I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет142/230
Дата03.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#121586
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   230
Байланысты:
Логопедия

 
Эфферентті афазия 
 
Эфферентті моторлы афазия ми қабығының үшінші маңдай 
қатпарының артқы бөлігінің зақымынан пайда болады (44 алаң – Брок 
аймағы) – мидың премоторлы аймағының зақымдалуы. Бұл аймақ қимылды 
уақытша, бағыттық ұйымдастыруына жауапты. Сөз үшінде дыбыс пен 
буындардың, сөйлемдегі сөздердің синтагмалық тіркестері пайда болады. 
Эфферентті моторлы афазияда байланыстырып, толық, синтагмалық 
құрылған сөйлеу бұзылады. Афазияның бұл түрінің орталық механизмі 
иннервациясының ауысуының бұзылуынан пайда болған стереотиптің 
патологиялық 
енжарлығы 
болып 
табылады. 
Бұл 
артикуляциялық 


297 
қимылдардың бір сериясынан екіншісіне уақытылы ауысуына кедергі 
болады.
Эфферентті 
моторлы 
афазияның 
клиникалық 
көрінісінде
персеверациялар – патологиялық қайталау немесе буындарды, сөздерді, 
қандай 
болмасын 
әрекеттерді 
тапжылмай 
жаңғырту 
байқалады.
Персеверациялар негізінде әрекетті тоқтату туралы дабылды кешіктіріп 
түсіретін процестер жатыр. Персеверациялар ауызша сөйлеу тілді 
қиындатады. Жеке дыбыстардың айтылуы сақтаулу болады, ауызша сөйлеу 
тілі дыбыстарды, сөздерді тек сериялық айту кезінде бұзылады.
Персеверация салдарынан сөйлемді құрастыру және айту мүмкін емес.
Буынды, сөзді, сөйлемді айтуға талпынған сайын персеверациялар да 
көбейеді. Осыған байланысты ауызша сөйлеу тілі толығынан жоқ болады, 
оның орнына бір-екі сөз жарқыншақтары –эмболалар қолданылады. 
Персеверация, басқа әрекетке ауысуындағы ауытқуы сөйлеу тілінің 
әуезділігінің (просодикасының) бұзылуының фонында жүреді: екпіннің, 
ырғақ-сарындылық құрылысының, интонациясының. Спонтанды сөйлеу 
тілінде әртүрлі штамптар мен стереотиптер жиі кездеседі. 
Психологиялық көрінісі белсенді сөйлеуге қосылу қиындығының 
симптомымен сипатталады. Спонтанды сөйлеуде, диалог кезінде жауап 
беруде фразаны бастай алмайды. Бірақ бірінші сөзді бастап кетсе, тұтас 
сөйлемді айтуы мүмкін болады. Эфферентті моторлы афазияның 
нейропсихологиялық синдромына дәл осы механизмнің бұзылуынан 
(сөйлемді бастауының қиындығы) оқу (алексия) мен жазудың (аграфия) 
бұзылуы кіреді; заттық әрекеттері бұзылады (апраксия). 
Жазуы мен оқуының бұзылуы
. Эфферентті моторлы афазияда айқвн көрінетін 
аграфия байқалады: сөз немесе фразаны жазу сөзді буындап айтып отыру 
арқылы мүмкін болады. Ауыр жағдайда сөзді дұрыс қайталағанның өзінде, 
науқас таңдап алынған әріптерден сөзді құрастырып жаза алмайды. Науқас 
керекті кезектілігін таппай қайта-қайта әріптердің орнын ауыстыра бастайды. 
Көп жағдайда олар керекті әріпті таба алмай қиналады, бірақ сөздің 
дыбыстық құрамын дұрыс айта алады. Афазияның жеңіл түрінде науқас сөзді 
есту арқылы жаза алады, бірақ әріптерді тастап кетіп, орындарын ауыстырып 
жазады.
Ауыр жағдайда науқастың оқуы болжамалы сипатта болады. Жеңіл 
жағдайда жеке қысқа сөздерді, сөйлемдерді оқу мүмкін болады, бірақ оқыған 
мәтіннің мазмұнын түсінуі қиын болады. 
Түсінуінің бұзылуы.
Эфферентті моторлы афазияда түсінудің 
бұзылуының негізінде сөйлеу тілінің әрекеттерінің барлық түрінің 
солбырлығы, «тіл сезімінің» және ішкі сөйлеу тілдің предикативті қызметінің 
бұзылуы жатыр. Эфферентті моторлы афазияда науқас грамматикалық дұрыс 
және қате құрастырылған сөйлемдерді түсініп, ажырата алмайды. Астарлы 
сөздердің, мақал-мәтіндердің мағынасын, көп мағыналы сөздерді түсінбейді.
 
Эфферентті моторлы афазияны түзету-педагогикалық жұмысы 


298 
Сөздің 
буындық 
құрамының 
шығу 
бөлігінде 
патологиялық 
енжарлығын жеңу, тіл сезімін қалпына келтіру, сөзді таңдау енжарлығын, 
аграмматизмдерін жою, ауызша және жазбаша сөйлеуінің құрылымын 
қалпына келтіру, алексия мен аграфияны жою – эфферентті моторлы 
афазияда түзету-педагогикалық жұмыстың негізгі міндеттері болып 
табылады. «Алдыңғы» эфферентті моторлы және динамикалық афазияда 
жұмыс сақтаулы парадигматикалық жүйеге және логопедтің сырттан енгізген 
сөйлеудің бағдарламасы мен үлгісіне сүйене отырып жүргізіледі. Жұмыс 
сөздің буындық құрамын бағдарламалау мен жоспарлаудан басталып, фраза 
және мәтінді жоспарлауын қалпына келтірумен аяқталады.
Дәл осындай, сырттан енгізген сөздің буындық құрамын және фразаларды 
бағдарламалайтын құралдар (үлгілер, жоспарлар, бағдарламалар) эфферентті 
афазиясы бар науқастардың бір буыннан немесе сөзден екіншісіне ауысу 
қиындығын жеңуге, сөйлеу тілінің кинетикалық әуенін қалпына келтіруге,
персеверацияларын, эхолалиясын жеңуге мүмкіндік береді.
Эфферентті моторлы афазияда сөйлеу тілінің дыбыс айтуының 
бұзылуын түзету жұмысы сөздің ырғақты-буындық үлгісін, оның 
кинетикалық әуенін қалпына келтіруден басталады.
Оқуы мен жазуы күрделі бұзылған жағдайда түзету жұмысы дыбысты 
буынға қосудан басталады. Науқас буынды қайталай отырып, оны кеспе 
әліппедегі әріптерден құрастырады. Содан кейін сөздің буындық құрамын 
ырғақпен қол шапалақтай отырып, сонымен қатар сөздің үлгісіне сүйене 
отырып, менгерген буындардан жеңіл сөздер құрастырады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет