстың тиімділігі тек қана баламен жүйелі, ұзақ уақыт жұмыс жүргізілгенде ғана, әсіресе жеке сабақтар арқылы, оларға белсенді сөйлеу тәжірибесі қажет болғанда кейде шағын топтарға біріктіріп жүргізгенде іске асырылады. Арнайы стационар жағдайында түзету жұмысында ақауды жартылай теңелту жылдамырақ болады.
Мұндай балалармен жұмыс күрделі, әртүрлі жағдайда, әр түрлі тәсіл қолданғанда тиімді болуы мүмкін. А. Г. Ипполитованың ойы бойынша, жұмыстың алғашқы 3—4 айында түсінбеумен сөйлемеудің ең қиын
жағдайында баланың 8—10 сөзді түсінуіне қол жеткізуге болады, алайда, 2—4 сөз оның белсенді сөз қорында пайда болады. Тиімділігі аз болған соң, жұмыстың қажет- қажет еместілігі туралы сұрақ туындайды. Алайда, М. Е. Хватцев, ең ауыр жағдайда жұмыстың мәні туралы айтып, 1-2 сөз түсінбейтін, сөйлемейтін бала үшін, қалыпты дамыған бала үшін мыңдаған сөздермен тең деген ойын айтқан. Сенсорлы алалиясы бар балалардың саны жеке мекемелерде аз, олармен қарым-қатынасқа түсу қиын, олардың тәртібі ерекше, зияты төмен. Осыған байланысты, жұмыс темпі де баяу, үзілістер ұзақ. Арнайы стационар, арнайы балабақшадағы сабақтардың мөлшері әртүрлі, баланың жағдайына байланысты — 3—5 минуттан, 20—30 минутқа дейін, күніне 2—3 реттен. Кейіннен, амбулаторлы жұмыста бала аптасына 2—3 рет, 20— 30 минуттан сабақ алып, үйде бекіту жұмыстары жүргізіледі.
Сенсорлы алалиясы бар балалардың кейбілеулері сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектептерде немесе көмекші мектептерде оқып, логопедтің көмегін алады.
Сенсорлы алалияның диагностикасы күрделі, көп жағдайларда қорытындыны мөлшерлеп шығарады. Сенсорлы алалиясы бар балаларды келешекте зерттеп, олармен жасалатын түзету-тәрбиелеу жұмысының жүйесін құру — логопедия теориясы мен тәжірибесінің өзекті мәселесі болып табылады.
МОТОРЛЫ (ЭКСПРЕССИВТІ) АЛАЛИЯ
Достарыңызбен бөлісу: |