I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет137/230
Дата03.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#121586
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   230
Байланысты:
Логопедия

 
Семантикалық афазия 
 
Семантикалық афазия темпералис аймағының – ми қыртысының сол 
жақты жартышарының шүйде-төбе бөліктерінің (39, 40, артқы бөлігі, 37 және 
19 алаңы) зақымдалуының салдарынан пайда болады. Афазияның бұл түрін 
алғашқы сипаттап жазған Т. Хэд (1926) болатын. А. Р. Лурия семантикалық 
афазияның негізінде ақпаратты симультантты (бір мезгілді) қабылдауының 
ауытқулары жатататынын көрсетті. Симультантты кеңістікті қабылдау – 
негізгі механизм, ал негізгі ауытқу – логикалық-грамматикалық 
құрылысының бұзылуы болып табылады.


290 
Клиникалық көрінісінде экспрессивті сөйлеу тілінің терең бұзылуы 
байқалмайды: құрылысы жай сөйлемдерді қолданалады, жай құрылған тілді 
түсінеді, бірақ сөйлеу тілінің грамматикалық жағын қиындатқан кезде науқас 
оны түсінбейді, абыржиды.
Науқастар жеке көмекші сөздердің мағынасын 
жақсы түсінеді. Мысалы, олар кітап астына қаламды немесе қаламды 
дәптердің оң жағына дұрыс қоя алады, бірақ «қасықты шәнішқының оң 
жағына, пышақтың сол жағына қой» деген сияқты нұсқау бойынша үш затты 
орналастыруда қиналады. Геометриялық фигураларды орналастыру кезінде 
оданда көп күйзеліске түседі. Келесідегідей логикалық-грамматикалық 
есептерді шеше алмайды: шеңбердің астына және шаршыңың үстіне нүкте 
қой. Мысалы, «Әсеттің бойы Маржаннан биік, Ерланнан аласа. Кімнің бойы 
ең биік? Кімнің бойы аласа?» сияқты салыстырмалы сөз тіркестерін 
түсінбейді, Дәл осындай қиындықтар алыс-жақын, оң-сол жақта, т.б. 
үстеулер кездесетін салыстырмалы сөз тіркестерін қолдануда байқалады. 
Науқастар себеп-нәтиже, уақыт және кеңістік байланысын, көсемшелі және 
есімшелі тіркестерді білдіретін синтаксистік құрылысы күрделі сөйлемдерді 
түсінуде қиналады. Мысалы, «Мен киноға анамнан рұқсат алғаннан кейін 
бардым». Дұрыс берілмеген сөйлемдердің мағынасы бұзылғанын түсінбейді: 
«Айналаның су болғанынан жаңбыр жауды», т.б. Семантикалық афазияда 
«қарым-қатынас байланысын» білдіретін логикалық-грамматикалық сөз 
тіркестерін, мысалы, «әкемнің інісі» - «інімнің әкесі» түсінуі өте қиын 
болады, өйткені оларды түсіну үшін белгілі бір мағыналы категориялармен 
байланыстыру қажет («аға» - «іні», «әке»). Семантикалық афазиясы бар 
науқас мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді, астарлы сөздерді түсінбейді. 
Экспрессивті тілінде сөйлеудің артикуляторлы жағы сақтаулы болады, бірақ 
амнестикалық қиындықтар айқын байқалады, бірінші дыбысты немесе 
буынды айтып есіне салған науқасқа көмектеседі. Заттың атауын оның 
қызметімен шатастырады: «уақытты көрсететін», «шашты тарайтын», т.б. 
Вербальді парафазиялар семантикалық афазияға тән емес, олар бір 
парадигманы екіншіге ауыстырмайды. Сын есімдерді, үстеу, есімшелі мен 
көсемшелі тіркестерді, мақал-мәтіндерді сирек қолдануы, науқастың сөздік 
қорының кедейлігіне байланысты. Есте сақтау қабілеті төмен, ой-өрісі тар 
адам сияқты көрінеді. Кеңістікті әзер бағдарлайды. 
Афазияның бұл түрінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет