I теоретические основы логопедии



бет203/203
Дата03.02.2023
өлшемі2 Mb.
#64963
түріОқулық
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   203
Байланысты:
I теоретические основы логопедии

Полиморфты дислалия – артикуляция аппаратындағы іс-қимылдары ұқсас айтылатын екі немесе бірнеше топтағы дыбыстардың жинақталған мүкістіктері.
Ринолалия (гр.т. rhinos - мұрын, lalia - сөйлеу тілі) - сөйлеу тілі аппаратының анатомо –физиологиялық ақаулығына байланысты дауыстың әуезділігі мен дыбыстардың айтылуының бұзылуы. Дыбыстар мұрындық реңкімен айтылады.
Сөйлеу аппараты – тіл дыбыстарын айтуға қатысатын екі бөліктен тұратын (орталық және шеткі) мүшелер жүйесі.
Сөйлеу тілі бұзылуының симптомы – сөйлеу әрекетінің қандай болса да бұзылыстың белгісі (көрінісі). Сөйлеу тілі бұзылуының симптоматикасы - сөйлеу әрекетінің бұзылыстар белгілерінің жыинтығы.
Сөйлеу тілі бұзылуының механизмі дегеніміз сөйлеу әрекетінің бұзылыстарының пайда болуы мен дамуын қамтамасыз ететін процестер мен операциялардың жұмысындағы ауытқулар болып табылады.
Сөйлеу тілі бұзылуының патогенезі - сөйлеу әрекетінің бұзылыстарының пайда болуы мен дамуын қамтамасыз ететін патологиялық механизм.
Сөйлеу тіл кемістігінің құрылысы деп осы бұзылыстың сөз және сөзсіз симптомдарының жиынтығын (құрамы) білеміз. Сөйлеу тілінің бұзылуында бастапқы, біріншіреттік және екіншіреттік бұзылыстар ажыратылады. Сөйлеу тілінің екінші реттік бұзылған компонентерін педагогикалык түзету жұмыс арқылы қалпына келтіруге болады. Бастапқы бұзылыстарды қалыптастырған жағдайда олар өз бетімен жойылуы да мүмкін.
Сөйлеу тілі кемістігін түзетуде «логопедиялық ықпал», «коррекция»,
«компенсация», «дамыту», «оқыту», «тәрбиелеу», «қайта тәрбиелеу», т.б. терминдер кездеседі.
Тахилалия (гр.т.tachys – тез, жылдам) – дұрыс сөйлеу ырғағының бұзылуы; өте жылдам сөйлеудің салдарынан сөйлеушінің сөзі түсініксіз болады.
Тұтықпа – сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің тырысу салдарынан сөйлеудің ырғақтылығы мен жылдамдылығының бұзылуы
Тремор аяқ- қолдың, саусақ – бармақтардың, дауыстың, тілдің еріксіз ырғақты тербелісі.
Уранопластика – таңдайдың жырығын жабатын пластикалық операция. ФФЖ - фонетикалық-фонематикалық жетіспеушілік. Фонемді қабылдау және айтуындағы ақаулықтардың салдарынан әр түрлі тіл кемістіктері бар балалардың ана тілінде сөйлеу жүйесінің бұзылуы.Есту қабілеті және ойлау қабілеті сақталған.
Хейлопластика – еріннің ақаулығын түзететін пластикалық операция. Этиология (гр.т. aitio - себеп, logos - ғылым) – аурудың пайда болуының себебі мен шарты туралы ілім; аурудың пайда болу себебі немесі патологиялық жағдайы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет