I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет140/230
Дата03.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#121586
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   230
Байланысты:
Логопедия

Афферентті моторлы афзияны түзету-пеадгогикалық жұмысы 
 
Афференті моторлы афазияда түзету-педагогикалық ықпал сақтаулы 
көру және акустикалық бақылауына оңқайлардың сол жақ жартышарының 
маңдай бөлігінің бақылау функциясын іске қосуына сүйенеді. Олар бірігіп 
оқығанды және сөз сигналдарын есту арқылы қабылдауын, артикуляциялық 


294 
қалыптың көрінетін элементтерінің оптикалық синтезден өткізуін 
қамтамасыз етеді, т.с.с.
Афференті моторлы афазияда түзету-педагогикалық жұмыстың жалпы 
міндеттері кинестетикалық артикуляторлы праксисының бұзылыстарын 
түзету болып табылады. Бұл жұмыстың нәтижесінде аграфия, алексия, 
сөйлеу тілін түсінуін түзету, содан кейін ауызша және жазбаша түрде толық 
сөйлеуді қалпына келтіру мүмкін болады. Жұмыста қолданатын тәсілдері 
сөйлеу тілінің бұзылуының дәрежесіне байланысты болады.
Афференті моторлы афазияның күрделі түрінде түзету-педагогикалық 
жұмыстың алғашқы кезеңінде қалпына келтіру жұмыстарының міндеттері: 1) 
сөйлеу тілінің дыбыстау жағын қалыптастыру; 2) сөзді түсінуінің бұзылуын 
түзету; 3) аналитикалық оқу мен жазуын қалпына келтіру; 4) қарапайым 
ситуативті сөйлеуін ынталандыру. 
Афференті моторлы афазияның күрделігінің орташа дәрежесінде 
түзету-педагогикалық жұмысының негізгі міндеттері: 1) артикуляциялық 
дағдыларын бекіту; 2) литеральді парафазияларды жою; 3) экспрессивті 
сөйлеу тілін ынталандыру; сөздің құрамдағы дыбыстық-буындық 
талдауының ақауларын және жазудағы литеральді параграфияларын жою; 4) 
экспрессивті және импрессивті аграмматизмдерін, заттың кеңістікте 
орналасуын білдіретін қосымша сөздердің мағынасын және қолдануын 
түсінудегі бұзылыстарын жою.
Афференті моторлы афазияның күрделігінің жеңіл дәрежесінде түзету-
педагогикалық жұмысының негізгі міндеттері – көп буынды, бірнеше 
дауыссыз дыбыстары қатарынан келген сөздерді айтуында, қалдық 
артикуляторлы 
қиындықтарын, 
литеральді 
парафазиялар 
мен 
параграфияларын, экспрессивті және импрессивті аграмматизмдерін жою.
Бұл міндеттерді шешу үшін афференті моторлы афазияның күрделі түрінде 
логопедпен бірге қайталау, машықтандырылған сөз қатарларын оқу, оларды 
көшіріп жазу және іштей оқу, содан кейін көру диктант және күн 
тақырыбына байланысты фразаларды дауыстап оқу, жеке әріптерді оқу және 
жатқа жазу, кеспелі әліппеден 3-5 әріптен туратын сөздер құрастыру.
Іштей оқудың және жазбаша сөйлеу тілінің біршама сақтаулы 
жағдайында сюжетті суреттер арқылы фразаларды құрастыруда сөйлеу 
тілінің қалпына келуі қалыптасады. Артикуляциялық аппараттың 
апраксиясын жою үшін көру-есту еліктеу тәсілі пайдаланылады. Еліктеу 
әдісін қолдану бойынша жұмыс айна, зондтар, шпательді қолдануды талап 
етпейді, өйткені афазия кезінде қимылдардың еріктілігінің дәрежесін 
жоғарлатады, науқастардың артикуляциялық қиындықтарын ұлғайтып 
жібереді. Белгілі бір дыбысты қалыптастырудың алдында науқасқа 
мағыналық, ойын, осы қимылдарды еліктеу түрінде тіл, ерін, ұрт, жұмсақ 
таңдайдың сөзсіз қимылдарын орындауға ұсынылады, яғни артикуляциялық 
апраксия түзетіледі. Дыбыстарды қалыптастыру науқасқа жеңіл (еріндік және 
тілалды) дыбыстарға еліктеуден басталады. 
Жұмысты қарама-қарсы (
а, к, у
) фонемаларды қалыптастырудан 
бастаған тиімді. Оларды ажырату үшін логопед науқастың дәптеріне үлкен 


295 
және жіңішке, дөңгелек немесе кең және сәл ашық еріндердің суретін салып, 
осы дыбыстарды еліктетуін үйретеді, содан кейін 
м
және 
в 
дыбысын қосады. 
Дыбыстарды қалыптастыру келесі жағдайларға шартталады: бір мезгілде бір 
артикуляторлы топтағы дыбыстарды қалыптастыруға болмайды; дыбыстар 
зат есімнің атау септігіне емес, қатынасқа түсу үшін керек сөздер мен 
фразаларға еңгізіледі (ия, жоқ, міне, мынау, т.с.с.).
Афференті моторлы афазияның күрделі түрінде науқасты дыбысты 
көру еліктеуінен (еріннен оқу) жеңіл сөздерді оқу кезінде дыбыстарды өз 
бетінше айтуына тез ауыстыру үшін әріптердің үстіне белгілер қойылады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет